Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрінің 2016 жылғы
30 қаңтардағы № 89
бұйрығымен бекітілген
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды
есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдары бөлімшелерінің өзара іс-қимыл
жасау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің
16-тармағының 29) тармақшасына сәйкес әзірленген және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау тәртібі
2. Адамның жаза мерзімін өтеуі бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғанға дейін 20 күннен кешіктірмей, ал өзге негіздер бойынша босатылған кезде, босатылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі (бұдан әрі – ҚАЖ мекемесі) олар таңдап алған тұрғылықты жері бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің жергілікті полиция қызметіне (бұдан әрі – ІІД ЖПҚ):
1) туыстары және жазасын өтеу кезеңінде босатылғанға келіп тұрған басқа да адамдардың тұратын ықтимал мекенжайларын, оның араласатын ортасы мен ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеу уақытындағы байланыстарын көрсете отырып, босатылған адамға арналған хабарлама;
2) бас бостандығынан айырудың жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру, жазаны өтеуді кейінге қалдыру және мекемеден босатылғаны қосымша жазалау кезінде бас бостандығынан айыру түрінде жазалаудан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, сондай-ақ әкімшілік қадағалау белгіленгенге қатысты өтеу мерзімі бойынша босатылған адамға жеке басты куәландыратын құжаттарды;
3) босатылатын адамның фотосуретімен бірге дактилоскопиялық картаны мен ақпараттық-іздеу карточкасын (бұдан әрі – Адам-АІК), сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы соттың қаулысын жолдайды.
3. Бас бостандығына айыру орындарынан босатқан кезде ҚАЖ мекемелері әкімшілік қадағалау белгіленген адамдарды (бұдан әрі – қадағалаудағы) қылмыстық жауапкершілік туралы, ал шартты түрде мерзімінен бұрын (бұдан әрі – ШТМББ) босатылған адамдарды заңда белгіленген мерзімде таңдап алған мекенжайға келмегені үшін ШТМББ күшін жою мүмкіндігі туралы осы Қағидаға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ескерту парағына сәйкес қол қойдыра отырып, таныстырады.
ҚАЖ мекемесі соттан әкімшілік қадағалауды белгілеу туралы қаулы келіп түскен сәттен бастап бір тәулік ішінде ІІД-ге осы қаулыны және тапсырыс хатпен, фельдъегерлік байланыспен ескерту парағын жолдайды.
4. ІІД ЖПҚ ҚАЖ мекемесінен босатылатын адамға хабарлама алған күннен бастап бір тәулік ішінде жеке басты куәландыратын құжаттарды, дактилоскопиялық картаны және Адам-АІК босатылатын адам таңдаған тұру орны бойынша қалалық, аудандық ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметтеріне (бұдан әрі – ҚАІІб(Б) ЖПҚ) оларды жолдайды.
5. ҚАІІб(Б) ЖПҚ бөлімдер (бөлімшелер, топтар):
1) босатылған адамның хабарламада көрсетілген мекенжайы бойынша жоспарланған мерзімде келуін тексереді;
2) босатылған адам хабарламада көрсетілген мекенжайға келген кезде Адам-АІК профилактикалық немесе тізімдік есепке алу санаты бойынша Біріктірілген деректер базасына (бұдан әрі – БДБ) енгізу үшін ақпараттық-аналитикалық бөліністерге (бұдан әрі – ААб) жолдайды;
3) криминалдық полиция бөліністеріне қадағалаудағыларға және ШТМББ қатысты әкімшілік қадағалау белгіленгені және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаны туралы қаулылардың көшірмелерін жолдайды. Криминалдық полиция бөліністері әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарға жедел есепке алудың тиісті ісін жүргізеді.
6. Жедел-криминалистикалық бөліністер профилактикалық есепке алынуға жататын адамдарды суретке, бейне, аудио (дауыс), одорогиялық (иіс) және биологиялық есептерге қоюды жүргізеді.
7. Босатылған адам босатылған сәттен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін оның орналасқан орнын анықтамаған жағдайда ҚАІІб(Б) ЖПҚ ҚАІІб(Б) ААО-ға оны «таңдаған тұратын орнына келмеген адам» ретінде тиісті санат бойынша АДБ «Есептегі элемент» есебіне қою үшін баянат жолдайды.
Кейіннен, қадағалаудағыларға қатысты жиналған материал сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеледі, оның шеңберінде ол іздестіруге жарияланады және оның орналасқан орнын анықтау бойынша іс-шаралар кешені (туысқандарынан, көршілерден сұрақ-жауап алу, медициналық мекемелерге, мәйітханаға, әлеуметтік ұйымдарға және т.б. сұрау салады), ол ШТМББ қатысты сотқа оны іздестіруге жариялау және бұлтартпау шарасын таңдау туралы ұсынымхат жолданады.
8. Таңдаған тұрғылықты жеріне келмеген адам туралы ақпарат оның жүрген жерлері анықталған сәтке дейін «Есептегі элемент» БДБ есебінен алынбайды, ал анықталғаннан кейін профилактикалық немесе тізімдік есептің тиісті санатына ауыстырылады және соттылығы өтелгенге дейін есепте тұрады.
Егер адамның жүрген жері анықталмаған жағдайда электрондық құжат «таңдаған тұрғылықты жеріне келмеген адам» тиісті санаты бойынша «Есептегі элемент» БДБ есебінде соттылығы өтелегенге дейін тұрады.
9. Ішкі істер министрлігі Ақпараттық-аналитикалық орталығы (бұдан әрі – ІІМ ААО) бөлінісі «Бастамашыл сұрау салулар» БДБ кіші жүйесінде анықталған сәйкестіктерді өңдеуді күнделікті жүзеге асырады.
10. «Есептегі элемент» БДБ есебіне қою, түзетулер енгізу кезінде «Бастамашыл сұрау салулар» БДБ жүйесіндегі «таңдаған тұрғылықты жеріне келмеген адам» санаты бойынша есепте тұрғандар адамдарға «Бастамашыл сұрау салулар» БДБ-ның кіші жүйесімен «ТЖ-билеттері», «Әкімшілік құқық бұзушылықтар», «Паспорт», «Тіркелген автокөлік», «Жүргізуші куәлігі» және «Техникалық байқау» есептерімен сәйкестіктер анықталады.
Көрсетілген есептермен анықталған сәйкестіктер бойынша «Ақпарат көзін хабарландыру» шешімі қабылданған жағдайда ІІМ ААО бір тәулік ішінде бастамашыға, сондай-ақ сәйкестік анықталған орны бойынша ІІД-ге келмеген адамды есепке қою бойынша шаралар қабылдау немесе тиісті материалдарды бастамашыға жолдау үшін хабарлама жолдайды.
«ТЖ-билеттері» есебімен сәйкес келген жағдайда ІІМ ААО біруақытта Көліктегі Ішкі істер департаментіне (бұдан әрі – Көліктегі ІІД) хабарлама жолдайды.
11. Көліктегі ІІД хабарлама алған сәттен бастап кідіріссіз (телефон, көшірмелік, электрондық немесе өзге де байланыспен) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін таңдаған тұрғылықты жеріне келмеген профилактикаланатын адамның кету-келу (еріп жүру жолдары) теміржол станциясында қызмет ететін бағынысты желілік бөліністеріне (патрульдік полиция жасақшалары бар станцияларда және поездарда) полициясына одан жазбаша жауап алу, нақты тұрғылықты жерін анықтау үшін тапсырма жолдайды. Жауап алу нәтижесі бойынша желілік полиция бөлімдері 3 тәулік ішінде ҚАІІб(Б) ЖПҚ есепке қойған бастамашысын материалдарды қоса бере отырып, хабардар етеді.
12. «65-Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған», «59-«А» тармағы бойынша әкімшілік қадағалау орнатылған», «60-«Б» тармағы бойынша әкімшілік қадағалау орнатылған» және «61-«В» тармағы бойынша әкімшілік қадағалау орнатылған» санаттары бойынша есепте тұрған адамдарға БДБ «Есептегі элемент» есебіне ақпарат не өзгерістер енгізу кезінде «Бастамашыл сұрау салулар» БДБ-ның кіші жүйесімен «ТЖ-билеттері» және «Әкімшілік құқық бұзушылықтар» есептерімен сәйкестіктер анықталады.
«Ақпарат көзін хабарландыру» шешімі қабылданған жағдайда ІІМ ААО тәулік ішінде облыстардың ІІД ЖПҚ-ге хабарлама жолдайды, олар хабарламаны алған сәттен бастап үш тәулік ішінде (көшірмелік немесе электрондық байланыспен) ҚАІІб(Б) ЖПҚ-нің аумақтық бөліністеріне хабарлайды.
13. ҚАІІб(Б) ЖПҚ аумақтық бөліністері алынған құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан әрі шаралар қабылдау үшін іске (әкімшілік қадағалау туралы немесе қадағалау ісіне) тігеді.
14. Басқа ҚАІІб(Б) қызмет көрсететін аумағында таңдаған тұрғылықты жері бойынша келмеген адамның орналасқан орнын анықтаған кезде ҚАІІб(Б) ЖПҚ бастамашыға тиісті хабарлама жолдайды.
15. Осындай адамдарды анықтаған ҚАІІб(Б) ЖПҚ сұрақ-жауап алуды жүргізеді және оның осы өңірде болу себебін анықтайды. Ол тұрақты тұрған кезде тиісті есепке қояды және таңдаған тұрғылықты жеріне келмеген адам ретінде есепте тұрған аумақтың ҚАІІб(Б) ЖПҚ-ге хабарлама жолдайды.
Таңдаған тұрғылықты орнына келмеген адамның басқа өңірде тұруы туралы растау алған кезде ҚАІІб(Б) ЖПҚ жаңа тұрғылықты жері бойынша дактилоскопиялық картаны жолдайды және жаңа тұру мекенжайын көрсете отырып, «Қазақстан Республикасында тұрғылықты жерін өзгерту» алу себебін көрсете отырып, ҚАІІб(Б) БДБ есебінен алады.
16. ҚАІІб(Б) ЖПҚ бас бостандығынан айыру орындарынан адам босатылған сәттен бастап бір ай мерзімде:
1) адамның келуі және оны профилактикалық не тізімдік есепке қою туралы;
2) босатылған адамның хабарламада көрсетілген мекенжайға, сондай-ақ оның жүрген жерінің анықталмағаны туралы материалдарды ұсынған ҚАЖ мекемесіне хабарлайды.
17. ІІД ЖПҚ Қазақстан Республикасы ІІМ ААО-ның анықтаған бастамашыл сәйкестіктері бойынша алынған хабарламалар туралы мәліметті ай сайын жинақтайды және олар туралы сандық мәліметтерді осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырмасы күніне дейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетіне (бұдан әрі – ӘПК) жолдайды.
18. ІІД ЖПҚ ІІД ААО-мен бірлесіп, бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдар туралы мәліметті тоқсан сайын жинақтайды және олар туралы сандық мәліметтерді осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырмасы күніне дейін ӘПК-ге жолдайды.
19. ҚАЖ мекемелері ай сайын облыстар, Астана қаласы, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменттеріне (бұдан әрі –ҚАЖД) олар барған облыстар және республикалық маңызы бар қалалар бойынша:
1) 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдардың саны туралы;
2) осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар туралы мәліметтерді ай сайын ұсынады. Осы Қағидаға 6-қосымшажа 1-ден 10-ға дейін бағандарды ҚАЖК қызметкерлері толтырады, ал 11-ден 13-ке дейін бағандарды ІІД ЖПҚ толтырады.
20. ҚАЖД осы Қағиданың 19-тармағында көрсетілген мәліметті және тізімдерді есепті кезеңінен кейінгі айдың бесіне дейін дейін ай сайын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (бұдан әрі – ҚАЖК) ұсынады.
21. ҚАЖК ай сайын есеп беру кезеңінен кейінгі айдың онына ІІД ЖПҚ, ӘПК-ге және ІІМ ААО-ға өткен айда ҚАЖ мекемелерінен босатылған адамдарды осы Қағиданың 19-тармағында көрсетілген тізімдерді жолдайды.
22. ІІД ААО және ЖПҚ, сондай-ақ ААб және ҚАІІб(Б) ЖПҚ есеп беру кезеңінен кейінгі он бесінші күнге дейін «Есептегі элемент» есебіне қойылмаған адамдарды анықтау үшін осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҚАЖ мекемелерінен өткен айда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар бойынша салыстыра тексеруді жүргізеді.
23. Осындай адамдарды анықтаған кезде олардың тұрғылықты жері бойынша және тиісті есепке қою бойынша шаралар қабылданады.
24. ІІД ЖПҚ есеп беру кезеңінен кейінгі айдың жиырмасына дейін ай сайын ҚАЖК-ге және ӘПК-ге осы Қағидаға 6-қосымшасында көрсетілген ҚАЖ мекемелерінен өткен айда БДБ-ге есепке қойылған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың мәліметін жолдайды.
25. ӘПК тоқсан сайын ҚАЖК-мен және ААО-мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және тұрғылықты жеріне келген адамдардың саны туралы салыстыра тексеру жүргізеді.
26. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған және оларға қатысты әкімшілік қадағалау орнатылған адамдардың Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерге заңсыз шығу фактілерін жою мақсатында оларға белгіленген шектеулерді сақтауын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізіледі.
ІІД-нің ЖПҚ «Бүркіт» базасына мемлекет алдында берешегі жоқ шетелдік азаматтарды қоспағанда, соттын қаулысын алған күннен бастап бір айдан кешіктірмей, әкімшілік қадағалау орнатылған және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарды енгізеді.
27. ҚАЖД тоқсан сайын аумақтылығы бойынша ІІД Көші-қон полициясы басқармасына (бұдан әрі – ІІД КҚПБ) осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жатқан шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдардың тізімін жолдайды.
Шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар босаған кезде ҚАЖД мерзімі аяқталуына байланысты босатылғанға дейін алты ай бұрын, ал оны шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш берген кезде – сотталғанның өтінішхат берген сәтінен бастап үш тәулік ішінде ІІД КҚПБ-ны ақпараттандырады.
Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның босатылу мерзіміне дейін алты ай бұрын жарамды жол жүру құжаты болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы ҚАЖД ол азаматы болып табылатын елге жөнелту үшін ұлттық паспортты немесе кері қайтаруға куәлікті ресімдеу қажеттілігі туралы сотталғанның өтінішін жолдайды.
28. ІІД КҚПБ қажеттілік болған жағдайда шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамдарды құжаттандыру бойынша мынадай шараларды қабылдайды:
1) сотталғанға дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жарамды шетелдіктің тұруға ықтиярхаты не азаматтығы жоқ адамның куәлігі болмаған жағдайда, егер осы құқық жойылмаса не Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жойылуға жатпаса, тиісті құжаттар ресімделеді;
2) 10 жұмыс күн бұрын Қазақстан Республикасынан шығуға виза және/немесе көші-қон карточкасын ресімдейді, бұл ретте шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуы үшін қажетті мерзімді көрсетеді.
29. ІІД КҚПБ:
1) «Шетелдіктің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамдардың елімізде болу тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша шаралар қабылдайды;
2) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның босатылуына дейін 1 ай бұрын үкімінде Қазақстан Республикасының тыс жеріне шығару түрінде қосымша жаза түрі болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексіне (бұдан әрі – АПК) сәйкес Қазақстан Республикасының тыс жеріне шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды шығару туралы мәселені шешу үшін сотқа өтініш береді.
Сот шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының тыс жеріне шығарудан бас тартқан жағдайда ІІД КҚПБ көрсетілген адамдарды тиісті есепке қою үшін ҚАІІб(Б) ЖПҚ-ға хабарлайды.
30. ҚАЖД бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босаған адамдарды олар таңдаған тұрғылықты жеріне немесе жұмысқа тегін жол жүрумен, сондай-ақ азық-түлікпен не Қазақстан Республикасынан тыс жерге жол жүруі үшін ақшамен қамтамасыз етеді.
31. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған күні мекемелердің қызметкерлері Қазақстан Республикасының тыс жеріне шығару туралы соттың шешімін орындау үшін оны ІІД КҚПБ қызметкерлеріне тапсырады.
32. ҚАЖД және ҚАІІб(Б) ЖПҚ шартты түрде, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалау шараларына сотталған, сондай-ақ өтелмеген жазаның бір бөлігін едәуір жеңіл түріне ауыстыра отырып, шартты түрде мерзімінен бұрын мекемелерден босатылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қалған пробациялық мерзім өткенге дейін бір ай бұрын ІІД КҚПБ АПК нормаларына сәйкес шығаруға материалдарды дайындау үшін хабарлайды.
33. ІІД КҚПБ шартты түрде, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалау шараларына сотталған, сондай-ақ өтелмеген жазаның бір бөлігін едәуір жеңіл түріне ауыстыра отырып, шартты түрде мерзімінен бұрын мекемелерден босатылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы ақпаратты ала отырып, осы Қағиданың 29-тармағында көзделген шараларды қабылдайды және пробациялық бақылау мерзімі өткен күні Қазақстан Республикасының тыс жеріне шығару туралы соттың шешімін орындайды.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды
есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдары бөліністерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
ЕСКЕРТУ ПАРАҒЫ
Мен, ____________________________________________________________________
(Т.А.Ә, (бар болған жағдайда, қолы) толығымен, туған күні)
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 431-бабының талаптарымен таныстым және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға сот белгілеген әкімшілік қадағалау қағидаларын бұзу, сол сияқты әкімшілік қадағалаудан жалтару мақсатында қадағалаудағы адамның тұрғылықты жерінен өз бетімен кетіп қалуы немесе бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін қадағалаудағы адамның таңдап алған тұрғылықты жеріне демалыс және мереке күндерін есептемегенде бес тәулік ішінде бармағаны үшін қылмыстық жауап туралы ескертілдім.
20___ жылғы «____»____________ № ______ ҚАЖ мекемесінен» босатылғаннан кейін тұрақты тұру орынға_________________________________________________________
________________________________________________________________________________мекенжай бойынша Заңмен белгіленген мерзімде барып аумақтық ІІО-ге есепке тұруға міндеттенемін.
20____ жылғы «_____»___________________________________________________________
(қадағалаудағы адамның Т.А.Ә (бар болған жағдайда, қолы)
Таныстырдым___________________________________________________________________
(лауазымы, атағы, Т.А.Ә (бар болған жағдайда, қолы)
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды
есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдары бөліністерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
ЕСКЕРТУ ПАРАҒЫ
Мен, ________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) толығымен, туған күні)
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабының 1-тармағының 7-бөлігінің талаптарымен таныстым және екі және одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасап, олар үшiн оған әкiмшiлiк жаза қолданылса немесе шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуды қолдану кезiнде өзiне жүктелген мiндеттердi орындаудан дәлелсіз себеппен екі реттен артық жалтарса не бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін таңдалған тұрғылықты жері бойынша тіркелу үшін бес жұмыс күні ішінде дәлелсіз себеппен келмесе, сот уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы бойынша шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың күшiн жою және жазаның қалған өтелмеген бөлiгiн орындау туралы қаулы шығара алады
20___ жылғы «_____»__________ №_______ ҚАЖ мекемесінен босатылғаннан кейін көрсетілген тұрақты тұру орынға___________________________________________________
____________________________________________________________________
мекенжай бойынша Заңмен белгіленген мерзімде барып аумақтық ІІО-ге есепке тұруға міндеттенемін.
20___ жылғы «____»_____________________________________________________________
(қадағалаудағы адамның Т.А.Ә (бар болған жағдайда), қолы)
Таныстырдым__________________________________________________________________
(лауазымы, атағы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
20___ жылғы «____» _____________
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды
есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдары бөліністерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы ІІМ ААО-ның анықтаған бастамашыл сәйкестіктері бойынша алынған хабарламалар туралы мәлімет
Өңір (облыс)
|
Барлығы
|
Таңдаған тұрғылықты жеріне келмеген адамдарға
|
ІІО есебінде тұрған адамдарға
|
Шорты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар
|
Әкімшілік қадағалау
«а» т.
|
Әкімшілік қадағалау «б» т.
|
Формальді түрде әкімшілік қадағалау жататындар
|
Басқа санат тар
|
Шорты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар
|
Әкімшілік қадағалау
«а» т.
|
Әкімшілік қадағалау «б» т.
|
Әкімшілік қадағалау «в» т.
|
ІІМ ААО -дан «Бастамашыл сұрау салулар» АДБ сәйкестіктер бойынша аумақтық ІІД-ге келіп түскен хабарламалар саны
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
оның ішінде
|
«ТЖ-билеттер»
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар»
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Паспорт»
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Тіркелген автокөлік»
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Жүргізуші куәлігі»
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Техникалық қарау»
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Әкімшілік қадағалаудың бұзушылықтары анықталды
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
о.і.
|
Қазақстан Республикасы ҚК-нің 431-бабы бойынша СДТБТ-ге материалдардың тіркелгені
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ШТМББ шектеу белгіленген бұзушылықтардың анықталғаны
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
о.і.
|
ШТМББ алынып тасталды
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Олар бойынша түзету енгізу және есепке алу туралы қабылданған шешім
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Есептен шығарылды
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
оның ішінде
|
тұрғылықты жерінің өзгеруіне байланысты
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
қылмыстық жауапкершілікке тартылуына байланысты
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ШТМББ қаулысының жойылуына байланысты
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды
есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдары бөліністерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдар туралы
МӘЛІМЕТ
1
|
Мекемелерден босаған адамға барлық Адам-АІК түсті
|
|
1.1
|
оның ішінде
|
шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар (ШТМББ)
|
|
1.2
|
оларға қатысты әкімшілік қадағалау орнатылғандар (ӘҚ)
|
|
1.3
|
оның ішінде
|
«а» тармағы бойынша
|
|
1.4
|
«б» тармағы бойынша
|
|
1.5
|
«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әкімшілік қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының әрекетіне түсетін соттылықтың белгілері бойынша «Ф/Т»
|
|
1.6
|
Кәмелетке толмағандар, барлығы
|
|
1.7
|
оның ішінде
|
ШТМББ
|
|
1.8
|
өзге санаттағылар
|
|
2.
|
ІІД қызмет көрсететін аумаққа келген адамдарға қойылған Адам-АІК саны
|
|
оның ішінде республиканың басқа өңірлерінен келетіндер
|
|
2.1
|
оның ішінде
|
шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар (ШТМББ)
|
|
2.2
|
оларға қатысты әкімшілік қадағалау орнатылғандар (ӘҚ)
|
|
2.3
|
оның ішінде
|
«а» т. бойынша
|
|
2.4
|
«б» т. бойынша
|
|
2.5
|
«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әкімшілік қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының әрекетіне түсетін соттылықтың белгілері бойынша «Ф/Т»
|
|
2.6
|
Кәмелетке толмағандар, барлығы ШТМББ
|
|
2.7
|
оның ішінде
|
ШТМББ
|
|
2.8
|
өзге санаттағылар
|
|
3.
|
ІІД қызмет көрсететін аумаққа келген адамдарға қойылған Адам-АІК саны
|
|
3.1
|
оның ішінде
|
шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар (ШТМББ)
|
|
3.2
|
оларға қатысты әкімшілік қадағалау орнатылғандар (ӘҚ)
|
|
3.3
|
с.і
|
«а» т. бойынша
|
|
3.4
|
«б» т. бойынша
|
|
3.5
|
«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әкімшілік қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының әрекетіне түсетін соттылықтың белгілері бойынша «Ф/Т»
|
|
3.6
|
Кәмелетке толмағандар, барлығы
|
|
3.7
|
оның ішінде
|
ШТМББ
|
|
3.8
|
өзге санаттағылар
|
|
4.
|
Мекемелерден босатылғанан кейін таңдап алған тұрғылықты жеріне келмегендер арасынан анықталған адамдар саны.
|
|
оның ішінде республиканың басқа өңірлерінде
|
|
4.1
|
оның ішінде
|
шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар (ШТМББ)
|
|
4.2
|
оларға қатысты әкімшілік қадағалау орнатылғандар (ӘҚ)
|
|
4.3
|
оның ішінде
|
«а» т.бойынша
|
|
4.4
|
«б» т. бойынша
|
|
4.5
|
«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әкімшілік қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының әрекетіне түсетін соттылықтың белгілері бойынша «Ф/Т»
|
|
4.6
|
кәмелетке толмағандар, барлығы
|
|
4.7
|
с.і
|
ШТМББ
|
|
4.8
|
өзге санаттағылар
|
|
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды
есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдары бөліністерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдардың саны туралы
МӘЛІМЕТ
|
Бас бостандығына айыру орындарынан босағандардың барған республика өңірлері
|
Астана қ.
|
Ақмола
|
Ақтөбе
|
Алматы қаласы
|
Алматы облысы
|
Атырау
|
Шығыс Қазақстан
|
Жамбыл
|
Батыс Қазақстан
|
Қарағанды
|
Қостанай
|
Қызылорда
|
Маңгыстау
|
Павлодар
|
Солтүстік Қазақстан
|
Оңтүстік Қазақстан
|
БАРЛЫҒЫ
|
|
Бас бостандығынан айыру орындарына босағандар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
о. і.
|
шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар (ШТМББ)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Оларға қатысты әкімшілік қадағалау орнатылғандар (ӘҚ)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
о.і.
|
«а» т. бойынша
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«б» т. бойынша
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әкімшілік қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының әрекетіне түсетін соттылықтың белгілері бойынша «Ф/Т»
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кәмелетке толмағандар барлығы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ШТМББ
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
нашақорлар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
өзге санаттағылар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығып кеткендер
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды
есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдары бөліністерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидаларына
6-қосымша
Нысан
20____ жылғы _______________ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар туралы
МӘЛІМЕТ
р/с
№
|
Босатылған адамның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), туған күні
|
Қазақстан Республикасы ҚК бабы, жаза мерзімі, мерзімнің басталуы, мерзімнің аяқталуы
|
Босатылған күні
|
Босату негізі
|
Әкімшілік қадағалау қою туралы мәлімет (қою күні, мерзімі және «А» немесе «Б» тармағы
|
Тұтқындалғанға дейінгі тұрғылықты жері (мекенжайы болмаған жағдайда - ұсталған орны)
|
Босатылған кейін таңдап алған мекенжайы
|
Адам босатылған мекеменің атауы
|
ІІО-ға хабарламаның күні мен шығыс №
|
«Есептегі элемент» БДБ есебіне қойылған адамның есеп санаты
|
БДБ есепке қойылған күні
|
Адамды БДБ есебіне қойған орган
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды
есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдары бөліністерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидаларына
7-қосымша
Нысан
20___ жылғы «___» __________ ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың
ТІЗІМІ
р/с
№
|
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
|
Азаматтығы
|
Жеке куәлігінің немесе ұлттық паспортының (азаматтығы жоқ адамның куәлігі)
|
Жеке куәілігінің, ұлттық паспортының (азаматтығы жоқ адамның куәлігі) жарамдылық мерзімі
|
Тұруға ықтиярхаттың № (егер болса)
|
Үкім бойынша босату мерзімі
|
Шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың мүмкін мерзімі
|
Талап-арыздың болуы (талап сомасы)
|
ескертпе
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
_____________ облысының ҚАЖД
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
_____________ облысының ҚАЖД
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |