Royal norwegian embassy балаларДЫң ТӘуекелді Мінез-қҰЛЫҚҚА, жыныстық ҚанаушылықҚа және адам саудасына осалдығын бағалау



жүктеу 2,04 Mb.
Pdf просмотр
бет31/89
Дата30.12.2019
өлшемі2,04 Mb.
#25503
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   89

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
64
жыныстық құлдыққа салуының әртүрлі жолда-
рын көрсету үшін көптеген жауаптар енгізілді. 
Сонымен бірге «Бейтаныс адам саудагерінің» кім 
болуы мүмкін дегенге де анық сипаттамасы жоқ. 
Төменде берілген жауаптарда адам саудасының 
құрбаны «бейтаныс адам саудагерінің» қалай 
өзін жұмысқа тартып, алдағанын айтып бер-
ген, ол қызға Алматы қаласында жалақысы 
көп жұмыс табатынына уәде берген. Осы адам 
саудасының құрбаны Алматыға осы адам 
саудагерімен бірге келген. Алматыға келген соң, 
қонақ үйге алып келгенде сауалнамаға жауап 
беруші өзінің алданғанын түсінген, сол жерде 
оны бақылауда ұстап, секс қызметтерін көрсету 
мақсатында қолданған. 
«Бішкекте біз [мен және досым қызым] қонақ 
үйде бес қазақ жігітті кездестірдік... Олар 
бізге өздерінің демалуға келгенін айтты. 
Сосын бір жігіт айтты: «Жұмыс істегілерің 
келсе, бізбен бірге Қазақстанға барыңдар»...
Ол бізге онда [Қазақстанда] өзінің әпкесі 
бар екенін, біздің онымен бірге базарда неме-
се дәмханада даяшы болып жұмыс істейтін 
болатынымызды айтты.... Екеуміз олар-
мен бірге Бішкектен Алматыға бардық... 
Біз шекарадан тексерусіз өттік. Біз оның 
үйіне келдік, бес адам болды, қыздар, оның 
әйелі және екі баласы. Олар бізді алдаған 
екен. Олар өздерінің бойдақ екенін айтқан 
болатын. Кейіннен біз олардың қыздардың 
саудасымен айналысатынын түсіндік... 3 
– 4 сағаттан соң біз қонақ үйге бардық...
Бізді бөлмеге кіргізді. Екі еркек пен күзетші 
біздің ізімізден бөлмеге кірді. Ол бізге «көңіл 
көтеріңдер» деп, есікті жауып қойды. Екі қыз 
және екі жігіт болды. Олар бізге өздерінің 
бізбен көңіл көтеретінін айтты. Біз олар-
мен ұрыса бастадық, ал олар бізге шешінуді 
бұйырды. Олар бізден «Ішкілерің келе ме?» деп 
сұрады. Біз бас тарттық...Біз Қазақстанға 
өз еркімізбен келдік, бірақ бізді алдады 
және осы жерге арам оймен алып келді...Мен 
жақсы жұмысқа тұрғым келді – тұрақты 
және жалақысы көп жұмысқа...Бірақ біз ақша 
үшін жыныстық қатынасқа түстік, осы 
біздің жұмысымыз болды... Олар маған дос 
қызыммен сөйлесуге рұқсат бермеді, бірақ біз 
бір-бірімізді көріп тұрдық. Екі жылдан кейін 
менің дос қызым жоғалды. Білмеймін неге 
екенін» (433, адам саудасының құрбаны, жы-
нысы–әйел, 29 жас) 
Осыған ұқсас тағы бір оқиғада бір қыз өзіне 
Шымкентте жалақысы көп жұмыс істеуді және 
пәтерде тегін тұруды ұсынғанын айтып берген. 
Алайда Шымкентке адам саудагерлерімен бірге 
бара жатқан жолында ол өзін жұмысқа тартқан 
«бейтаныс адам саудагерінің» алдағынын және 
өзін секс қызметтерін көрсету үшін қолдануға 
апара жатқанын түсінген. Ол қарсылық 
көрсетпек болғанда оны бағынуға көндіру үшін 
ұрып-соққан. 
«Бір күні бір әйел менің қасыма келіп, 
Шымкентте жұмыс істеуді ұсынды, 
жалақысы көп болатынын және тұратын 
пәтердің тегін болатынын уәде етті. Келесі 
күні ол мені таксиге отырғызды, біз жолға 
шықтық. Бізбен бірге тағы бір қыз болды... 
Жолда мен бізді құл ретінде ұстағалы келе 
жатқанын түсіндім... Мен қандай дәмханада 
жұмыс істейтінімізді сұрай бастағанда так-
си жүргізуші машинаны тоқтатып, менің 
мені сөйлеуін тоқтатсын деп бетімнен 
бір-екі рет соғып қалды. Бізді пәтерге алып 
келді, онда бір әйел күйеуімен тұратын. Бізді 
бөлмелердің біріне орналастырды. Келесі 
күні мен клиенттерді қабылдауға тиіс бол-
дым. Мен шамамен 10 – 12 клиентке қызмет 
көрсеттім, ал ақшаның барлығын әйел 
алып қоятын... Біз оған жұмыс істедік, әр 
кеш сайын біз сауналарға және пәтерлерге 
барып жүрдік...Мен клиенттер не айтса, 
соны істеп жүрдім, бұл негізінен оральды 
жыныстық қатынас болды. Біз бас тартсақ, 
клиенттер бізді аяусыз ұрып-соғатын. Кейде 
біз жыныстық қатынастың екі түрімен 
бір мезгілде айналыстық – оральды және 
анальдық секс. Мен шаршағаннан жиі есімнен 
танатынмын...Клиенттер көп болса, олар 
клиенттерге екі қызды бірге апаратын» 
(441, адам саудасының құрбаны, жынысы–
әйел, 17 жас)
 «Бейтаныс адам саудагері» қатысқан тағы 
бір оқиғада адам саудасының құрбаны «бей-
таныс адам саудагерінің» өзіне Атырау 
қаласында даяшы болып жалақысы көп 
жұмыс істеуді ұсынғанын айтып берген. 
Адам саудагерлері оған поездға билет алу 
үшін және Атырау қаласына жету үшін 
ақша салып жіберген. Жұмысқа тартушы 
оны тұратын қаласындағы темір жол вок-
залына дейін шығарып салған, ал ол өзінің 
адам саудасының құрбанына айналғанын 
тек Атырауға келгенде және өзін бір адам 
саудагері екінші адам саудагеріне басқа 
қыздармен бірге табыстағанда түсінген. 
«Менің жасым 18-де болғанда мен дүкеннің 
қасында бір әйелмен таныстым. Ол менен 
неге сондай көңілсіз екенімді сұрады және 
ақша тапқың келе ме деп сұрады. Ол маған 
Атырауда даяшы болып жұмыс істеуді 
ұсынды. Ол маған даяшы болып жұмыс істеу 


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
65
үшін айына 25 000 теңге (166 АҚШ долла-
ры) жалақы уәде етті. Бір аптадан кейін 
олар маған Атырауға билет алу үішн ақша 
салып жіберген соң мен үйден кетіп қалдым... 
Басында мен Атырауда жұмыс істеп ақша 
таба алатындай көрінді... Сол Атыраудан 
келген маған жұмыс істеуді ұсынған әйел 
мені вокзалда шығарып салды....Ол маған мені 
Атырауда күтіп алатын адамның телефон 
нөмірін берді. Мен Атырауға келгенімде мені 
бір еркек күтіп алды, дәмхананың әкімшісі 
екенін айтты және мені жұмыс орныма апа-
ратынын айтты. Біз келгенімізде бізді бір 
әйел күтіп алды, бізге үйге кіретін жолды 
көрсетті. Еркек кетіп қалды және мен оны 
қайта көрмедім. Әйел мені еркектермен 
жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрледі, 
ал ақшаны өзі алып жүрді... Мен ақшаны өзіме 
қалдыра алмадым, себебі клиенттер ақшаны 
қожайын әйелге [қанаушыға] беретін. Мен 
күн сайын демалыссыз жұмыс істеуге мәжбүр 
болдым. Мен олар маған жолға салған ақшаны 
(80 АҚШ доллары) өтеуім керек болды. Мен 
күніне екі-үш клиентке қызмет көрсетуім 
керек болды... Екі қыз болды. Бізді бөлмеге 
қамап қоятын және өзіміздің туыстары-
мызбен хабарласуға рұқсат бермейтін» (305, 
адам саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 18 
жас)
Хабарландыру жазу Қазақстанда «бейтаныс 
адам саудагерлері» қыздарды алдау үшін және 
секс қызметтерін көрсетуге қолдануға тарту үшін 
қолданатын кеңінен таралған әдісі болып табы-
лады. Адам саудасының бір құрбаны айтып бер-
гендей, ол пәтерге және колледждегі оқуға төлеу 
үшін ақша табу жолын іздеп жүріп, ол хабарлан-
дыру бойынша хабарласқан, онда орыс және 
қазақ тілінің үйде дайындайтын мұғалімі қажет 
деп жазылған. Ол адам саудасының құрбанына 
айналғанда Алматыда тұрған. Хабарландыруды 
«бейтаныс адам саудагері» жариялаған.
«Мектеп бітірген соң мен Алматыдағы 
медициналық колледжге оқуға түскім келді. 
Мен Алматыға келіп, колледжге түстім, бірақ 
кейіннен пәтерге және оқуға ақша төлеуге 
ақша жетпеді... Жейтін тамақ та болма-
ды, сондықтан мен хабарландыру бойынша 
телефон соғып, пәтерге келдім. Оларға орыс 
және қазақ тілдерін білетін бала бағушы ке-
рек екен, ағылшын тілін білгені жақсы болар 
еді деді, бірақ мен ағылшын тілін білмеймін. 
Мені жасы шамамен қырықтағы әйел күтіп 
алды. Менің бірінші алған әсерім – ол бір түрлі 
оғаш әйел болып көрінді... Мен оған бірден 
ұнадым, ол маған жағдай жақсы болады 
деді. Мен сол жерде екі апта жұмыс істедім. 
Ол менің құжаттарымды алып қойды. Ол 
маған жақсы жалақы төледі, бірақ содан соң 
менің құжаттарымды өтеп алу үшін секс 
қызметтерін көрсететінімді айтты. Мен 
қатты таң қалдым, ренжідім, бірақ ештеңе 
айта алмадым. Онсыз ешқайда бара алмай-
тынмын. Алты ай бойы мен тозақта өмір 
сүргендей болдым» (396, адам саудасының 
құрбаны, жынысы–әйел, 27 жас)
Кейбір қыздар Алматы сияқты үлкен қалаға кел-
ген соң қарыздар болғанда адам саудасының 
құрбанына айналады. Төменде берілген оқиғада 
пәтердің қожайыны «бейтаныс адам саудагері» 
болып шыққан, ол қыздың қарыздар болуына 
ішінара жауапты және қарыздарын өтеуі үшін 
оны секс қызметтерін көрсетуге мәжбүр еткен. 
«Мен Алматыға келіп, айына 42 000 теңгеге 
(280 АҚШ долларына) пәтер тауып алдым. 
Мен қарызға ақша алдым. Пәтердің қожайын 
әйелінен қарызға 30 000 теңге (200 АҚШ 
долларын) алуға мәжбүр болдым, бірақ мен 
бірінші айда қарызымды қайтара алмадым, 
қарызым 50 000 теңгеге өсті (335 АҚШ 
доллары). Менің ақшам болмады, себебі мен 
жұмыс таба алмадым. Ол [қожайын әйел] мені 
қаланың сыртындағы алыс жердегі сарайға 
басқа қыздармен бірге алып келді. Олар да 
жезөкше болып жұмыс істеп қарыздарын 
өтеуі керек болған. Сарайды күзететін 
және ол жеке үйдің ауласында тұрған... Бізді 
қамауда ұстады, дәретханаға тек жалғыз 
адамнан бара алатынбыз. Қашып кету 
мүмкін емес еді. Олар бізді өлтіруі мүмкін 
еді, ал менің өмір сүргім келді. Мен жақсы 
өмір сүруге және лайықты жұмыс істеуге 
үміттедім. Мен сарайда тұрып, жезөкше бо-
лып жұмыс істеймін деп ойламадым. Мені 
ұратын, сарайға қамап қойды, тек жұмыс 
істеуге апарғанда шығаратын... Мен сол жер-
де шамамен төрт жыл болдым» (424, адам 
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 19 жас)
Төменде берілген жауаптарда адам саудасының 
тағы екі құрбаны өздерін Астанада «бейта-
ныс адам саудагерінің» қалай алдағанын 
сипаттаған. Екеуі де Астанаға өз еріктерімен 
барғысы келген. Олардың бастан кешкен 
оқиғалары жыныстық қанаушылыққа қалай тап 
болғанымен және «бейтаныс адам саудагерінің» 
оларды қалай сатқанымен ерекшеленеді. Алайда 
нәтижесі бірдей болған – екі қыз да жыныстық 
қанаушылық құрбанына айналған. 
«Мен Қарағандыдан Астанаға бардым... 
Астанада, көшеде серуендеп жүргенде бір 
әйелмен таныстым. Ол мені өзінің үйіне 
ертіп келді. Сол жерде тағы үш қыз болды 


жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау