Қр дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» кеақ



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет2/50
Дата26.05.2018
өлшемі5,03 Kb.
#17874
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50

Баланы  бұзуға,  түзеуге   себеп   болатын 
 бір   шарт  -   жас   күнде   көрген   өнеге. 
 Жүсіпбек   Аймауытов 
 
 
 
    Жас  Ұлан   жаңа  әлемде 
 
Өркениетті  елдер,  елінің  ертеңі  үшін  ең  алғашқы  орынға  балаларын 
қояды.  Біздің    елімізде    де    балалар  үшін  бар  мүмкіндік    жасалған. 
Балалардың  жарқын  болашағы  үшін    Елбасымыздың    бастамасымен  
Қазақстан    Республикасы    бойынша    Бірыңғай  Балалар  мен  
Жасөспірімдердің  “Жас Ұлан” ұйымы құрылды. Балаларды  ортақ  мақсатқа  
жетелейтін    бұл    ұйым    2011  жылдың  6  шілдесінде  дүниеге  келді.  Ұйым 
алдында  үлкен  жауапкершілік  тұрды,  бастапқы  ұйымдастырушылық 
деңгейінен  өтті.  Жеті  жыл  ішінде  «Жас  Ұлан»  көзінде  оты  бар,  өнерлі, 
дарынды,  ақылды,  ұшқыр,  алғыр  балалардың  рухани  үйіне  айналды.  Жеті 
жыл бұрын алғашқы болып қабылданған жасұландар бүгінде еліміздің белді 
жоғары оқу орындарын  бітіріп, «Жас Ұлан» идеяларын жалғастырып келеді. 
Ата-  бабамыз  тектінің  өміршең  болатынын  айтқан.  «Жас  Ұланның» 
ғұмыры    ұзақ  болатынына  сенім    мол.  Себебі,  оның  бойында  тектілік  те, 
тарих  та,  ізгі  ниет  те  бар.  «Жас  Ұланның»  балалар  мен  жасөспірімдер 
қозғалысы  тарихындағы орны  ерекше, себебі «Жас Ұлан» еліміздің тұңғыш 
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. Ал тектілігі – 
«Жас  Ұланды»  республиканың  алдыңғы  қатарлы,  озық  ойлы,  ең  белсенді 
жастар 
ұйымдарының 
көшбасшылары 
құрып, 
тың 
идеялармен 
азықтандырғаны.  «Жас  Ұланның»  балалар  бойында  адамдық,  әділеттік, 
әдептілік, ізеттілік дәндерін себуді мақсат еткен ниеті де дұрыс. 
      Біз бақытты ұрпақпыз! Себебі біз – рухы биік еркін халықтың ұрпағымыз! 
Себебі  біз  о  шеті  мен  бұл  шетіне  жету  үшін  тұлпар  тұяғы  тозатын,  қыран 
қанаты  талатын   кең  байтақ  Қазақстанның  азаматымыз!  Себебі  біз  –  ел 
ертеңін сеніп тапсырған кемеңгер елдің жастарымыз!  
Тарихымыз  да    жастарға  үлгі  болар  тұғаларға  бай.  Жазушы  Мұхтар  Әуезов 
20  жасында  “Еңлік-Кебек”  пьесасын  жазған,  21  жасында  жалпы  қазақ 
жастарының  Омбы  қаласында  өткен  құрылтайына  қатысып,  оның  атқару 
комитетінің  мүшесі  болып  сайланған.  Ал  Шоқан  Уалиханов  23-25  жасында 
әйгілі “Манас” дастанын қағазға түсіріп бітірген, 25 жасында ғалыммын деп 
кеуде  соғып  жүргендердің    кез  -  келгені  қабылдана  бермейтін  орыс 
Географиялық қоғамына мүшелікке алынған. Саттар Ерубаев не бәрі 23 жыл 
өмір  сүрсе  де,  қазақ  әдебиетінде  есімі  алтын  әріппен  жазылды. 
Ленинградтағы  тарих,  философия  және  лингвистика  институтына  16 
жасында  түсіп,  оны  19  жасында  бітіріп  шығады,  20-21  жасында  ҚазПИ-де 
сабақ беріп, 23 жасында “Менің құрдастарымды” жазды. Осындай дана, дара 
тұлғалардың ізін басқан жас ұлан білімді, еңбекқор, намысшыл, жігерлі, адал 
болады! 


         Бүгінгі  жас  ұландар  –  қазақстандықтардың  азаттық  рухында 
тәрбиеленген,  болашағына  нық  сеніммен  қарайтын    жаңа    буын.  
«Жасұландықтардың» ұйымдастырған әрбір ісі  ел игілігіне арналады. Қазіргі  
таңда  балалар  қозғалысын  дамыту  мен  оқушылардың  бос  уақытын  қамту-
заман  талабы  болып  отыр. 
        Сондықтан  да  «Жас  Ұлан»  ұйымы  өз  жұмысын  мектептермен 
ынтымақтастырып 
жүргізуде. 
Республикамызда 
болып 
жатқан 
демократиялық, әлеуметтік-саяси, экономикалық, экологиялық өзгерістердің 
қозғалысына  ұйымның да қатысы бар. Міне, осы тұрғыдан еліміздің ұлттық 
мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарына сүйене отырып, ұйымның 
іс-әрекеттерін жаңа демократиялық талаптарға сай ұйымдастыру қажет. Осы 
орайдағы   ұйымның  мақсаты - қоршаған дүниені тану және жақсарту үшін 
әрбір  ұланға  көмектесу,  өз  Отанының  қадірлі  азаматы  етіп  өсіру.Олардың 
жарқын  өмір  сүруіне,  қиындықтарды  жеңіп,  нағыз  достар  тауып,  бақытты 
болуына      жол  ашу.  Нәтижесінде    осындай    жас  ұландықтың  портреті 
қалыптасады: 
       «Жас    ұлан»  зор  сенімге  ие.  Олар  өздеріне  артылған  зор  сенімді 
әрқашанда абыроймен ақтайды. 
«Жас  ұлан»  көмекші,  олар  өз  достарына,  өзге  адамдарға    қамқорлық 
жасайды. Кез-келген уақытта ешкімнен мадақтау күтпей-ақ көмекке келеді.  
«Жас  ұлан»  досты  сүйеді.  Ол  бәріне  дос.  Ол  өзгелерді  түсінуге 
тырысады, өзгелерді құрметтейді.  
 «Жас  ұлан»  мейірімді.  Ол    өз  күшінің  мейірімділікте  екенін  түсінеді. 
Қоғамға зиян келтірмейді. Мейірімді істердің жанынан табылуға асығады.  
«Жас ұлан» сыпайы. Ол үлкенге де, кішіге де сыпайылық сақтап,  жақсы 
істерді бірге атқарады.  
«Жас  ұлан»  көңілді.  Ол  қиындыққа  мойымайды.  Өзгелерге  қуаныш 
сыйлауға  тырысады.  Өз  ортасын  қуанышқа  бөлеп,  мейірім  шуағына 
шомылдырады. 
«Жас ұлан» қорғай біледі.  Ол өз елін, өз жерін, өз табиғатын қорғауға 
тырысады. Оның ойы таза, шуағы мол. Туған жерінің әр тасы мен бір тамшы 
суына дейін ұлықтайды. 
«Жас ұлан» тазалықты сүйеді. Ол уақытты бағалап, туған ел мен жердің 
байлығына ұқыптылықпен қарайды. Табиғатты аялап, оны қастерлейді. 
«Жас  ұлан»  ұлтжанды,  отансүйгіш.  Ол  өз  тарихы  мен  салт  –  дәстүрін 
қадірлейді, мақтан тұтады. 
  «Жас ұлан» рухани сезім мен патриоттық жігерге, мызғымас достыққа 
бай.  Оның  күші  бірлікте.  Ол  ешкімді  алаламайды,  бәрінде  өз  бауырындай 
жақсы көреді. 
«Жас  ұлан»  ұйымының  жақсы  істері  жарқын  болашақтың  баспалдағы. 
Ұйымның  игілікті істері оның айнасы! 
 
 
                                                                 Республикалық  «Жас Ұлан»  ұйымы 
 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау