Кардиология
$$$001
Стенокардияның кәдімгі вариантына қандай диагностикалық критерийлер
тән?
А) Физикалық күштемеден кейінгі төс артының ауыруы және ЭКГ – да
өзгеріссіз
В) Төс артының ауыруы және ЭКГ-да ST сегментінің 1 мм-ге және одан көп
депрессиясы
С) Төс артының ауыруы және физикалық күштемеден кейін
экстрасистолияның дамуы
Д) Төс артының ауыруы және ЭКГ-да ST сегментінің 1 мм-ге және одан аз
көтерілуі
Е) Төс артының ауыруы және ЭКГ-да патологиялық Q тісшесі
{Дұрыс жауап}=В
{Қиындығы}=1
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних
органов.А.Н.Окороков. том 6, 2010г.
$$$002
Қарынша аралық перденің толық бітіспеуі, өкпе артериясының тарылуы,
жалпы аорта және оң қарыншаның гипертрофиясы қандай ақауға тән?
А) Эйзенменгер синдромына
В) Эбштейн аномалиясына
С) Лютембаше синдромына
Д) Фалло тетрадасына
Е) Артериальдық бағанасының бітіспеуіне
{Дұрыс жауап}=Д
{Қиындығы}=1
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних
органов.А.Н.Окороков. том 10, 2010г.
$$$003
Жедел миокард инфарктында фибринолитикалық емiнiң тиiмдi мезгiлi?
А) 3-4 сағатқа дейiн
В) 12 сағ.дейiн
С) 24 сағ дейiн
Д) 48 сағ.дейiн
Е) 72 сағ дейін
{Дұрыс жауап}=А
{Қиындығы}=1
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних
органов.А.Н.Окороков. том 6, 2010г.
$$$004
Метаболитикалық синдром критерилеріне қайсысы жатпайды?
А) Семіздік
В) Артериялық гипотензия
С) Гиперлипидемия
Д) Қант диабеті
Е) Инсулинге резистенттілік
{Дұрыс жауап}=В
{Қиындығы}=1
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутренних
органов.А.Н.Окороков. том 2, 2010г.
$$$005
Толық АВ-бөгемесі және жыбыр аритмиясы қандай синдром деп аталады?
А) Морганьи-Эдемс-Стокс синдромы
В) Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы
С) Фридерик синдромы
Д) Дресслер синдромы
Е) Синус түйінінің әлсіздік синдромы
{Дұрыс жауап}=С
{Қиындығы}=1
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних
органов.А.Н.Окороков. том 10, 2010г
$$$006
Жедел миокард инфарктінің ең ерте электрокардиграфиялық белгісіне не
жатады?
А) Т тісшесінің инверсиясы
В) R тісше амплитудасының төмендеуі
С) ST сегментінің жоғарылауы
Д) Жүрек ырғағының бұзылысы
Е) Q тісшесінің пайда болуы
{Дұрыс жауап}=С
{Қиындығы}=1
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних
органов.А.Н.Окороков. том 6, 2010г
$$$007
48 жастағы ер адам, төс артындағы интенсивті ауыру сезіміне шағымданады. Бір күн бұрын жүрек аймағында басып ауыратын ауыру сезімі мазалап, өздігінен басылған. Қарап тексергенде: науқас бозғылт, қозған. Жүрек тондары тұйықталған, ЖЖЖ 96 рет минутына, АҚ 100/70 мм сын. бағ. ЭКГ-да: V1-V4 тіркемелерде QS және ST изосызықтан 4мм жоғарылаған.
Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы ықтимал?
А) Q тісшесімен миокард инфаркті, жедел кезеңі
В) Үдемелі стенокардия
С) Q тісшесімен миокард инфаркті, аса жедел кезеңі
Д) Q тісшесімен миокард инфаркті, жеделдеу кезеңі
Е) Алдыңғы перделік және жүрек ұшындағы тыртықтық өзгерістер
{Дұрыс жауап}=А
{Қиындығы}=2
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних
органов.А.Н.Окороков. том 6, 2010г
$$$008
34 жастағы әйел. Жүрек тұсындағы аурсынуға, ентігуге шағымданады.
Объективті: еріндері цианоздалған, мойын тамырларының пулсациясы
анықталады. Жүректің шекаралары солға 3,5 см ұлғайған. Жүректің
ұшында І тонның әлсіреуі, өкпе артериясында ІІ тонның акценті . І нүктеде
қолтық астына таралатын айқын систолалық шу. Жүрек жиырылу жиілігі
минутына 112 рет. АҚ 140 /80 мм сн.бағ.
Науқаста қандай патология болуы мүмкін?
А) Қарынша аралық перденің ақауы
В) Сол атриовентрикулярлы тесіктің стенозы
С) Үш жармалы клапанның жетіспеушілігі
Д) Қосжармалы клапанның жетіспеушілігі
Е) Митральді қақпақшаның пролапсы
{Дұрыс жауап}=Д
{Қиындығы}=2
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних
органов.А.Н.Окороков. том 9, 2010г
$$$009
48 жасар әйел стационарға түсті. Анамнезінен: соңғы 1,5 ай ішінде дене
қызуының периодты түрде 38-390С дейін көтерілуі, қалтырау, әлсіздік
аздаған физикалық күш түсу кезіндегі ентігу: өз бетінше аспирин
оксациллин қабылдаған. Қарағанда: дене қызуы-38,50С, тері жабындары
бозғылт, беті мен алақандарында бірен-саран петехиальды
экзантемалар, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары ырғақты,
тахикардия, төстің сол жақ қырында ІІІ-ІV қабырғааралықтарда
диастолалық шу, артериялық қысым 150/30 мм.с.б., орташа
гепатоспеномегалия. Қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ-ның аса
жоғарылауы, альфа2 және гамма- глобулиндердің, с- реактивті белоктың,
сиал қышқылдарының жоғарылауы. Несеп анализінде- патологиясыз.
Қандай ауруға күдіктенуге болады?
А) Жедел ревматикалық қызба және қос жармалы стеноз
В) Инфекциялық эндокардит және аорта жетіспеушілігі
С) Жедел ревматикалық қызба және аорта жетіспеушілігі
Д) Геморрагиялық васкулит және аорта жетіспеушілігі
Е) Ревматикалық емес миокардит және аорта жетіспеушілігі
{Дұрыс жауап}=В
{Қиындығы}=2
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних
органов.А.Н.Окороков. том 8, 2010г
$$$010
17 жастағы жасөспірім военкоматтан тексерілуге жіберілген. Шағымдары
жоқ. Анамнезінде жиі баспамен ауырған. Объективті: жағдайы
қанағаттанарлық. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүректің салыстырмалы
тұйықтық шекаралары жоғары және солға аздап ұлғайған. Жүрек тондары
ырғақты, Ш тонның әлсіреуі және жүрек ұшында систолалық шу. Қан
анализінде өзгеріссіз. Электрокардиограммада синусты ырғақ, дұрыс, жүрек
жиырылу жиілігі минутына 72 рет, сол қарынша гипертрофиясының
белгілері.
Қандай патологияны болжауға болады?
А) Қосжармалы клапанның жетіспеушілігі
В) Жүрекше аралық перденің ақауы
С) Қарынша аралық перденің ақаулары
Д) Функциональды шу
Е) Қосжармалы клапанның пролапсы
{Дұрыс жауап}=А
{Қиындығы}=2
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних
органов.А.Н.Окороков. том 9, 2010г
$$$011
38 жастағы науқас кардиологиялық бөлімшеге артериялық қан қысымының
270/130 мм.с.б. дейін жиі кенеттен көтерілуіне, басының қатты ауыруына,
жүрек тұсындағы қысып ауырсынуына, жүректің жиі соғуына, дене
қызуының 380С дейін көтерілуіне шағымданып түсті. Объективті: өкпесінде
везикулярлы тыныс, жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, ұстама
кезіндегі артериялық қысым -260/120 мм.с.б. Қан анализінде: лейкоцитоз,
гипергликемия, адреналин және норадреналин деңгейінің жоғарылауы.
Электрокардиограммада- синусты тахикардия 110 рет мин, бірен-
суправентрикулярлы және қарыншалық экстра систолалар.
Қандай ауруды болжауға болады?
А) Аорта коарктациясы
В) Иценко-Кушинг ауруы
С) Феохромоцитома
Д) Эссенциальды артериялық гипертензия
Е) Конн синдромы
{Дұрыс жауап}=С
{Қиындығы}=2
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних
органов.А.Н.Окороков. том 7, 2010г
$$$012
57 жастағы науқас жүрек тұсындағы ауырсынуға, температурасының
жоғарылауына, сол жақ иығының ауырсынуына шағымданып стационарға
түсті. Анамнезінен: бір ай бұрын жедел трансмуральды миокард инфарктін
бастан кешкен. Міндетті түрде конкор, плавикс, тромбоасс, моноприлды
қабылдайды. Қараған кезде: дене қызуы 37,40С, өкпеде везикулярлы тыныс,
сырылдар жоқ; жүрек тондары ритмді, тұйықталған, жүректің абсолютты
тұйықталған аймағында перикардтың үйкеліс шуы, АҚҚ 130/70 мм сын бағ.,
ЖСС 76 минутына. Жалпы қан анализінде эозинофилия, ЭТЖ жоғарылауы
тропониндер қалыпты. ЭКГ-да I, II, III тіркемелерінде ST жоғарылағаны
анықталды. Қандай патология?
А) Жүрек аневризмасы
В) Рецидивтеуші миокард инфаркты
С) Идиопатиялық перикардит
Д) Миокард инфарктының қайталануы
Е) Дресслер синдромы
{Дұрыс жауап}=Е
{Қиындығы}=2
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних
органов.А.Н.Окороков. том 6, 2010г
$$$013
48 жастағы науқас стационарға 2-қабатқа көтерілгенде дамитын, ұзақтығы 2
минутқа созылатын төс артындағы қысып ауырсынуға шағымданып түсті .
Алғаш рет мұндай ауырсынулар 2 апта алдын дамыған. Ем қабылдамаған.
Объективті: жағдайы қанағаттанырлық, өкпесінде везикулярлы тыныс,
жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, пульс минутына 68 рет, артериялық
қысым 120/70 мм.с.б. Электрокардиограммада - патология анықталмады .
Қандай ауруды болжауға болады?
А) Үдемелі стенокардия
В) Күштемелік стенокардия ФК III
С) Күштемелік стенокардия ФК II
Д) Алғаш дамыған стенокардия
Е) Вазоспастикалық стенокардия
{Дұрыс жауап}=Д
{Қиындығы}=2
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних
органов.А.Н.Окороков. том 6, 2010г
$$$014
58 жастағы науқас стационарға 2-қабатқа көтерілгенде дамитын, ұзақтығы
2 минутқа созылатын төс артындағы қысып ауырсынуға шағымданып түсті.
Алғаш рет мұндай ауырсынулар 2 ай алдын дамыған. Ем қабылдамаған.
Объективті: жағдайы қанағаттанырлық, өкпесінде везикулярлы тыныс,
жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, пульс минутына 70 рет, артериялық
қысым 110/75 мм.с.б. Қан анализінде: гиперхолестеринемия.
Электрокардиограммада - патология анықталмады .
Қандай ауруды болжауға болады?
А) Күштемелік стенокардия ФК III
В) Күштемелік стенокардия ФК II
С) Күштемелік стенокардия ФК IV
Д) Алғаш дамыған стенокардия
Е) Үдемелі стенокардия
{Дұрыс жауап}=В
{Қиындығы}=2
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних
органов.А.Н.Окороков. том 6, 2010г
$$$015
Жүрек ұшындағы функциональды диастолалық Кумбс шуының себебі неде?
А) Қарынша аралық перденің ақауы
В) Митралды стеноз
С) Дилатациялық кардиомиопатия
Д) Гипертрофиялық кардиомиопатия
Е) Рестриктивті кардиомиопатия
{Дұрыс жауап}=С
{Қиындығы}=2
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних
органов.А.Н.Окороков. том 8, 2010г
$$$016
Университет студенті, 23 жаста. Дәрігерге жылына 2-3 рет жүрек қағу
ұстамасының болуына шағымданып қаралды. Ұстама кенеттен басталады,
бірнеше минутқа созылады, әлсіздік қосарланады және өздігінен басылады.
Науқасты клиникалық қарағанда патологиялық өзгерістер анықталған жоқ.
ЭКГ: ырғағы синусты, дұрыс, PQ интервалы 0.09 сек, QRS кешені 0.11 сек,
дельта толқыны V1 тіркемесінде R тісшесінің өрлеген бөлігінде. Науқаста
қандай патология болуы мүмкін?
А) Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы
В) Созылыңқы QT синдромы
С) Cинустық түйіннің әлсіздігі синдромы
Д) Лаун-Генонг-Ливайн синдромы
Е) Клерк-Леви-Критэско синдромы
{Дұрыс жауап}=А
{Қиындығы}=2
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних
органов.А.Н.Окороков. том 10, 2010г
$$$017
Ер адам 38 жаста. Жүрек тұсындағы, таралмайтын қысып ауырсынуға, оның
4-5 минутқа созылатынына, шамалы физикалық күш түскенде пайда
болатынына, өзі кететініне шағымданды. Ауырсыну бір айдан бері
мазалайды, дәрігерге қаралмаған. Әкесі 50 жасында кенет қайтыс болған.
Қарағанда: жүрек шекарасы қалыпты, ырғағы дұрыс, Боткин нүктесінде
систолалық шу. ЖСЖ минутына 78, АҚ 115/70 мм.с.б. ЭКГ: патологиялық
Q III, AVF, V4-V6 тіркемелерінде. ЭХОКС: жүрек қуыстары өзгеріссіз,
қарынша аралық перде қалыңдығы 2 см, сол қарыншаның артқы
қабырғасының қалыңдығы 1,4. Шығарым (выброс) фракциясы 72%. Қайсысы
кардиалгияның себебі болуы мүмкін?
А) Рестриктивті кардиомиопатия
В) ЖИА, жедел миокард инфарктысы
С) ЖИА, басынан кешкен миокард инфарктысы
Д) ЖИА, жедел коронарлы синдром
Е) Гипертрофиялық кардиомиопатия
{Дұрыс жауап}=Е
{Қиындығы}=2
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних
органов.А.Н.Окороков. том 8, 2010г.
$$$018
18 жастағы жас жігіт. Шамалы физикалық күш түскенде тұншығу сезімінің
болуына, бас айналу ұстамаларына шағымданады. Балалық шағынан
ауырады. Әскери медициналық комиссия шешімімен тексерілуге жіберілді.
Қарағанда: жайылмалы цианоз, саусақтарының соңғы бунақтары «дабыл
таяқшалары» түрінде, жүрек шекарасы оңға ығысқан, эпигастри аймағында
оң қарыншаның систолалық пульсациясы. Аускультацияда: өкпе
артериясында ІІ тонның акценті және қосарлануы, семсер тәрізді өсінді
үстінде қысқа систолалық шу, төс сүйектің сол жағында ІІ қабырға
аралықта диастолалық шу. Рентгенологиялық зерттеуде өкпе артериясының
сабауының шығыңқы болуы анықталды. Мүмкін болатын диагноз қандай?
А) Біріншілік өкпелік гипертензия
В) Өкпе қақпақшасының жетіспеушілігі
С) Трикуспидалды қақпақша жеткіліксіздігі
Д) Өкпе артериясының тума стенозы
Е) Фалло тетрадасы
{Дұрыс жауап}=А
{Қиындығы}=2
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних
органов.А.Н.Окороков. том 9, 2010г.
$$$019
Әйел 62 жаста. Дәрігерге басының ауыруына, бас айналуға шағымданып
келді. Анамнезінде – стенокардия ұстамалары, кезеңді түрде нитраттар,
аспирин қабылдайды. 8 жылдан бері бронх демікпесімен ауырады, тұншығу
ұстамаларын симпатомиметиктер ингаляциясымен басады. Қарағанды: тері
жамылғысы бозғылт, мойын тамырларының пульсациясы. Сол жақ жүрек
шекарасы ұлғайған, жүрек резистентті, солға және төменге ығысқан.
Аускультацияда: ІІ қабырға аралықта оң жақта жұмсақ протодиастолалық
шу, ЖСЖ минутына 82, АҚ 185/60 мм с. б. Артериялық гипертензияның
мүмкін болатын себебі қандай?
А) Дәрімен индуцирленген артериялық гипертензия
В) Эссенциалды артериялық гипертензия
С) Атеросклерозды генезді қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі
Д) Натрийдің біріншілік бүйректік ретенциясы
Е) «Ақ халат» гипертензиясы
{Дұрыс жауап}=С
{Қиындығы}=2
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних
органов.А.Н.Окороков. том 7, 2010г.
$$$020
Ер адам 45 жаста. 10 жыл бойы алкогольді шамадан тыс көп қолданады.
Дәрігерлерге қаралмаған. Кенеттен жағдайы нашарлған. Тыныштықтағы
ентігу пайда болған, «жедел жәрдем» машинасын шақырған. Дәрігер
басталып келе жатқан өкпе ісінуін анықтады. ЭКГ түсірілді:
Жедел сол жақ қарыншалық жеткіліксіздіктің дамуына әкелген себеп
қайсысы?
А) Пароксизмалды жүрекшелер дірілі
В) Жедел миокард инфарктысы
С) Пароксизмалды жүрекшелер фибрилляциясы
Д) Пароксизмалды қарыншаүстілік тахикардия
Е) Пароксизмалды қарыншалық тахикардия
{Дұрыс жауап}=А
{Қиындығы}=2
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних
органов.А.Н.Окороков. том 10, 2010г.
$$$021
52 жастағы әйел физикалық күш түкенде жүрек тұсының ауырсынуына
шағымданады. ЭКГ-да физикалық күш түскенде әдеттегі горизонталды ST
интервалының депрессиясы, оң эргометринді тест. Коронарографияда –
эпикардиалды тәж артерияларының зақымдалу белгілері жоқ. Мүмкін
болатын диагноз қандай?
А) Принцметал стенокардиясы
В) Дисметаболизмдік кардиомиопатия
С) Күш түсу стенокардиясы
Д) Микроваскулярлы стенокардия
Е) Субэндокардиалды миокард инфарктысы
{Дұрыс жауап}=Д
{Қиындығы}=2
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних
органов.А.Н.Окороков. том 6, 2010г.
$$$022
62 жастағы әйел кенеттен эпигастрий аймағында ауыру сезімін және бір реттік
құсумен қосарланған жүрек айнуды сезді. Қарау кезінде: жағдайы ауыр, тері
жабындысы бозғылт, жабысқақ мұздай терлеген. Жүректің үні едәуір тұйықталған, ЖСЖ 118 рет мин. АҚ 80/40 мм с.б. Эпигастральді аймақта іші қатыңқы. ЭКГ: QSII, III, aVF, STII, III, aVF – монофазалық қисық түрінде.
Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
А) Артқы-диафрагмальді Q-миокард инфаркті. Кардиогенді шок
В) Асқынбаған артқы-диафрагмальді Q-миокард инфаркті
С) Алдынғы-перделі Q-миокард инфаркті. Рефлекторлы гипотензия
Д) Артқы-диафрагмальді Q-миокард инфаркті. Гиповолемиялық шок
Е) Артқы-бүйірлі Q-миокард инфаркті. Кардиогенді шок
{Дұрыс жауап}=Е
{Қиындығы}=2
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних
органов.А.Н.Окороков. том 6, 2010г.
$$$023
Жайылған миокард инфарктын алған 58 жастағы ер адамда бір жылдан
кейін ортопноэ, түнгі жөтел, минутына 120 дан асатын тахикардия пайда
болған. Қарау кезінде мойын веналарының ісінуі, гепатомегалия, аяқтағы
ісінулер. ЭХОКГ-да: кардиомегалия.
Науқаста СЖЖ қандай сатысы дамығанын көрсетіңіз:
А) IIБ
В) 0
С) I
Д) IIА
Е) III
{Дұрыс жауап}=А
{Қиындығы}=2
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних
органов.А.Н.Окороков. том 8, 2010г.
$$$024
40 жастағы ер адам түнгі уақытта, таң атарда ерте пайда болатын төс
артындағы айқын басып ауыру сезіміне шағымданады. Күндіз үлкен
физикалық күштемелерді жақсы көтереді. Коронароангиографияда айқын
атеросклероздық өзгерістер анықталмады, эргометринмен сынама оң.
Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
А) Күштемелік стенокардия IV ФК
В) Күштемелік стенокардия II ФК
С) Күштемелік стенокардия III ФК
Д) Вазоспастикалық стенокардия
Е) Үдемелі стенокардия
{Дұрыс жауап}=Д
{Қиындығы}=2
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних
органов.А.Н.Окороков. том 6, 2010г.
$$$025
64 жастағы науқас тыныс алумен байланыссыз, үдемелі ұстамалы төс артының
қысып ауруына шағымданады. Нитроглицерин көмектеспейді.Қарап тексергенде жадайы қанағаттанарлық.Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған,ритмді. ЖСЖ 74 рет мин. АҚҚ 120/75 мм.с.б.б. Бірінші кезекте қандай зерттеуді жүргізу керек?
А) Tl201сцинтиграфияны
В) ЭКГ, тропонин Т-ны
С) ЭхоКГ добутаминмен
Д) Велоэргометрия
Е) Тәуліктік ЭКГ мониторлау
{Дұрыс жауап}=В
{Қиындығы}=3
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних органов.А.Н.Окороков. том 6, 2010г.
$$$026
38 жастағы науқас қабылдау бөлімшесіне артериялық қысымның жиі кенеттен 270\130 мм.с.б. дейін көтерілуіне, интенсивті бастың ауруына, жүрек тұсындағы қысып ауырсынуға, жүректің жиі соғуына, тершеңдікке, дене қызуының 380С дейін көтерілуіне шағымданып түсті. Объективті: тері жамылғылары бозғылт, ылғалды, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары күшейген, тахикардия, түскен кездегі артериялық қысым -260/120 мм.с.б. Қан анализінде лейкоциттер-9,2х109 /л, эозинофилдер-7%; глюкоза- 7,6 ммоль/л, несеп анализі патологиясыз. Электрокардиограммада- синусты тахикардия 100 рет мин, жүрек электрлік өсінің солға ығысуы, сол қарыншаның гипертрофиясы. Қорытынды диагноз қою үшін қандай тексеру жасау қажет?
А) Қандағы альдестеронды анықтау
В) Қандағы кортизолды анықтау
С) Қандағы котехоламиндерді анықтау
Д) Қандағы электролиттерді анықтау
Е) Қандағы ренинді анықтау
{Дұрыс жауап}=С
{Қиындығы}=3
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних органов.А.Н.Окороков. том 7, 2010г.
$$$027
~ 48 жасар әйел стационарға түсті. Анамнезінен: соңғы 1,5 ай ішінде дене қызуының периодты түрде 38-390С дейін көтерілуі, қалтырау, әлсіздік, аздаған физикалық күш түсу кезіндегі ентігу, өз бетінше аспирин, оксациллин қабылдаған. Қарағанда: дене қызуы-38,50С, тері жабындары бозғылт, беті мен алақандарында бірен-саран петехиальды сипаттағы экзантемалар, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары ырғақты, тахикардия, төстің сол жақ қырында ІІІ-ІV қабырғааралықтарда диастолалық шу, артериялық қысым 150/30 мм.с.б., орташа гепатоспленомегалия. Қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ-ның аса жоғарылауы.
Қандай тексерулерді тағайындаған дұрыс?
А) Жалпы қан анализі+қанды бактериологиялық себу-эхокардиография
В) Жалпы қан анализі+ имуннограмма+ эхокардиография
С) Жалпы қан анализі+ревмосынамалар+ эхокардиография
Д) Жалпы қан анализі+жалпы несеп анализі+эхокардиография
Е) Жалпы қан анализі+жалпы несеп анализі+кеуде сарайы мүшелерінің рентгенограммасы
{Дұрыс жауап}=А
{Қиындығы}=3
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних органов.А.Н.Окороков. том 8, 2010г.
$$$028
58 жастағы ер адам ентігуге, аз физикалық куштемеде журектің тез соғуына шағымданып стационарға түсті. 2 ай бұрын миокард инфарктысын басынан кешті. Қарағанда: жүрек тұсында ІV қабырғааралықтарда төстің сол жағында патологиялық пульсация. Жүрек тондар тұйықталан, жүрек ұшында систолалық шу. ЖСЖ минутына 88, АҚ 110/70 мм сн бағ. Электрокардиограммада: V2-V5 тіркемелерінде QS комплексі және ST сегментінің жоғарылауы. Жалпы қан анализінде патологиясыз, миоглобин, тропониндер қалыпты. Қандай диагностикалық әдіс тиімді?
А) Кеуде торшасы ағзаларының рентгенография
В) Эхокардиография
С) Тәуліктік ЭКГ мониторлау
Д) Өңеш арқылы жүрек электростимуляциясы
Е) Коронарография
{Дұрыс жауап}=В
{Қиындығы}=3
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних органов.А.Н.Окороков. том 6, 2010г.
$$$029
23 жастағы науқас стационарға жүрек соғуының жиілеуіне, жүрек тұсындағы сыздап ауырсынуға, бас айналуға шағымданып түсті. Анамнезінен: аталған симптомдар мазалағанына 1 ай болған. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, тері жамылғылары таза, қалыпты түсте. Қалқанша безі үлғаймаған. Жүрек тандары қатқыл, ұшында систололық шу, вертикальды қалыпта күшейеді, пульс 78 рет мин., артериялық қысым 110/70 мм.с.б. Қан анализінде патологиясыз. Электрокардиограмма – ырғақ синусты, дұрыс, мин. 80 рет, жүрек электрик осі қалыпты.
Қандай тексеруді тағайындаған дұрыс?
А) Өңеш арқылы жүрек электростимуляциясы
В) Реоэнцефалография
С) Велоэргометрия
Д) Эхокардиография
Е) Электроэнцефалография
{Дұрыс жауап}=Д
{Қиындығы}=3
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних органов.А.Н.Окороков. том 9, 2010г.
$$$030
38 жастағы науқас стационарға артериялық қысымының жиі кенеттен 270/130 мм.с.б., дейін көтерілуіне, интенсивті бастық ауырсынуына, жүрек тұсындағы қысып ауырсынуға, жүректің жиі соғуына, тертеңдікке, дене қызуының 380Сдейін көтерілуіне шағынданып түсті. Объективті: тері жамылғылары бозғылт, ылғалды, өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары күшейген, тахикардия, түскен кездегі қан қысымы 260/120 мм.с.б. Қан анализінде лейкоцитоз, гипергликемия, адреналин және норадреналиннің жоғарылауы. Бүйрек үсті безінің компьютерлык томографиясында ісік тәрізді, гипоэхогенді түзілім байқалады .
Осы жағдайда қандай дәрмекті тағайындаған дұрыс?
А) Метопролол
В) Нифедипин
С) Фентоламин
Д) Клофелин
Е) Каптоприл
{Дұрыс жауап}=С
{Қиындығы}=3
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних органов.А.Н.Окороков. том 3, 2010г.
$$$031
62 жастағы науқас кардиологиялық бөлімшіге басының ауырсынуы және бас айналуға шағымданың түсті. Анамнезінен: 10 жыл бойына артериялық гипертензия бойынша диспансерлік есепте тұрады, екі жыл алдын миокард инфарктісін өткерген. Жағдайының нашарлауы соңғы 1 айда, оны дәрмектерді тұрақты қабылдамауымен байланастырады. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, пульс минутына 86 рет, артериялық қысым 200/100 мм.с.б. , жүрек жетіспеушілігі белгілері жоқ, аяқ тамырларының облитерирлеуші атеросклерозы белгілері бар.
Бұл жағдайда қандай дәрмек тағайындаған дұрыс?
А) Небилет
В) Эгилок
С) Конкор
Д) Атенолол
Е) Нормодипин
{Дұрыс жауап}=Е
{Қиындығы}=3
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних органов.А.Н.Окороков. том 3, 2010г.
$$$032
60 жастағы науқас стационарға 2-3 минутқа созылатын, аздаған физикалық күштемеде дамитын, нитроглицеринге босылатын төс артының ұстама тәрізді қысып ауырсынуына шағымданып түсті. Қарағанда: өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, брадикардия, жүрек жиырылу жиілігі минутына 52 рет, пульс 52 рет минутына, артериялық қысым 130/85 мм.с.б. Электрокардиограммада синусты брадикардия, жүрек жиырылу жиілігі минутына 46 рет, ритм жүргізүшісінің миграциясы.
Бұл жағдайда қандай дәрмек көрсетілген?
А) Оликард
В) Кордарон
С) Дилтиазем
Д) Верапамил
Е) Конкор
{Дұрыс жауап}=А
{Қиындығы}=3
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних органов.А.Н.Окороков. том 3, 2010г.
$$$033
Науқас 18 жаста, стационарға төс маңындағы қысып ауруына, физикалық жүктемеден кейінгі ентігіге шағымданады.Бір ай бұрын гриппен ауырған.Объективті: жүрек тондары тұйықталған, аритмиялық, 100 рет мин, жүрек ұшында систолалық шу.Пульс 100 рет мин.Өкпесінде везикулярлы тыныс.Лабораториялық нәтижелер:лейкоциттер-8,2мың, СОЭ-32 мм/сағ, С-реак белок+++, аспарагинді трансаминаза-112 МЕ/л.ЭКГ-да синусты тахикардия, ЖСЖ 98 рет мин, политопты қарыншалық экстрасистолия. Патогенетикалық терапия ретінде қай препарат қолданылады?
А) Милдронат
В) Экстенциллин
С) Пенициллин
Д) Вольтарен
Е) Рибоксин
{Дұрыс жауап}=Д
{Қиындығы}=3
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних органов.А.Н.Окороков. том 3, 2010г.
$$$034
Науқас 72 жаста, кардиологиялық бөлімшеге алдынғы перделік аймақтың жедел трансмуральды миокард инфарктісі, жедел кезеңі диагнозымен келіп түсті. Стационарда болуының 4 тәулігінде бас айналу, кенет әлсіздікпен жүретін жүрек соғуының жиілеуі ұстамасы дамыды. Электрокардиограммада- параксизмальды қрыншалық тахикардия.
Бірінші кезекте қандай дәрмекті тағайындаған дұрыс?
А) Лидокаин
В) Ритмилен
С) Обзидан
Д) Этмозин
Е) Ритмонорм
{Дұрыс жауап}=Д
{Қиындығы}=3
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних органов.А.Н.Окороков. том 3, 2010г.
$$$035
Науқас 68 жаста, стационарға басының ауруы, бас айналу, бірінші қабатқа көтерілгенде дамитын ентігуге, жалпы әлсіздікке шағымданып түсті. 20 жыл бойына артериялық гипертензия және қант диабетімен ауырады. Объективті: өкпесінің төменгі бөлімдерінде ылғалды сырылдар, жүрек тондары тұйықталған, ырғақты жүрек жиырылу жиілігі минутына 82 рет, артериялық қысым 170/100 мм.с.б. Бүйрек артерияларының проекциясында систолалық шу естіледі. Қан анализінде гипергликемия, гиперхолестерминемия. Электрокардиограммада- синусты ырғақ, дұрыс, жүрек жиырылу жиілігі минутына 78 рет, жүрек электрлік осінің солға ығысуы. Сол қарыншаның гипертрофиясы. Ангиограммада бүйрек артериясының екі жақты стенозы.
Бұл жағдайда қандай дәрмек қарсы көрсетілген
А) Верапамил
В) Конкор
С) Арифон
Д) Нормодипин
Е) Моноприл
{Дұрыс жауап}=Е
{Қиындығы}=3
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних органов.А.Н.Окороков. том 3, 2010г.
$$$036
Науқас 42 жаста, стационарға таңғы уақытта пайда болатын, нитроглицеринмен басылатын төс артындағы интенсивті қысып аурсынуға шағымданып түсті. Күндіз ауырсыну мазаламайды. Жүргізуші болып жұмыс істейді. Объективті: жүрек тондары тұйықталған, жүрек жиырылу жиілігі минутына 72 рет, артериялық қысым 120/80 мм.с.б. Ұстама кезіндегі электрокардиограммада: ST сегментінің көтерілуі, ұстамадан тыс кезде патология анықталмады. Тропонинде қалыпты деңгейде. Коронарографияда өзгерістер анықталмады.
Патогенетикалық терапия ретінде қандай дәрмекті тағайындаған дұрыс?
А) Конкор
В) Верапамил
С) Эгилок
Д) Небилет
Е) Атенолол
{Дұрыс жауап}=В
{Қиындығы}=3
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних органов.А.Н.Окороков. том 3, 2010г.
$$$037
30 жастағы әйелге бір ай алдын операция жасалған: жүректің ревматикалық ақауына байланысты қосжармалы клапанды протездеу.
Тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алу мақсатында қандай дәрмекті тағайындаған дұрыс?
А) Варфарин
В) Гепарин
С) Тромбоасс
Д) Плавикс
Е) Тромбокард
{Дұрыс жауап}=А
{Қиындығы}=3
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних органов.А.Н.Окороков. том 3, 2010г.
$$$038
Науқас 47 жаста, стационарға бас ауруына, құлағындағы шуға, бас айналуға шағымданып түсті. Анамнезінен: созылмалы обструктивті бронхит бойынша терапевтте диспансерлік есепте тұрады, соңғы 2 жыл ішінде артериялық қысымның 170/100 мм.с.б. дейін көтерілетін айтады. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, өкпесінде қатаң тыныс үстінен құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі, жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, тахикардия, жүрек жиырылу жиілігі минутына 100 рет, артериялық қысым 160/90 мм.с.б. Қандай дәрмек бұл жағдайда қарсы көрсетілген?
А) Арифон
В) Эналаприл
С) Верапамил
Д) Конкор
Е) Амилодипин
{Дұрыс жауап}=Д
{Қиындығы}=3
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних органов.А.Н.Окороков. том 3, 2010г.
$$$039
Науқас 52 жаста, кардиологиялық бөлімшеге артериялық гипертония ІІІ дәрежесі, қауіп 4 диагнозымен келіп түсті. Анамнезінен: артериялық гипертония диагнозымен диспансерлік есепте тұрғанына 8 жыл болған, антигипертензивті терапияны үнемі қабылдап жүреді. Соңғы екі аптада артериялық қысымның 190/110 мм.с.б. жоғары көрсеткіштері сақталып келеді. Қан анализінде: гиперхолестеринемия. Несеп анализі патологиясыз. Электрокардиограммада- ырғақ синусты, дұрыс, жүрек жиырылу жиілігі 85 рет минутына, сол қарыншаның гипертрофиясы.
Бұл жағдайда дәрілік заттардың қандай комбинациясы мүмкін?
А) Арифон + Конкор + Амлодипин
В) Арифон + Конкор + Верапамил
С) Арифон + Атенолол + Дилтиазем
Д) Гипотиазид + Эгилок + Изоптин
Е) Моноприл + Конкор + Дилтиазем
{Дұрыс жауап}=А
{Қиындығы}=3
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних органов.А.Н.Окороков. том 3, 2010г.
$$$040
57 жастағы науқас кардиологиялық орталыққа үнемі сақталатын жүрек тұсында ауырсынуға, дене қызуының көтерілуіне, сол иық буынындағы ауырсынуға шағымданып түсті. Анамнезінен: 3 апта алдын жедел трансмуральды миокард инфарктісін өткерген. Конкор, плавикс, тромбоасс, моноприлді үнемі қабылдайды. Қарағанда: дене қызуы 37,40 С, өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ, жүрек тондары ырғақты, тұйықталған, жүректің абсолютты тұйықтық аймағында перикардтың үйкеліс шуы, артериялық қысым 130/70 мм.с.б., жүрек жиырылу жиілігі 76 рет минутына. Қан анализінде эозинофилия, ЭТЖ жоғарылауы, тропаниндер қалыпты деңгейде. Электрокардиограммада І, ІІ,ІІІ, тіркемелерінде ST сегментінің көтерілуі.
Бұл жағдайда қандай дәрмекті тағайындаған дұрыс?
А) Гентамицин
В) Оликард
С) Преднизолон
Д) Амоксициллин
Е) Диклофенак
{Дұрыс жауап}=С
{Қиындығы}=3
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних органов.А.Н.Окороков. том 3, 2010г.
$$$041
Науқас 28 жаста, стационарға физикалық күштемеде дамитын төс артындағы қысып ауырсынуға, ентігуге жүрек соғуының жиіленуіне шағымданып түсті. Анамнезінен: ауырғанына 3 жыл болған қазірге дейін дәрігерлерге қаралмаған, туған ағасы жүрек ауруынан 25 жасында өлген. Қарағанда: жағдайы қанағаттанарлық, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек шекаралары солға ығысқан, жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, төстің оң жағында ІІ қабырға аралықта дөрекі систолалық шу, пульс 72 рет минутына, артериялық қысым 90/60 мм.с.б. Қан және несеп анализінде патология жоқ. Электрокардиограммада- сол қарыншаның айқын гипертрофиясы систолалық күштемемен. Эхокардиография- сол қарыншаның және қарынша аралық перденің гипертрофиясы.
Келтірілген жағдайда қандай дәрмек гемодинамиканы және болжамды нашарлатады?
А) Дигоксин
В) Обзидан
С) Верапамил
Д) Анаприлин
Е) Амиодарон
{Дұрыс жауап}=А
{Қиындығы}=3
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних органов.А.Н.Окороков. том 3, 2010г.
$$$042
Сол қарыншаның жедел миокард инфарктысымен 62 жастағы ер адамда кенеттен жүрек соғуы және суық тер пайда болды. Артериялық қысым анықталмайды. Шұғыл ЭКГ түсірілді:
Науқасқа қандай шұғыл көмек шараларын көрсету керек?
А) Электрлік кардиоверсия
В) Амиодаронды көктамырға енгізу
С) Лидокаинді көктамырға енгізу
Д) Қолқа ішілік баллонды контрпульсация
Е) Электрлік кардиостимуляция
{Дұрыс жауап}=Е
{Қиындығы}=3
{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних органов.А.Н.Окороков. том 3, 2010г
Достарыңызбен бөлісу: |