Қр дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» кеақ



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет11/50
Дата26.05.2018
өлшемі5,03 Kb.
#17874
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50

жайбырақат  қалдырмады.  Әлихан  Бөкейхановтың    басшылығымен  «Алаш» 
партиясының  маңына топтасқан зиялылар бостандық алудың бір ғана жолы 
халықты    сауаттандырып,  қараңғылық  бұғауынан  босату  деп  білді.  Осы 
себептен  де  ат    төбелендей    аз    ғана  топ  өздерінің  бар  өмірін    оқу-  ағарту  
жолына  бағыттады.  Әрқайсысы    әр-түрлі  пәндерден  оқулықтар,  әдістемелік 
құралдар  жазды. Бәрі бірігіп халықты оқу-білімге шақырды. Олар осы жолда 
бар  мүмкіндіктерді  пайдалана  білді.  Әсіресе,  сол  кездегі  қазақ  арасына  кең 
таралған    баспасөзді  шебер  пайдаланды.  Осы  орайда  «Қазақ»,  «Айқап», 
«Жаңа  мектеп»,  т.б.    газет  журнал  баспасөз  беттерінде    оқу-  ағарту  туралы  
жарияланған мақалалардың қазақ арасында рөлі ерекше болды. Әсіресе, оқу  
ағарту  саласында  өндірте  еңбек  етіп,  ұлттық    педагогикаға    өлшеусіз    үлес  
қосқан  адамдардың    бірі  М.  Жұмабаев    болатын.  М.Жұмабаевтың  әдеби- 
поэзиялық  еңбектерін шолу  жасағанда , оның  барлық  шығармалары ұлттық  
нақышта    жазылып,  патриоттық    рухқа  толы,    отансүйгіштік,  түрікшілдік  
идеялар өзекті орын  алған.  Педагог-ақын өзінің  әрбір  шығармасы  арқылы  
оқушыларды  отансүйгіштік    қасиеттерге  тәрбиелеуге    бағыттады.  Оның 
«Педагогика»  атты  оқулығы  тұнып  тұрған  халықтық  педагогика  мен 
психологиясы.    Онда    халықтың    мінез-құлқы,  әдет-ғұрпы,  бала  тәрбиелеу  
тәсілдері  ерекше  нақышпен  суреттелген.    Педагог-  ғалым    М.  Жұмабаев 
халық педагогикасын  ғылымилықпен  баяндай отырып, оларды қолданудың 
әдіс-тәсілдерін жаңаша жағдайда  пайдаланудың  қажеттілігін  ұсынды.  Сол 
мұралар  арқылы    оқушыларды  ізгілікке,    адамгершілікке,    адами  ұлы 
қасиетерге  тәрбиелеудің  жолдарын  көрсетті. Сонымен бірге,  М. Жұмабаев 
халық  педагогикасының  бәрін  оқу-тәрбие  ісіне талғаусыз  енгізе  бермей, 
оны    бүгінгі  күн  талабына  сай  жаңаша,  өркениетті  жағдайға  пайдаланудың 
жолдарын  меңзейді. 
 М.  Жұмабаевтың    қазақ  педагогикасына  енгізген    ерекше    жаңалығы,  оның 
ұлттық      психология  ғылымына  қосқан  үлесі.  Ол  психологиялық  ғылыми 
қағиаларды зерттей келе, оны қазақ  халқының ғасырлар бойы  қалыптасқан 
ұлттық психологиясына жақындатуды  қарастырды.  
 Мағжандай дара тұлғаның шығармашылығын оқытып, үйрету оны үлгі 
ету    бүгінгі    мектептің  алдында    тұрған  келелі  іс.  Мағжан  Жұмабаев  – 
ғасырлар  белесінде  әр  заманда  бір  қылаң  беріп  қоятын  көркемдік    ойлау 
әлеміндегі  Абайдан  кейінгі  үлкен  бір  құбылыс.  Оған  оның  «Батыр  баян», 
«Қойлыбайдың    қобызы»,  «Жан  сөзі»,  «Жүсіп  хан»,  тағы  басқа  да  ірі 
шығармалары  куә.  Сол  құбылыстың  сырын  ашып,  жас  ұрпақты  шынайы 
суреттердің  поэзия    бұлағынан  сусындата  білу,  жақсы    менен  жаман, 
қатыгездік    пен  ізгілік,  бір    күндік  пен    мәңгілік    секілді  өмірлік 


проблемаларға    қатысты  көзқарас  қалыптастыруда  ақын  мұрасын  шебер 
пайдалана білу-әр ұстаздың асыл мұраты болу керек деп ойлаймыз.  Бүгінгі 
таңда  еліміздің    жас  ұрпағын      ұлтжандылық      пен      отансүйгіштікке  
тәрбиелеу   проблемасы   алдымызда тұрғанда,  Мағжан   Жұмабаевтың   осы 
шығармаларын  оқып  үйрену,  өмірі  мен  шығармашылығын  қазақ  тілді  
мектептерде  оқып, одан нәр алу  ұлы парыз. М.Жұмабаевтың өнегелі өмірі 
мен  тәлім-тәрбиелік  ой-пікірін  оқу-тәрбие  жұмысына  енгізудегі    басты  
мақсат,  оқушы  жастардың  бойына  адамгершілік  пен  ұлылық  қасиеттерді  
дамыту.    Әр  түрлі    жаман,  теріс    пиғылдардан  арашалау,  ізгілік  пен  
инабаттылық  сезімдерді    жүректеріне  ұялату,  сөйтіп  ұлтын,  елін,  жерін 
сүйетін  арлы  азамат  тәрбиелеу.  Тәрбиеде  адамға  ықпал ететін білімдер 
саны алуан.  Солардың  ішіндегі  ең  парасаттысы, өміршең  білім – халықтың 
өзі  жинақтаған  тәлім-тәрбие  жайы  білімдер. Тәрбие  бесіктен басталады. 
Қазақ    этнопедагогикасы    тәрбиені    бесік    жырымен    бастайды.  Ұлттық 
мәдениетімізді  –  инабаттылықты,  имандылықты,  қайырымдылықты, 
мейірімділікті,    ізеттілікті,    меймандостықты,  тіл  өнерін  балаға    балдырған  
кезінен  бастап    үйрету-  өркениеттік    дәстүріміз.    Осы  тұрғыдан  келгенде 
оқушы жастарды  Отансүйгіштікке  баулып,  өсіргіміз  келсе, онда 
  М.  Жұмабаевтың      ұлттық  тәлім-тәрбие,    тіл,  дін,    діл,  мәдениет    туралы  
айтқан  ойларының  осы  заманда  да өміршең екендігі даусыз.   
 
Жұмабаевтың    қазақ    ұлттық    педагогикасына    қосқан  нақты  үлесі 
туралы  айтатын болсақ  былайша  тұжырымдауға болады;  
 
1.  М.  Жұмабаев  ХХ    ғасырдың    20    жылдары  қазақ      ұлттық 
педагогикасымен    психологиясының    ғылыми    негізінің    қалаушыларының  
бірі  бола  білді. 
 
2. Ұлттық мектептің қажеттілігін  айта  отырып,  оқу – тәрбие ісінің 
халықтық    сипатта    болуын,    білім  беруді    әсіресе,  бастауышта  таза    қазақ  
тілінде оқытуды  алға тартты.  
 
3.  Ешкімге,  ешқандай  мемлекетке    еліктемей  қазақ  халқының  өз 
мектебі,  оның    сара  жолы  болуын    қалады.  Яғни,  ол:  «Әрбір  ел  келешегін  
негізгі  балаларын    тәрбиелейтін,    даярлайтын  мектебін  салмақ.  Бір  елдің 
тағдыры  мектебінің    құрылысына  байланысқан    нәрсе....»  деген 
тұжырымдама  айтады.   
             4.  М.  Жұмабаев    бала  тәрбиесінде  ізгілік    педагогикасын    алғаш 
ұсынған ұстаз.   


             5. Оқушыларға таза қазақ тілінде білім беріп, қазақ тілінің  мәртебесін  
көтеруді ұсынады.  
 
6. Халықтық  педагогиканы басшылыққа ала отырып,  оны  әлемдік  
өркениетті елдерінің  педагогикасы  мен ұштастыруды  уағыздады.  
              7.  Мұғалімдердің    әрдайым  білімдерін  жетілдіріп,  олардың    жан-
жақты білімдар болу, қажеттілігін  көтерді.  
             8. Мектепте баланың  денсаулығына,  тамақтануына  дене  және еңбек  
тәрбиесіне,  оның  ішінде  оқушының    өздік  білім    алуына    жағдай  жасау 
қажеттіігін    ұсынды  .  Отансүйгіштікке  тәрбиелеудің  алғашқы  баспалдағы  
мектепке  дейінгі  тәрбие.  Сол  себептен  де    Мағжан    шығармашылығы    мен 
танысу  балабақшадан    басталғаны  дұрыс.  Ол  үшін  балалардың    жас  
шамаларына қарай Мағжанның  өлеңдерін  сараптап, бала бақшада  өткізудің  
әдістемесін ұсыну қажет. Мектеп жасына дейінгі балаларға  тәрбиелік  мәні  
үлкен    Мағжан    өлеңдерімен  үзінділер    жаттатып,  оларға    ұлтжандылық, 
имандылық, махаббат сезімдерін ұялатуға  зер салыну керек. Осыған орай:  
            - Мағжанның балалық шағын оқытып, үйрету.    
            - Мағжан өлеңдерін жатқа айтқызу.  
 (Ұлтжандылық, имандылық, адамгершілік  тақырыптарына) 
 
- ақын- педагогтың  шығармалырынан  сахналық  көріністер («Батыр 
Баян») қою,  суретті  альбом  шығару.  
 
-  Мағжан  өлеңдеріне  ән-  шығарып,  оны  жұртшылық  арасында 
кеңінен    насихаттау.  Біздің    осындай  тұжырым  жасауымызға  ең  алдымен 
оның  өмір  жолының    өзі    куә  болса,  қала  берді  архив  құжаттары  мен 
педагогикалық    еңбектері  дәлел.  М.Жұмабаев    шығармаларының    негізінде 
мұғалімдердің де  кәсіби  біліктілігін  арттыруда  пайдалануға  болады.  
 
 Осыған  орай   :  
 
  1.  М.  Жұмабаевтың  педагогикалық  еңбектерін  терең  зерттеп,  оның  
тәлімдік, 
тәрбиелік 
ой-пікрлерін 
(идеяларын) 
 
педагогикалық  
колледждермен  орта мектептің оқу-тәрбие ісіне жүйелі  енгізу.  
 
  2.  М.Жұмабаевтың    педагогикалық    ой-пікірлерімен,    өмірі  
шығармашылыын кеңінен енгізіп оқып үйрену.  


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау