Қр дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» кеақ



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет10/50
Дата26.05.2018
өлшемі5,03 Kb.
#17874
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50

бабаларымыздың  игі    дәстүрлерін  сақтайтын    күллі    әлемге    әйгілі,    әрі  
сыйлы,   өз  елінің  патриоттары   болатын  ұрпақ  тәрбиелеу міндеті тұр» - 
деген болатын.    
Әсіресе,  бүгінгі  таңда  Батыс  пен  Шығыстың,  Еуропа  мен  Азияның  
идеологиясының    қарама  –  қарсы    қайшылығының    кезеңінде,    ұлттық  
идеологияны  қалыптастыру  ең  өзекті  мәселе.  
Әр  нәрсеге    еліктегіш  келетін  жастарды  батыстың  бейресми 
мәдениетімен, моралдық  азғындаушылық  іс-әрекетінен  аман алып  қалудың  
бірден  бір жолы,  ол ұлтымыздың  тарихы  мен  халықтың педагогика  жолы.  
Осы  орайда,  қазақ  халқының    бір  туар  ұлдарының  өмірі    мен  
шығармашылығын    оқып  үйрену,  жас  жеткіншектерді    үлкен    патриоттық  
сезімге  баулып    тәрбиелейді.    Қазақ  халқы  бағзы  заманнан  бері    тәрбие  
проблемаларын  өзінің өзекті  істерінің  бірі  деп  санап  келеді.  Бұл мәселеге  
байланысты  ой  қозғап,    қалам  тартпаған    адамдар    да  кемде-  кем.    Әсіресе 
ұрпақ тәрбиесінде  өте  бай . Мәселе сол байлықты ел игілігіне айналдырып,  
бүгінгі  оқушы жастардың  бойына  сіңіру  болып  табылады.  Жасыратыны 
жоқ,  жаһандану  заманында,    Қазақстан    әр  түрлі    діндер    мен  саяси  – 
экономикалық    жағдайы    әр  түрлі  мемлекеттердің    қоршауында    тұрғанда  
тәрбие проблемасының да күрделене түсері даусыз. Қазіргі басты мақсат – ел 
тәуелсіздігін, оның  бірлігі мен жасампаздығын,  ата-баба салт-дәстүрі  мен 
ұлттық  қағидаларды  аман  сақтап қалу.  
Жастардың  заңдық  сауаты,    заңдық  мәдениеті    болмайынша 
демократияда,  экономикалық      реформалар      да,    әлеуметтік    ілгерілеу  де  
мардымсыз болмақ.  Елде заңсыздық ,  соқыр әкімшілік, озбырлық  кең  орын 
ала береді. Сондықтан, жастарға құқықтық тәрбие беру барысында, олардың 
өз    Конституциялық    құқықтары  мен  еріктерін  білудің    саяси  маңызы  зор. 
Бірақ, сонымен қатар,  олар қоғам және мемлекет алдындағы өз  міндеттерін 
де  ұмытпаулары  тиіс.  Тәуелсіз    Қазақстан    мемлекеті    алдындағы    ең    бір 
жауапты    міндет  –  қоғам    мүшелерінің    адамгершілік    қасиетін    тәрбиелеу.  
Бұл  тәрбие  жастарды  ар- ұятты, адал, әділетті, кішіпейіл,  көпшіл, еңбекшіл 
болу  сияқты  қоғамға  пайда көптеген қасиеттерге  баулиды. Сондай-ақ, әр 
түрлі  жат  қасиеттерден,    соның  ішінде  ұятты    аяққа  таптаудан, 
жалқаулықтан, 
озбырлықтан, 
зұлымдықтан, 
екіжүзділіктен,  
көзбояушылықтан  аулақ    болуға  тәрбиелейді.    Тәрбиенің  бұл    саласын 
жүргізуде  оқу    бағдарламасы    бойынша    әдеп,  эстетика,    мәдениеттану 
пәндерінің   алар орны,  атқаратын ісінің  маңызы  өте зор. Тәрбие тек мектеп 
қабырғасында  ғана  болмайтыны  анық.  Ананың  бесік  жырынан бастап,  «О 


дүниеге»  жөнелгенше  адам  өмірі    үйренумен    өтетіндігінде    дау  жоқ.  
Сондықтан,  бұл    мәселелерде    халықтық  педагогикаға    оралып,    ұлттық  
тәрбиеге  ден қойғанымыз жөн. 
Қазіргі  кезде  баспасөз  бетінде  Құран-Кәрімнің  қасиетті    сөздері, 
Мұхаммед  пайғамбар    ғалейс  уасаламның      өмірбаяны    мен  уағыз    сөздері 
басылып жүр. Мұхаммед  пайғамбарымыздың  келер ұрпақты  адамгершілік, 
ақыл-парасат    иесі    етіп      тәрбиелеуге    баулитын    Хадистеріндегі    ақиқат 
сөздері күні бүгінге дейін өзгерусіз айқындығымен құнды. Бұл арада мәселе  
жастарды  дінге  шақыру  емес.  Жалпы  дін  мәселесінде  өте  сақ  болған  жөн. 
Екінің бірі  бұл мәселе төңірегінде сөз қозғап, фәлсәфа  айтудан  сақ болғаны 
дұрыс.  Өйткені  дін  өте  күрделі  мәселе.  Дегенменде,  бұл    салада    сауатты  
теологтар  мен  қатар дін саласын жақсы  білетін, көп  ортада жұмыс жүргізе 
білетін,  сөйлей  білетін  ағартушы  педагог-  психологтардың    болғаныда 
жақсы.  Мәселе,  жоғарыда  айтқандай,  жастардың  көзін    ақиқатқа    жеткізе 
алатындай  жағдай  тудыру    қажет.  Қазақ  халқының  тұңғыш  ағартушысы  
Ыбырай    Алтынсарин    де  осы  үлгіден  тысқары    шыққан  жоқ.  Әсіресе, 
ұлтымыздың  ұлы  адамдарының    үлгі-  өнегесі    негізінде    оқушыларды 
тәрбиелей  алсақ,  онда  болашағымыздың    да  берік,  мықты  болы  сөзсіз.  Осы  
тұрғыдан келгенде,  қазақ мектептеріндегі  оқу-тәрбие мәселесі өзекті болуы 
заңды.  Өйткені  әр  ұлт  өз  болашағын  ойласа,  алдымен  ұрпағын  ата  -  баба 
дәстүріне лайық  етіп тәрбиелеуі  керек. Сондықтан да, ұлт педагогикасының  
негізгі  мәселесі  ұлтжанды,    ар-ұяты  мол,  саналы  азамат    тәрбиелеу. 
Педагогиканың    басты  мәселелерінің  бірі-  жеке  адамның  дамуы  және    оған  
әсер  ететін    ықпал    күштер.  Жеке  адамның  дамуындағы  ықпалдың  көзі  – 
тәрбие,  қоршаған  орта  екендігін    ескерсек,    бүгінгі  жастарды,  қоғамдағы  
келеңсіз дүниелердің  әсерінен  аман алып қалудың  бірден-бір  көзі – тәрбие 
екендігін  біздің ғұлама бабаларымыз айтқан  болатын. Әсіресе, ұлтымыздың  
ұлы  адамдарының  үлгі-өнегесі    негізінде,  жастарды  тәрбиелей    алсақ,  онда 
болашағымыздың  да  берік,  мықты  болуы  сөзсіз.  Жастарды  тәрбиелеуде 
қолданылатын    ең  басты  тәрбие  құралының    бірі,  біздің  пайымдауымызша,  
халықтық  тәрбие  көздері.  Ол  үшін    тәрбиенің    әдіс-тәсілдерін  білу,  оны  
тиісті дәрежеде пайдалану үлкен шеберлікті талап етеді. Тәрбие әдісінің өз- 
оқушылардың  азаматтық  бет  пердесін  қалыптастыруға  бағытталған 
тәрбиешілер  мен    тәрбиеленушілердің    өзара  байланысты  педагогикалық  
жұмыс  тәсілдері.  
Бұл  тұрғыдан  келгенде,  жастарымызды  бабалар  рухында  тәрбиелеу 
басты  іс  болуы  шарт.  Кезінде  патша  үкіметінің  қазақ  халқына  қарсы  
жүргізген  сол  кездегі  реакциялық  отарлау  саясаты,  қазақ  зиялыларын  


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау