ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
29
2
Сұхбат жүргізу барысында қызметкерлер сұранысы/талабы болған жағдайда, 17 жасқа толмаған балалармен сұхбатқа қызметкердің
қатысуына рұқсат етілді.
•
есірткіні қолдану туралы мәліметтер,
оған қоса, есірткіні қолдануға оларды
ынталандырғаны немесе мәжбүрлегені тура-
лы, қолданылмалы есірткілердің түрлері, тура-
лы, есірткіні қолдану жиілігі туралы, инелерді
бірігіп қолдану оқиғасы туралы ақпарат;
•
жыныстық қатынас туралы мәліметтер,
оған қоса қорғалмаған жыныстық қатынас
және де ақылы жыныстық қатынас туралы
мәліметтер;
•
өзіне-өзі қасақана зақым келтіру туралы және
өзіне-өзі қол жұмсау туралы мәліметтер, оған
қоса өзіне-өзі зақым келтіре және де қол
жұмсай бастаған кездегі жастары, мұндай
іс-әрекеттің себептері және де өзіне-өзі қол
жұмсауға үшін жасаған әрекеттерінің саны;
•
полициямен байланыс туралы және де
олардың мәселелерін шешу үшін полицияның
қолданған шараларымен қанағаттану
дәрежесі туралы мәліметтер;
•
құқықтық мәселелер туралы, құқықтық
мәселелерді шешуде көрсетілген көмек
туралы, көрсетілген құқықтық көмекке
қанағаттанушылық дәрежесі туралы
мәліметтер;
•
заңгерлермен және соттармен байланыс тура-
лы және де олардың мәселелеріне байланысты
соттың берген жауабына қанағаттунышылық
дәрежесі туралы мәліметтер;
•
денсаулыққа байланысты мәселелер туралы,
денсаулыққа байланысты мәселелерді ше-
шуге көрсетілген көмек және де көрсетілген
медициналық көмекке қанағаттанушылық
дәрежесі туралы мәліметтер;
•
психологиялық проблемалар туралы,
психологиялық проблемаларды шешуге
көрсетілген көмек туралы және де көрсетілген
психологиялық көмекке қанағаттанушылық
дәрежесі туралы мәліметтер;
•
тұрғылықты жерін ауыстырумен, тұрғын
үймен байланысты туындаған мәселелер тура-
лы, тұрғын үй мен тұрғылықты жерін ауысты-
румен қанағаттанушылық туралы мәліметтер;
•
жұмыс және де кәсіптік дайындық туралы
мәліметтер;
•
көмек іздеу туралы мәліметтер.
Респондентке сұхбат алу мақсаты түсіндірілген
соң, зерттеу тобы жеке-жеке сұхбат алды. Сұхбат
беруші әрбір адамға аты-жөнін жасыруға және де
құпиялылыққа кепілдік берілді.
2
Осы мақсатқа
жету үшін әрбір респондентке жеке-жеке нөмір
беріліп, берілген нөмір сауалнама парағына және
сұхбаттан алынған егжей-тегжейлі ескертулер
үшін Нысанға енгізілді.
Респонденттерге ниеті болмаған жағдайда
сұхбатқа қатыспауға ерікті болғандары, және де
кез-келген уақытта сұхбатты тоқтата алатында-
ры ескертілді (мұның респондент үшін ешқандай
салдары болмайды). Сондай-ақ оларға өздерінің
қалауы бойынша белгілі бір сұрақтарға жауап
беруден бас тартуға ерікті болатындары туралы
хабарланды. Сұхбатқа қатысқандары үшін ре-
спонденттерге өтемақы берілмейді.
Тереңдетілген сұхбат орта есеппен бір сағаттан
екі сағатқа дейін уақыт алды. Әрбір сұхбатқа
зерттеу тобының екі мүшесі қатысты. Зерттеу
тобының бір мүшесі сұрақ қоюға жауапты болса,
екіншісі мәліметтерді толықтай жазып отыруға
жауапты болды. Сұхбаттан алынған барлық
зерттеу тобының Алматы қаласындағы бас
кеңсесіне жіберілді, ол жақта сұхбат мәліметтері
SPSS (Қоғамдық ғылымдардың Статистикалық
мәліметтерін өңдеу бағдарламасы) мәліметтер ба-
засына және де Word бағдарламасына енгізілді.
Мәліметтер толықтай енгізілгеннен соң, барлық
сұхбаттар мен сұхбат барысында алынған
ескертулер Омбудсмен мекемесіне сақтауға
тапсырылды.
ГЕОГрАФИЯЛЫҚ КАрТАЛАу
Сұхбат барысында респондентке бастан кеш-
кен көшіп-қону тәжірибесі мен бағыт-бағдарын,
оған қоса туып-өскен, транзитпен өткен және
межелі шағын қалалары/қалалары есіне
түсіруге көмектесу мақсатында Қазақстанның
географиялық картасы мен Орталық Азия елдерінің
әрқайсысының картасы қолданылды. Сұхбат
сұрақтарын құрастыру үшін жауапты зерттеуші
респонденттердің көмегімен тиісті картадағы
туып-өскен, транзитпен өткен және межелі
шағын қалалары/қалаларды анықтап, содан соң
көшіп-қону бағытын тиісті түрде құжаттандыру
мақсатында оларды бірізділік тәртібімен нөмірледі.
Сұхбаттан алынған егжей-тегжейлі жазбаларды
жүргізіп отыруға жауапты зерттеуші туып-өскен,
транзитпен өткен және межелі шағын қалалары/
қалалардың атауымен бірге белгілі бір жердегі
орналасу ұзақтығын географиялық карталау
Нысанына енгізіп отырды. Карталарда атаулар
қолданылған жоқ, оның орнына географиялық
карталарға және де картографиялық нысандарға
респонденттің сәйкестендіру нөмірі жазылды.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
30
Географиялық карталар мен картографиялық
нысандар Алматы қаласындағы зерттеу тобының
бас кеңсесіне жіберілді, ол жақта географиялық
карталар сканерленіп, одан алынған ақпарат
SPSS мәліметтер базасына енгізілді. Мәліметтер
енгізілгеннен соң, барлық карталар мен
географиялық карталау нысандары Омбудсмен
мекемесіне сақтауға берілді.
ПИЛОТТЫҚ ТЕСТіЛЕу ЖӘНЕ
ЗЕрТТЕу ТОБЫН ОҚЫТу
Зерттеу әдістемесі мен мәліметтерді жинау
құралдарын тексеру мақсатында 2011 жылдың
шілде айының 11-нен 14-не дейінгі аралықта
Астанада пилоттық тестілеу өткізілді. Пилоттық
тестілеу Астана қаласындағы үкіметтік емес
ұйымдар жанындағы адам саудасының
құрбандарына арналған баспанадағы
адам саудасының құрбандарымен, Астана
қаласындағы кәмелетке толмағандардың
бейімделу орталықтарындағы (балалар
уақытша қалалық баспанада орналастырылған)
балалармен сұхбат жүргізілді. Зерттеу тобы
Жыныстық жолмен берілетін ауруларды ал-
дын алу және дерматология орталығының
дәрігерлерімен кездесті.
ЮНИСЕФ халықаралық кеңесшісі доктор
Робин Хааррдың бақылауы мен басшылығымен
жергілікті зерттеу тобы (Қоғамдық пікірді
зерттеу орталығы) пилоттық тестілеу өткізді.
Пилоттық тестілеу халықаралық кеңесшіге
жергілікті зерттеу тобын қарқынды практикалық
дайындықпен қамтамасыз ету мүмкіндігін
берді. Дайындық құрамына зерттеу әдістемесін
қалай қолдану және мәліметтерді жинау
құралдарының әрқайсысын қалай қолдану
қажеттілігі сияқты мәселелерді қамтыды.
Әрбір зерттеуші құрылымдалған тереңдетілген
сауалнама парағын, географиялық карталарды
және картографиялық нысандарды пайдалана
отырып тереңдетілген сұхбатты қалай жүргізу
қажеттілігіне арнайы дайындықтан өтті.
Әрбір зерттеуші сұхбаттан алынатын егжей-
тегжейлі мәліметтерді қалай жазу қажеттілігі,
мәліметтерді жинау құралының әрқайсысына
сәйкестендіру нөмірін қалай беру қажеттілігіне
дайындықтан өтті. Пилоттық тестілеу бары-
сында халықаралық кеңесші зерттеушілердің
әлеуетін дамыту, зерттеу әдістемесін тиісті түрде
жүзеге асыру, мәліметтерді жинау құралдарын
тиісті түрде пайдалану, сондай-ақ этикалық
ұстанымдарды ұстану сияқты мақсаттармен
зерттеу тобының алған нәтижелерін бағалап,
жұмысын қадағалады және де өз пікірімен
бөлісті.
МӘЛіМЕТТЕрДі ТАЛДАу
Халықаралық кеңесші сұхбат барысында
алынған барлық сандық мәліметтерді тал-
дау үшін SPSS (Қоғамдық ғылымдардың
Статистикалық мәліметтерін өңдеу
бағдарламасы) мәліметтер базасын пайда-
ланды және де сұхбат нәтижесінде алынған
барлық сандық мәліметтердің мазмұнын талда-
ды. Карталар мен географиялық карталау ны-
сандары адам саудасының бағыттарын картаға
енгізу үдерісіне көмек көрсету үшін талданды.
Барлық респонденттердің жеке басын қорғау
үшін зерттеу барысында берілген сәйкестендіру
нөмірлер өзгертіліп, мәліметтерді талдау бары-
сында әрбір респондентке жаңа сәйкестендіру
нөмірі берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |