Талқылау сұрақтары:
Әкімш. құқықтың реттеушілік қызметі деген не?
Әкімш. құқ-тық нормаларды атаңыз?
Әкімш. құқықбұзушылық дегенді қалай түсінесіз?
ҚР «Әкімш. құқықбұзушылық туралы» Кодексіне ішкі жіне сыртқы талдау жасаңыз.
ДӘРІС 2 ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР МЕН ҚАТЫНАСТАР
Әкімшілік - құқ-тық нормалар түсінігі, ұғымы.
Әкімшілік – құқ-тық нормалардың түрлері.
Әкімшілік – құқ-тық қатынастар түсінігі, мазмұны.
1. Басқа құқық салалары сияқты, әкімш. құқық та заңды нормалардан тұрады. Жалпы пән мен әдістерді біріктіру нәтижесінде әкімш.-құқ-тық нормалар институты құрылып, осы негізде толық бекітілген салааралық жүйе қалыптасады. «Әкімшілік норма» түсінігі негізінен мынадай мағынада қолданылады:
заңды ережелермен басқару.
жариялық мүдде негізінде бекітілген ережелер арқылы басқару.
ҚР Конституциясында көрсетілгендей «мемл-тік биліктің бірден-бір бастауы - халық, халық билікті тікелей республ-лық референдум ж/е еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемл-тік органдарға береді».
Әдебиетте «билік» түсінігінің мәні - құқық негізінде өз еркін басқа субъектілер арқылы орындату. Ертеде әкімш. құқ-тық нормалар жалпы міндеттеуші сипатта болып, билікгі белгілі бір орталықтан басқару керек деген пікірге келді, себебі мемлекет қызметі біртұтас организм (жүйе) деп саналды. Атқарушы биліктің институттарын құруда белгілі бір мақсатқа жету үшін әкімш. құқ-тық нормалар көмегімен модельді ситуациялар туындайды. Яғни:
субъектілердің құқықтары мен кепілдерін құқық көмегімен бекіту мен дамытуды талап ету;
цивильді нысандадаулы конфликтілерді шешу негізінде билік құрылымын күшейту (мысалы, соттық реформаны жүргізу барысында сот ролі мен ықпалын күшейту).
Әкімш.-құқ-тық нормалар дегеніміз - міндетті немесе кейде ерікті түрде мемл-тік басқару органдарымен қабылданған, (яғни, атқарушы ж/е заңды) атқарушы билік сферасында қоғамдық қатынастарды реттеуші ереже.
2. Әкімш.-құқ-тық нормалардың түрлері.
Әкімш. құқық нормаларының ең күрделі түсінігі, яғни мәні мен мазмұнын ашатын негізгі критериялар мыналар:
а) мазмұны;
б) субъектілердің мінез-құқына әсер ететін әдістер;
в) белгілі бір мақсатты тағайындау;
г) белгілі бір ортада қолданылуы;
д) заңды күші;
е) қолданылу шегі (белгілі бір аймаққа, уақытқа, субъектілер тобына қолданылуы).
Әкімш. құқық нормалары мазмұны бойынша:
материалдық (қаржылық) нормалар
процессуалды болып екіге бөлінеді.
Материалдық нормалар - азаматтардың әкімш.-құқ-тық мәртебесін, атқарушы билік органы мен ұйымдарды біріктіретін ережелер. Мысалы: атқарушы билік органдары субъектілерінің қоғамға, тұлғаларға көрсететін заңды түрдегі құзіреті (компетенциясы).
Процессуалды нормалар - мемлекетпен бекітіліп, санкцияланған материаддық нормаларды жүзеге асыру барысында ж/е мемл-тік басқару органдарының жаңа нормативтік актілерді шығарумен сипатталады.
Процессуалды нормалардың материалдық нормалардан айырмашылығы:
а) өзінің тағайындалуымен, яғни материалдық нормалар субъектілерінің әкімшілік- құқ-тық мәртебесін тағайындаса, ал процессуалдық нормалар олардың орындалуы мен міндеттелуін заңды түрде жүзеге асырады;
б) талап ету, яғни процессуалды нормалар, ең алдымен материалдық нормалардың орындалуын талап етеді;
в) іске асыру, яғни әкімш.-құқ-тық материалдық нормалардың қабыддануын, олардың жүзеге асырылуын талап ету арқылы іске асыру.
Процессуалды нормалар материалдық нормалар сияқты классификациялау дәрежесіне байланысты жіктеледі. Мысалы: заңды күшіне байланысты, белгілі бір ортага, яғни сфераға байланысты ж/е т.б. Субъектілердің мінез-құлқына әсер ететін әдістер:
міндеттеуші (обьязывающие);
тыйым салушы (запрещающие);
уәкілдік беруші (уполномочивающие) әкімш.-құқ-тық нормалар болып бөлінеді.
Уәкілдік беруші (уполномочивающие) нормалар - субъектілердің әкімш.-құқ-тық қарым-қатынасында өз шешімі бойынша қатынастарды жүзеге асыру, бірақ нормалардың сақталуын бұзбау керек. Мысалы: «ҚР банктері мен банк жүйесі» туралы заңның 46-бабында былай делінген: Егер ҚР Ұлттық банкі II дәрежедегі экономикалық нормаларды бұзған жағдайда мынадай шаралар қолданылады:
а) міндеттеуші хатты талап етеді;
б) банкпен жазбаша түрде келісім жасайды;
в) ескерту, сөгіс береді;
г) жазбаша түрде береді;
Қолданылу шегіне байланысты:
а) жалпы міндетті;
б) ішкі жүйелік.
жалпы міндетті нормалар әкімшілік- құқ-тық қатынасқа түсетін барлық субъектілерден талап етіледі.
ішкі жүйелік нормалар белгілі бір атқарушы биліктің талап етуіне байланысты қолданылуы.
Мекен-жайға байланысты (по адресату): белгілі бір ұйым іс атқарушы билік органдарының әкімш.-құқ-тық мәртебесін (статусын) белгілеу арқылы бөлу, яғни қоғамдық бірлестіктерге, мемл-тік бірлестіктерге ж/е азаматтарға байланысты қолданылуы.
Сонымен қорытындылай келе әкімш. құқ-тық нормалар - бұл конституцияда бекітілген белгілі бір қағидалар мен ережелердің жиынтығы.
Ал әкімш.-құқ-тық қатынастар - бұл әкімш.-құқ-тық нормалармен реттелген, мемл-тік басқару саласындағы қоғамдық қатынастар.
3. Әкімш.-құқ-тық қатынастардың мазмұны.
Әкімш.-құқ-тық қатынастар - әкімш.-құқ-тық нормалармен реттелген, мемл-тік басқару саласындағы қоғамдық қатынастар. Атқарушы билік органдары өз қызметі барысында түрлі субъектілермен өзара әрекет жасайды. Көп жағдайда олардың мүддесі бір-біріне сәйкес келмейді. Бұл сәйкессіздік азаматтар, ұйымдар, органдар тарапынан ортақ қатынастарды реттеуге, жүйелеуге ұмтылдырады. Осы тұрғыдан әкімш. құқықтың субъектілері заң алдында тең. Әкімш.-құқ-тық қатынастардың мақсаты тұрақты заңмен қарастырылған қатынастар жүйесін қамтамасыз ету ж/е қатынастар барысында субъектілердің әр түрлі мүделері мен қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Әкімш.-құқ-тық қатынастар субъектілердің өз құқықтары мен міндеттерін ерікті түрде орындауға бағытталған. Басқару органы өзінің биліктік өкілеттіліктеріне қарамастан өздерінің қызметтерінде мемлекет ж/е оның мүддесін көздейді. Әкімш.-құқ-тық қатынастар қатысушыларының, бірі құқ/бұзушылық жасаса, нормаларды бұзса, мемлекет алдында жауапқа тартылады. Ал бұл жағдайды әкімш. тәртіп реттейді. Әкімш.-құқ-тық қатынастар түрлі тараптардың өз құқықтары мен міндеттерін орындау барысында туындайды ж/е ол ережелермен процедураларға негізделген.
Әкімш.-құқ-тық қатынастардың құрылымы ж/е түрлері.
Әкімш.-құқ-тық қатынастардың өзіндік құрылымы бар, ол субъект (қатысушы) - құқ-тық қатынасқа қатысушы нормаға сай құқықтармен міндеттерге ие тұлға. Құқықтық қатынастардың бағытталған мақсаты оның мазмұнын құрайды, сол бағытталған мақсатқа жету барысында құқ-тық қатынастар туындайды. Материалдық мазмұны - бұл тұлғаның нақты әрекеті, мұны орындау барысында тараптардың құқықтары мен міндеттері жүзеге асады. Заңдық мазмұны - бұл субъективтік құқықтар мен міндеттер болып табылады. Әкімш.-құқ-тық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі, жойылуы заңдық қатынастарға негізделген. Заңды фактілер - тараптар арасында нақты құқ-тық қатынас тудыратын нормамен бекітілген жағдай. Әрекет - субъектінің өз еркін білдіру актісі, ол өз кезегінде заңды ж/е заңсыз болып екіге бөлінеді. Оқиғаның әрекетке қарағанда ерекшелігі - ол субъектінің еркіне бағынбайды (адамның дүниеге келуі, қайтыс болуы ж/е т.б.). Әкімшілік- құқ-тық қатынастар заңдық сипаты бойынша тік (вертикальный) ж/е көлбеу (гаризонтальный) болып бөлінеді. Тік әкімш. құқ-тық қатынастар әкімш. құқ-тық реттеудің ж/е мемлекетті басқару қызметіне тән субъектілер мен объектілер арасындағы бағыныштылық байланыстың мәнін білдіреді. Көлбеу құқ-тық қатынастардың көбінесе тіке қатынастарға алғы шарт болатыны тәжірибеден белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: |