Атырау облысы Ішкі істер департаментінің жанындағы
Консультативтік-кеңесші органы отырысының
№ 4 ХАТТАМАСЫ
Уақыты: 2016 жылғы 28 желтоқсан, сағат 17.00.
Өткізілген орны: Атырау облысы ІІД мәжіліс залы
Қатысқандар: Атырау облысы Ішкі істер департаменті бастығы полиция
полковнигі Дүйсембаев Аян Сәбитұлы, Атырау облысы Ішкі істер
департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Бахтыгереев
Қандарбек Нұрмағанбетұлы, Атырау облысы жұмыс берушілер мен
кәсіпкерлер одағының тӛрайымы Бекқожиева Алия Байжанқызы, Атырау
мұнай және газ университетінің ректоры Абишев Али Әжімұлы,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры
Талтенов Абзал Ахатұлы, Каспий ӛңірінің қазіргі заманғы колледжінің
директоры Рысқалиев Болат Құлмұханұлы, Қазақстан журналистері одағы
Атырау облыстық басқармасының тӛрағасы Батыров Қуандық Батырұлы,
Атырау облысы Ішкі істер департаменті Ӛзіндік қауіпсіздік басқармасының
бастығы Нұршаев Әлішер Есенкелдіұлы.
Күн тәртібінде:
І-ші сұрақ: Атырау облысы Ішкі істер департаментінің жанындағы
Консультативтік-кеңесші органының тӛрағасын дауыс беру арқылы және
мүшелерін кері тағайындау.
ІІ-ші сұрақ: Атырау облысы Ішкі істер департаментінің жанындағы
Консультативтік-кеңесші органның 2017 жылдың І-ші жартыжылдығына
арналған жұмыс жоспарын бекіту.
ІІІ-ші сұрақ: Консультативтік-кеңесші орган мүшелеріне куәліктер беру
мәселесін талқылау.
Консультативтік-кеңесші органның отырысын Атырау облысы Ішкі
істер департаментінің бастығы полиция полковнигі А.С.Дүйсембаев ашып,
ол ӛз сӛзінде:
«Барлығыңызды кӛргеніме ӛте қуаныштымын. Уақыт тауып
келгендеріңізге ризашылығымды білдіремін. Жалпы, Атырау облысы ІІД
Консультативтік-кеңесші органының қызметімен барлығыңыз таныссыздар
деп есептеймін. Бұрынғы орган мүшелерінің ішінде ӛз қалауларымен
кеткендер бар болатын. Осы себепті, барлығымыз ақылдаса отыра, органның
жаңа тӛрағасын, мүшелерін дауыс беру арқылы қайтадан сайлау қажеттілігі
туындап отыр.
Осыған байланысты, Консультативтік-кеңесші органның тӛрағасына
Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Абишев Али Әжімұлын
дауыс беру арқылы тағайындауға ұсыныс білдіремін.
Консультативтік-кеңесші органның отырысына жаңадан қатысып
отырғандарға толық ақпарат беру мақсатында сӛз орынбасарым полиция
полковнигі Қ.Н.Бахтыгерееквке беріледі.
Атырау облысы ІІД бастығының орынбасары Қ.Н.Бахтыгереев:
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2016 жылғы
5 наурыздағы (№1-7-8-113/1070-И) нұсқауына сәйкес, Атырау облысы Ішкі
істер департаментінің 2016 жылғы 10 наурыздағы «Атырау облысы Ішкі істер
департаментінің жанындағы Консультативтік-кеңесші орган туралы және
оның құрамын бекіту туралы» №131 бұйрығы жарияланды.
Аталған бұйрыққа сәйкес, Консультативтік-кеңесші органның тӛрағасы
сайланып, кеңес құрамы айқындалып, жұмыс жоспары бекітілді.
Консультативтік-кеңесші
органның құрылғалы бері 3 отырыс
ұйымдастырылып, онда маңызды мәселелер талқыланған болатын.
Бүгінгі күні, Атырау обысы Ішкі істер департаменті жанындағы
Консультативтік-кеңесші органның бұрынғы тӛрағасы Х.Досмұхамедов
атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Б.Мамраевтың
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты болып сайлануына,
органның бұрынғы мүшесі Атырау мұнай және газ университетінің
проректоры Ә.Мұхтардың және «Прикаспийская коммуна» газетінің құқық
бӛлімінің меңгерушісі С.Новактың ӛз еріктерімен мүшеліктен шығу туралы
ӛтініш білдірген болатын.
Осыған байланысты, органға жаңадан мүшелікке Х.Досмұхамедов
атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Талтенов Абзал
Ахатұлын, Каспий ӛңірінің қазіргі заманғы колледжінің директоры
Рысқалиев Болат Құлмұқанұлын және Атырау ОІІД Ӛзіндік қауіпсіздік
басқармасының бастығы полиция подполковнигі Нұршаев Әлішер
Есенкелдіұлын енгізуге ұсыныс білдіреміз.
Сонымен қатар, Консультативтік-кеңесші орган тӛрағасы мен
мүшелеріне куәліктер беру мәселесі пысықтылуда. Бұл туралы сіздерге
қосымша хабарланатын болады».
Сӛз алған,
Атырау облысы жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер
одағының тӛрайымы Бекқожиева Әлия Байжанқызы:
«Атырау облысы ІІД жанындағы Консультативтік-кеңесші органы
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын
қорғауды, полиция қызметінің жариялылығы мен ашықтығы принципін іске
асыру бойынша ӛзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз ететін орган болып
табылады. Осы органның тӛрағалығына Атырау мұнай және газ
универститетінің ректоры Абишев Али Әжімұлын тағайындауға қарсылығым
жоқ».
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің
ректоры Талтенов Абзал Ахатұлы: «Атырау мұнай және газ универститетінің
ректоры Абишев Али Әжімұлын тӛраға етіп тағайындауға қарсылығым жоқ».
Каспий ӛңірінің қазіргі заманғы колледжінің директоры Рысқалиев
Болат Құлмұханұлы: «Қарсы емеспін».
ІІД бастығы полиция полковнигі А.Дүйсембаев: «2017 жылы қандай
сұрақтарды талқылау бойынша ұсыныстарыңыз бар? Жалпы, қазіргі таңда
халық алдында полиция имиджін кӛтеру басты мәселе болып отыр. Ӛкінішке
орай, кейбір жағдайларда тӛмен жағынан кӛрсететін мән-жайлар орын алып
отырады. Біздің барлық іс-шараларымызға сіздердің қатысуларыңызды
қалаймын. Біздің есік әрқашан ашық, журналистермен де, халықпен де
кездесуге дайынбыз.
Алия Бекқожиева: Ең бастысы Жергілікті полиция қызметінің жұмысы
маңызды. Сонымен қатар, қылмыстық атқару жүйесінің жұмысын да күн
тәртібінен түсірмеу қажет.
Бұдан басқа, бұрын сотталғандарды жұмысқа орналастыру мәселесі.
Атырау облыстық басқармасының тӛрағасы Батыров Қуандық
Батырұлы: Ең басты мәселе имидж. Болашақта тәрбиелік мәні бар
мәселелерді ІІД МТжАБ арқылы материалдардың жарыққа шығуы
ұйымдастырылса. Осы бағытта арнайы жоспар жасақталып, радио, теледидар
арқылы кӛрсетілімдер ұйымдастырылса. БАҚ ӛкілдерін жинап ұсыныстар
берейік.
ІІД бастығы полиция полковнигі А.Дүйсембаев: Жергілікті телеарнада
аптасына бір рет бейнефильм кӛрсету мәселесін пысықтаған жӛн.
Алия Бекқожиева: 10-12 минуттан аспайтын болғаны жӛн, әрі эфирге
жеңіл болады. Кӛрермендерді мүмкіндігінше кӛптеп қамту үшін жаңалықтар
арасында кӛрсетілу керек.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің
ректоры Талтенов Абзал Ахатович: Атырау облысы ІІД облысымызда ең
үлкен мекеме. Бір қызметкер қандай да болмасын теріс қылық жасаса, оның
бәрін бірдей қадағалау мүмкін емес. Бірақ сізге кір келетіні анық. ІІО-на
жоғары білімді мамандарды алу қажет.
Ал келесі жылға талқыланатын мәселелер бойынша қосымша жазбаша
түрде хабарлайтын боламыз.
Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Абишев Али
Әжімұлы: Құрметті отырысқа қатысушылар! Біріншіден сенімдеріңізге
рахмет. Бұл үлкен жауапты жұмыс. Әрдайым қоғаммен тығыз байланыста
болу қажет. Халыққа дұрыс түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін облыстық
телеарналарда полиця қызметі туралы арнайы рубрика болуы қажет.
Жоғарыда талқыланған сұрақтарды қорытындылай келе Атырау облысы
Ішкі істер департаментінің жанындағы Консультативтік-кеңесші орган
ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Атырау
облысы
Ішкі
істер
департаментінің
жанындағы
Консультативтік-кеңесші органның тӛрағасы болып Атырау мұнай және газ
универститетінің ректоры Абишев Али Әжімұлы сайлансын.
2. Атырау
облысы
Ішкі
істер
департаментінің
жанындағы
Консультативтік-кеңесші
органы
мүшелерінің
құрамына
жаңадан
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры
Талтенов Абзал Ахатұлы, Каспий ӛңірінің қазіргі заманғы колледжінің
директоры Рысқалиев Болат Құлмұқанұлы және Атырау ОІІД Ӛзіндік
қауіпсіздік басқармасының бастығы полиция подполковнигі Нұршаев
Әлішер Есенкелдіұлы енгізілсін.
3. Атырау облысы ІІД кадр жұмысы басқармасы Консультативтік-
кеңесші орган тӛғарсы мен мүшелеріне куәліктер беру жұмыстарын
ұйымдастыруға.
4. Атырау
облысы
Ішкі
істер
департаменті
жанындағы
Консультативтік-кеңесші органының атына келіп түскен арыз шағымдар
(электронды және жазбаша) уақытылы қаралсын және қажеттілікке
байланысты отырыс ұйымдастырылсын.
5. Атырау
облысы
Ішкі
істер
департаментінің
жанындағы
Консультативтік-кеңесші органның 2017 жылдың І-ші тоқсанына арналған
жұмыс жоспары жасақталсын.
Атырау облысы Ішкі
істер департаментінің бастығы
полиция полковнигі
А.Дүйсембаев
Хатшы:
Атырау облысы ІІД
КЖБ ЕТЖ аға иснпекторы
полиция майоры
Н.Шаеденов
Достарыңызбен бөлісу: |