Royal norwegian embassy балаларДЫң ТӘуекелді Мінез-қҰЛЫҚҚА, жыныстық ҚанаушылықҚа және адам саудасына осалдығын бағалау



жүктеу 2,04 Mb.
Pdf просмотр
бет26/89
Дата30.12.2019
өлшемі2,04 Mb.
#25503
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   89

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
55
Кейде олардың тірі қалған қамқоршысы балаға 
қамқор болу міндетін атқаруға жарамайды, алай-
да осындай жағдайларда баланың мүдделерін 
қорғау үшін араласатын ешкім жоқ.
«Менің жасым екіде болғанда менің анамды 
өлтіріп кеткен. Бір апта бойы оны ешкім таба 
алмаған, ал тапқан кезде оның бет-әлпеті 
адам танығысыз болған. Менің әкем мені 
өзінің қызы емес деп санайтын, сондықтан ол 
мені баласы ретінде танығысы келмеді. Мен 
туыстарыммен – атаммен, әжеммен және 
тәтеммен бірге тұрдым. Үш жыл бұрын менің 
әжем қатерлі ісіктен қайтыс болды, ал атам 
іше бастады, ашуланшақ болды және заттар-
ды сындыратын. Менің атам көп ішеді... Қазір 
менің тәтем бір еркекпен бірге тұрады, ал 
оның балалары олармен бірге тұрады, ал мен 
атаммен бірге тұрамын. Тәтем атам ішкенде 
келіп кетеді, себебі атамның есі ауысқан 
сияқты болады... Тәтем ішкенін қойды, себебі 
ол ЖИТС-мен (СПИД) ауырады... Менің атам 
зейнетақысын алғанда барлығын ішімдікке 
жұмсап қояды, сосын қарызданады. Менің 
әжем тірі болғанда әжем жұмыс істейтін, 
жағдайымыз жақсы болған, енді жағдайымыз 
жаман... Атам ішіп мас болғанда мені өзінің 
қызы деп ойлайтын [ яғни мені тәтем деп 
ойлайтын]. Ол қызын [менің тәтемді] жақсы 
көрмейтін, сондықтан мені үйден қуатын. Ал 
мен кетпейтінмін, себебі мен қорқатынмын... 
Мен барлығын атамның қарындасына айтып 
бердім, ол келгенде атама ұрысты, тамақ, 
киім, ойыншықтар алып келді… Мен үйден 
кеткен жоқпын, мен қорқатынмын... Менің 
атам мен үшін жәрдемақы алуға өтініш жаз-
ды және тек ақша үшін маған қамқоршы бо-
луды ресімдеді. Біздің қарызымыз көп болды, 
менің атам үнемі біздің –балалардың кесірінен 
жағдай нашарлады, ақша ештеңеге жетпейді 
деп айтатын. Ол ақшаны өзі ішімдікке жұмсап 
қоятынын түсінбейтін» (68, әлеуметтік 
жағынан осал бала, жынысы–әйел, 12 жас)
ИТЕрМЕЛЕуШі ФАКТОр: АТА-АНАСЫНЫң 
АЖЫрАСуЫ 
Сауалнама мәліметтері бойынша балалар/
жасөспірімдер сонымен бірге өздерінің ата-
анасының ажырасуының және ата-анасының 
бірінің некеге қайта тұруының нәтижесінде 
ерекше осал болатыны көрінеді. Көптеген ба-
лалар үшін ата-анасының ажырасуы олардың 
өмірлерін өзгерткен, кей жағдайларда жаман 
жағына өзгерген. Көптеген әлеуметтік жағынан 
осал балалар ата-анасы ажырасқаннан кейін 
өздерінің өмірлері тұрақсыз болғанын айтып бер-
ген. Көптеген балалар ата-анасы ажырасқаннан 
кейін жалғыз анасымен кедейлікте өмір сүргенін 
айтқан. Кейбір балалар ата-анасы ажырасқаннан 
кейін өздерінің жиі (пәтерден пәтерге және 
қаладан қалаға) көшуге мәжбүр болғанын айтқан, 
себебі олардың аналары жұмыс және арзан 
тұрғын үй іздеген, ал кейде олар уақытша туы-
старымен немесе жанұяның достарымен тұрған. 
Басқа балалар ата-анасының бірімен және өгей 
ата-анасымен тұрғанын және өгей ата-анасымен 
қарым-қатынастары нашар болғанын айтқан, 
бұл олардың үйден кетуіне немесе қашып кетуіне 
әкелген. Ата-анасы ажырасқаннан кейін үйінен 
кеткен немесе қашқан балаларға/жасөспірімдерге 
адам саудасының немесе қанаушылық құрбанына 
айналу қаупі төнген. Адам саудасының бір құрбаны 
мен бір секс-жұмыскер былай деген:
«Менің жасым 17-де болғанда үйден кетіп 
қалдым. Мен әжемнің үйіне кетіп қалдым. 
Ата-анам ажырасты, бұл жаман болды. Мен 
өгей әкеммен жанжалдар болғандықтан, 
кетіп қалдым. Анам мені әжеме жіберді, ал 
әжем мені балалар үйіне тапсырды. Сосын 
анам мені үйге алып келді, бірақ мен дос 
қызымның үйіне қашып кеттім, сосын 
қайтадан әжемнің үйіне бардым. Осылай екі 
жыл жүрдім» (458, адам саудасының құрбаны, 
жынысы–әйел, 20 жас) 
«Менің жасым 15-те болғанда үйден кетіп 
қалдым... Мен анаммен және өгей әкеммен бірге 
тұрдым, бірақ менің жанұям болмады, себебі 
мен анама керек емеспін. Менің әкем есімде 
жоқ, бірақ ол осы қалада тұрады. Ол мені 
анамның күнәсі болғанымды, өзіне ешқандай 
қатысым жоқ екенін айтты. Анам өгей 
әкеммен бірге тұрады және тек өзін ойлайды... 
Мен үйден дос қызымның үйіне кетіп қалдым. 
Оның ата-анасы ішеді, үйінде кім тұратыны 
оларды толғандырмайды. Олар маған жақсы 
көзқарас танытты... Мен шарасыз күйде 
болдым. Мен бүкіл әлемде жалғыз екенімді 
түсіндім. Тіпті анама да керек емеспін. Ешкім 
маған сенбейді. Мен неге дүниеге келдім?” (203, 
секс-жұмыскер, жынысы–әйел, 16 жас)
ИТЕрМЕЛЕуШі ФАКТОр: ЖЫНЫСТЫҚ 
СИПАТТАҒЫ ҚАСТАНДЫҚ ӘрЕКЕТі/ЗОрЛАу 
Жыныстық сипаттағы қастандық әрекеті/
зорлау 3.10-кестеде итермелеуші фактор 
ретінде белгіленбесе де, сауалнама мәліметтері 
жыныстық сипаттағы қастандық әрекетінің/
зорлаудың қыздардың адам саудасына және 
жыныстық қанаушылыққа осалдығын күшейткен 
итермелеуші фактор болғанын көрсетеді. 
Көптеген қыздар бала кезінде бейтаныс 
адамның немесе танысының немесе туысының 


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
56
өздеріне қарсы жыныстық сипаттағы қастандық 
әрекетінің жасағанын немесе зорлағанын айтқан. 
Көптеген қыздар үйлерінен өздеріне қарсы 
жыныстық сипаттағы қастандық әрекетінің 
жасалғаннан кейін немесе зорланғаннан кейін 
кеткен, себебі олардың ата-аналары оларға сен-
беген немесе жыныстық сипаттағы қастандық 
әрекет/зорлау оқиғасы үшін оларды кінәлаған. 
Дегенмен, осы қыздар жыныстық сипаттағы 
қастандық әрекетінің/зорлау оқиғасының 
нәтижесінде алған психологиялық жарақаттан, 
сонымен бірге шарасыздық және ұялу сезімінен 
қиналған. Кейбір қыздар оның тұратын жердегі 
адамдардың болған жәйтті білгенін және 
өсектегенін айтып берген және олар өздерінің 
қыздығынан айрылуын болашақта күйеуге шығу 
мүмкіндіктеріне әсер ететінін түсінген. Бір секс-
жұмыскер былай деген:
«Мен 15 жасымда үйден кетіп қалдым... Менің 
ата-анам жоқ. Мен Түркістанда туыстарым-
мен тұрдым... Мен үйден қашып кеттім, себебі 
мені зорлады, ал менің туыстарымның маған 
көзқарасы жаман болды. Мен мектепті та-
стап кеттім. Вокзалдарда кезіп жүрдім, бірақ 
адамдар маған қаңғыбас ретінде қарады. Мен 
ештеңе таппадым. Мен бәрібір ұялдым. Менің 
қаламда тұратын адамдар бұны түсінбейді, 
ешкім маған үйленбейді...Мен маған біреу ба-
спана мен жұмыс табуға көмектеседі деп ой-
ладым... Мен үйден кетіп қалдым, себебі мені 
зорлады, ал менің туыстарым мені кінәлады» 
(234, секс-жұмыскерлер, жынысы–әйел, 17 жас)
Осындай әртүрлі себептермен жыныстық 
сипаттағы қастандық әрекетіне/зорлау 
оқиғасына ұшыраған қыздар үйлерінен кеткен, 
алайда әлеуметтік көмектің, ақшаның, білімнің 
және жұмыс тәжірибелерінің жетіспеушілігінен 
оларға адам саудасының және жыныстық 
қанаушылықтың құрбаны болудың жоғары 
қаупі төнген. Төменде берілген үзінділерде 
адам саудасының үш құрбаны бала кезінде 
жыныстық сипаттағы қастандық әрекетіне/зор-
лау оқиғасына ұшырағанын айтып берген және 
алам саудасының екі құрбанын олардың әкесінің 
жасаған жыныстық сипаттағы қастандық 
әрекетіне/зорлау оқиғасына ұшыраған.
«Менің әкем мені ұратын және анамды да 
ұратын. Ол мені екі рет зорлағысы келді, 
бірақ анам мені қорғады, ал әкем анам-
ды қан шыққанша ұрды. Мен үнемі болған 
ұрыс-керіске шыдамай, Алматыға кетіп 
қалдым, өзіме және ата-анама ақша тауып 
көмектескім келді... Мен анама ақша тау-
ып көмектескім келді, ол қартайды, күйеуі 
көп ұрғандықтан көп ауыратын» (424, адам 
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 19 жас)
«Менің жасым 15-те болғанда әкем түрмеден 
келген соң мені зорлады. Ол мас болған және 
есірткі қолданатын... Ол менен кегін ала ба-
стады және мені жақын таныстарына са-
тып жіберді. Мен жезөкше болдым, не айтса, 
соны орындауға мәжбүр болдым» (444, адам 
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 17 жас)
«Менің жасым 15-те болғанда үйден кетіп 
қалдым, себебі менің тіршілік етуге ақшам 
болмады. Өте қиын болды. Мен түнге дейін 
дүкенде жұмыс істедім, ал мас еркектер 
үнемі маған тиісетін және екі рет тонап 
кетті. Мен ақшаны мен ұрлағандай, төлеуге 
мәжбүр болдым. Мен онда бір жылға жуық 
жұмыс істедім, бірақ екінші ұрлықтан кейін 
мені ұрды, балшықтың үстімен сүйреді. 
Сосын мен үйде отырдым. Мені осы үй мен 
онда тұратын барлық адам жалықтырды, 
сол себепті мен диско-клубтарға барып 
жұмыс істей бастадым. 2010 жылы дис-
котекадан кейін мені зорлады, мен өмірдің 
мәнін жоғалттым және не үшін өмір сүріп 
жатқанымды және осы жағдайды неге мен 
бастан кешкенімді түсінбедім. Кешіріңіз, 
мен бұл туралы айтқым келмейді. Менің 
анам ғана бұл туралы біледі және біз шағым 
жаздық... Мен анама бұл қалада енді тұра ал-
майтынымды айттым. Қала мен басымнан 
кешкен барлық жаман оқиғаларды менің есіме 
түсіреді. Сондықтан мен жұмыс істеп ақша 
табу үшін Алматыға баруға бел байладым... 
Мен бәрін ұмытқым келді, болашақта не бо-
латыны маған бәрібір болды...Мен жанұямнан 
кеткен жоқпын, тек қаладан кеттім. Мен 
ешкімді көргім келмеді, мен осы қаланы және 
өзімді жек көремін» (383, адам саудасының 
құрбаны, жынысы–әйел, 16 жас).
Басқа қыздар үшін жыныстық сипаттағы 
қастандық әрекеті/зорлау оқиғасы олардың 
жыныстық қанаушылық құрбаны болуына және 
жезөкшелік саласына жол болды.
«Мен 14 жасымда үйден кетіп қалдым... Мен 
өмірімде жақсы нәрсе көрмедім, тек мас ата-
анамды, ұрыс-керісті және төбелесті көрдім. 
13 жасымда маскүнемдердің бірі мені зорлады. 
Ол мені көп ішуге мәжбүрледі, ал таңертең 
мен өзім оған жыныстық қатынасқа түсуді 
ұсынғанымды айтты. Ол менің ата-анама 
арақ берді, ал олар мені ұрды, олар маскүнемге 
[менің өзім оған жыныстық қатынасқа 
түсуді ұсынғаныма] сенді. Олар маған керек 
емес... Мен бұдан басқа жаман нәрсе болмай-
тынына үміттендім. Сол оңбаған мені бір 
жыл бойы зорлап жүрді... Ешкімге айтпасын 
деп, ол маған кәмпит беретін... Мені ұратын 


жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау