Тєрбие саѓаты



жүктеу 94,74 Kb.
Дата20.02.2018
өлшемі94,74 Kb.
#10325
түріСабақ

Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы

Қорғантұз орта мектебі

Бастауыш класс мұғалімі

Бердақова Бағдагүл Нуруллақызы
Сабақтың тақырыбы: Сөйлесу мәдениетіне үйренейік

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға күнделікті өмірде өзара қарым – қатынаста дұрыс әрі әдепті жауап беріп, жақсы достық қатынаста болуды үйрету; Өз сөзіне жауапкершілікті сезіндіру, әдепті, дұрыс, таза сөйлеуге машықтандыру. Оқушыларды әдептілікке, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. ұлтының салт – дәстүрін сыйлайтын өнегелі ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер, қанатты сөздер

Сабақтың әдіс – тәсілі: ой бөлісу, топтастыру, жинақтау,мәнерлеп оқу

Қолдану технологиясы: сыни тұрғысынан ойлау (СТО)

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылығын ояту

Қуан, шаттан!

Қуан, шаттан!

Қуанатын күн бүгін

Қайырлы таң!

Қайырлы таң!

Күліп шықты күн бүгін!

ІІ. Кіріспе

Біз сабағымызды қандай жақсы сөздермен бастадық?



  • Бұл сөздер қай кезде айтылады?

Мектебіме барғанда

Жолыққан бар жандарға

Ертемен ақ пейілмен

«Қайырлы таң!» деймін мен

Күндіз де елді елеймін

«Қайырлы күн!» тілеймін

Үйге кешке келемін

Не дерімді білемін

«Кеш жарық!» деп кіремін

Мектебіме барғанда

Жолыққан бар жандарға

Ертемен ақ пейілмен

«Қайырлы таң» деймін мен

Күндіз де елді елеймін

«Қайырлы күн» тілеймін

Не дерімді білемін

«Кеш жарық» деп кіремін

Әрбір таңға қуаныш - өмірімізге шаттық сыйлайды.

Қазақта:

«Жақсы сөз – жарыс ырыс», «Жүректен шыққан сөз – жүрекке жетеді»

деген халық мақалында да үлкен мағына жатыр.

Мына қанатты сөздерге көңіл аударайық:

«Жақсы сөз жан сүйсіндіреді,

Құлаққа ұғымды, ойға қонымды келеді.» Б.Момышұлы

«Жақсы сөз бұлттан шыққан күндей, бұл сөз көңілді жадыртады, жаман сөз жаныңа мұң құйып,қабырғаңды бір – бірлеп сөгеді. Бір ауыз сөзден дүние бүтінделеді де бүлінеді де». Д.Матайқызы

«Бір ауыз сөз»

Бір ауыз сөз қасіретті тыяды,

Бір ауыз сөз айықпас дерт жияды.

Бір ауыз сөз әлемге әйгі еткізсе,

Бір ауыз сөз жаманатқа қияды.

Бір ауыз сөз мұхиттарды жалғайды,

Бір ауыз сөз ұран болып самғайды.

Бір ауыз сөз ұшса бақыт құсы боп,

Бір ауыз сөз арсыз жандай алдайды.

Сондықтан сөзді абайлап, аялап, орнымен қолдана білуіміз керек. Қазақ

тіліндегі сөздерді орынды және шебер қолдана білу – сөйлеу мәдениетіне жатады.

Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Сөйлесу мәдениетіне үйренейік»



ІІІ. Ойланайық!

(оқушылар пікірі)



  • Қандай кезде жақсы сөздерді қолданасыңдар!

  • Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар!

  • Жаман, дөрекі сөз естігенде ше?

  • Жақындарыңа қандай жақсы сөз айтқыларың келеді?

Ізетті, сыпайы болу, жақсы жылы сөз айту – адамдарды қуанышқа

бөлейді. Жақсы сөзді қолдана білу – адамның жақсы қасиеттерін білдіреді.



ІV. Пікірлесейік! (суретпен жұмыс,слайд)

Адами қарым – қатынастағы маңызды іс - әрекеттің бірі – сөйлесу. Сөйлеу мәдениеті тілден, тілдің тазалығынан басталады. әрбір адам ана тілінде сөйлегенде ғана ұлт өркен жаяды. Ақын Ә.Тәжібаевтың:

«Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін» - өлеңі өте орынды айтылған. Осы тіл арқылы жеткізілетін қазақ халқының сөйлеу мәдениетіне әдепті сөйлеу жатады.

1. Кітапханада


  1. Дүкенде

  2. Аялдамада

  3. Телефонмен сөйлесу

  4. Ауруханада

Сондықтан әркез сөйлсеу мәдениетін сақтайық.
V. Сөйлеу мәдениеті

Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді (халық мақалы). Сондықтан көп ойлап, жақсы сөйлей білейік.

Сөйлеу әдептерін сақтайық!

Әркез сөйлеу әдебін біліп жүрейік.


Тіл адам баласының көңіліндегі ашу, махаббат, жұмсақтық, қаттылық, оқу, әдеп сияқты алуан түрлі құбылысты көрсетеді.Сол үшін тіліңіз шындықтан басқаға қозғалмасын. Біреуге тіл тигізіп, сөз тасып,өсек айтпаңыз.
Білмеген нәрсені сөйлеуге кіріспеңіз.Біреудің сөзін бөлмеңіз.Біреу жаңылысса сөкпей, жаймен түзетіңіз.
Өзіңіз қателессеңіз,мойындаудан ұялмаңыз. Біреудің сөзін қайталамаңыз.Үлкен кісімен биязы сөйлесіңіз.
Ата-баба, не ұстазыңыздың артықшылығын айтып мақтанбаңыз. Біреудің сұрағына жауап бере алмасаңыз, кешірім өтінсеңіз, айып емес.
Түсінбеген сөзді әдеппен қайта сұрап,әңгімелесіңіз. Өзің сөйлегенде ойыңды анық жеткіз.
Ант ішіп сөйлеме, ол-өтірікшінің әрекеті.
Өзіңді көпшілік ішінде дұрыс ұстай біл.Адамның адамдық қасиетіне орай жұмыс істе.Сөз тыңдаудан жалықпа. Адам сөзді тыңдай білген жағдайда ғана шешен бола алады. Уақытты ұтымды пайдаланып,сөзді көп тыңдап, сөйлеу өнеріне жаттыққан жан шешен болады.
Сөйлеуге қатысты әдептіліктің тағы бір түрі-орынды,әділ сөзге тоқтау. Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен дана да шешен халқымыздың ата салтында жүйелі уәжге тоқтамаудан өткен пәтуасыздық жоқ. Ондайлар туралы халық: «Аталы сөзге ақымақ тоқтамайды»,- деп қатты кейіс білдірген.
Аузыңнан шыққан сөзің тыңдаушыға, тыңдаушының жүрегіне қонымды, жеңіл болсын. Егер сен сөйлегенде бұл тәсілді қолданбай, айтар сөзіңді бар ықыласыңмен дәлелдегеніңмен, жұрт оны тыңдамайды.
Суық сөз сөйлеме. Суық сөз де, мысалы, бір арам шөптің ұрығы сияқты, одан дұшпаның пайда болады. Дана болсаң да, өзіңді наданға сана, сонда ғана саған өнер дарбазасы әрдайым ашық болады. Егер сөз өнеріне жетік болсаң да, сөз құрылысын бұзбай, қаз-қалпында, дұрысын айтқанда, бірқалыпты ырғақпен сөйле.
Тіл табысудың басты кілті-кешірім сұрау болып табылады.Тіл ұшымен «кешір» дей салу тыңдап тұрған адамның ашуын қоздырып жіберуі мүмкін. Сондықтан кешірім сұрағанда екінші адамның жанына жайлылау тиетін әңгіме өрбіткен дұрыс.

VІ. Сөйлесу мәдениеті ережелері

Мына сөйлесу мәдениеті ережелерін есте сақтайық.



VІІ. «Мен қандаймын»

Өздеріңнің ізетті екендеріңді әдепті сөздерді айту арқылы білдіре

аласыңдар. әдепті сөз айту, сөйлесу мәдениетін білу – жақсы мен жаманды ажырата алуыңа, өмірдегі өз орныңды табуыңды, өз ортаңда сыйлы болуыңды көрсетеді.
Мен ертеңіме сенемін

Өмірге қараймын күліп мен

Көңілдің шуағы ірікпен

Күн маған үйреткен күлуді

Жан отын лаулата білуді.
Қашан да жарқын жүз,

Жайдары қалыппен,

Жарыққа жалғасып,

Жақсымен біріккем.


Мен бірақ үмітке ілесем,

Тымырсық ойлармен күресем.

Таң күліп таң нұры жуады,

Күлкілер күдікт қуады.

Ызғарып үреймен,

Күн болып тіресем,

Сенімнің күшімен

Күдікті түгесем.


Мен уәдеге берікпін

Дүние- теңіз тербесін толқын болып,

Тулатқан тіршілікке серпін беріп,

Сөзіңде тұр, уәде берсең әр уақытта

Жігіт бол орындайтын сертің берік.

Халқыңның дәстүрінен өнеге ал,

Айдынға бастайтын ел кеме болар.

Кеуде ұрып өзіңді-өзің дәріптеме,

Жұрт өзі керектісін елеп алар.

Жақсылық жерде қалмайды

Жақынды, досты аяла,

Қанатың сонда талмайды

Барыңды жұрттан аяма,

Жақсылық жерде қалмайды.

Жайдары жүзбен жарқыра

Қатыгез болсаң сол қайғы.

Қайырымды бол халқыңа,

Жақсылық жерде қалмайды.

Мен сабырлымын

Сабар деген-әр іске шыдамдылық,

Қатты керек адамға бұл бір қылық.

Қолы жетпей талай жан ізденеді,

Осыдан көп шығады адамшылық.
Мен адам деген атқа лайықпын

Ойы терең мұхиттай дана болғым келеді,

Көңілі аппақ сүттен де бала болғым келеді.

Адалдықты сүйетін жүрегіммен , жаныммен

Бал бұлақтай мөп-мөлдір таза болғым келеді.

Отты ойлы жыры бар ақын болғым келеді,

Қиындықтан қайтпайтын асыл болғым келеді.

Адамдардың бәрінен кіші болғым келеді,

Ең бастысы өмірде-кісі болғым келеді.
Мен сыпайымын

«Сіз» «біз» деген жылы сөз

Жылытады жүректі.

Жақсылық билеп жаныңды тез,

Оятады игі тілекті.

Біреуге біреу жақсылық

Тілесе әркез жаны ашып

Осы бір шырын - тәттілік

Тұрмай ма жанға жарасып.

Баршаға керек жақсылық

Жақсылық сүйер жанымыз

Баршаға жетер жақсылық

Қызғанбай бөліп алыңыз.

«Сіз» «біз» деген жылы сөз

Жақсылықтың мейірі

Бір-біріне болып көз

Кең болсын адам пейілі.

Мен талаптымын

Ойнап бал-бұл жанамын ,

Кітап оқи аламын .

Әке созін тыңдаймын,

Мен талапты баламын.

Талпынамын , тойлаймын,

Талабымды жоймаймын.

Ұлы мақсат шыңына,

Шықпай әсте қоймаймын.

Адал ұлмын халқыма,

Адал болам антыма.

Кім болсам да елімнің,

Дақ салмаймын даңқына.


Әркез осы атқа лайық болып өсулеріңе тілектеспін!
VІІІ. «Жағдаяттар шешу»

1.Математика сабағында Қайратқа сызғыш керек болды. Ол көрші отыратын Асанға:

Ей,сызғышыңды берші-ей,- деп айғай салды.

-Бұл әдептілік пе , әлде әдепсіздік пе? Қалай сұрау керек еді?


2.Қоңырау кезінде Болат партада тамақ жеп отыр. Класқа бір кісі кіріп, мұғалімнің қайда екенін сұрады. Болат тамағын жеп,кітабын ақтарып, әлгі кісіге бұрылып қарамастан «білмеймін» деп отыра берді.

-Болаттікі әдептілік пе? Сен не істер едің?


3.Адамдар жүретін жолдың дәл ортасында сабақтан тараған екі қыз сөйлесіп тұр. Тіпті өздерінің қайда тұрғанын ұмытып кеткендей. Ал адамдар оларды айналып, қысылып, әрең өтеді. Бір - екеуі ескерту де жасады. Оны қыздар жақтырмай , ренжіп те қалды.

- Осы дұрыс па, балалар? Қандай ақыл айтар едіңдер?


Әдетте сіз әдепті болуыңыз керек!
ІХ. «Жарнама»

Жарнама: «Әдетте сіз әдептісіз»

-Әдетте сіз

әдептісіз

Үлкенге орын бересіз.

Кейбіреуше

Көрмеген боп,

Бермеуді ұят көресіз.

-Әдетте сіз

Әдептісіз,

Әр уақытта солайсыз.

Кейбіреуше мінез-құлық

Көрсерпейсіз қолайсыз.

-Қарияны, мүгедекті

Жібермейсіз көмексіз.

Көліктерге менгісесіз

Қолтығынан демеп Сіз.

-Әдетте сіз

Әдептісіз

Сауысқанша жұғымсыз

Көршіңізбен

Сабақ үсті

Сөйлеспейсіз тынымсыз.

-Әдетте сіз

Әдептісіз

Айттырмай-ақ білесіз.

Апаңызға

Жиі-жиі


Жәрдемдесіп жүресіз,

-Әдетте сіз

Әдептісіз

Әңгімеге қызбайсыз.

Атаңыздың,

Әжеңіздің Сөзін

Жөнсіз бұзбайсыз.

-Әдетте сіз

Әдептісіз,

Осы-дағы қиын ба

Қашан болсын

Кешікпеңіз

Болатұғын сабағыңа.

-Әдетте сіз

Әдептісіз

Ұятты болып қалмаңыз.

Қызық - қызық кітаптарды

Сұрамайынша алмаңыз.

-Кереметтей қызыққанның

Қимағанның өзінде

Кітапты Сіз

Қайтарасыз

Иесіне кезінде .

-Әдетте сіз

Әдептісіз,

Әлсіздерге панасыз.

Мықтылармен екі араға

Қорған бола аласыз.

-Бала болды

Қайда барса

Әжесіне еретін

Әжесі оған

Кәдімгідей

Ақыл-кеңес беретін.

-Ол бала рас

Өте әдепті ,

Өте момын болатын.

«Рахмет» деп

Кішкентайдың

Добын тартып алатын.

-Әдетте сіз

Әдептісіз

Рахмет айту дұрыс

Ол оңай.


Бірақ-бірақ

Жұрттың добын

Алмаңыз тек

Сұрамай.


Ән: «Мен әдепті баламын»

Х. Қорытынды

Жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді. (Өз ойларын, үйренген жақсы сөздерін, достарына тілектерін түсті қағаздарға жазып, гүл құрастырады. Оқушылардың таңдаған түстеріне байланысты жеке ерекшеліктері мен қасиеттері айтылады.)

Осы қасиеттер бойларыңызға дари берсін!

Үлкен алдында иіліп сөйле,

Кіші алдында сызылып сөйле.

Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,

Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді.

Қорғантұз орта мектебі

Тақырыбы:

Сөйлесу мәдениетіне үйренейік




2014-2015 оқу жылы
жүктеу 94,74 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау