Матаева Зайра Токтарбеккызы - Химия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
- «Мұнай және газды өңдеудің химиялық технологиясы» кафедрасы
- «МҰНАЙ МЕН ГАЗДЫ ӨҢДЕУДІҢ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ» пәні
- Мамандық: 5В072100- «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»
- Курс көлемі – 3 кредит
ПӘНДІ ОҚЫТУ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ - «Мұнай мен газды өңдеудің химиялық технологиясы» курсын оқытудың мақсаты студенттерге мұнай мен газды өңдеудің термиялық және термокаталитикалық процестері туралы негізгі деректер беру, көмірсутекті шикізаттарды екіншілік өңдеу процестерінің химизмі мен механизмін түсіндіру.
- практикалық есептерді шығару үшін студенттердің теориялық дайындықтарының негізін қалау;
- студенттердің ғылыми түйсіктерін қалыптастыру, айталық, мұнай өңдеу процестерін түсіндіру, мұнай өңдеудің термиялық және термокаталитикалық процестері туралы білімдерін негіздеу;
- мұнайдың құрамындағы жеке фракциялар мен көмірсутектер тобын сараптағанда студенттерді практикалық машықтануға баулу;
- алған білімін күнделікті өмірде, өндірісте, табиғатты қорғау мәселелерін шешкенде қолдана білуге үйрету.
Пәннің қысқаша мазмұны: - «Мұнай мен газды өңдеудің химиялық технологиясы» пәні мұнай шикізатын химиялық өңдеудің негізгі әдістерін оқытады. Пән мұнай фракцияларын термиялық және термокаталитика-лық өңдеу барысында алынған соңғы өнімдердің құрамы мен тереңдігіне әсер ететін негізгі факторлармен таныстырады.
Пәнді оқыту барысында қарастырылатын тақырыптар: - Мұнай өңдеудегі екіншілік (химиялық) процестердің рөлі және мұнай өңдеу өндірістерінің даму жолдары.
- Мұнай өңдеудің термиялық процестері. Көмірсутектердің термиялық түрленуінің механизмі.
- Термиялық крекинг процесіне әр түрлі факторлардың әсері. Процестің параметрлері. Термиялық крекинг өнімдері.
- Кокстеу процесінің мақсаты. Кокстеудің шикізаты. Өнімдердің құрамы мен қасиеті.
- Пиролиз. Процестің мақсаты. Шикізаты. Процесс параметрлері. Өнімдердің құрамы мен қасиеті.
- Мұнай фракцияларын өңдеудің термокаталитикалық процестері. Катализ туралы негізгі қағидалар және катализаторлардың қасиеттері. Гомогенді және гетерогенді катализ. Катализатордың талғамдылығы, активтілігі және жұмыс атқару уақыты. Катализаторды регенерациялау.
- Каталитикалық крекинг. Каталитикалық крекинг процесінің шикізаты, параметрлері және өнімдері. Каталитикалық крекинг катализаторлары, механизмі. Цеолиттер. Карбоний-ион теориясы.
- Каталитикалық риформинг. Каталитикалық риформинг процестерінің механизмі, шикізаты, катализаторлары, параметрлері және өнімдері. Платформинг.
- Гидрогенизациялық процестер. Гидрогенизациялық процестердің механизмі және катализаторлары.
- Дистилляттарды гидротазалау процестері. Процестің шикізаты, катализаторлары және параметрлері. Екіншілік бензиндер мен реактивті отындарды гидротазалау.
- Дистилляттарды гидрокрекингтеу процестері. Газойлдерді бір- және екісатылы гидрокрекингтеу процесінің шикізаты, катализаторлары және параметрлері. Қалдықтарды гидротазалау және гидрокрекингтеу.
- Көмірсутекті газдарды өңдеу. Газдардың сипаттамасы. Газдарды тазалау және кептіру.
- Парафинді көмірсутектерді каталитикалық алкилдеу. Процестің шикізаты, катализаторлары және өнімдері. Изобутанды олефиндермен алкилдеу процесінің механизмі.
- Жеңіл парафинді көмірсутектерді изомерлеу. Процестің шикізаты, өнімдері, катализаторлары және механизмі.
Жүргізілетін сабақ түрлері: - Дәріс – 30 сағат
- Зертханалық сабақтар – 15 сағат
- Аралық бақылау (саны) – 2
- СӨЖ – 45 сағат
- СОӨЖ – 45 сағат
- СОӨЖ (офис) - 30 сағат
- СОӨЖ (ауд.) - 15 сағат
- Барлық дәрісханалық сағат – 60
- Барлық дәрісханадан тыс сағат – 75
- Еңбек көлемі – 135 сағат
- Емтихан Ж, семестр 7
Пәнді оқу барысында студенттер: - Мұнай өңдеудегі екіншілік (химиялық) процестердің рөлі және мұнай өңдеу өндірістерінің даму жолдары, мұнай өңдеудің термиялық, термокаталитикалық және гидрогенизациялық процестері, процестің параметрлері, шикізаты, өнімдердің құрамы мен қасиеті, механизмі, катализ туралы негізгі қағидалармен, карбоний-ион теориясымен, көмірсутекті газдарды өңдеу процестерімен танысып, теориялық дайындықтарының негізін қалайды, ғылыми түйсіктерін қалыптастырады, алған білімдерін күнделікті өмірде, өндірісте, технологиялық есептеулерде қолдана білуге үйренеді.
Ғылыми жетістіктері - Ғылыми дәреже: 02.00.15-«Катализ» мамандығы бойынша химия ғылымдарының кандидаты
- Педагогикалық стажы – 10 жыл.
- 5В072100-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша оқитын студенттерге «Мұнай және газ химиясы», «Мұнайхимиялық кешеннің негізгі көмірсутек шикізаты – ароматты көмірсутектер өндірісі», «Мұнай мен газды өңдеудің химиялық технологиясы», «Органикалық және мұнайхимиялық өндірістің технологиясы», 6М073900-«Мұнайхимиясы» мамандығы бойынша оқитын магистранттарға «Сұйытылған мұнай газдарын өңдеудің каталитикалық процестері», «Мұнайхимиясындағы катализаторлардың талғамдылығы мен стереоспецификалығы» пәндері бойынша дәрістер оқиды және тәжірибелік, зертханалық сабақтар жүргізеді.
- Ғылыми еңбектері: 30 астам ғылыми еңбектердің, 12 оқу-әдістемелік кешеннің авторы.
- Сабақ жүргізетін барлық пәндер мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған оқу бағдарламаларымен қамтамасыз етілген. Магистранттарға арналған 2 силлабус әзірленді.
- «Жеңіл бензин фракциясын алу мақсатында мұнай мен мұнай өнімдерін өңдеудің технологиясын жасау» мемлекеттік бюджеттік инициативті бағдарламада жұмыс істеу.
- Магистранттар мен студенттердің ҒЗЖ ұйымдастырады.
- Конференцияларға баяндамалар жасайды.
- Ғылыми қызығушылығы: «Ауыр мұнай қалдықтарын каталитикалық крекинглеу технологиясы».
- Қоғамдық жұмыстары: кафедраның материалдық-техникалық базасына жауапты, кафедра мәжілістерінде хатшы, магистратура мен докторантура бойынша мемлекеттік аттестациялау комиссиясының техникалық хатшысы, кафедрада профорг.
Дипломдық жұмыстардың тақырыптары: - Көмірді экстракциялау процесіне еріткіштер табиғатының әсері.
- Көмірді каталитикалық гидрогендеу арқылы сұйық көмірсутек шикізатын алу.
Магистрлік диссертациялардың тақырыптары: - Жетыбай мұнайының вакуум дистиллятын қазақстандық шикізаттардан жасалған композитті катализаторларда каталитикалық крекинглеу.
- Қаражанбас мұнайының вакуум дистиллятын каталитикалық крекинглеу жағдайларының өнімдер шығымына әсерін зерттеу.
- Мазутты каталитикалық крекинглеу процесінің оптималды жағдайларын таңдау.
- Жетыбай мұнайының вакуум дистиллятын каталитикалық крекинглеу заңдылықтарына құрамында цеолит бар композиттерді белсендіру жағдайларының әсерін зерттеу.
Студенттерге қойылатын талаптар: - Тәртіптілік, ынталылық, адалдық, білімге құштарлық.
- Курс бойынша үлгерімнің орташа балы - 80-95%.
Достарыңызбен бөлісу: |