Бекітемін: Келісемін:
Ембі қалалық ӘБ отырысында
№1 орта мектебінің директоры қаралды
_______С.Ж.Агленкин ______________
Үлгерімі төмен оқушыларға
арналған жұмыс жоспары
Информатика пәнінің мұғалімі:
А.А. Кулжанова
2015-2016 оқу жылы
Түсінік хат
Үлгерімі төмен оқушыларда дамудың жеке варианттарының көп түрлілігі бар. Олар таным компоненттерінің қалыптасуының әр түрлі деңгейіне байланысты, яғни бұл артта қалудың әр түрлі себептері бар екенін көрсетеді. Оқушылардың негізінен білімді меңгеру үрдісі мына компоненттерден тұрады: қабылдау, түсіну, есте сақтау, қорыту және жүйелеу. Оқу үрдісінде бұл компоненттер өте тығыз байланысты. Оқушы меңгеретін материалдың қиындығына соқтыққанда ғана өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасай алады. Осыдан кейін ол материалды толық игереді. Қабылдауы баяу оқушылар әрбір сабақ кезінде қажетті көрнекі құралдармен, дидактикалық материалдармен, тарататын және көрсететін көрнекіліктермен қамтамасыз етілуі қажет. Сонда ғана өткізілген сабақтар өз мақсатына толық жетеді. Осы білімді меңгеру компоненттері баяу болғандықтан нашар оқушы шығады. Оқу жылдамдығы баяу болғандықтан және есеп мәтінін қате оқығандықтан оның мазмұнын түсінбейді, есте сақтауы да төмен. Үлгерімі төмен оқушылардың ақыл-ой параметрі және жағымды ақыл сапалары қалыптаспаған білім қоры аз. Нашар оқудың алдын алу үшін артта қалу мен үлгерімнің төмендеуінің себептерін анықтау керек. Нашар оқушылардың кемшіліктері төмендегідей:
есеп шартын оқығанда әріп, буын немесе сөз қалдырып оқу;
кейбір буындарды сөздерді қайталап немесе ежіктеп оқу.
Мұндай кемшілігі бар оқушыға оқулықтан арнайы тапсырмалар немесе карточкамен жұмыс беріледі. Карточкамен жұмыс оқушыны жалықтырмайды, оқуға деген ынтасын арттырып отырады. Таным әрекетінің нәтижелілігі- ақыл ой әрекетінің даму дәрежесіне байланысты.Оның негізгі компоненттерінің қалыптаспауы үлгерімнің төмен болуының басты себебі болып табылады. Нашар оқитын оқушылар оқу-тәрбие үрдісінде көбірек біліктілікті қажет етеді.Бірақ олардың екі түрінде де жұмыстың жалпы бағыты бірдей. Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балаларды мектепке дейін қолға алу керек. Сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта зейін мен ырықты, есте сақтауды дамыту қажет. Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстары көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді. Осы қиыншылықтардың себебі – баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің,ақыл сапаларының қалыптаспағаны, ал бұл ерекшеліктер мидың кейбір органикалық аномалияларымен байланысты, сондықтан олар сыртқы әсерлерге тез көне алмайды.
Бұндай сыртқы әсерлерге өте ерте жаста жағымсыз әлеуметтік – педагогикалық жағдайлардың ықпалынан , назардан тыс қалған балалар тез көнгіш болып келеді. Мұндай артта қалудың алдын алу үшін жұмыс балалардың ақыл-ой әрекетін белсендіруге, сөйлеу қабілетін дамытуға,практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталуы керек. Мектеп балаға жалпы білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту,сөйлеу, оқыту,талдау жасауға үйрету, өз ойын дұрыс жеткізе білуге, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Оқу еңбегінің қаруы – ой.Логикалық жеке пікірімен өзіндік талдау біртұтас. Бұл талаптар ой мен іс әрекеттің негізгі өзегі болып табылады.
Мақсаты:
информатика пәні бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту;
оқушының жекелеме тапсырмалар арқылы пәнге қызығушылығын ояту;
сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру;
пәнге деген қызығушылыығн арттыру арқылы мемлекеттік білім стандартын меңгерту;
төмен оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, информатика пәнінен қабілеті төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу.
Міндеттері:
әр сыныптағы үлгерімі төмен оқушыларды анықтау
мемлекетін білім стандартын менгере отырып, жыл бойы жұмыс жүргізу арқылы үлгерімін жоғарылату;
үлгерімі төмен оқушыларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.
Күтілетін нәтиже:
оқу бағдарламасына сай білімді өз дәрежесінде меңгереді;
пән бойынша негізгі ұғымдар мен түсініктерді ажырата және салыстыра алады;
ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыруға мүмкіндігі қалыптасқан тұлға.
Информатика пәні бойынша
төмен деңгейдегі, үлгерімі төмен оқушылардың тізімі
(2015-2016 оқу жылы)
-
№
|
Оқушының тегі,аты
|
Сыныбы
|
1
|
Жаксыманова Айбану
|
5б класс
|
2
|
Шоқаманова Аружан
|
6а класс
|
3
|
Амантай Мейіргүл
|
6б класс
|
4
|
Самбетов Дарын
|
7б класс
|
5
|
Әбикенова Жанар
|
7а класс
|
Үлгерімі төмен оқушыларға арналған
жылдық жұмыс жоспары
(2015-2016 оқу жылы)
№
|
Жұмыстың түрі
|
Мерзімі
|
Жұмыс қорытындысы
|
1
|
Үлгерімі нашар оқушыларға арналған жылдық жұмыс жоспарын құру
|
Қыркүйек
|
Жоспар
|
2
|
Психологпен бірлесе отырып, сынып бойынша үлгерімі нашар оқушыларды анықтау
|
Қыркүйек
|
ББД диагностикасы
|
3
|
Оқушыларды информатиканы игеруге қызықтыру, қажеттілігін түсіндіру.
|
Үнемі
|
Оқушылардың белсенділігі
|
4
|
Тақырыптар бойынша оқушыларға теңдеулер, тізбектер дайындап беру
|
Сабақ сайын
|
Жинақ папкасы
|
5
|
Оқушылардың танымдық деңгейіне байланысты деңгейлік тапсырмалдар дайындау
|
Сабақ сайын
|
Сабақ жоспары
|
6
|
Үй тапсырмасының орындалуын қадағалау
|
Сабақ сайын
|
Орындау нәтижесі
|
7
|
Танымдық қиыншылықты жеңуге байланысты сыныптан достарының көмегін ұйымдастыру
|
Үнемі
|
Оқу секторының көмегі
|
8
|
Бақылау, жазба жұмыстарын, тесттерін талдау, қатемен жұмысты ұйымдастыру
|
Жоспар бойынша
|
Қатемен жұмысы
|
9
|
Жұмыс дәптерлерін тексеріп отыру
|
Сабақ сайын
|
Тексеру қорытындысы
|
10
|
Ата – анасы мен сынып жетекшісімен байланыста болу
|
Қажеттілікке қарай
|
Әңгімелесу, кеңес беру
|
11
|
Сыныптан тыс уақытта жекелей қосымша жұмыс жүргізу
|
Аптасына 1 рет
|
Жұмыс дәптері
|
12
|
Күзгі, қысқы, көктемгі, жазғы демалыстарына қосымша тапсырмалар беру, олардың орындалуы бойынша нұсқаулар беру, орындалуын қадағалау.
|
уақытында
|
Жеке тапсырмалар
|
Үлгерімі төмен оқушыларға
арналған жеке жұмыс жоспары.
/2015-2016оқу жылы/
-
№
|
Тақырыбы
|
Мерзімі
|
I -тоқсан
|
1
|
Компьютермен жұмыс істеу ережелері
|
|
2
|
Ақпараттарды түрлендіру
|
|
3
|
Компьютерді қолдану, таңдай білуі
|
|
4
|
WINDOWS- ты меңгеру
|
|
5
|
Қалыпталған бағдарламаларды іске қосу
|
|
6
|
PAINT графикалық редакторымен жұмыс
|
|
7
|
Мәтіні бар суреттер салу, түстер палитрасын өзгертуді үйрену
|
|
8
|
Үзінділермен жұмыс жасау
|
|
9
|
Симметриялы нәрселерді салу
|
|
10
|
РОБОТ суретін салу
|
|
II-тоқсан
|
1
|
Нөмірленген және маркерленген тізімдер
|
|
2
|
Құжатты баспаға дайындау және баспадан шығару
|
|
3
|
Практикалық жұмыс
|
|
4
|
Компьютерде ақпаратты ұсыну тәсілдері
|
|
5
|
Компьютер – ақпаратты өңдеу құралы
|
|
6
|
Компьютердің ақпараттық қамтамасыз етілуі.
|
|
III- тоқсан
|
1
|
WORD PAD мәтіндік редакторымен жұмыс
|
|
2
|
Құжаттарды құру және сақтау
|
|
3
|
Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар
|
|
4
|
Мәтінді енгізу және редакциялау
|
|
5
|
Мәтінді пішімдеу
|
|
6
|
WORD PAD мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері
|
|
7
|
Алғашқы ұзындық бірліктері
|
|
8
|
Калькулятор іске қосу, жұмыс істеу
|
|
9
|
Логикалық, қызықты есептер шығару
|
|
10
|
Бірнеше қолданбалы бағдарламалармен жұмыс істеу
|
|
IV- тоқсан
|
1
|
МS WORD мәтіндік процессоры
|
|
2
|
MS WORD процессорының қосымша мүмкіндіктері
|
|
3
|
Бет белгілерін қарап шығу режимі, масштаб, алдын ала қарап шығу
|
|
4
|
Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері
|
|
5
|
Ауқымды ақпараттық желі
|
|
6
|
Практикалық жұмыс
|
|
7
|
Тест тапсырмалары
|
|
8
|
Қайталау сабағы
|
|
Информатика пәнінің мұғалімі: А.А.Кулжанова
Достарыңызбен бөлісу: |