ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
57
және мені барлық жақтан зорлық-зомбылық
көру ығыр қылды» (194, адам саудасының
құрбаны, жынысы–әйел, 18 жас)
«Менің ата-анам Жаңа жылды тойлауға
кетті, ал мен үйде жалғыз қалдым. Түнде өгей
ағам келіп, мені зорлады. Оның жасы 20-да еді.
Ол мені қорқытты және жәбірледі, сондықтан
мен ешкімге айтқан жоқпын. Ол анамды
менің өзім ағама жабысқаныма және менің
жаман қыз болғаныма сендіретінін айтты.
Сосын ол жарты жыл бойы өзімен жыныстық
қатынасқа түсуге мені мәжбүр етті. Анама
айтқанымда ол маған сенбеді, ал өгей әкем
анамды оның баласы олай істемейтініне
және менің түкке тұрмайтыныма сендірді.
Олар қатты ұрысты, ұрыса бергендіктен
мен кетуге мәжбүр болдым. Мен үйден дос
қызыма кетіп қалдым» (203, секс-жұмыскер,
жынысы-әйел, 16 жас)
«Бір күні бір сиыр жоғалып кеткенде мен оны
іздеуге бардым, бірақ қараңғы болды. Мен
ауыл сыртындағы далалыққа шыққанымда
жігіттерді көрдім, мен оларды білетінмін,
олар төртеу еді, арақ ішіп отырған. Олар мені
ұстап алып, зорлады, бірақ іс сотқа жетпеді,
себебі олар барлығына ақша беріп сатып
алды. Ал менің қамқоршыларым олардың
әрқайсысынан 1 000 АҚШ доллардан алды.
Осылайша менің ересек өмірім басталды, мен
мектепке баруға ұялдым, бірақ бітіруіме тек
бір жыл қалған» (410, секс-жұмыскер, жыны-
сы–әйел, 18 жас)
Жыныстық сипаттағы қастандық әрекетіне/
зорлау оқиғасына ұшырағанын басқа қыздар
өздерінің осындай оқиға туралы әңгімелерін
тыңдайтын және оларға көмектескісі келетін
және құқық қорғау органдарына хабарласқан
адамдарды тапқан. Осы көмек қыздардың адам
саудасының және жыныстық қанаушылықтың
құрбандарына айналу қаупін азайтқан болуы
мүмкін. Алайда қазіргі таңда жағдай қандай
екенін білмейміз, ол үшін қыздардың жасы
үлкейген сайын олардың өмірлерін қадағалау
қажет және олардың өміріне жыныстық
сипаттағы қастандық әрекетінің/зорлау
оқиғасының қандай әсер еткенін білу керек.
Бір әлеуметтік жағынан осал бала былай деген:
«Мені зорлады, ал мүшеқап қолданған жоқ...
Мен жыныстық қатынасқа түскім келмейді.
Мен еркектерді жек көремін. Мен енді ешқашан
жыныстық қатынасқа түспеймін» (205,
әлеуметтік жағынан осал бала, жынысы–әйел, 16
жас). Оны жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүр
еткен адам туралы сұрағанда ол былай деп жауап
берген: «Мен сіздердің орынсыз сұрақтарыңызға
жауап бергім келмейді, бірақ бұны жасырмай-
мын». Тағы екі әлеуметтік жағынан осал қыздар
өздерін сауық кешінде зорлағанын айтқан:
«Менің жасым 15-те болған. Менің дос
қызымның туған күн кеші болды, сауық
кешінде ересек жігіттер мен қыздар болды.
Бір жігіт мені зорлады, оның жасы 20-да еді.
Мен қарсылық көрсеттім, бірақ оған әлім
жетпеді. Ол маған мерез ауруын жұқтырды.
Қазір диспансерде есепте тұрамын,
тексерілуге анаммен бірге барамын. Әуелі
мен анама ештеңе айтқым келмеген, бірақ
кейінірек айтуға мәжбүр болдым. Мен қатты
ұялдым» (201, әлеуметтік жағынан осал
бала, жынысы–әйел, 17 жас)
«Менің жасым 16-да... Менің дос қызым
мені сауық кешіне шақырды, онда маған бір
нәрсе ішкізді. Бірнеше еркек мені зорлады.
Мен есімді жиып үйге келгенімде менің анам
мені полицияға барып шағым жазуға мәжбүр
етті. Мені қарап тексерді және маған ауру
жұқтырғанын анықтады. Енді мен емделіп
жатырмын, емделген соң үйге барамын.
Жұрт алдында ұятқа қалғандықтан менің
ата-анам Өскеменге көшті. Біз шағымды
қайтып алдық, себебі бізді қорқытып, ақша
берді» (205, әлеуметтік жағынан осал бала,
жынысы–әйел, 16 жас)
Кейбір әлеуметтік жағынан осал балалар соны-
мен бірге өздеріне қарсы жанұясының мүшесінің
немесе өгей әкесінің жыныстық сипаттағы
қастандық әрекетін жасағанын/зорлағанын
айтқан. Екі қыз былай деген:
«Менің анам жақында өзінің дос еркегімен
тұра бастады, бұрын ол бізге қонаққа келіп
жүретін. Демалыс күндері әдетте анам екеуміз
пәтерімізді тазалайтынбыз және азық-түлік
алуға дүкенге баратынбыз. Жексенбі күні анам
базарға баратын болды және досының өзімен
бірге баруын сұрады. Бірақ ол бас тартты,
ауырып тұрғанын айтты. Мен анаммен бірге
барғым келді, бірақ ол (анамның досы) анама
«бұл оның жалғыз демалыс күні, үйде қалсын»
деді. Анам мені үйде қалдырып кетті. 10 ми-
нут өткен соң ол мені ұстап алып ас үйге
сүйреп апарды. Мен айқайладым, ол мені
соғып жіберді. Менің аузымды жауып тұрып,
ол маған өзінің аталық мүшесімен жанасты.
Ол өте ауыр еді, маған бүкіл салмағын салып,
тіреліп тұрды. Содан соң мені жуынатын
бөлмеге апарып, жуындырды. Анама айтсам,
келесі жолы бұдан да қаттырақ ұратынын
айтып қорқытты. Сосын ол ұйықтап қалды,
ал мен есікті ашып, қашып кеттім. Жолда
анамды көріп бәрін айттым, бірақ ол маған
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
58
сенбеді, бетімнен шапалақпен салып қалды.
Мен тез жүгіріп қашып кеттім, анамның не
деп айқайлағанын естімедім. Бір үйдің артын-
да отырып жыладым, үйге оралмауға бел бай-
ладым. Мен тәтемнің үйіне бардым, ал оның
көршісі тәтемнің жанұясымен демалысқа
кеткенін айтты. Осылайша мен түн ішінде
көшеде жалғыз қалдым. Мен шіркеудің ал-
дына барып қайыр сұрадым, тамаққа ақша
жинамақ болдым. Бала бақшаның ауласында
ұйықтадым. Келесі күні таңертең шіркеуге
қайыр сұрауға келдім, себебі маған ақша табу
керек болды... Сосын мен сыныптас қызымды
көрдім, оған бәрін айтып бердім. Ол мені өзінің
үйіне шақырды. Екеуміз бірге барлығын оның
анасына айтып бердік.. Ооның анасы поли-
цияны шақырды, олар бізге көмектесуге уәде
берді...Мен үйден қашып кеттім, себебі мен
қорықтым және ренжідім, мен қорықтым»
(448, әлеуметтік жағынан осал бала, жыны-
сы–әйел, 12 жас)
ИТЕрМЕЛЕуШі ФАКТОр: ЖҰМЫССЫЗДЫҚ
3.10-кесте мәліметтері адам саудасының
құрбандарының 45% және секс-жұмыскерлердің
41% тұрған қалаларында жұмыстың бол-
мауын олардың үйден кетуіне себеп болған
итермелеуші фактор ретінде келтіргенін
көрсетеді. Сауалнаманың мәліметтері көптеген
жағдайда адам саудасының құрбандарының
және секс-жұмыскерлердің өздері жұмыс табу
мүмкіндігі көбірек және өздерін асыра үшін
ғана емес, сонымен бірге жанұясына көмектесу
үшін салып тұруға ақша табу мүмкіндігі бар деп
ойлаған қалаларға көшкендерін көрсетті. Төрт
секс-жұмыскер былай деген:
«Мен үйден кеткенде менің жасым 19-да
болды... Мен анаммен бірге тұрдым. Шу
қаласында анам екеуміздің жұмысымыз да,
ақшамыз да болмады. Мен есірткі сатқым
келмеді, сондықтан анама көмектесу үшін
Алматыға келдім. Үйде бәрі болғанмен, бізге
ақша жетпейтін. Мен үлкен қалаға баруға
бел байладым, себебі мен қалаға келген соң
жұмысқа тұрып анама көмектескім келді»
(354, секс-жұмыскер, жынысы–әйел, 19 жас)
«Мен үйден 18 жасымда кеттім. Мен тұрған
кентте [Жаркент] өмір сүруге, жұмысқа
тұруға, жақсы жанұя құруға мүмкіндіктер
жоқ... Жаркент кішкентай кент, жұмысқа
тұру қиын, жалақы аз, бірақ көп жұмыс
істеуді талап етеді. Бұл туралы ата-
анаммен ойластық. Мен Алматыға оқу
үшін және жұмыс істеу үшін баратын бо-
лып келістік, тапқан ақшамның бір бөлігін
ата-анама салып тұрмақ болдым» (414, секс-
жұмыскерлер, жынысы–әйел, 20 жас)
«Мен үйден кеткенде менің жасым 18-де бол-
ды. Үштөбеде жұмыс жоқ, онда тұрған маған
ұнамайды, онда қыдыратын және демала-
тын жер жоқ. Ата-анам маған малға қарауды
ұсынды, бірақ мен оны істегім келмеді.
Сондықтан мектепті бітіргеннен кейін мен
жұмыс істеп ақша табуға Алматыға баруға
бел байладым... Менің ата-анам менің барма-
уымды өтінді, бірақ мен тыңдамадым, мен
онда [Үштөбеде] тұрғым келмеді...Мен қалаға
келіп, жақсы өмір сүргім, қыдырғым келді,
жұмысқа тұрып ақша тапқым келді» (355,
секс-жұмыскерлер, жынысы–әйел, 19 жас)
«Мен үйден кеткенде менің жасым 18-де болды.
Ферғанада жұмыс жоқ, ал менің жанұям үлкен.
Менің екі ағам және екі сіңлім бар, сіңлілерім 10,
11 және 12 жаста, ал ағаларым ересек, олар
Ресейде құрылыста жұмыс істейді. Мен ата-
анама көмектеспек болдым, Алматыға ақша
табу үшін келдім...Мен ата-анама Алматыға
баратынымды айттым және уайымдамаңдар
дедім... Мен қалаға келіп жұмыс істеп, не
алғым келсе, соны сатып алғым келді. Өз
бетіммен тұрып, жағдайымыз жақсы болуы
үшін жанұяма көмектескім келді» (353, секс-
жұмыскер, жынысы–әйел, 18 жас)
ИТЕрМЕЛЕуШі ФАКТОр: БАЛАЛАрДЫ
ҚОрҒАу ЖүйЕСіНің ДӘрМЕНСіЗДіГі
Сауалнама мәліметтері кейбір әлеуметтік
жағынан осал балалардың, адам саудасының
құрбандарының және секс-жұмыскерлердің бала-
ны қорғау жүйесінің дәрменсіздігі туралы айтқанын
көрсетті. Жекелеп айтқанда олар баланы қорғау
жүйесінің өздеріне құрбан ретінде қарамағанын
және оларды зорлық-зомбылық көрсеткен ата-
аналарынан/қамқоршыларынан және басқа ту-
ыстарынан қорғай алмағанын айтқан. Сонымен
бірге олар баланы қорғау жүйесінің өздерінің
қашып кетуін отбасындағы зорлық-зомбылыққа
және жанжалдарға, қатыгездік көрсетуге және
қараусыз қалдыруға және басқа да жанұялық
мәселелерге душар болған балалардың және
жыныстық зорлық-зомбылық көрген қыздардың
жиі қолданатын тірі қалу және күресу амалы деп
санамай, девиантты мінез-құлық деп санағанын
айтқан. Осы зерттеу сонымен бірге қашуды ата-
анасының немесе басқа жанұя мүшелерінің неме-
се туыстарының жыныстық сипаттағы қастандық
әрекетіне/зорлауына ұшыраған қыздардың тірі
қалу және күресу амалы ретінде қолданғанын
көрсетті. Балалар/жасөспірімдер сонымен бірге
баланы қорғау жүйесінің кейбір жағдайларда
Достарыңызбен бөлісу: |