Талқылау сұрақтары:
Әкімшілік жазалаудың себептері қандай?
Әкімшілік жазалаудың түрлерін атаңыз?
Әкімшілік жазаладың қолдану аясы қандай?
ДӘРІС 10 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ-БҰЗУШЫЛЫҚ
Әкімш. құқ/бұзушылық түсінігі.
Әкімш. құқ/бұзушылық түрлері.
Әкімш. құқ/бұзушылық туралы істерді қарайтын уәкілетті органдар.
1. Жалпы құқ/бұзушылық - бұл адамға, мемлекетке зиян келтіретін, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті, кінәлі іс-қимыл. Құқық бұзушылық қоғамға қауіптілігіне қарай екіге бөлінеді.
1. Қылмыс - бұл ҚР қылмыстық кодексінде көрсетілген, қылмыстық жауапкершілік пен қылмыстық жазаны туындататын қоғамға аса қауіпті іс-әрекет.
2. Теріс қылық - қоғам өмірінің әр түрлі саласындағы жасалатын ж/е әр түрлі салдар туғызатын қоғамға орташа ж/е кішігірім қауіпті іс-әрекеттер (әкімшілік, азам.-құқ-тық, материалдық бөліктік, тәртіптік).
Әкімш. құқ/бұзушылық үшін жаза қолданылады. Әкімшілік жаза әділ, құқ/бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке басына сай келуі шарт. Жеке адамға әкімш. жаза қолдану кезінде жасалған әкімш. құқ/бұзушылықтың сипаты, кінәлінің жеке басы, оның құқ/бұзушылық жасағанға дейінгі ж/е одан кейінгі мінез-құлқы, мүліктің жағдайы, жауаптылықты жеңілдететін ж/е ауырлататын мән-жайлар ескеріледі. Бір әкімш. құқ/бұзушылық үшін негізгі ж/е қосымша әкімш. жазалардың қолданылуы мүмкін.
Әкімш. құқ/бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар:
1. кінәлі адамның шын өкінуі;
2. кінәлі адамның құқ/бұзушылықтың зиянды зардаптарын болдырмауы, залалды өз еркімен өтеуі немесе келтірілген зиянды жоюы;
3. әкімш. құқ/бұзушылықты күшті жан толқынысының әсерімен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау;
4. әкімш. құқ/бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы;
5. әкімш. құқ/бұзушылықты жүкті әйелдің немесе 3 жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы;
6. әкімш. құқ/бұзушылықты күш қолдану немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесінде жасау;
7. әкімш. құқ/бұзушылықты қажетті қорғанудың заңдылығы шарттарын бұзу, құқықка қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау, бұйрықты немесе өкімді орындау кезінде жасау.
Әкімш. құқ/бұзушылық үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар:
1. тиісті уәкілетті адамдардың құқыққа қарсы мінез-құлықты тоқтатуды талап еткеніне қарамастан оны жалғастыра беру;
2. бұрын жасаған әкімш. құқық бұзушылығы үшін әкімш. жауапкершілікке тартылған, мерзімі бітпеген адамның біртекті әкімш. құқ/бұзушылықты 1 жыл ішінде қайталап жасауы;
3. кәмелетке толмаған адамды әкімш. құқ/бұзушылыққа тарту;
4. кінәлі адамның біле тұра ауыр психикалық ауруымен ауыратын адамдарды, не әкімш. жауаптылығы туындайтын жасқа жетпеген адамдарды әкімш. құқ/бұзушылық жасауға тартуы;
5. ұлттық, нәсілдік ж/е діни жек көрушілік немесе жауласушылық себебі бойынша, басқа адамдардың заңды әрекеті үшін тек алу, сондай-ақ, басқа құқық бұзушылыкты жасыру немесе оның жасалуын жеңілдету мақсатында әкімш. құқ/бұзушылық жасау;
6. адамға немесе оның жақындарына қатысты белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты әкімш. құқ/бұзушылық жасау;
7. кінәлі адамның біле тұра жукті әйелдерге қатысты, сондай- ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсіз адамға не кінәліге тәуелді адамға қатысты әкімш. құқ/бұзушылық жасау;
8. адамдар тобының әкімш. құқ/бұзушылық жасауы;
9. табиғи апат жағдайында немесе басқада төтенше жағдайлар кезінде әкімш. құқ/бұзушылық жасау;
10. маскүнемдік, нашақорлық немесе уытқүмарлық масаң күйде әкімш. құқ/бұзушылық жасау.
2. Әкімш. құқық бұзушлық түрлері.
Жеке адамның құқықтарына қол сұғатын әкімш. құқ/бұзушылықтар:
а) азаматтардың тіл тандау құқықтарын шектеу;
б) еркін жүріп тұру ж/е тұрғылықты жер таңдау құқықтарын шектеу;
в) азаматқа ақпарат беруден бас тарту;
г) еңбек туралы заңдарды бұзу;
д) зейнетақымен қамтамасыздандыру туралы заңдарды бұзу;
е) еңбекті қорғау ережелерін бұзу;
ж) ұжымдық шарт, келісім жөніндегі келіс сөздерге қатысудан жаптару;
з) ереуілге қатысуға немесе оған қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу.
Азаматтардың сайлау құқықтарына қол сұғатын әкімш. құқ/бұзушылық.
а) үгітке тиым салынған кезеңде оны жүргізу.
б) Президентке, депутатқа немесе езге де сайланбалы қызметке кандидат туралы көрінеу жалған мәліметтер тарату;
в) сайлау комиссиясы (рефер. комиссиясы) мүшесінің, байқаушының құқықтарын бұзу;
г) азаматтарға басқа адамдар үшін дауыс беруге мүмкіндік жасау мақсатында сайлау бюллетендерін (дауыс беруге арналған бюллетендер) беру, т. б.
Кәмелетке толмағандардын құқығына қол сұғатын әкімш. құқ/бұзушылық.
а) ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы
б) кәмелетке толмағандарға алкоголь, темекі бұйымдарын сату ж/е т.б.
Сауда ж/е қаржы саласындағы әкімш. құқық бұзушылық.
а) Тұтынушыларды елеусіз мөлшерде алдау (тауардың тұтыну қасиеттеріне немесе сапаларына қатысты кем өлшеу, таразыдан жеу, кем есептеу, алдау).
б) қару-жарақ пен оқ-дәрі сату тәртібін бұзу;
в) тауарларды құжаттарсыз сату;
г) банк, валюта зандарының талаптарын бұзу;
д) клиенттерге, несие (кредит) берушілерге ж/е алушыларға (заемшыларға) банк қызметін көрсетуге байланысты талаптарды бұзу.
3. Әкімш. құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар.
1. аудандық ж/е соларға теңестірілген соттардың судьялары;
2. кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық (қалалық) қалалардағы аудандық комиссиялар;
3. ішкі істер органдары, мемл-тік инспекция органдары.
Достарыңызбен бөлісу: |