Қр дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» кеақ



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет9/50
Дата26.05.2018
өлшемі5,03 Kb.
#17874
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50

Мектеп  жасына  дейінгілерімен    жұмыс  істеу  критерийлеріне  баланы 
әскери  патриоттық    әңгімелерге  араласуы,  әскери  ойындарға  сезімталдық 
қатынастарды, дене бітімінің өз  жасына лайықты болуы жатады; 
Бастауыш  мектеп  оқушылары  үшін  Отанның  өткен  тарихынан 
мағлұмат болуы, әскери ойындарға  әр  түрлі  әскери    рөлдерді  орындауы, 
тәртіптілік,    дене  бітімінің    өз  жасына  лайықты  болуы  т.б.  Кіші  және 
жасөспірім    оқушылар  үшін    халқымыздың  революциялық,  әскери 
жағдайларды  дұрыс  бағалай  білуі,  еңбек  және  соғыс  ардагерлеріне  құрмет, 
дене бітімінің дамуы, әскери ойындарға және  жарыстарға қатысуы; 
Жоғары  сынып  оқушылары  үшін  Отан қорғаудың негізгі теориясын 
меңгеру, дүниежүзілік соғыстардың тарихы, олардың себептерін білу, қазіргі 
әскери  саяси  жағдай, еңбексүйгіштік, жауаптылық, өзінің іс әрекетін дұрыс 
ұйымдастыру, әскери спорт  түрлеріне  қатынасу,  әскери  орындарға  саяхат, 
дене бітімінің жасына сай дамуы
Мектеп  бітірушілер  үшін  өз  еркімен  әскери  борышын  өтеудің 
қажеттілігі, сенімді түрде әскери  қызметке сапалы дайындық, өмірде болып 
жатқан  саяси  әскери    жағдайларға  талдау  жасау,  әскери  талаптарды  түсіну, 
алғашқы  әскери  дайындық  сабақтарында  терең  және  нақты  білім  мен 
қарулану, әскери патриоттық шараларға белсене қатысу. 
Әскери патриоттық тәрбие берудің бірнеше критерийлерін   А. Аранов 
зерттеулерінде  кең түрде қарастырылады:   
- Отан алдындағы әскери борышын өтеуге қажетті білім, дағдылар; 
- болашақ Отан қорғаушыларға жоғары тәртіп;  
- әскери дайындылықтың алғашқы іс әрекеттерін меңгеру;  
- өзін-өзі тәрбиелеу, жасөспірімдердің әскери борышын өтеуге саналы 
қатынасын қалыптастыру; 
- жасөспірімдердің мамандықты саналы таңдауы. 
          Сонымен  қатар  А.  Аранов  өзінің  «Патриоттарды  тәрбиелеу»  деген 
еңбегінде  жастарды    Отанына  берілген,  әр  уақытта  ер  жүрек  пен  ақыл, 
абырой-беделмен    Отанын  қорғауға    мектеп  жасынан,  яғни  төменгі 
сыныптардан  бастап  оқушыларды  Отанына,  еліне,  жеріне  деген 
сүйіспеншілік  сезімдерін  оятудың    маңыздылығына  үлкен  мән  берген.  Бұл 
мәселелерді қазақ ғалымдарының ішінде  Қ.Құнантаева,       Ш.   Әміржалиев,   


Ә.  Жұмаханова,  С.  Нешімханов,  Ә.  Айтахов,  т.б.    еңбектерінде  жас 
жеткіншектерімізді  аға  ұрпақтың  революциялық  ерлік  және  еңбек  дәстүрі 
рухында тәрбиелеу мәселесі көзделеді. Авторлар ерлікке бағытталған жұмыс 
түрлерінде  сыныптан  тыс  тәрбие  жұмыстары,  тәрбие  сағаттары    көркем 
әдебиеттегі  батырлар  образы  арқылы  тәрбиелеуге  және  даңқ  музейлерінің 
тәрбиелік  мәніне  тоқталады.  Ғалымдар  1917  жылғы  Қазақ  төңкерісі  және 
Отан соғысындағы ерлік дәстүрлерді  негізге ала отырып, оны бүгінгі ұрпақ  
тәрбиесіне пайдалану жолдарын  қамтиды.  Келесі  бір  көңіл  аударатын  бұл 
Ә.Айтақовтың «оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу» - деген еңбегі. Автор 
ұлы  Отан  соғысы,  ерлік    тақырыбына    жазылған  шығармалар  арқылы 
оқушыларды  патриотизмге  тәрбиелеу  мәселесінің  ғылыми  негіздерін, 
әдістерін кең түрде қарастырады.  
Әскери  жауынгерлік  –  ерлік    жұмыстарды    жүргізу  барысында 
жастардың  жас  айырмашылықтары    мен  психологиялық  ерекшеліктерін 
ескере  отырып ұйымдастырылған шараларға романтикалық сипат пен терең  
эмоциялық әсер беруді көздеген жөн екендігін және сол орайда шәкірттердің 
әсери міндеті мен ерлік дәстүрге деген тұрақты қызығушылығын жас буынды 
жауынгерлік  дәстүр  рухында  тәрбиелеудің   дидактикалық заңдылығын да 
ескерген  абзал    екендігін    атап    өткен.  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  2030 
стратегиялық  бағдарламасының  «Қазақстан  мұраты»    деп  аталатын  
бөлімінде  –  еліміздің    тұтастығын,  оның  тыныштығын,  яғни  мемлекетімізге 
қауіп  төндіретін  қандай  да  болмасын  ішкі  және  сыртқы  күштерден  сақтау 
міндетінің  өзі,  жастарымызды  Отаншылдық,    елжандылық,  патриоттық  
рухта тәрбиелеуді  жүктейді, - деген болатын. 
Отансүйгіштік  тәрбиені  кеңінен  пайдалану  жастардың  білімін 
жетілдіруге, дүниетанымын кеңейтуде, достық, адамгершілік, еңбексүйгіштік 
тағы  басқа    тәрбие  беруде,  Отанын  сүюге  тәрбиелей  отырып  жастардың  
белсенділігін арттыруда зор нәтижеге жетуге болады. 
 Қарастырылған мәселе бойынша мынадай  ұсыныстар жасауға болады:  
1. Оқу-тәрбие  үдерісі  арқылы  жастардың   ұлтжандылық  қасиеттерін  
қалыптастыруды    аудиториядан    тыс    іс-  шараларды    мақсатты  түрде 
ұйымдастыру  үшін, зерттеу барысында негізделген теориялық  қағидалармен  
әдістемелік  ұсыныстарды   жоғары   оқу орындарының  дайындық бөлімінің  
бағдарламаларына  енгізу  қажет.  Бұл  патриоттық    тәрбиені  жүзеге  асыруда 
педагог кадрлардың  біліктілігін,  құзыреттілігін арттырады.  


2. Жастардың бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастыру үшін оқу 
үдерісін  тәрбие  үдерісімен    тығыз    байланыстыру    қажет    және    оқу  
пәндерінің  бағдарламалары    мен    мазмұнына    патриоттық  мазмұнына 
патриоттық    мазмұндағы  материалдарды    жан-жақты  терең  кіріктіру 
әдістемелерін жетілдіру керек.  
3. Патриотизмді насихаттайтын  патриоттық  мазмұндағы 
компьютерлік ойындарды,  электрондық  оқулықтарды, интерактивті 
тақталар  арқылы көрсететін әртүрлі көмекші дидактикалық материалдарды 
даярлау қажет.  
 
Ұсынылып отырған мәселе өте күрделі болғандықтан, оның оның 
көптеген салаларын қамтып шығу мүмкін емес және ол оқу – тәрбие үдерісі 
арқылы жастардың патриоттық  қасиеттерін қалыптастыру  мәселесін  онан  
әрі жетілдіруді қажет етеді.   
 
Оқушы  жастарды  Отансүйгіштікке  тәрбиелеуде 
Мағжан  Жұмабаевтың  тәлімдік   ілімдерінің   маңызы 
 
Тәрбие  мәселесі  қай  ұлттың  болмасын  аса  қадірлеп  қарайтын  ұлы 
қағидаларының  бірі.  Қазақстан  республикасының  «Білім  туралы»  Заңында: 
«....Білім  алушылардың,  тәрбиеленушілердің    елжандылық,    азаматтық, 
интернационалдық  жоғары  моральдық  және  адамгершілік  сезімін 
қалыптастыруға,  сондай-ақ  жан-жақты  ынта  ықыласымен  қабілеттерін 
дамытуға  бағыттауға  тиіс»    делінген.  Ендеше,  Қазақстан  өз  егемендігін 
алғаннан  кейін,  бүгінгі  таңның  өзекті  мәселесі  жан-жақты,  көп  мәдениетті, 
білімдар  дара  тұлғаны  қалыптастыру  Ұлтжандылық    пен    отансүйгіштікті  
оқушылар бойына құрғақ уағыздармен қалыптастыру мүмкін емес.  Оны тек 
қана  елін  –  жерін  қасық  қаны  қалғанша  қорғап  өткен  от  жүректі  бабалар 
рухында ғана тәрбиелеуге болады.  
Оқушыны алғыр ойлы, жан-жақты дамыған, ұлттың ұлы азаматы  етіп 
тәрбиелеуде  тәлімгердің  шеберлігі,  шығармашылығы  қажет.  Яғни,    қазіргі 
ұстаз терең  ойлы, ғылыми білімі  бар,  оқу-тәрбие  ісін  дұрыс  ұйымдастыра 
білетін  шығармашықпен   айналысатын адам  болуы  қажет. Бүгінгі  мектеп  
оқушыларына жүйелі де сапалы білім,  саналы  тәрбие беруде  жаңа  талап 
тұрғысынан келу қажет.  Ол үшін пәндік  оқыту  мен  тәрбие  жұмысының  
сапасын    мектептерде    жақсарту,  бүгінгі  күннің    басты    проблемаларының  
бірі.Бұл    тұрғыда    Елбасы    Н.Ә.Назарбаев:  «Біздің    алдымызда  


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау