ҚР әкімшілік құқығы Санасыров Н. Т. 2016 ж


Көлік пен коммуникацияны басқарудың аумақтық аспектілері



жүктеу 0,76 Mb.
бет30/30
Дата04.01.2022
өлшемі0,76 Mb.
#31518
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Лекции АДМ ПРАВО КАЗ

Көлік пен коммуникацияны басқарудың аумақтық аспектілері

Жергілікті мемл-тік басқарудағы ұйымдардың жұмысы болып аудан, облыстардын сұраныстарын көлік пен байланыс мәселелері бойынша қамтамасыз ету, сонымен бірге орталық атқарушы органдармен қарым-қатынас орнату. Осы мәселелер жергілікті мемл-тік басқару органдарымен әкімш. өкілеттілік арқылы іске асырылады, ол ҚР заң актілерімен, Президент Жарлықтары, Үкімет қаулыларымен бекітілген. Жергілікті атқарушы органдар (акиматтар, облыстардың, аудандардьщ, қалалардың) келесі әкімшілік уәкілеттіліктерді орындайды:



темір жол көлік аясында:

  • көлік ж/е коммуникация мәселелері бойынша мәселелерді орталық атқарушы органмен келісіп жасау;

  • негізгі өндірістегі республикалық кәсіпорындар жұмысын қамтамасыз ету үшін коммуналды ұйымдарды құру;

  • жер учаскелерін беру;

  • темір жол көлігіндегі мемл-тік ж/е мемл-тік емес ұйымдардың жұмысындағы экологиялық бақылау;

  • поезд жолаушыларының жол жүру тарифін бекіту.

- темір жол станциялары территориясына подъездер жасау;

Су көлігі аясында:

  • көлік ж/е коммуникация мәселелері бойынша мәселелерді орталық атқарушы органмен келісіп жасау, респ-калық мемл-тік кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру ж/е оның басшыларын тағайындау;

  • жер учаскелерін беру;

- ҚР-ң су ресурстарын бақылау органымен келісе отырып пайдалануға су қоймаларын беру;

- белгілі бір орталық артқарушы органмен келісе отырып, судың жағдайына әсер ететін, ұйымдарды, объектілерді жасау ж/е су қоймаларында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының шарттарын қарастыру;



  • су транспортындағы жұмыс істеп жатқан ұлтгық ж/е шет елдің заңды ж/е жекетұлғалардың жұмысына экологиялық бақылау;

  • су транспортындағы қызметке тарифтердің орнықтырылуы;

  • мемл-тік емес ұйымдардың азаматтарға қызмет көрсетуіне баулу.

Әуе көлігі аясында:

- көлік ж/е коммуникация мәселелері бойынша орталық органмен келісіп қызмет жасау; республикалық мемл-тік кәсіпорын әуе көлігіне байланысты басшыларды қызметке тағайындайды.

- әуе жағдайына байланысты республикалық комиссия құруга әсер ету;

- жергілікті; республикалық ж/е халықаралық әуе тасымалдауда қызмет көрсету үшін коммуналды ұйымдарды құру; жер ресурстарын беру;



  • азаматтық авиация ұйымының жұмысына экологиялық бақылау орнату;

  • аэропорт пен аәровокзалдар акционерлер кеңесіне бақылау жасау.

Автомобиль көлігі аясында:

- көлік ж/е коммуникация мәселелері б-ша орталық атқарушы органмен келісіп респ-калық мемл-тік кәсіпорын автомобиль көлігіне байланысты басшыларын қызметке тағайындау.



  • автомобиль тасымалдау, жөндеу басшыларын қызметке тағайындау, коммуналды ұйымдарды құру;

  • жер учаскелерін беру;

- электронды көлік коммуналды ұйымын құру ж/е басшыларын қызметке тағайындау;

- автомобиль көлігінің коммуналды ұйымдарының жекешелендіруін жүргізу;

- автомобиль көлігі жұмысының экологиялық бақылауы;

- автомобильді, элоктрондық транспорттық даму бағдарламаларын бекіту;



  • халықгың көліктік қызметіне мемл-тік ж/е мемл-тік емес ұйымдарға тапсырыс алу;

  • жергілікті автомобильдердің маршруттарын бекіту;

  • тасымалдаушылар қызметіне бақылау ұйымдастыру;

- сенім басқарымына автомобильді ж/е электронды транспортты бақылауға алу;

- қала көлігінде жүру үшін азаматтарға тағайындалған тарифті бекіту (ақшалай түрде).



Жол шаруашылығы сферасында:

  • көлік ж/е коммуникация мәселелері бойынша орталық атқарушы органмен келісіп, республикалық мемл-тік кәсіпорын құру ж/е оның басшыларын қызметке тағайындау;

  • жергілікті маңызды автомобиль жолдарын қолданудағы, ремонтгағы, құрылыстагы коммуналды ұйымдарды құру;

  • жер учаскелерін беру;

  • жергілікті маңызды автомобиль жолдарын облыстық мәслихаттың бекітуіне беру;

  • автомобиль жолдарын қолдануда, жобалауда, құрылыс жүргізуде, жөндеуде тапсырыс беруші ретінде шығу;

  • автомобиль жолдарын күзетуді ұйымдастыру;

  • МАИ, Ішкі Істер Министрлігімен бірге жұмыс істеу;

  • жол қорларындағы облыстық қаржыны анықтау ж/е бекіту;

  • жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Электрондық ж/е пошта байланысы сферасында:

- көлік ж/е коммуникация мәселелері бойынша орталық атқарушы органмен келісіп, республикалық мемл-тік кәсіпорын құрып оның басшыларын қызметке тағайындау;



  • байланысқа байланысты коммуналды ұйымдарды құру ж/е басшыларын қызметке тағайындау;

  • жер учаскелерін беру;

  • пошта ж/е электронды байланыс қызметінде тапсырыс беруші ретінде шығу;

  • сонымен, басқа жергілікті атқарушы органдар көлік инспекциясын ж/е басқа да инспекцияларды құру үшін орталық атқарушы органмен келіседі.

Сыртқы істер аумағын басқару

Еліміздің халықаралық аренада алатын орны, оның беделі сыртқы саясатгы қалыптастыру ж/е оны жүзеге асырумен ете тығыз байланысты, сонымен қатар халықаралық ынтымақтастықта ж/е өзара бір-бірінің түсінуіне кеңінен жол ашады. ҚР-ң сыртқы саясаттағы бағыты - еліміздегі ішкі саясатының негізгі қағидаларымен тығыз байланысты, сонымен қатар саяси режим, демократиялық институттардың тигізетін ықпалы да зор. Демократиялық институттардың тиісінше көбірек қатысуы, қоғамымыздың тиімдірек дамуына оң әсер ететіні сөзсіз. БҰҰ жарғысына сәйкес барлық мемлекеттер бір-бірімен қарым-қатынас жасағанда халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларына сүйеніп, соларды басшылыққа алуы тиіс.

Конституцияға сәйкес Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттарын ҚР Президенті анықтайды.

Сыртқы істер аумағын басқаруда оның функцияларына мыналар жатады:



  • халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік етеді;

  • республиканың дипломатиялық өкілдіктер басшыларын қызметке тағайындау ж/е оларды қайтадан кері шақырып алу;

  • халықаралық шарттарга қол қою ж/е келіссөздер жүргізу;

  • ратификациялық грамоттарга қол қою;

- Президент жанындагы тіркелген шетел мемлекеттері дипломатиялық өкілдіктерінің сенім ж/е кері шақыру - грамоталарын қабылдау;

- Дипломатиялық рангтерді беру;

- Республикаға қарсы, еркінен тыс агрессия жағдайында адекваттык шефім қабылдау.

Сыртқы саясатты жүргізуде нақты шараларды жетілдіруді ҚР-ң Үкіметі жүзеге асырады. Сонымен қатар, Министрлер Кабинеті Үкіметаралық келісімдер жасасумен қатар, олардың орындалуына бақылау жасайды.

Сыртқы қатынастар аумағында мемл-тік басқаруды ж/е мемлекетеміздің сыртқы саясатын жүргізуді қаматамасыз етуші орталық атқарушы орган болып - ҚР-ң Сыртқы Істер Министрлігі танылады.

Сыртқы Істер Министрлігі өз кезегінде Конституцияны басшылыққа алады, ҚР-ң зандарына, басқа да нормативті құқ-тық актілерге, сонымеи қатар 1996 жылғы 9 қыркүйектегі Үкіметтің қаулысымен бекітілген «ҚР-ң Сыртқы Істер Министрлігі» туралы ережеге сүйенеді.

Сыртқы Істер Министрлігі жүйесіне ҚР-ң дипломатиялық өкілдіктері ж/е консульдық мекемелері кіреді. Халықаралық ұйымдардың жанындағы ҚР өкілдіктері, Сыртқы Істер Министрлігінің ҚР территориясындағы ведомстваға тәуелді ұйымдардың өкілдігі, сонымен қатар Жогарғы дипломатиялық мектеп ж/е басқа да оқу орындары кіреді.

Сыртқы Істер Министрлігінің ережеге сәйкес негізгі атқаратын міндеттері:



  • ҚР-ң Сыртқы саясаттағы бағытынжузеге асыру.

  • Қазақстанның сыртқы саясаттағы бағытын жүзеге асыру.

  • Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясы туралы ұсынысун Президентке талқылауға беру.

- Республика шекарасының бұзылмастығын ж/е герриториялық біртұтастығын, еліміздің егемендігін, қауіпсіздігін дипломатиялық тетіктер арқылы қамтамасыз ету.

- Шетелдердегі ҚР азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау.

- ҚР-ң шет мемлекеттермен дипломатиялық ж/е консульдық қатынастарын жүзеге асырады.

Осы аталған тапсырмаларды орындау мақсатында Сыртқы Істер Министрлігі мынаган құқылы:

- ҚР халықаралық шарттары жобаларының Конституцияға ж/е халықаралық-құқ-тық нормаларға сәйкестігіне бақылау жасауға;

- сыртқы саясат ж/е дипломатиялық қызметтегі мәселелерге қатысты заңды актілердің жобаларын Президентке қарауға ұсынуға;

-өз құзіреті шеңберінде нормативті актілер шығара алады. Сыртқы Істер Министрлігін Министр басқарады ж/е ол министрліктің алдына қойылған міндеттердің орындалуы туралы Президент пен Премьер-Министрдің алдында жауапты болады.

_________________________________________________________________________________




жүктеу 0,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау