Талқылау сұрақтары:
Әкімшілік жазалаудың себептері қандай?
Әкімшілік жазалаудың түрлерін атаңыз?
Әкімшілік жазаладың қолдану аясы қандай?
ДӘРІС 9 ӘКІМШІЛІК БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫ
Әкімшілік бұлтартпау шаралар ұғымы.
Әкімшілік бұлтартпау шаралардың түрлері.
1. Құқықтық мәжбүрлеу дегеніміз - заңды норма негізінде қолданылатын ж/е мемл-тік билік белгілеуіндегі мемл-тік іс-әрекет әдісі.
Мәжбүрлеу деп - белгілі объективтік физикалық немесе психологиялық жағынан әсер етуді айтады. Мәжбүрлеуді өкілеттілердің құқ/бұзушылыққа қарсы санкциялар мен құқ-тық нормаларда көрсетілген шараларды мемл-тік органдарға, лауазымды тұлғалар мен қауым құрамындағы субъектілердің санасы мен мінез-құлқына процессуалдық тәртіп бойынша әсер ету арқылы іске асырады.
Бұлтарпау - әкімш.-құқ-тық мәжбүрлеудің бір формасы ретінде бірқатар белгілерге ие. Бұл жерде әкімш. жаза мен мәжбүрлеудің жазаламайтын құралдарының айырмашылық шекарасын айыра білу керек. Бұлтарпау шаралары құқ-тық нормалардың бұзылмауы үшін, заң бұзушылықтың келеңсіз салдарынан алдын-алудың жолын кесу ж/е ескерту үшін ж/е кінәлілерді міндеткерлікке тарту шараларын ұйымдастыру үшін қажет. Әкімшілік бұлтартпаудың мақсаты - бұзақының еркін емес, оның теріс, заңға қайшы іс-әрекеттерін тоқтатуды ескерту. Бұл шаралардың көлемі, уақыты түрақты айқындалмаған ж/е құқыққа қарсы әрекеттілігін қолданады. Әкімшілік міндеткерліктен жазаламайтын құралдардың айырмашылығы - мәжбүрлеу тек қана субъектілерге емес (әкімшілік ұстау, тікелей істің жолын кесу шараларын қолдану), сонымен қатар, материалды заттарға да (мүлікті пайдалануға тыйым салу, өз бетімен салынған құрылыстарды бұзу) тұлғаға қатыссыз бағытталады. Заттың бағытының мінез-құлқына айланысты бұл тарпау шаралары табиғи бостандық шектеулері мен мүліктік құқықтары көлемінде болуы мүмкін.
Мүліктік тұрпаттағы бұлтартпау шаралары, көбінесе, мүлікке жасалған құқыққа қарсы зардапты алғашқы қалпына келтіру үшін қолданылады.
Қол сұғу іс-әрекеті кейбір заңдар мен заңға тәуелді актілермен түсіндіріледі. Құқық нормалары функционалды тағайындалуына байланысты - материалды ж/е процессуалды болып бөлінеді. Ал осыған байланысты тиым салу шаралары - жалпы, арнайы ж/е процессуалды деп жіктеледі.
Жалпы бұлтартпау шаралары - азаматтарға қолданылады, себебі бұл шаралар субъектінің құқыққа қайшы іс-әрекеттеріне шектеу қоюда жеке тұлғаның еркіне құқ-тық шектеу қояды:
а) күшпен әсер ету құралдары (қоян-қолтық күрес әдістері, қызметтік арнайы жануарлардың қолданылуы);
б) арнайы құрал-жабдықтардың қолданылуы (дубинка, кісен, брондалған машиналар, т. б.);
в) атыс каруының колданылуы.
2. Процессуалды бұлтартпау шараларына - жеткізу, ұстау, жеке тексеріс, заттарды тексеру, құжаттар мен мүлікті тәркілеу, көлік құралдарын пайдаланудан босату жатады.
Әкімшілік ұстау - әкімш. құқ/бұзушылық жасаған азаматтың еркін әрекетіне қысқа мерзімде шек қою. Әкімшілік ұстау әкімш. құқ/бұзушылықты тоқтату мақсатында жүргізіледі ж/е құқық бұзушыны хаттама жазу әкелгеннен бастап, 3 сағ. өткеннен кейін оны ұстап отыруға құқығы жоқ, яғни, ол босатылады.
Тек қана ерекше жағдайда ҚР заңнамалық келісімдеріне байланысты бұл уақыт өзгеруі мумкін. Ол жағдайлар мына тұлғаларға қатысты:
- шекаралық тәртіпті немесе мемл-тік шекарадан өту пунктіндегі тәртіпті бұзушы. Бұнда құқық бұзушыны хаттама толтыруға әкелгеннен бастап 3 сағ. дейін ұстайды; ал тұлғаның азаматтығы мен құқ/бұзушылық дәрежесін анықтауға байланысты прокурорға 24 сағ. ішінде жазбаша түрде баяндама жасағаннан кейін 3 күнге дейін ұстауға немесе егер құқық бұзушының ата-тегін дәлелдейтін куәлік-құжаттары болмаған жағдайда прокурордың санкциясымен 10 күнге дейін ұсталынады;
- белгілі бір аймаққа коменданттық сағаттың енгізілуі барысында тәртіпті бұзған азаматтар. Бұл кезде полиция, не әскери патруль ұстаған құқық бұзушыны коменданттық сағат біткенше ұстауға құқылы;
- ұсақ бұзақылық істеген ж/е жиналыс, митинг, көше шерулері мен демонстрациялардың өткізілу ережелерін бұзғандар үшін істі сот қарағанға дейін әкімш. ұстау шарасын жүзеге асыруға болады.
- автокөлік жүргізушілердің көлікке мас күйінде отыруы кезінде - алкагольдік ішімдік ішкендігінен - жол ережелерінің бұзылуы, жол-көлік оқиғаларының болуы, азаматгардың көлік айдаушысы мас, не есірткі заттарын қолданғандығы туралы хабар беруі ж/е көлік қозғаласының күдік туғызуы, т. б. жағдайлар себеп бола алады.
Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан азаматтарға әкімш. қадағалау - бұл шараны ішкі істер органдары жоғарыда аталған адамдардың тәртібін, олардың тарапынан шиеленістің алдын алып ескертіп отырады. Құқықтық қағидалардың негізіне ішкі істер органдарының бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан азаматтарды әкімш. қадағалау туралы ережесін жатқызуға болады.
Әкімшілік қадағалау мына жағдайларға қатысты орнатылады:
а) сот шешімімен рецидивистер деп танылғандар;
б) аса ауыр қылмыскерлер мен екі не одан да көп қасақана қылмыс жасағандар.
Әкімшілік қадағалау мерзімі 6 айдан 1 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Кей жағдайларда мерзім тағы да 6 айға созылуы мүмкін.
Әкімшілік қадағалау тоқтатылады:
а) қадағалау мерзімінің аяқталуына байланысты;
б) қадағалауға алынған азамат тұрмыста да, еңбек етуде де белсенділік танытып, мерзімінен бұрын босаса
в) сот шешімі бойынша қадағалауға алынған азаматтан әкімш. қадағалау алынып тасталған жағдайда.
Әкімшілік қадағалаудың тоқтағаны жайлы ішкі істер бөлімінің басшысы жариялайды. Әкімшілік қадағалауды тоқтату туралы ұсынысты прокурор заңды негізсіз деп тапса, онда ол қабылданбайды.
Құқық бұзушылықтың бұлтартпау шарасы деп - қару-жарақтар да есептеледі, оны заңда негізделгендей тек қана ішкі істер қызметкерлері ғана пайдаланады.
Қару-жарақты пайдаланудың мынадай түрлері бар;
1. Адамға бағытталмаған:
а) жануарлардың шабуылынан азаматтардың қорғануы;
б) бұлтартпау мақсатында (жол көлігінің техн-лық ахауларға байланысты дабыл белгісін беру немесе көмекке шақыру; көлік жүргізушісі ІІО-ң ескертулерін тыңдамай, азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретіндей шаралар).
2. Адамдарға бағытталған:
а) азаматтарды қылм-тық қастандық әрекеттен қорғау мақсатында; ІІО мен басқа да қоғамдық тәртіпті реттеуші органдар қызметкерлерінің жеке басына, жан-ұясына қауіп төндіргендерге қарсы; ІІО-ң арнайы қорғауындағы объектілер, мемл-тік мекеме орындары, ұйымдарға қауіп төндірушілерге қарсы; ІІО қатарындағы әскерилерге қарсы іс-әрекет ұйымдастырушыларға қарсы бағытталады;
б) аса қажеттілік жағдайларда (аманаттағы немесе кепілдіктегі адамды босату аса ауыр қылмыс барысында құқ/қорғау органдарының шараларына мойынсұңбау; әкімш. тұтқындаудағы тұлғалардан басқаларының күзеттен қашу әрекетін жасауы), сонымен қатар заңды түрде қару-жарақты тапсырудан бас. Тартатын тұлғалардың тұтқындалуы да жатады.
Мәжбүрлеп емдеу - бұлтартпаудың бір шарасы. Дәрігерлік сипаттағы мәжбүрлеу шаралары маскүнемдік, нашақорлық, токсикамание ауруларын ҚК-те көрсетілген баптарға байланысты қолданады.
Әкімшілік алдын алу шаралары мақсатқа жетудегі профилактикалық сипаттағы шараларға толы ж/е олар қоғамға зиянды, қауіпті жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Әкімш. алдын алу шараларына құқ/бұзушылық негіз болмайды, оған ерекше заңнамалық орнатылған шаралардың орындалмауы негіз бола алады.
Әкімш. алдын алу шараларына мыналар жатады:
- бас бостандығынан айыру жерлерінен шыққан азаматтарға әкімш. қадағалау;
- кедендік тексеріс;
- азаматтық авиация мен басқа да көлік жолаушыларына арнайы тексеріс;
- жүйке жүйесі ауруларымен ауыратын азаматтардан қару-жарақ құралдарын алып кою;
- құжаттар тексерісі (автокөлік жүргізушілерінің паспорттық режим негізіндегі құжаттары, шекаралық күзетте, т. б.);
- сапар алдында автокөлік пен оның жүргізушісін куәландыру;
- денсаулыққа қауіпті жұқпалы ауру тараған аудан шекарасынан әрі қарай өткізбеу немесе шекараны жабу;
- жөнделіп жатқан көлік жүру жолына көлік өткізбеу;
- сапасыз азық-түліктерді жою;
- суды пайдалану құқығын шектеу ж/е т.б.
Әкімшілік қамтамасыз ету ж/е алдын алу шаралары.
Жеткізу - заң бойынша теріс қылық жасаған адам мына жағдайларда жеткізіледі:
1. құқық бұзылған жерде хаттама жасау мүмкін болмай, бірақ хаттама жасау міндетті болған жағдайда - әкімш. құқ/бұзушылық туралы хаттама жасау үшін полиция қызметкері жеткізеді;
2. құқық бұзушыны, егер оның жеке басын куәлендіретін құжаты болмаса не ол жайында қажетті деректер бере алатын куйгер болмаса, өкілеттігі бар адам оны полицияға жеткізеді;
3. орман ж/е аң аулау ережелерін, сонымен қатар балық аулау тәртібін бұзған жағдайда хаттама жасау мақсатында, егер құқық бұзушының кім екендігін сол жерде анықтау мүмкін болмаса, оны жеткізуді сол ережелердің сақталуын қамтамасыз ететін өкілетті адамдар жүзеге асырады;
- күзет қызметкерлері сол күзет объектілеріне қатысты құқық бұзылған жағдайда, оның кім екендігін анықтау ж/е хаттама жасау үшін полиция орындарына жеткізеді.
Әкімшілік ұстау - әкімш. құқ/бұзушылықты жасаған адамдардың белгілі бір әрекеттер жасауына сонымен қатар жүріп-тұру құқығын мәжбүрлеп қысқа уақытқа шектеу. Заң бойынша судьялар, прокурорлар, депутаттар сонымен қатар дипломатиялық иммунитеті бар шетел азаматтары әкімш. ұстауға жатпайды.
Тұла бойын қарау ж/е заттарын қарау белгіленген ережелер бойынша ж/е белгілі бір тәртіппен негіз болғанда жүзеге асырылады:
1. қауіпті жүктер мен заттарды, өсімдіктер мен бағалы жануарларды заңсыз алып өтуді болдырмау мақсатында ж/е оның алдын алуды көздейді;
2. ұшудың, жолаушылардың, экипаж мүшелерінің ж/е халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында;
Әкімшілік алдын алу шараларының бір түрі - рұқсат етілетін жүйе объектілерінің жұмысын уақытша тоқтатата тұру. Өз кезегінде мемлекет қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш, күшті әсер ететін, ұлы ж/е радиоактивті заттарды иемденудің, сақтаудың ж/е тасымалдаудың рұқсат етілетін, бақыланатын тәртібін белгілеген. Заңсыз әрекеттердің нәтижелерін жою бастапқы күйді қалпына келтірудің құралы болып табылады, егер құрылыстарды өз бетімен тұрғызса, онда заң бойынша белгіленген 8 ең аз жалақы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, заңсыз салынған объектілер болатын болса, онда олар кінәлінің есебінен бұзылатын болады.
Жұмыстан уақытша шеттету азаматтарға қауіп төндіруші адамдарға қатысты ж/е оның әрекеттері белгіленген тәртіпті бұзады деп ойлауға жеткілікті негіз бар адамдарға қатысты қолданылатын әкімш. алдын алу шаралары болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |