Royal norwegian embassy балаларДЫң ТӘуекелді Мінез-қҰЛЫҚҚА, жыныстық ҚанаушылықҚа және адам саудасына осалдығын бағалау



жүктеу 2,04 Mb.
Pdf просмотр
бет24/89
Дата30.12.2019
өлшемі2,04 Mb.
#25503
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   89

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
52
ата-аналары оларға қамқорлық көрсете 
алмағанда, оларды қанаушылыққа салғысы 
келген адамдар табылған. Әлеуметтік жағынан 
осал балалардың бірі оның анасының маскүнем 
болғанын, оған қоса, әкесі тастап кеткенін 
және өзіне қамқор болып жүрген әжесі қайтыс 
болғанын айтқан. Мемлекеттік қамқорлық 
жүйесі оның өміріне араласқан, алайда оны 
қорғай алмаған. Сауалнамаға жауап берген 
кезінде ол девиантты мінез-құлықты балаларға 
арналған арнайы мектептердің бірінде болған, 
алайда ол қатыгездіктің, қараусыздықтың және 
жыныстық қанаушылықтың құрбаны болған.
«Менің анам мені туғаннан бері ішіп жүрген. 
Кейде әкем маған келеді, аптасына бір рет. 
Әуелі ол маған ештеңе бермейтін, қазір ол 
маған ақша, киім мен тамақ береді. Ол мені 
өзімен алып кете алмайды, себебі оның 
өзінің жанұясы бар… Менің анам ішпегенде 
оның жұмысы болған. Мен 13-те болғанда 
атам қайтыс болғанша жағдайымыз жақсы 
болған… Атам қайтыс болғаннан кейін 
анам бұрынғыдан да көбірек ішетін болды. 
Үйде жейтін тамақ болмады және суық бол-
ды. Мен дос қызымның үйінде тұруға кетіп 
қалдым, ол жақын тұратын, біз бір мектеп-
ке баратынбыз. Оның анасы менің жағдайым 
туралы білетін, маған өздерінің үйінде 
тұруға рұқсат беретін. Мен оның үйінде бір 
ай тұрдым, бірақ сосын мен комиссияның 
шешімі бойынша өзімнің үйіме бардым, бірақ 
анам тағы іше бастады, оның галлюцина-
циялары болатын. Мені балалар панасына 
жіберді, ал анамды наркологиялық диспан-
серге жатқызды. Маған онда [панада] өмір 
сүру қиын, сондықтан мен кетіп қалдым 
[қашып кеттім]. Тамағы нашар және маған 
дұрыс қарамады. Менің дос қызымның анасы 
және оның досы маған өздерімен бірге жүруді 
ұсынды, мен бардым... Олар менен үйдің 
құжаттарын сұрады, әжемнің сенімхат жа-
зып беруін сұрады. Олар маған ішімдік ішкізіп, 
зорлады. Мен үйіме оралғым келді, себебі олар 
мені қорқытты, бірақ мен олардың үйінде бір 
ай бойы тұрдым. Құжаттарға қол қойғаннан 
кейін олар мені жіберді. Содан бері олар 
маған [девиантты мінез-құлықты балаларға 
арналған мектепке] жиі келіп тұрады» (339, 
әлеуметтік жағынан осал бала, жынысы–
әйел, 15 жас) 
Басқа балалар/жасөспірімдер алкогольге 
және/немесе есірткіге тәуелді ата-аналарының 
қатыгездігінен және қараусыздығынан құтылу 
үшін үйлерінен қашқанда немесе кеткенде 
өздерінің адам саудасының құрбандарына 
айналғанын айтқан. Төменде берілген үзіндіде 
екі қыз өздерінің жыныстық қанаушылық 
мақсатымен адам саудасының құрбаны 
болғанын сипаттап берген; бірінші қызды 
жанұясының досы Біріккен Араб Әмірліктеріне 
сатып жіберген, екінші қызды бейтаныс адам 
Қарағандыда жыныстық қанаушылыққа сатып 
жіберген. Екі үзінді олардың адам саудасының 
құрбаны болған тәжірибелерін тікелей ашпа-
са да, олар алкогольге және/немесе есірткіге 
тәуелді ата-аналардың және қатыгездікпен пен 
зорлық-зомбылықпен тәрбиелеудің оларды адам 
саудасына және қанаушылыққа ерекше осал 
еткенін ашады.
«Менің анамның дос әйелі маған Біріккен Араб 
Әмірліктерінде бала бағушы болып жұмыс 
істеп ақша табуды ұсынды. Біздің жанұя 
өте кедей болды, ал менің анам жиі ішетін, 
сондықтан біздің ақшамыз болмады. Менің 
анамның дос әйелі маған тез арада қайтып 
ораласың деп және көп ақша табасың деп 
уәде берді. Мен үйден тезірек кеткім келді, 
маскүнемдерден тезірек құтылып, жаңа өмір 
бастау үшін... Анам менің өз бетіммен ақша 
таба алатыныма қуанды...Мен ақша тау-
ып, анамды маскүнемдіктен емдегім келді... 
Сонымен бірге мен айналамды өзгертіп, 
жақсы өмірді көргім келді. Менің жасым бар 
болғаны 14-те еді» (306, адам саудасының 
құрбаны, жынысы–әйел, 23 жас)
«Мен жасым 17-де болғанда үйден кетіп 
қалдым...Менің ата-анаммен тұрғым келмеді, 
себебі олар үнемі өмір бойы маған ұрысатын. 
Мен Теміртауда туып өстім, ал бұл қалада 
әрбір үшінші тұрғын – түрмеден шыққан, 
ал әрбір екінші тұрғын – нашақор, ал менің 
әкем екі топтың екеуіне де жататын, ал 
анам маскүнем еді. Мен өмірімнің көп бөлігін 
әжеммен өткіздім, бірақ мен осы қараңғы 
және жабырқау қаладан жалықтым, мен 
басқа екі қызбен бірге Қарағандыға баруға бел 
байладым, себебі онда мүмкіндіктер көбірек. 
Мен осы маскүнемдерді көргім келмеді. Менің 
достарым да осындай жағдайда болды...Мен 
өзімнің кету туралы шешімімді әжеммен ой-
ластым. Ол ылғи мені қолдайтын, осы жолы 
да қолдады. Ата-анам менің қайда екенімді, 
не жағдайда екенімді әлі білмейді, оларды 
бұл толғандырмайды. Бұл туралы достары-
ма ылғи айтатынмын, барлығымыз шешім 
қабылдап, бір-бірімізді қолдадық. Біз осы 
қараңғы қаладан кетуге тырыстық және 
Қарағандыда жақсы орналасуға үміттендік. 
Осында жұмыс орындары көп, сондықтан 
біз басқа адамдар сияқты өмір сүреміз деп 
ойладық» (408, адам саудасының құрбаны, 
жынысы–әйел, 18 жас)


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
53
ИТЕрМЕЛЕуШі ФАКТОр: АТА-АНАСЫНЫң/
ҚАМҚОрШЫСЫНЫң ДүНИЕ САЛуЫ 
3.10-кестедегі мәліметтер бойынша әлеуметтік 
жағынан осал балалардың 20%, адам саудасының 
құрбандарының 17% және секс-жұмыскерлердің 
12% ата-аналарының немесе олардың бірінің/
қамқоршыларының дүние салуы оларды ерек-
ше осал еткенін айтқан. Сауалнамаға жауап 
берген кейбір балалар ата-аналарының бірі 
қайтыс болғаннан кейін екіншісі қаржылық 
қиындықтарға тап болғанын және/немесе оның 
алкоголь қолдануға байланысты мәселелері пай-
да болғанын айтып берген. Кейбір жағдайларда 
тірі қалған ата-анасының бірі некеге қайта 
тұрған, ал бала өгей әкесімен/өгей анасымен 
жағымсыз қарым-қатынаста болған. Осындай 
жағдайларда кейбір балалар ерекше осал болған 
және үйден кеткен немесе қашып кеткен, себебі 
ата-анасының қайғысын немесе өз өмірлеріндегі 
өзгерістерді жеңуге тырысқан. Кейбір 
жағдайларда тірі қалған әкесі немесе анасы тіпті 
баланы өгей әкесінің немесе өгей анасының та-
лабымен балаларға арналған мемлекеттік ин-
тернат мекемелеріне орналастырған. Әлеуметтік 
жағынан осал балалардың бірі былай деген:
«Менің әкем жылыжайды күзететін, оны 
2009 жылы өлтіріп кетті. Біз менің әкемді 
өлтіргенге дейін жақсы тұрдық. Менің екі 
ағам бар және олар бөлек тұрады. Сосын 
менің анам өгей әкеммен бірге тұра бастады. 
Мен өгей әкеммен нашар қарым-қатынаста 
болдым, ол негізінен маған айқайлайтын. 
Өгей әкем айқайлап, менің кілтімді алып 
қоятын, мен үйге кітаптарымды алуға кіре 
алмайтынмын. Анам мені үйден қуып шықты, 
мен ағамның жанұясымен бірге тұруға тура 
келді… Мен мектепке баруды қойдым, бір 
жылға жуық бармадым, 8-сыныпта екінші 
жылға қалдым. Мен балалар үйінде екі рет 
болдым. Бірінші рет 2009 жылы болдым, 
және осы жолы менің анам мені балалар үйіне 
тапсыру үшін сотқа жүгінді. Мен оған керек 
емеспін». (120, әлеуметтік жағынан осал 
бала, жынысы–ер , 16 жас)
Басқа балалар ата-анасының немесе олардың 
бірінің дүние салуы өздерін адам саудасына 
және қанаушылыққа ерекше осал еткенін айтып 
берген. Осы жағдайлардың көпшілігінде ата-ана-
сынан немесе олардың бірінен айрылған бала-
лар/жасөспірімдер өздерін-өздері асырауға және 
қамқорлық жасауға мәжбүр болған жағдайға тап 
болған. Алайда ата-анасының немесе олардың 
бірінің дүние салуынан осал күйге түскен және 
өздерін-өздері асырау үшін жұмыс іздеуге тиіс 
болған балалар адам саудасының құрбандарына 
айналған. Адам саудасының бір құрбаны: «Менің 
анам қайтыс болды, сондықтан мен үйден кетіп 
қалдым...Мен жұмысқа тұрғым келді» (440, адам 
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 28 жас). 
Осыған қоса, адам саудасының екі құрбаны бы-
лай деген: 
«Мен үйден 20 жасымда кеттім. Менің 
ата-анам қайтыс болды, ал менің әпкем 
бөлек өзінің күйеуімен тұратын...Қиын бол-
ды. Мен институт бітірдім, бірақ менің 
жұмыс тәжірибем болмады. Мен құрылыс 
инженерімін, бірақ ешкім мені жұмысқа алма-
ды. Мен әртүрлі жерде жұмыс істедім, себебі 
мен тіршілік ету үшін ақша табуым керек 
болды. Мен жұмыс іздедім...Мен ересек адам 
бола тұра, әпкемнің есебінен тұруға мәжбүр 
болғаныма ұялдым, оның кішкентай бала-
сы болды және күйеуі маскүнем болды» (288, 
адам саудасының құрбаны, жынысы-ер, 25 
жас)
«Менің жасым 15-те болғанда мен үйден 
кеттім... Біздің тұрғын үймен қиындығымыз 
болды. Мен жатақханада тұрдым. Мен жұмыс 
істеп ақша табуға баруға бел байладым, 
ал олар [менің жатақханадағы көршілерім] 
маған ақша таба аласың деп уәде етті... 
Біз бір-бірімізді бала кезімізден білеміз, 
бірақ менің ата-анам қайтыс болғаннан 
кейін достастық. Сол уақытта маған 
өте қиын болды, мен көмектесеміз деген 
басқа адамдардың кез келген ұсынысын 
қабылдауға дайын болдым. Ол біздің екі жыл 
жұмыс істесек, пәтер сатып алатынымызды 
айтты, себебі онда еңбек ақысы жоғары деді. 
Мен өзімді де, сіңлімді де асырай алар едім. 
Олар осы жұмыста қызмет дәрежем өсетінін 
айтты... Мен жұмыс істеп, ақша тауып, 
пәтер сатып аламын деп және менің өмірім 
жақсарады деп, сіңлім екеумзмұқтаж болмай-
мыз деп үміттендім» (304, адам саудасының 
құрбаны, жынысы–әйел, 19 жас) 
Бір секс-жұмыскер өзінің әжесі (негізгі 
қамқоршысы) қайтыс болғаннан кейін жалғыз 
қалғанын, депрессияда болғанын және 
шарасыздықтан өзін-өзі асырау үшін ақша 
табудың амалын табуға тырысқанын айтып берген. 
Досы мен бұрынғы сыныптасының ұсынысымен 
ол жезөкшелікпен айналыса бастаған. Ол өзінің 
мәселелерін талқылайтын ешкімі жоқтығын 
түсінген және жезөкшелікті өз қиындықтарын 
жеңудің жалғыз жолы деп санаған.
«Мен өмір бойы әжеммен тұрдым. Анам 
мені 18 жасында туған, сосын солтүстікке 
жұмыс істеуге кеткен. Бұрын ол сәлемдеме 
жіберетін, бірақ соңғы бес жылда сәлемдеме 
салған жоқ. Мен ол тірі ме, қайтыс болды ма, 


жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау