Қр дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» кеақ



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет5/50
Дата26.05.2018
өлшемі5,03 Kb.
#17874
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50

 
Жолдастық, сұхбаттастық – бір үлкен іс,  
                                      Оның  қадірін  жетесіз адам білмес, - дейді Абай. 
Осы  жолдардан:    «Адамдармен  араласа  білу,ой  бөлісу,  пікір    таластыру,  
пікір  алмастыру,  сұхбаттасу  –  ақылды  адамның    ісі.    Мұны  тек  ақыл-ой  
деңгейі  төмен  жандар  ұқпайды»,  -  деген    ақынның  ойын  бағамдаймыз.  Бұл 
ойды Абай:  
                                        Ақыл керек, ес керек, мінез зерек....,-  
 
деп жалғастырады(11). 
 
Бойда қайрат, ойда көз,  
                                        Болмаған соң, айтпа сөз,- 
                  деген жыр жолдарымен қатар:  
                                        Ақыл,  қайрат, жүректі бірдей ұста,  
                                        Сонда толық боласың елден бөлек,- 
                 деп  келетін   жолдар  дамыған  тұлғаны  қалыптастыруға  бағыт        
сілтейді. 
 Бұл  жолдарда    Абай    «Елден    бөлек»    деп    жан-жақты    дамыған    тұлғаны 
айқындайды.  Абайдың    пайымдауындағы    жан-жақты    дамыған    тұлға,  ең  
алдымен,    рухани  бай  адам.    Ол    ақылымен    іс  қылып,    қайратына  жүгініп,  
жүрегіне  сене  біледі(12).  
 
 Әсемпаз болма әр неге, 
                                           Өнерпаз болсаң арқалан,  
                                           Сен де – бір кірпіш, дүниеге, 
                                           Кетігін тап та, бар, қалан! 
 
Қайрат пен ақыл жол табар,  
                                            Қашқанға да, қуғанға. 
                                            Әділет,  шапқат кімде бар,  
                                            Сол жарасар туғанға, - дейтін қос  шумақтан 
дамыған  тұлғаға қажет қасиеттердің тағы бір тобын табамыз. 


 Мұндағы  «шапқат»  (арабша «шәфхат»)  араб тілінен  аударғанда  «мейірім»  
деген   мағынаны  білдіреді.  Мақтанға ұмтылмау, қателікті мойындап, оны 
дер кезінде  түзетуге әрекет жасау, қайратты ақылға серік  ету,  әділеттің ақ 
туын  көтеріп,  айналаға мейірім шуағын  төгу, өмірден өз  жолын тауып, өз  
соқпағын    сала  білу    -  жан-  жақты  дамыған    тұлғаның  басты  мақсаты  (11). 
Абай дамыған тұлғаның ізгі  қасиеттерін сипаттай келіп, адами  қасиеттердің 
үшеуіне  ерекше  тоқталады:  
                           Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті,  
                           Ыстық қайрат,  нұрлы ақыл, жылы жүрек.  
      Бұл жердегі  ыстық  қайрат – сенімділіктің,  нұрлы  ақыл – дұрыс шешім  
қабылдаудың, жылы  жүрек – ізгіліктің  жолбасшылары. 
Дамыған  тұлғаға  тән белгілерді,  оның  мақсатын  сипаттай  келіп:  
                                Достық, қастық, бар – қызық  жүрек  ісі,  
                               Ар,  ұяттың    бір  ақыл  –  күзетшісі,-  деуі    арқылы    дамыған  
тұлғаны  әлеуметтендіруші  категория ретінде  ақылды  басты  орынға қояды.  
Абайдан  кейін  ХХ    ғасырдағы    қазақ  педагогикасының    дамуына 
ерекше  үлес  қосқан    алыптар    шоғыры  -    Ахмет  байтұрсынов,  Міржақып 
Дулатов, Жүсіпбек  Аймауытов,  Мағжан Жұмабаев. 
    Ағартушылық    дәстүрді    жалғастырып,    сол    кезеңдегі    қазақ  халқын 
рухани  тұрғыдан    баюға,    білм    арқылы    жетістіктерге    жетуге    үндеген,  
білімнің      басты    күш  екендігін  айтудан    жалықпаған    ерекше    тұлға  – 
Міржақып  Дулатов.  Өзінің  алғашқы  өлеңдер  жинағын  «Оян,  қазақ!»  деп 
атауының өзінен оның нағыз  ұлт жанашыры  болғандығы  аңғарылады.   
                                     Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш
                                     Емеспін жемісі көп тамаша ағаш. 
 
Қалғанша жарты  жаңқам мен сенікі -  
 
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш! – деп  ұлтқа,  мемлекетке 
қызмет көрсетудің ересен үлгісі  болып  қана  қоймай:  
                                Үйренсін балаларың өнер, ғылым,  
 
Өткізбей ойын ойнап бекер күнін, - деп білім  нәрінен  
сусындауға шақырады(13).  
М.  Дулатовтың  өлеңдерінен    бөлек    әңгімелерінің  де  негізгі    өзегі  – 
білім алуға  шақыру.  Жанры бойынша  әңгімеге қарағанда мысалға  жақын   
 «Жастық» атты  әңгімесінде: «Бір  жылдың   ішінде   бір - ақ   жаз  болады. 
Ағаштар,  шөптер,  гүл   жапырақтар  бір - ақ   рет    жасарады.    Осы секілді, 
адамның  да басына жастық  екі  келмейді. Жастық –біздің өміріміздің  жазы.  
Жаздан  кейін қалай күз келеді, сол секілді жастықтан соң  кәрілік  жетеді. 
Шаруасына жинақты  кісілер жаз күні қыстық азық түлігін   даярлап қояды.  
Адам  да    жасында  өнер-білім,  жақсы  мінездерді  бойына    жинауы  тиіс. 


Мұнсыз ол  қартайған  шағында рақат тіршілік ете алмайды»  деуі – ерекше  
философиялық  ой.  
            М.  Дулатов  өз  өлеңдері  мен  әңгімелерінде    білімді    тұлғаны  
әлеуметтендіруші  басты    категория    етіп  алады.  Білім-  дамыған  тұлғаны  
қалыптастырушы    басты  күш.  М.  Дулатов    бойынша    дамыған    тұлға    өз 
бойына барлық  жақсы қасиеттерді  сіңіруі  тиіс және  білімді болуы қажет. 
Білім  арқылы  ол барлық жетістіктерге жетеді және  бақытты  өмір сүреді. 
Ұлы ақын,  педагог  Мағжан  Жұмабаев өз шығармаларында жастарға 
сенім артып, мемлекетті  дамытушы  басты күш  жастар екендігіне  баса мән 
береді: 
 
...Тау суындай гүрілдер, 
                                  Айбынды алаш елім дер,  
 
   Алтын  Арқа жерім дер,  
 
   Мен жастарға сенемін! 
Жастардың білім алу арқылы ғана жан-жақты дамыған  тұлға  болып, 
елді   дамытарына  сенді  және  ол  сенімі: 
 
Қарағым,  оқу оқы, босқа жүрме! 
 
Ойынға,   құр қаларсың,     көңіл   бөлме. 
                               ...Жасынан  оқу оқып, өнер қуған 
 
      Жан  жетпес  көңілі  жүйрік  кемеңгерге....-  деп  келетін 
жолдарында  анық  көрініс  табады.  Тұлғаға  қажетті  қасиеттер  (Мағжан 
контекстінде «ер жігіт») «Өнер-білім қайтсе табылар» атты  өлеңінде  айқын 
көрінеді:  тынықпай,  дамыл  алмай  ізденеді,  қара  қылды  қақ  жарып,  тура 
бөледі, жамандыққа жоламайды, өзінен басқа жанды кем көрмейді, көзі ашық 
адамдарға  жақын  жүреді,  олардың  айтқанын  тыңдай  біледі,    ол  үшін  өнер- 
білім – барлығына тура жол көрсетуші(14) 
«Педагогика» атты еңбегінде ұлттық педагогиканың негізін қалап,бала 
тәрбиесі,  жалпы  психология  жайлы  маңызды  мұра  қалдырды.  Аталған 
еңбегіне  барлық  дүниенің  негізі  –  тәрбиеде  деген  идеяны  түп  қазық  етіп 
алып:  «Тәрбие  төрт  түрлі:  дене  тәрбиесі,  ақыл  тәрбиесі,  сұлулық    тәрбиесі 
һәм  құлық  тәрбиесі.  ...Балам  адам  болсын  деген  ата-ана  осы  төрт  тәрбиені 
дұрыс  орындасын»,  -  дейді.  Яғни,  осы  төрт  тәрбиенің  қайнарынан 
сусындаған жан ғана толыққанды тұлға болып қалыптасатынын меңзейді(15). 
          «Тәрбиеден  мақсұт  –  адамды  һәм  сол  адамның    ұлтын,    асса  барлық 
адамзат  дүниесін  бақытты  қылу.  Ұлт  мүшесі  әрбір  адам  бақытты  болса, 
адамзат дүниесі бақытты. Қысқасын айтқанда, тәрбиеден мақсұт – адам деген 
атты  құр  жала  қылып жапсырмай,  шын  мағынасымен  адам  қылып  шығару» 
деуі  арқылы  гуманистік  көзқарасын  танытып  қана  қоймай,  ұлттық  тәрбие 
моделін қалыптастырды.  
 
Адамдық  диқаншысы қырға шықтым,  
 
Көлі жоқ,  көгалы жоқ – қорға шықтым.  


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау