Талқылау сұрақтары:
1.Әкімшілік жазалаудың себептері қандай?
2.Әкімшілік жазалаудың түрлерін атаңыз?
3.Әкімшілік жазаладың қолдану аясы қандай?
ДӘРІС 12 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ
Мемлекеттің қызметтің түсінігі.
Мемлекеттің қызметтің негізгі қағидалары.
Мемлекеттің қызметкерлердің құқ-тық жағдайы.
1. Мемлекет қызметін ұйымдастырудың басты, негізгі талаптары ҚР Конституциясында қарастырылған, сонымен қатар ҚР «Мемл-тік қызмет туралы» заңында толық түрде қарастырылған. Бұл заң мемл-тік қызметті ұйымдастырудың негізін, мемл-тік қызметкерлердің құқ-тық жағдайларын ж/е мемл-тік қызмет аясындағы қарым-қатынастардың реттелуін анықтайды.
Мемл-тік қызмет деп белгілі бір іс-әрекеттің түріне қатысты, яғни кәсіп, мамандық, біліктілік, лауазымға қатысты жұмыстың орындалуын айтамыз. Кәсіп - еңбек қызметінің кең саласы. Мұнда мемлекет қызметкері өз мамандығына сәйкес бар білімін, талабын толығымен қолдана алады. Мамандық көрсетілген кәсіптің аясындағы еңбек қызметініңтар саласы. Мұнда мемлекет қызметкері жұмысты тиімді атқаруы ушін өзінің бұл сала бойынша алған терең, жан-жақты білімін қолдана алады. Ал біліктілік болса, белгілі бір қызметкердің қандай да дәрежедегі ауыр қызметті атқара алатынын анықтайды. Біліктілік - біліктілік класстарымен анықталады.
Мемл-тік қызметтің тағы бір белгісі - мемл-тік қызметкердің басқару органы қызметіне тікелей қатысуы. Бұл дегеніміз - азаматты басқару органының құрамына, яғни штатқа ж/е мемл-тік органның басқару қызметіне гқгізілуін айтамыз.
Лауазымды тұлғаның басқару органының ішкі еңбек тәртібіне бағынуы - мемл-тік қызметтің келесі белгісі болып табылады.
Мемл-тік қызметтің тағы бір ерекшелігі жалақы болып табылады.
Мемл-тік қызмет дегеніміз - мемл-тік органдарда ж/е олардың аппараттарындағы Конституцияның негізінде жүзеге асырылатын ж/е мемл-тік басқаруға, мемл-тік қызметтер мен мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған азаматтардаң кәсіби қызметі.
Мемл-тік қызмет саясаттандырылған түрімен де ерекшеленеді. Бұл дегеніміз мемл-тік қызметкерлер өзінің міндетті қызметі мен өкілеттігін атқару кезінде заң талаптарын басшылыққа алу міндеті мен саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер мен олардың органдарының шешімдерімен еш байланыстырмау.
2. Мемл-тік қызметтің негізгі қағидалары.
1) заңдылық;
2) қазақстандық патриотизм;
3) мемл-тiк биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемл-тiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы;
4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы;
5) мемл-тiк органдар қызметіндегі тиімділік, нәтижелілік, ашықтық;
6) азаматтардың мемл-тiк қызметке қол жеткiзуге тең құқығы;
7) азаматтардың мемл-тiк қызметке кiруiнiң ерiктiлiгi;
8) мемл-тiк қызметшiлердiң кәсiбилiгi;
9) меритократия – мемл-тiк қызметшінің жеке сіңірген еңбектері мен жетістіктерін мойындау, оны қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемл-тiк қызмет бабында ілгерілету;
10) жоғары тұрған мемл-тiк органдар мен лауазымды адамдар өз өкiлеттiктерi шегiнде қабылдаған шешiмдердi орындаудың бағынысты мемл-тiк қызметшiлер мен төмен тұрған мемл-тiк органдардың мемл-тiк қызметшілерi үшiн мiндеттiлiгi;
11) мемл-тiк қызметшiлердiң бақылауда болуы және есептiлiгi;
12) мемл-тiк қызметшiлердiң лауазымдық мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны және өздерiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауаптылығы;
13) әдептілік;
14) құқық бұзушылықтарға төзбеушілік;
15) мемл-тiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын қызметтi қоспағанда, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;
16) мемл-тiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы;
17) мәнi бiрдей жұмыстарды орындағаны үшiн еңбекақыны тең төлеу;
18) мемл-тiк қызметшiлердi лауазымдық мiндеттерiн үлгілі атқарғаны, мінсіз мемл-тiк қызметі, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн көтермелеу;
19) мемл-тiк қызметшілерді оқытудың және қажетті құзыреттерін дамытудың үзіліссіз болуы;
20) мемл-тiк қызметшілерді даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың практикалық бағдарлануы қағидаттарына негізделеді.
Мемл-тiк органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. Мемл-тiк қызметшiлер лауазымдық өкілеттіктерiн атқару кезінде ҚР заңнамасының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бiрлестiктер мен олардың органдарының шешiмдерiне байланысты болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |