ҚР әкімшілік құқығы Санасыров Н. Т. 2016 ж


Әкімш. құқық бұзушылық туралы істі қарау нәтижелері бойынша шешімдердің түрлері



жүктеу 0,76 Mb.
бет15/30
Дата04.01.2022
өлшемі0,76 Mb.
#31518
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30
Лекции АДМ ПРАВО КАЗ

Әкімш. құқық бұзушылық туралы істі қарау нәтижелері бойынша шешімдердің түрлері:

1. әкімш. жаза қолдану туралы;

2. іс жүргізуді қысқарту туралы;

3. жаза қолдануға құқылы судьяның, органның қарауына беру туралы;

4. айыппұл салу жөніндегі қаулыны мәжбүрлеп орындату туралы қаулы.
Талқылау сұрақтары:


  1. Әкімшілік жазалаудың себептері қандай?

2.Әкімшілік жазалаудың түрлерін атаңыз?

3.Әкімшілік жазаладың қолдану аясы қандай?



ДӘРІС 11 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЗАҢДЫЛЫҚ


  1. Әкімш. құқықтағы заңдылық ұғымы.

  2. Әкімш. құқықтағы заңдылықты қамтамасыздандыруды бақылау.

  3. Әкімш. құқықтағы заңдылықты қамтамасыздандыруды қадағалау.


1. Зандылық заң әдебиеттерінде бірнеше мағынада қаралады:

1. ұйымдастыру ж/е қызмет қағидасы;

2. басқару әдісі;

3. мемлекет ж/е онын, азаматтарының бір-бірімен әрекеттесу қағидасы.

Заң ж/е басқа да нормативті актілер азаматтардың құқ-тық санасының тұрақтылығын қамтамасыз ету, сонымен қатар қоғам мен мемлекеттің эволюциялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Адам мен азаматтардың абсолютті ажырамайтын құқықтары, халықтың мәдениеті мен менталитеті - заңның тірегі болып саналады. Бұл - заңдылықты қамтамасыз етудің басты шарты. Зандылық әкімш. құқықта тек қана заң актілерімен сәйкес әрекет ету арқылы көрсету ғана емес (мысалы, лаузымды орынға тағайындау, заңды тұлғаларды тіркеу ж/е т. б.), сонымен қатар, заң ж/е басқа да актілерді орындау барысында ынталық көрсету (мысалы, әкімш. бақылау барысында, құқ/бұзушылықтың алдын алу ж/е т. б.)

Сонымен заңдылықты - нормативті құқ-тық актілердің ж/е олардың орындалуы мен қолданылуы арқылы жалпылай мемл-тік еркіндікті қамтамасыз ететін құқ-тық жүйе деп білуге болады.



2. Заңдылықты қамтамасыз етуді бақылау. Заңдылық барлық мемлекет билік органдарына міндетті.

Бақылау субъектіге байланысты келесі бақылауларға бөлінеді:

- Президенттік бақылау;

- Парламенттік бақылау;

- Үкіметтік бақылау.

Президенттік бақылау - Президенттің ж/е оның әкімшілігі арқылы жүзеге асады. ҚР Президенті мемл-тік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін ж/е өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. ҚР Президенті Парламент Сенаты ұсынған заңға он бес жұмыс күн ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді ж/е заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады. Мемлекет басшысы бола отырып, Президент кадр саясатына белсенді әсер етеді: лауазымды қызметкерлерді тағайындау ж/е орнынан босату (Парламентпен келісіп недербес). Президент биліктің бірлігін қамтамасыз етуде ж/е билік тармақтары арасында келіспеушілікті болдырмау мақсатында мынадай шешімдерге келуі мүмкін:

- Парламентті таратуға (Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер-Министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде, Парламенттің палаталар арасындағы немесе еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда);

- Үкімет құзіретін тоқтатуға ж/е Премьер-Министрді, Үкімет мүшелерін орнынан босатуға.

Парламенттік бақылау - мемл-тік органдарды құру, қайта ұйымдастыру ж/е тарату, лауазымды қызметкерлерді тағайындау, орнынан босату ж/е парламент мүшелерінің құзіретін растау, олардың қол сұғылмауын тоқтату ж/е айыру сұрақтарын шешеді.

Парламенттік бақылау палаталардың ерекше ж/е жекеше құзіреттері арқылы жүзеге асады. Палаталардың бірлескен отырыстарында Парламент:

1. Президенттің ҚР Премьер-Министрін, ҚР Ұлттық Банк Төрағасын тағайындауына келісім береді;

2. Премьер-Министрдің Үкімет бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап, бағдарламаны мақұлдайды немесе оны қабылдамай тастайды;

3. Республикалық бюджетті ж/е Үкіметпен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді.

Парламенттің әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз, депутаттардың жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға ж/е Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған ретте Палаталар депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен оны қызметтен босату туралы Республика Президентіне өтініш жасауға құқылы.



Атқарушы билік органының бақылауы субъект мәртебесіне байланысты келесі классификацияға бөлінеді: 1. жалпы, 2. ведомствалық.

Үкімет ҚР-ң атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады ж/е олардың қызметіне басшылық жасайды.

ҚР-ң Үкіметі:

- мемл-тік меншікті басқаруды ұйымдастырады;

- Республиканың министрліктері, мемл-тік комитеттері, өзге де орталық ж/е жергілікті атқарушы органдары актілерінің күшін толық немесе қолданылу бөлігінде жояды немесе тоқтатата тұрады;

- Үкімет құрамына кірмейтін орталық аттқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды ж/е қызметтен босатады.

Жергілікті мемл-тік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай күйіне жауапты жергілікті өкілді ж/е атқарушы органдар жүзеге асырады.

Жергілікті өкілді органдар - әкімдер мен мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық, бөліністегі халықтың еркін білдіреді ж/е жалпы мемл-тік мүдцелерді ескере отырып, оны іске асыруға кажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.



3. Заңдылықты қамтамасыз етуді қадағалау.

Қадағалау мемл-тік бақылаудың түрі болып келеді. Қадағалау келесі түрлерге бөлінеді: Прокурорлық, әкімш. ж/е соттық қадағалау. Прокуратура мемлекеттің атынан жоғарғы қадағалауды жүзеге асырады:

- заңның, Президент Жарлығының ж/е т.б. нормативті құқ-тық актілердің біркелкі қолданылуы;

- шұғыл-іздеу жұмыстары, тергеу жұмыстарының заңдылығы;

- әкімш. ж/е атқару өндірісіндегі заңдылық.

Прокуратура өзінің міндетін атқаруда құқылы:

1. Заңның кез келген түрінің бұзылуын айқындауға;

2. Конституцияғаж/е Республика заңына қайшы келетін заңды ж/е басқа да құқ-тық актілерге наразылық білдіруге;

3. сотта мемлекеттің мүддесін қорғауға;

4. заңмен белгіленген тәртіпте, шектеулі түрде қылмыстық тергеуді жүргізуге.

Прокуратура қызметкерлері заңды түрде кез келген тергеу объектілеріне баруға, басшылықтан керекті мәліметтерді алу, тексеріс ж/е ревизия өткізуге құқылы.

Қадағалау құзырын жүргізудегі басты актілер: наразылық, ұсыныс ету ж/е т.б. Прокурорлық қадағалау актілері, прокурор мәртебесін анықтау актісінде бекітілген. Прокурор наразылығы - Конституцияға, заңға, жарлыққа ж/е басқа да нормативті актілерге қайшы келетін акт шығарған органға немесе лауазымды қызметкерлерге беріледі. Прокурор ұсынысы тек қана заңның бұзылу фактісіне ғана бағытталмаған, сонымен қатар заңның бұзылуына әрекет болған жағдайға ж/е себебіне бағытталған. Заңның бұзылуын жоюда шара қолдануға құқылы мемл-тік органға, қоғамдық бірлестікке, коммерциялық ұйымға немесе лауазымды қызметкерге ұсынысты енгізеді. Әкімшілік қадағалау арнайы ұйымдастырылған орган арқылы жүзеге асады (мыс., МАИ ж/е т.б.). Қадағалау жүргізетін органдар арасында ұйымдық бағыну болмайды.

Әкімшілік қадағалау келесі мәселелерді қамтамасыз етеді:

- арнайы нормалармен тәртіптерді орындау (жол жүру тәртібін, өрт қауіпсіздігі ж/е т.б.);

- арнайы ж/е жалпыға міндетті тәртіп пен нормативті қадағалау (мыс., Госстрахнадзор);

- қадағалау объектілеріне бару, тексеру өткізу, мәліметтер сұрау, рұқсаттар мен нұсқаулар беру, тыйым салу.




жүктеу 0,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау