1. Үйсіндер мен қаңлылар, ғұндар одақтары



жүктеу 15,46 Kb.
Дата01.02.2022
өлшемі15,46 Kb.
#37305
2 билет


2 билет

1. Үйсіндер мен қаңлылар, ғұндар одақтары

Үйсін тайпалық одағы. Б.з.д.ІІ ғасырда сақ тайпаларының орынына үйсіндер келді.Олардың территориясы Жетісу болды.Үйсіндердің астанасы Қызыл Аңғар қаласы Ыстық көлдің жағасына орналасқан.Үйсіндердің жоғарғы титулы Гуньмо.Ежелгі үйсіндердің негізгі шаруашылық түрі мал шаруашылығы.Үйсіндер жайлы деректерді тарихшы Сыма-Цянь қалдырды.Шудағы үйсіндердің баспанасы қыш кірпіштен соғылды.Қытай деректерінде үйсіндер көшпелі тайпа ретінде көрсетіледі.Үйсіндердің жеке меншігі мал мен жер болды.Қарғалы үңгірінен үйсін тайпаларының жәдігерлер табылған.Үйсін тайпалары көне түрік тілінде сөйлеген.Үйсіндер қаңлы,ғұн тайпаларымен ұзақ соғысып Қытаймен тең дипломатиялық және туыстық қатынаста болды.

Қаңлылар б.з.д.ІІІ ғасырдан белгілі бола бастаған тайпа.Қаңлылар Қаратау жотасынан Сырдариының орта ағысына дейінгі жерлерде мекендеген.Қаңлылардың астанасы Битянь қаласы.Қаңлылар Қытай,Парфия,Рим,Кавказ елдерімен саяси экономикалық байланыста болған.Қаңлылар олармен әскери одақ құрып ғұндармен,үйсіндермен,соғыстар жүргізген.Қаңлы жеріндегі елді мекен-Көкмардан.Қаңлылардың басты байлығы мал болып есептелген.Археологиялық қазба деректерінде,қаңлы жерінен қытай теңгелері мен айналары,Үнді елінде жасалған маржан моншақтар,Ираннан әкелінген әр түрлі бағалы тастар табылған.Қаңлыларда билік мұрагерлікпен әкеден балаға беріліп отырған.Қаңлыларда құлдар негізінен ас пісірумен,мал күтумен сондай-ақ әр түрлі шикізаттарды өңдеумен айналысқан.Қаңлылар арасында табиғатқа,ата-баба аруағына табыну сияқты діни ұғымдар болған

Ғұндар Қазақстан жеріне Орталық Азиядан б.з.бұрынғы І асырдың соңы мен б.з. І ғасырында келді.Ғұн тайпаларының билеушісінің титулы шаньюй.Б.з.д.ІІІ ғасырда ғұн тайпаларының басшысы болып Мөде шаньюй сайланды.Ғұн қоғамында 24 ру болған.Ғұндар туралы археологиялық қазбалар мен қытай жазба деректері негізгі дерек көздері болып табылады.Ғұн тайпалары ежелгі түрік тілінде сөйлеген.Б.з.д.55 жылы Ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік болып 2-ге бөлінген.Оңтүстік ғұндары Хань империясына бағынды.Солтүстік ғұндарды чжи-чжи шаньюй басқарды.Ғұн қоғамында шаньюйдің жақын туыстары түменбасы деп аталды.Солтүстіктегі ғұндар Монғолияның солтүстік батысындағы Қырғыз-Нұр көлінің маңына өз ордасын орнатты.Қазақстан жеріне бірінші қоныс аударуда ғұндарды Чжи-чжи басқарды

2. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру және оның зардаптары

Ауыл шаруашылығының ұжымдастырылуы өте қатал жағдайда жүргізілді. 1931 жылы көшпенді және жартылай көшпенді шаруаларды жаппай отырықшылдандыру жөнінде міндет қойылды. Ұжымдастыру жедел және жоспарсыз жүргізіле бастады.1928-1931 жылдардағы ұжымдастыру барысы: республика шаруашылығының 1928 жылы 2%-ы,1930 жылы сәуірде 56,4%-ы, 1931 жылы қазанда 69%-ы ұжымдастырылды. Ауыл шаруашылық өнімдерін және малдарды күшпен алды.Мысалы, 1931-1932 жылдары Шұбартау ауданында малдың 80%-ы етке өткізілді. Балқаш ауданының халқына 297000 малға салық салынды, ал Балқаштың барлық малы 173000 ғана болды. Торғайдағы 1 млн малдың 98 мыңы ғана қалды.

Кулактарды жою ісі мейлінше қатал жүргізілді. Шолақ белсенділер орташалармен қатар кедей шаруаларға да зорлық жасады.Ұжымдастыру зардабы:

1929-1933 жылдар аралығында Қазақстандағы Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарма (ОГПУ) 3386 адамды ату, 13151 адамды түрмеге қамау туралы үкім шығарды. Көптеген адамдар өздерінің малдарынан айырылды.1930-1932 жылдары Қазақстанды әйгілі ұлы жұт аштық жайлады.Аштық жылдарындағы халық шығыны: Ауыл халқының 40%-ын жоғалтты (1 млн 750 мың адам).1 миллионнан астам адам шетелге көшіп кетті. Оның 616 мыңы қайтқан жоқ.

1931-1933 жылдары аштықтан 6,2 млн адамның 2,1 миллионы өлді.1932 жылы аштық

3. . Жүсіп Баласағұн мен Қожа Ахмет Иассауидің медицина туралы тұжырымдамалары

Жүсіп Баласағұни ХІғ.«Құтты білік» дастанын дайындауға 30жылын арнап, 1 жарым жылда жазып шыққан. Дастанда өмір сүрген ортаның шындығы, әлеуметтік топтың қоғамдық түсінігі мен саяси тұжырымы берілген. Бақытты болудың негізі- білім деп тұжырымдайды. Бұл кітаптың қазіргі кезде үш қол жазбалық нұсқасы сақталған: Стамбулда, Қайрда және Ферғанада. «Құтты білік»- халықтың, құты, ырысы болған ілім.Ол ғасырлар бойы көзі ашық,көкірнгі ойу ұрпаққа адамдық, азаматтық қасиеттерін, әдет-ғұрыптарды және адалдықты жастарға тәрбие етіп дәріптейін 85 шығармадан құрал-ған.



Қожа Ахмет Иассауи (1093-1218 жж). Орта ғасырлық тарихи тұлғалардың бірі қатарына Қожа Ахмет Иассауи кіреді. Қожа Ахмет жайлы осы уақытқа дейінгі көп тарихшылардың жазуы бойынша 1093-1218 жылдар аралығында өмір сүріпті. Туылған жері Испиджаб (Сайрам) қаласы. Ол «Диуани Хикмет « (Ақыл кітабы) кітабын жазған. Сонымен Қожа Ахметтің 125 жас жасағанын анықтайды. Осыдан орта ғасыр уақытында да, ұзақ өмір сүрген адамдар болғандығын білуімізге болады.Қожа Ахмет Иассауи Түркістан қаласының ұлы ақыны қазақ жерінде екінші Меккенің негізін салушы, осы өңірге ислам дінінің таралуына ат салысқан уағызшы.Ақыл кітабы-адамдарды адамгершілікке үндеп дүниенің қызығын қуып кетудің пайдасы аздығын түсіндіреді, дүние қуғанша білім қуғындар дейді.

Қожа Ахмет Иассауидің хикметінен халық медицинасына байланысты: адам бойында үш жүз алпыс тамыр, төрт жүз қырық төрт сүйек бар делінген. Ол елу бір жасымда шөлді кезіп дәрілік шөптер іздедім-деп жазған. Дәрімен аурыды емдейсің, ал ғашықтықты дәрімен емдей алмайсың-деген
жүктеу 15,46 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау