ӘОЖ 37.01:37.015:37.026:502 Қолжазба құқығында
Амирова АЙНАШ БЕКБОЛАТОВНА
Дүниетану сабақтарында дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық-психологиялық негіздері
6М010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін(ғылыми-педагогикалық бағыт) алу үшін дайындалған диссертацияның
РЕФЕРАТЫ
Қызылорда, 2013ж.
Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасында орындалды.
Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының кандидаты,
Л.Д.Жамансариева
Ресми оппонент: педагогика ғылымдарының кандидаты,
Б.Е.Ақбембетов
Диссертация 2013 жылдың 4 маусымында, сағат 15:00-де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Гуманитарлық педагогикалық институтында (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Төле би көшесі, 36 А, №7 оқу ғимараты, № 211 дәрісхана) қорғалады.
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін Қазақстандық қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік-саяси және технологиялық өзгерістер, тәрбие мен білім беру жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру үшін білім саласында жаңа, тиімді әдіс-тәсілдерді қолданудың қажеттілігі дәлелдеп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған.
Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқушыларға қозғау салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Ойындарды мақсатты пайдалану мәселесі қандай да бір деңгейде бастауыш оқушыларына тәрбие беру теориясы мен оқыту тәжірибесінде шешімін тапқан. Ойынды бастауыш мектепте оқыту барысында қолдануға арналған Қазақстандық ғалымдардың біраз еңбектері бар. Атап айтсақ: бастауыш сыныпта ұлттық-дидактикалық ойындарды пайдалануға Р.Жиеналиев пен Р.Қ.Керімбековтың, Н.Н.Медетбекованың ғылыми жұмыстары арналған. А.Ж.Алдажанова мен З.Н.Күдебаеваның ғылыми зерттеулерінде бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылығын арттыруда дидактикалық ойындардың алатын орны жан-жақты қарастырылған. Г.Қазенованың еңбегі ойын арқылы оқытуға арналған. Білім беру барысында ойын технологиясын қолдануда С.Кемазанова қарастырған. Р.Керімбаева мен Т.Керімбаеваның еңбектерінде дидактикалық ойындардың түрлері зерттелген. Оқушыға білімді берік меңгерту құралы ойын екендігі А.Рысқұлбекованың еңбегінде тұжырымдалған. Б.М.Тәжіғұлованың кандидаттық диссертациясы пәнаралық дидактикалық ойындарды оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру құралы ретінде қарастыруға арналған.
Кіші мектеп жас кезеңі (6-10 жас аралығы) ең алдымен жүйелі оқу әрекетін дамытудың барынша маңызды кезеңі болып табылатындығын атап өту қажет. Бұл жас кезеңінде балалардың бойында оқу біліктері қалыптастырылады, сол себепті де оқу іс-әрекеті кіші мектеп жасындағы балалар үшін жетекші іс-әрекеттердің бірі болып табылады. Демек, бастауыш мектепте дүниетануды оқытуда дидактикалық ойындарды қолдану арқылы оқушылардың таным қызығушылығын және экологиялық сана-сезімін дамыту қажеттілігімен және оларды қолданудың теориялық негізделген әдістемесінің жасалмауының арасында қарама-қайшылық бар екендігі анық байқалады. Осыған орай зерттеудің проблемасы дидактикалық ойындарды қолданып бастауыш мектепте дүниетануды оқыту барысында оқушылардың таным қызығушылығын, экологиялық сана-сезімін дамыту болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш мектептің дүниетану сабағында дидактикалық ойынды қолдану арқылы оқушылардың таным қызығушылығын, экологиялық сана-сезімін дамытудың ұйымдастырушылық педагогикалық, дидактикалық шарттарын анықтау және әдістемесін жасау, оны тәжірибе жүзінде тексеру.
Зерттеу нысаны: бастауыш сыныптарда дүниетануды оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: бастауыш мектептегі дүниетану сабағында дидактикалық ойындарды қолдану әдістемесі.
Зерттеудің болжамы: егер бастауыш мектептегі дүниетану сабағында дидактикалық ойындарды қолдану арқылы оқушылардың таным қызығушылығын және экологиялық сана-сезімін дамыту теориялық-әдістемелік тұрғыда негізделсе және оның әдістемелік кешені жасалса, онда оқушылардың қызығушылығы артып, оқу сапасы көтеріледі, өйткені бұл жағдайда, оқушылардың дүниетануды оқуға деген қызығушылығы мен ынтасы, экологиялық сана-сезімі күшейе түседі.
Зерттеу міндеттері:
- бастауыш мектептегі дүниетану сабағында дидактикалық ойындарды қолданудың қазіргі жағдайын анықтау және ол ойындарды қолданып оқушылардың таным қызығышылығын дамытудың теориялық негізін анықтау;
- дидактикалық ойынды қолданып, оқушылардың таным қызығушылығын дамытудың әдіс-тәсілдерін анықтап, оны педагогикалық- психологиялық тұрғыда негіздеу;
- бастауыш мектептегі дүниетану сабағында дидактикалық ойындарды қолданып, оқушылардың таным қызығушылығын, экологиялық сана-сезімін дамытудың әдістемесін жасау, оның тиімділігін тәжірибелік эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы: бастауыш мектептегі дүниетану сабағында дидактикалық ойындарды оқушылардың теориялық-әдістемелік тұрғысында негіздеп, тиімді қолдану арқылы оқушылардың таным қызығушылығын, экологиялық сана-сезімін арттырып, оқу сапасын жақсартуға болады.
Зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негіздері: білім беру жүйесінің философиялық, педагогикалық-психологиялық, ғылыми-әдістемелік негіздері, тұлға дамуының жалпы философиялық принциптері, біртұтастық туралы диалектикалық теориясы, бастауыш мектепте білім берудің қазіргі мәселелері, дидактикалық ойындарды оқу барысында қолданудың ғылыми-әдістемелік теориясы, ойындар туралы отандық және шетелдік ғалымдардың әдістемелік еңбектері құрайды.
Диссертациялық зерттеудің теориялық, әдіснамалық, ғылыми, әдістемелік және эксперименттік қағидаларын негіздеуде дидактикалық ойындарды қолданудағы жүйелілік, тұлғалық және іс-әрекет тұрғысынан қараудың жалпы ғылыми қағидалары, іс-әрекеттің философиялық, психологиялық, педагогикалық теориялары мен әдістемелік негіздері, идеялары қолданылды.
Зерттеудің көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, әлеуметтанушылардың, психологтардың, педагогтардың, әдіскерлердің еңбектері; ҚР Үкіметінің ресми материалдары; ҚР БҒМ орта мектепте білім беру мәселелеріне қатысты нормативті құжаттары мен оқулықтары және оқу-әдістемелік кешендері(стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқу құралдары және т.б.); білім беру саласын ақпараттандыру тұжырымдамасы мен бағдарламасы; педагогтардың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері және т.б.
Зерттеудің әдістері: зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық (модельдеу, аналитикалық-синтетикалық, салыстырмалы, индуктивті–дедуктивті талдау), эмпирикалық (сұрау, бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық озық іс-тәжірибелерді жинақтау); әлеуметтану (сауалнама); білім беру жүйесі субъектілерінің тәжірибелерін талдау, салыстыру, зерделеу, жинақтау, тәжірибелік-әдістемелік жұмыстарды жүргізу, математикалық-статистикалық өңдеу әдістері қолданылды.
Зерттеудің тәжірибелік-эксперименттік базасы. Қызылорда қаласындағы №235 қазақ орта мектебі, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- бастауыш мектептегі дүниетану сабағында дидактикалық ойындарды қолданудың қазіргі жағдайы, оны қолданудағы кемшіліктер мен қиыншылықтар және оның себептері айқындалып, дидактикалық ойындарды оқушылардың ой-өрісінің құралы ретінде қолданудың теориялық-әдістемесінің негіздері анықталды;
- дидактикалық ойындардың бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін дамыту құралы екендігі негізделіп, олардың оқушылардың іс-әрекеттерінің шығармашылығын арттырудағы рөлі мен атқаратын қызметінің ерекшеліктері айқындалды;
- бастауыш мектептегі дүниетану сабағында дидактикалық ойындарды оқушылардың таным қызығушылығын, экологиялық сана-сезімін дамыту құралы ретінде қолданудың әдістемесі жасалынды.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: бастауыш мектептегі дүниетану оқыту барысында дидактикалық ойындарды қолдану әдістемесі, бастауыш сыныпта қолданылатын дидактикалық ойындардың экологиялық мазмұны мен оларды қолданудағы мақсатын, дидактикалық ойындарды сабақ барысында қолдану арқылы дайындықтары әртүрлі оқушылардың ой-өрісінің даму ерекшеліктерін айқындау жолдары дайындалды.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы: зерттеу нәтижелерін бастауыш сыныптардың оқулықтарын және әдістемелік құралдарын дайындағанда, бастауыш мектепте дүниетануды оқыту барысында оқушылардың ой-өрісін дамытуда бастауыш мектеп мұғалімдерінің білімін жетілдіру курстарында пайдалануға болады. Дайындалған дидактикалық ойындарды мектеп мұғалімдері өздерінің күнделікті іс-тәжірибелерінде қолдана алады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- дидактикалық ойындарды бастауыш мектептегі дүниетану сабағында оқушылардың таным қызығушылығын дамыту үшін қолданудың педагогикалық-психологиялық негізі;
- дидактикалық ойындар мектеп оқушыларының таным қызығушылығын, экологиялық сана-сезімін дамыту құралы екендігінің дәлелдемесі;
- бастауыш мектептегі дүниетану сабағында дидактикалық ойындарды оқушылардың таным қызығушылығын, экологиялық сана-сезімін дамыту үшін қолданудың әдістемесі.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен сенімділігі: қойылған проблемаға сай әдіснамалық және теориялық қағидалар мен зерттеу пәніне сәйкес әдістердің қолданылуымен, бастапқы теориялық қорытындылар мен соңғы тәжірибелік-эксперименттік көрсеткіштердің өзара дәл келуімен, олардың тиімділігінің бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін дамыту қорытындысының эксперимент арқылы тексеріліп, оның нәтижесі жоғары екендігінің дәлелденуімен және зерттеудің негізгі қорытындылары мен ғылыми-әдістемелік ұсыныстарының бастауыш мектеп практикасына енгізіліп, мақұлдануымен қамтамасыз етілген.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен іс-тәжірибеге енгізу:
ЖамансариеваЛ.Д., Амирова А.Б. Использование игровых технологий в процессе ознакомления младших школьников с окружающим миром // Современные гуманитарные исследования. -2013. -№2.-С.79-82.
Диссертацияның құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі тарау мен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделген, зерттеу нысаны, пәні, мақсаты, болжамы мен міндеттері анықталған. Зерттеу кезеңдері, зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы, зерттеу нәтижелерінің нанымдылығы көрсетілген.
Қорытындыда жүргізілген зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері тұжырымдалған.
Қосымшаға зерттеу барысында қолданылған материалдар енген.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Іс-əрекет барысында адамның жан-жақты жəне біртұтас тұлғалық дамуы жүріп жатады, оның қоршаған дүниеге көзқарасы, қарым-қатынасы қалыптасады. Таңдалған іс-əрекет көзделген тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына ықпал етуі үшін оны қажетті деңгейде ұйымдастыру жəне келелі бағдарлап отыру қажет. Бұл тəрбие практикасында өте күрделі іс.
Балалар мен жасөспірімдердің іс-əрекеттерінің негізгі түрлері – ойын, оқу, еңбек. Бағдары бойынша іс-əрекет танымдық, қоғамдық, спорттық, көркемөнерлік, техникалық, кəсіптік, құмарлық (гедоникалық) болып ажыралады. Барлық жастағы оқушылардың іс-əрекеттерінің ерекше түрі – тілдесу, қатынасу (ортақтасу).
Оқу үрдісінде ойын оқытудың әрі формасы, әрі әдісі де болып табылады, сол себепті ойын әрекеті оқытушы мен оқушының іс-әрекетінің бірлескен, өзара байланысты технологиясының дидактикалық категориясы ретінде де қарастырылады. Педагогтар ойын үстінде бала санасын дамыту, тәрбиелеу, оқыту қатар жүргізіледі, оны бала белсенділікпен және асқан ыждағаттылықпен қабылдайтындықтан ойындарды оқу үрдісінде міндетті түрде енгізу жайлы айтады.
Психологтар мен педагогтар ойын мәселесіне өз назарын аударғанымен, тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана ойын арнайы зерттеу пәніне айналды. К.Гроосқа дейін итальян оқымыстысы Д.Колоцца балалар ойыны туралы материалдарды жүйеге келтіріп, ойынның педагогикалық, психологиялық маңызын ашуға әрекет жасады. Ал ғалым – психологтар К.Гроос, Э.Клапаред, А.Диваев, Р.Гаупп, Н.Виноградов, В.Вахтерев және т.б. ойын теориясын құрастырды және ойын мәселесін көтеріп, іс-әрекеттің маңызды түрі ретінде оның теориялық, әдіснамалық негізін ашты.
Неміс педагогикасының көрнекті өкілі Ф.Фребель дидактикалық ойындардың негізін салушы болып есептелінеді, ол қимыл-қозғалыс ойындарының, құрылыс дағдылары мен еңбек ету қабілеттерін дамытуға бағытталған дидактикалық жаттығулардың жүйесін жасады.
С.Л.Рубинштейннің пікірінше ойын негізінде адамның барлық психикалық қабілеттері қалыптасады, баланы ересек өмірге дайындайды. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен қарым-қатынас жасайды.
Ойын көп қырлы, сондықтан зерттеушiлер әр түрлi жақтардан қаралады. Ойынды былай түсiндiредi:
- белсендiлiктің негiзгi түрі(П.П.Блонский);
- белсендi оқу және тәрбие формасы (Е.С.Махлах, М.Г.Яновская);
- дербес ойын іс-әрекеті (А.С.Спиваковская, Н.В.Самоукин);
- шығармашылық процестердi дамудың тәсiлi (Ю.К.Бабанский, Л.С.Выготский);
- танымның ерекше пiшiнi (формасы) (Д.Б.Эльконин);
- сөйлеу қызметтiң дамуы құралы (К.В.Мальцево, Г.С.Швайко) сөйлеу;
- өздiгiнен тәрбие, бекiтудiң құралы (Д.В.Менджерицкая, И.Б.Первин).
Ойын - өз алдына оқыту үрдісі, жеткіншектерді еңбекке дайындаудың белсенді құралы. Ойын сабақтары түрлерін таңдап алу, оны жүргізу мұғалімнен үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді.
Мектеп оқушыларының мектепке келгенге дейінгі әрекеті ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу(таным) әрекетіне бейімделуі тиіс. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни оқушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет.
Ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі бар:
Сурет 1.
-
Педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес ойын түрлері
|
Білім беретін
ойындар
|
|
Тәрбиелейтін ойындар
|
|
Дамытатын ойындар
|
|
Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар
|
|
Диагностикалық ойындар
|
Педагогика ғылымында танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері былай бөлінеді: Сурет 2.
-
Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері
|
Балалардың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар
|
|
Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар
|
|
Қайта жасау іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар
|
|
Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағытталған ойындар
|
|
Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар
|
Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі - дидактикалық ойындар. Олар:
1. Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, қарапайым жұмбақ арқылы беріледі.
2. Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды.
3. Ойын-болжамдар. Бұл ойындар «не болар еді...?», «Мен не істер едім, егер....» деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюымен ерекшеленеді.
4. Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі-логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
5. Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа негіз болады. Ойынның құндылығы балаларды эмоционалдық түрде белсендіруге, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады.
Кейбір зерттеушілер сонымен қатар ақыл-ой дамуының көрсеткіштерін қарастырады:
- оқушының мұғалімге қоятын сұрақтары (В.Н.Пушкин, Т.И.Шамова, В.И.Антипова, Г.А.Бокарева);
- қателерді анализдеуге бейімділігі, сынаушылық (В.Ф.Сибирякова);
- білімді басқа салада қолдана білуі (В.Н.Пушкин);
- алынған білім мен дағдыға сүйене білуі;
- сыныптағы көпшілік жұмыстарына қатысуы (Л.М.Зюбин);
- құбылыстық себебін білуге талпыну (Г.И.Шамова);
- пән бойынша қосымша дайындалуы: газет және журнал оқуы (В.И.Антипова, Г.А.Бокарева, В.С.Ильина).
Д.Б.Богоявлинская мен И.А.Петухова таным іс-әрекетінің сипатына байланысты интелектуалды белсенділіктің деңгейін анықтайды:
1.Репродуктивті интелектуалды белсенділіктің жоқтығымен, пассивтігімен, интерттілігімен сипатталады;
2.Эвристикалық, танымдық іс-әрекетін дамытуға талпынумен ситатталады;
3.Креативті міндет қоя білу, себеп-салдарын, байланысын білуге талпынумен сипатталады.
Сонымен қатар таным қызығушылығы бүгінгі күні оқыту процесінде ерекше орын алады.
Психолог пен педагогтар таным қызығушылығын жан-жақты қарастырады:
- қызығу адамның зейінінің, ойының таңдамалы бағыттылығы (Т.Рибо, Н.Ф.Добрынин, С.Л.Рубинштейн);
- қызығу ақыл-ой және сезімталдық белсенділігі (Б.К.Стронг, С.Л.Рубинштейн);
- қызығу әртүрлі сезімдердің активаторы (Д.Фрейд), баланың сезімталдығының көрсеткіші ( Ш.Бюлер);
- қызығу сезімталдық-еріктік және интелектуалды процестердің қоспасы (Л.А.Гордон);
- қызығу қажеттіліктерден тұратын құрылым (Ш.Бюлер).
Г.И.Щукина қызығуды бірнеше түрлерге бөледі:
- адамның психикалық процестерінің қоршаған орта объектілеріне және құбылыстарына таңдамалы бағыттылығы;
- жеке адам белсенділігінің қоздырушысы, соның әсерінен бүкіл психикалық процестер интенсивті жүрсе, іс-әрекет жемісті болады;
- қоршаған ортаға оның объектілеріне, құбылыстарына, процестеріне ерекше таңдамалылық.
Таным қызығушылығы оқу іс-әрекетінің түрткісі. Педагогикалық-психологиялық зерттеулерге сүйенсек, танымдық қызығушылық әртүрлі пәннен білім алу барысында қалыптасады. Сондықтан оны дамыту осы пәндер бойынша білім мазмұнын ашуда дидактикалық ойындарды тиімді қолданылуына тікелей байланысты. Бастауыш мектептің оқу мазмұны оқушылардың білім, білік, дағдысын, құзыреттілігін қалыптастыру көзделіп, танымдық қызығушылығын, шығармашылық ойлауын, өздігімен білім алуын, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі дамытуға бағытталуы тиіс.
Сондықтан оқу үрдісінде дидактикалық ойындарды пайдалануда жүйелілік, бірізділік, лайықтылық, теория мен практиканың байланыстылығы, пәнаралық байланыс, жағымды мотивация және оқытуда эмоционалдық ахуал құру қағидалары ескеріледі. Сондықтан осы қағидалардың негізінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы дидактикалық ойындарды пайдалану тиімділігі мына көрсеткіштер бойынша анықталады:
пән бойынша берілетін ойындар оқушының қызығушылығын тудыру үшін бір жағынан жаңа біліммен, екіншіден өткен тақырыптармен байланысты болуы тиіс;
оқу мазмұнындағы жаңалық – бұл оқушының әуестігі мен білуге құштарлығын оятады және бірте-бірте танымдық қызығушылықты қалыптастырады. Адамның белсенді бағдарлану үдерісімен бірге жүретін таң қалу, күтпеген нәрселердің болуы да бала үшін маңызды болып табылады. Оқу материалының жаңалығы оқушыларға жағымды эмоция тудырады. Оған жаңа деректер, мағлұматтар, теориялар, бұрын оқушылар күтпеген жаңалықтар жатады;
оқу мазмұнымен байланысты білім мазмұнының тарихи жаңалықтарды қамтуы. Танымдық қызығушылықтың дамуы жаңа материалға, тарихи жаңалықтарға сүйенетіндіктен, балалар сабақта өздерінің нені үйреніп жатқандығын саналы түрде сезінеді, жаңа мәліметтерді іздеуге ұмтылысы, ынтасы артады, ғылыми танымға жақындайды;
оқушыларға оқу мазмұнымен байланысты қазіргі ғылым жетістіктерінің болуы да танымдық қызығушылықты қалыптастыру үшін маңызды. Сонда ғана оқушы ақпараттың күрделілігін, қарама-қайшылығын айқындай отырып, оның нәтижесінен ізденудің, еңбектенудің, алдына қойған мақсатына жетудің қажет ететіндігін түсінеді;
білімнің өмірдегі практикалық құндылығы, ғылымды практикада қолдану қажеттілігін білуі және оны жүзеге асыруға ұмтылысы анықталды.
Дидактикалық ойынның сабақ барысындағы басты мақсаты - білім беруді ойынмен ұштастыру. Оқушының ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда жәй әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушы:
- қисынды ой-қабілетін дамытады;
- өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;
- есте сақтау қабілеті дамиды;
- зейіні қалыптасады;
- байқампаздығы артады;
- ойынның ережесін бұзбау, яғни тәртіптілікке үйренеді;
- бір-біріне деген сенімдері артады, достыққа, ынтымақтастыққа баулиды;
- ең бастысы сабаққа қызығушылығы артады.
Бүгінгі күн талабына жауап бере алатын дидактикалық орта әртүрлі жаңа технологиялар және ақпараттар легі толассыз жаңа нәтижеге ұмтылған инновациялық орта болып табылады. Ал дәл осы ортаны жасақтау қажеттігі келесі әлеуметтік және педагогикалық қажеттіліктермен сипатталады:
- оқушының оқу әрекетінің және жеке өз өмірінің толық дәрежелі субъектісі ете отырып, рөлін күшейту;
- оқушыда толассыз ақпарат әлемінде өзін-өзі ұйымдастыратын іс-әрекеті субъектісі сапаларын дамыту: нақты нәтижеге жеткізетін мақсат қоюда, өз әрекетін жүйелі жоспарлауда және оны жүзеге асыруда;
- оқу іс-әрекеті құралдарын, тәсілдерін, формаларын (жеке, топтық немесе ұжымдық) таңдау мүмкіндігі, өз бетіншелігі;
- оқушының іс-әрекетінде субъектілік тәжірибесінің өзектеніп, басым мәнге ие болуы;
- қазіргі ақпараттық технологияларды өз қажетіне қарай күнделікті тұрмыста еркін қолдана алудың өзектенуі.
«Дүниетану» оқу пәнінің жалпы мақсаты бастауыш білім беру деңгейінде білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық құндылық ретінде табиғат, адамды қоршаған әлеуметтік орта, табиғат пен қоғамның бір-бірімен байланысы және өзара тәуелділігі түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру.
Дидактикалық ойындарды оқыту мен тәрбие құралына айналдыру үшін бірқатар әдістемелік талаптардың қатаң сақталуы тиіс:
1. Тәрбиеші ұлттық дидактикалық ойындардың неғұрлым көп түрін білуі тиіс.
2. Дидактикалық ойындарды балалардың жас ерекшеліктеріне және қызығушылығына байланысты іріктей білу.
3. Ойын ережесін өзі жете біліп, балаларға да түсінікті етіп жеткізе білу.
4. Барлық ойындардың тәрбиелік мақсатын анықтап алу.
5. Ойын барысында ережені сақтауды қатаң түрде қадағалау.
6. Ойынға арналған құрал-саймандарды даярлау. Қажет болған жағдайда өз қолымен даярлау немесе басқа құралдармен алмастыру.
Дүниетану сабақтарында ойын технологиясымен оқыту шеңберін жүзеге асыруға негізделген негізгі міндеттер:
-өзіндік жұмыстың дағдысын дамыту мен бекіту
-жағымды ойлай білу ептілігі
-өзара әрекет етуді ұйымдастыру
-шешімді қабылдау және оның орындалуын ұйымдастыру.
Дидактикалық ойын арқылы балаларда табиғатқа және әлеуметтік ортаға деген ғылыми-танымдық, эмоциялы-адамгершіліктік қатынастарды қалыптастыруға болады. Ойын оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырудың маңызды құралы. Сондықтан да бастауыш сынып оқушылары сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Яғни, алты жасарлармен ойналатын ойынның мазмұны жеңіл болады, ал сыныбы жоғарылаған сайын, яғни екінші, үшінші, төртінші сынынтарда бұл ойынның мазмұны күшейеді.
Дүниетану пәні сабақ жоспарларын үш саты бойынша құрауға болады. Әр кезең «стратегиялар» арқылы жүзеге асады. Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне тоқталып өтейік.
Бірінші кезең – қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады.
Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі және т.б. талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы аршылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы білімімен ұштастырады.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану(түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құрауға дағдыландырады.
Тақырып туралы ой толғаныс - бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Осылайша таным қызығушылығын дамытуда дидактикалық ойындар қолданылатын сабақтар оқушыларға мынандай мүмкіндіктер береді:
- айқын мақсат қоя білу;
- белсенді қатысуды қолдау;
- жақсы дискуссияның болуына себеп тудыру;
- өзінің жеке сұрақтарын құрастыру мен қоюға деген ынталарын жандандыру;
- өзінің жеке пікірі мен ойын білдіруге көмектесу;
- оқуға деген оқушылардың мотивацияларын қолдау;
- басқалардың пікірлерін де сыйлау керек деген атмосфера құру;
- кейіпкерлерге деген сезімдері мен елестету қабілеттерін дамыту;
- өзгеруге стимул болады;
- сыни ойлауды дамытуды жоғары деңгейде қамтамасыз етеді.
Зерттеулерді талдау негізінде оқыту үдерісіне дидактикалық ойындарды сауатты жоспарланған педагогикалық үдерісте бастауыш сынып оқушысының жас ерекшелігіне сай, психикасы мен денсаулығына кері әсері болмайтындай қолдану керек. Мұндай тұжырым, бастауыш мектептегі оқу үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын туғызатындай ұйымдастыруды ойындарды қолданудың дидактикалық алғышарттарын құруды талап етеді. Дидактикалық шарттар – мақсатқа бағытталған сұрыптау, құрастыру және мазмұн мен әдістерді қолданудың нәтижесі болып табылатын оқыту үдерісінің жағдайы, сонымен қатар арнайы дидактикалық мақсатқа жетуге бағытталған оқытуды ұйымдастыру формасы. Эксперимент барысында балалардың сабақ барысындағы өнімді жұмысының төрт деңгейін анықтадық:
1 деңгей- берілген үлгі бойынша оқушылардың жұмыс істеуі. Бұл деңгейде балалардың өз бетінше жұмыс істеуге дайындығы жүреді.
2 деңгей- репродуктивті - зерттеу объектісінің әртүрлі қасиеті жөніндегі хабарламаларды қайта жаңарту. Бұл жерде оқушы таным іс-әрекетінің жолдары мен әдістерін жалпылай басталады.
3 деңгей- жемісті іс-әрекет, алынған білімді өз бетінше үлгіден тыс орындауға тырысу. Ойлау операцияларының белгілі дағдылары және талабы қажет.
4 деңгей- өз бетінше іс-әрекет, алынған білімді жаңа жағдайларда пайдалана алу.
Таным қызығушылығын қалыптастыру процесінде біз оқушылардың үлгерімін қадағаладық.
Зерттеудің бірінші сатысында: 1) таным қызығушылығын қалыптастыруға қажетті жағдайды анықтадық; 2) балалардың таным қызығушылығының деңгейін анықтадық; 3) балалардың үлгірімін қадағаладық.
Зерттеу барысында Г.И.Щукинаның «Методика с конвертами» әдістемесін пайдаландық.
Зерттеу жұмысын жүргізу және жеке тәжірибе негізінде бастауыш сынып оқушыларының таным қызығушылығын қалыптастыруға байланысты 3сыныпта эксперимент жұмысын жүргіздік.
Кесте 1 - Таным қызығушылығын қалыптастыру критерийлері мен деңгейлері
|
деңгейлері
|
критерий
|
1
|
Ұйымдастыру-сапалық деңгейі
|
|
1.Репродуктивті
|
а) іс-әрекет нашар ұйымдастырылған
б) жүйе элементтерімен байланыс әлсіз
в) процес сатылары арасындағы байланыстың жоқтығы
г) білімді көтеруге ұмтылыстың жоқтығы
|
|
2. Жартылай-ізденіс
|
а) процесті ұйымдастырудың мақсатының жоқтығы
б) элементтер арасындағы жүйесіз байланыс. в) процесте байланыс барлық уақытта болмауы
г) білім көтеруге ұмтылыстың жоқтығы
|
|
3. Шығармашылық
|
а) ұйымшылдық және мақсаттылық
б) жүйе элементтері арасындағы жоспарлы байланыс
в) процес сатылары арасындағы байланыс
г) оқытуда өзіндік білім алуға көшуі
|
2
|
Сапалы көрсеткіш деңгейі
|
|
1.Репродуктивті
|
а) әлеуметтік-бағыттың жоқтығы
б) еңбексүйгіштіктің жоқтығы, енжарлық
в) таным қызығушылығының жоқтығы
|
|
2. Жартылай-ізденіс
|
а) әлеуметтік-бағыттың әлсіздігі
б) еңбексүйгіштіктің жеткілікті дамымауы
в) таным қызығушылығының жеткілікті дамымауы
|
|
3. Шығармашылық
|
а) әлеуметтік-бағыттың болуы
б) еңбексүйгіштіктің және белсенділіктің болуы
в) таным қызығушылығының болуы
|
3
|
Интегративті-тұлғалық деңгейі
|
|
1.Репродуктивті
|
а) дүниетаным принциптерінің жоқтығы
б) әлеуметтік білім маңыздылығының жоқтығы
в) оқу процесіндегі өз бетіншеліктің жоқтығы
|
|
2. Жартылай-ізденіс
|
а) дүниетаным принциптерінің жетіспеуі
б) әлеуметтік білім маңыздылығының жетіспеуі
в) оқу процесіндегі өз бетіншеліктің жетіспеуі
|
|
3. Шығармашылық
|
а) дүниетаным принциптерінің болуы
б) әлеуметтік білім маңыздылығының жоғары болуы
в) оқу процесіндегі өз бетіншелік
|
Қарастырылған таным қызығушылығының деңгейі анықталды.
Кеспе 2 - Таным қызығушылығының калыптасу деңгейін анықтау
деңгей
|
критерий
|
Нөлдік деңгей
|
Танымдық инерттілік, тапсырманы орындау талабының жоқтығы, еріктің жоқтығы білімге ие болуда. Жұмысын тек 30% төмен орындайды.
|
Төменгі деңгей
|
Мақсатка бағытталмаған материалды түсінуге талпыныс, алынған дағдыны пайдалануға талпыну, жұмыстың 50%-ы орындалған. Танымдық белсенділік сырт күштері әсерінен пайда болады.
|
Орта деңгей
|
Материалды тануға ұмтылып, осы дағдыны тапсырманы орындауда қолдануға талпынады. Тапсырманың 51-58% орындап, оқу материалын игеру керек екендігін оқушы жақсы түсінеді.
|
Жоғарғы деңгей
|
Мақсат қойған, тұрақты материалды игеруге талпыныс. Тапсырманы орындау көлемі 85% жоғары. Өз бетінше орындауға тырысады.
|
Бастауыш мектептегі білім беру процесінде жүзеге асырылған бағдарламалар бойынша білім алып, іскерлігі шыңдалған бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиелілігі деңгейі арнайы жасалған модель арқылы зерттелді. Модель мотивациялық-құндылық, эмоционалдық-сезімдік, іс-әрекеттік компоненттерді, өлшемдер мен көрсеткіштерді қарастырады және деңгейлерді анықтайды(Кесте 4).
Жоғарғы деңгей: табиғатты қорғау жұмыстарының мазмұнын түсінеді, ойын еркін жеткізе біледі, халық фольклоры жанрларын табиғаттың әсем көрінісін эмоционалдық сезіммен, қызығушылықпен қабылдайды. Қоршаған орта мен табиғатты қорғауға байланысты меңгерген білімін іс-әрекетте белсенді пайдаланады, қоршаған орта, табиғат мәселелерін талдауда өзінің көзқарасын сенімді дәлелдей алады.
Орта деңгей: табиғатты қорғау жұмыстарының мазмұнын біледі, түсіндіре алады, халық фольклоры жанрларына, табиғат көріністеріне қызығады, табиғатты қорғауға байланысты меңгерген білімін іс-әрекет түрлерінде пайдалануда қоршаған орта, табиғат мәселелеріне мұғалімнің көмегімен талдау береді, өзінің пікірін ашық көрсете алмайды.
Төменгі деңгей: табиғатты қорғау жұмыстарының мазмұнынан түсінігі нашар, халық фольклоры жанрларына, табиғат көріністеріне қызықпайды, табиғатты қорғауға байланысты жүргізілетін мәселелерге талдау бере алмайды, меңгерген білімін іс-әрекетте пайдалануға құлқы жоқ.
Тәжірибелі-эксперимент жұмысы бастауыш сыныптарында үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) жүргізілді. Экспериментке 10 мұғалім мен 26 бала (3 сынып оқушылары) қатысты.
Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиелілігінің төмен деңгейде болуы, бізге мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік даярлығын және экологиялық білім, іскерлік, дағды деңгейлерін тексеруге түрткі болды. А.П.Усова белгілеген өлшемдердің негізінде жүргізген сауалнама нәтижесі:
- бастауыш сынып оқушыларының экологиялық белсенділігін дамытуға дұрыс көңіл бөлінбейтіндігін;
- бүгінгі таңдағы экологиялық тәрбие жұмысының қажеттілігін түсінбеуі мен бұл бағыттағы ғылыми негізделген ұсыныстардың әлі де болса жеткіліксіз екендігін байқатты.
Қалыптастыру экспериментінің кезеңінде балалардың дүниетану сабағында алған табиғат жөніндегі түсінігін жетілдіру, табиғатқа деген аялы көзқарастары мен іс-әрекет дағдыларын дамыту, мінез-құлық ережелерін орындай білу мақсатындағы жұмыстар әрі қарай жалғастырылды. Балалардың осы кезеңдегі психологиялық, физиологиялық жас ерекшеліктері мен табиғатты эмоционалды тұрғыда сабақтастықта қабылдау мүмкіндіктеріне, оларға деген сезіміне аса назар аударылды.
Осы кезеңде жүргізілген аралық кесіндінің нәтижесі біріншіден, олардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отыратынын, екіншіден, ұсынылған материалдардың қызықтылығын, үшіншіден, теориялық түсініктің практикамен ұштастырылатынын, төртіншіден, өтілетін тақырыптың өтілген тақырыппен байланыстылығын көрсетті. Оны дүниетану сабақтарындағы «Ағаштарға қамқорлық», «Құстар әлеміне саяхат» тақырыптарына өтілген экологиялық сабақтарының мазмұны растайды. Егер отбасында балалар өлі және тірі табиғат жөніндегі қарапайым ұғымдарды меңгеріп, үй жануарлары мен өсімдіктеріне қамқорлықпен қараудың қажеттілігін түсініп, ол бағыттағы қарапайым іс-әрекет түрлерін игерсе, мектепке келгенде қоршаған орта жөніндегі жалпылама түсініктері нақтыланып, бекітіліп, табиғатқа деген қамқорлық қарым-қатынасы артып, табиғат бұрышындағы пайдалы іс-әрекет түрлерін атқара білетін болды.
Балалардың экологиялық тәрбиелілігі «Экологиялық әліппедегі» (жаттығуларды орындау, сөйлемдерді аяқтау, сонымен бірге жетпейтін суретті толтыру, суретті ретімен орналастыру, жекелеген экологиялық тапсырмаларды орындау, т.б.) «Қыстап қалатын құстарға қандай көмек көрсетуге болады?», «Ағаш дәрігері деп аталатын қандай құсты білесің? Не себепті олай аталады?», «Суды үнемдеудің қандай жолдарын білесің?» т.б. сұрақтарға берілген жауаптар арқылы бағаланып отырды.
Дидактикалық ойындар - сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қай түрі болса да, оқушыларды өзіне тартып әкететіні белгілі. Оқушылардың пәнге қызығуын шығармашылықпен ойлауын және білім сапасын арттыруда сабақта қолданылатын ойын элементтерінің рөлі зор. Сонымен катар оқу процесіндегі пайданған дидактикалық ойындарды төмендегі жағдайға сәйкестендірдік:
1) әрбір жаңа тақырыпты оқыту барысында оқушылардың алдына танымдық, проблемалық мақсаттар қою;
2) қалған басқа тақырыптарды өткізуде танымдық, проблемалық, зерттеу, оқу мақсаттары жүйелі түрде қойылуы;
3) әрбір танымдық мақсат келесімен өзара байланыста болуы;
4) мақсат жүйесі анық, мұғаліммен оқушыларға түсінікті;
Сабаққа қойылатын негізгі талаптар мыналар:
- оқу мақсаты нақты бола отырып оның шешімін жобалай ала отырып, басқа да мақсатарды қолдана алатын болуы керек;
- оқу материалын ұйымдастыруда қалыпты немесе танымдық бағыттағы есептер пайдалануы керек;
- танымдық есептер тек кана жүйелеуге ғана емес, жалпылауға бағытталуы керек. Сондықтан да жалпылама білімді қалыптастыруда жалпы және ерекше жақтарын жобалай білу керек;
- оқушылар алған білімдерін бағалай және сын көзбен қарай алатын болуы керек.
Ойындарға материалды таңдап алуда біз төмендегідей жайттарды есепке алдық.
1) Ойындарды пайдалануға оқу материалы мазмұнының мүмкіндіктері;
2) Білім көлемі мен сипаты, оларды меңгерудің қолайлығы;
3) Таным қызығушылығын қалыптастырудың алғышарттары.
Ойынның құрамына қойылатын талаптар, ойынның мақсаты, мазмұны және формасы арқылы анықталады. Бұл жағдайда ойынға қатысты әрбір озат оқушыларға жақсы таныс болуы керек.
Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру мен жүргізу педагогикалық тұрғыдан бірқатар шарттарға байланысты:
1. Ойынның сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкестігі.
2. Ойындардың мазмұны мен формасына қарай әртүрлілігі.
3. Ойынның балаларға түсінікті және тартымды болуы.
4. Ойынға қатысушылардың белсенді шығармашылық позициясы.
5. Ойынның эмоционалды болуы.
Осы шарттардан ойынды ұйымдастыруға мынадай әдістемелік талаптар қойылады.
1. Ойынның мақсаты және керекті көрнекті құралдар мен материалдар күні бұрын дайындалып отыруы тиіс.
2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілуі қажет.
3. Ойынға сыныптағы оқушылардың барлығының қатысуын қамтамасыз ету керек.
4. Оларды ойын үстінде ойлай білуге, шешім қабылдай білуіне жетелеу керек.
Ойындардың жіктемесін жасауда біз оқытудың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарына жетуге бағытталған мазмұндық мотивациялық аспектісін негізге алдық.
Сонымен, дүниетану сабақтарында мынадай жұмыс түрлері пайдаланылады:
- танымдық сипаттағы көркем мақалалар;
- қызықты тапсырмалар: жұмбақтар,сөзжұмбақтар,сканвордтар, ребустар, мақал-мәтелдер;
- проблемалық сұрақтар мен тапсырмалар;
- материалдың қоршаған ортамен байланысы, байланыстың бақылаулар мен тәжірибелерге негізделуі;
- дидактикалық ойындар «Жануарлар бағы», «Ботаникалық бақ», т.б.;
- тәжірибелер, бақылаулар, практикалық жұмыстар;
- көрнекі материалдар.
Дүниетануды оқыту процесінде жұмыстың әр түрін пайдалану бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырумен қатар, олардың экологиялық сана-сезімін дамытуға септігін тигізеді. Осының негізінде дүниетану сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін төмендегідей жұмыс түрлері пайдаланылады:
Бұл дидактикалық мақсаттағы ойындар - оқушылардың жан-жақты дамуына қызмет етеді. Олар сөздік ойындар, столда ойналатын ойындар, «Жұп картинкалар», «Лот», «Домино» балалардың ойлау қабілеттерін дамытады.
Экологиялық мазмұндағы ойын сабақтары - экологиялық білім беруге және соған сәйкес педагогикалық қорытынды жасауға бағытталған іс-әрекет.
Бұл сабақтардың мақсатты бағыттылығының спектірі әртүрлі:
- дидактикалық- оқушылардың табиғатқа және қоршаған ортаға деген көзқарастарын кеңейтіп, табиғатты қорғауға қажетті практикалық іс-әрекеті жөніндегі дағдыны қалыптастырады;
- тәрбиелік- табиғатқа деген адамгершілік-этикалық позициясын, дүниетанымын қалыптастырады, ұйымшылдыққа, ұжымға тәрбиелейді;
- дамытушылық- ес, зейін, ойлау, қиял, шығармашылық қабілеті, симпатиясы, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын таба білу сияқты дағдысы дамиды;
- әлеуметтену- табиғатта және қоршаған ортада өз-өзін ұстай білуге үйрету; табиғат ортасына бейімделу.
Зерттеу жұмысымыздың үшінші сатысында қолданған дүниетану сабақтарында қолданған дидактикалық ойындарымыздың, оқушылардың таным қызығушылығын және экологиялық сана-сезімін қалыптастыруға қаншалықты көмектескендігін білу үшін тағы да бірінші сатыдағы әдістемені пайдаланып зерттеу жүргіздік.
Зерттеу корытындысы мынадай:
Кесте 3 - Оқушылардың танымдық дағдыларының қалыптасуы (3 саты)
|
Оқушы
саны
|
Жалпылама таным дағдысының қалыптасу деңгейі
|
А
|
В
|
С
|
Д
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
ТД1
|
26
|
2
|
7,59
|
5
|
19,23
|
14
|
53,85
|
5
|
19,23
|
ТД2
|
26
|
2
|
7,59
|
6
|
23,03
|
13
|
50,00
|
5
|
19,23
|
ТД3
|
26
|
3
|
11,54
|
5
|
19,23
|
13
|
50,00
|
5
|
19,23
|
ТД4
|
26
|
5
|
19,23
|
4
|
15,38
|
12
|
43,3
|
5
|
19,23
|
Мұнда:
ТД1 – анализдеу, синтездеу, салыстыру дағдысы;
ТД2 – бастыны бөле алу дағдысы;
ТД3 – жалпылай алу дағдысы;
ТД4 – себеп-салдар байланысын анықтай алу дағдысы.
А – нөлдік деңгейі танымдық дағдының қалыптасуының;
В – төменгі деңгейі танымдық дағдының қалыптасуының;
С – орташа деңгейі танымдық дағдының қалыптасуының;
Д – жоғарғы деңгейі танымдық дағдының қалыптасуының.
Кесте 4 - Оқушылар улгерімі (3 саты)
|
Оқу
шы
саны
|
Оқушылар үлгерімі
|
А
|
В
|
С
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
1 сынып
|
26
|
4
|
15,38
|
12
|
46,16
|
10
|
38,46
|
Кесте 5 - Оқушылардың танымдық қызығушылығының қалыптасу деңгейі (3 саты)
|
Оқушы
саны
|
Жалпылама таным қызығушылығының қалыптасу деңгейі
|
А
|
В
|
С
|
Д
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
3сынып
|
26
|
3
|
11,59
|
5
|
19,23
|
13
|
50,0
|
5
|
19,23
|
Жалпы қорытынды бойынша эксперименттің соңғы сатысында бастауыш сынып оқушыларының таным қызығушылығының деңгейі орташа. Нөлдік және төменгі деңгейдегі оқушылардың саны – 8.
Оны эксперименттің басы мен соңындағы дүниетану сабақтарында білім беру процесіндегі дидактикалық ойындарды пайдалану нәтижесі бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиелілігі компоненттерінің даму деңгейінің көрсеткіштерінен және экологиялық тәрбиелілігі деңгейінің қорытынды динамикасынан көруге болады.
Қорытынды нәтижесі бойынша: егер анықтау эксперименті барысында эксперимент тобында төмен деңгейді көрсеткен оқушылардың саны пайызға шаққанда 50% болса, эксперимент соңында төменгі деңгейді көрсеткен оқушы саны 11,5%, орта деңгейдегі 34,6% болса, соңында 53,7%-ға көтерілді, жоғары деңгейді алғашында 15,4% оқушы көрсетсе, соңында олардың саны 34,6%-ке жетті.
Сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімдерінің де эксперименталдық жұмыс қорытындысының негізінде экологиялық білім деңгейін тексердік. Эксперимент басында төменгі деңгейде 10% мұғалім болса, соңында төменгі және орта деңгейді ешкім көрсеткен жоқ. Жеткілікті деңгей басында 40% болса, соңында 50% болды. Жоғарғы деңгей басында 30% болса, соңында 50% болды.
Сонымен, педагогикалық эксперимент жұмысы табиғаттану пәні барысында білім беру процесіндегі бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиелілігі моделінің, оның өлшемдері мен көрсеткіштерінің, деңгейлерінің дұрыстығын және тиімділігін дәлелдеді.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстар тізімі:
1. Использование игровых технологий в процессе ознакомления младших школьников с окружающим миром // Современые гуманитарные исследования.–2013.-№2.- С.79-82.(Л.Д. Жамансариевамен бірлестікте).
АМИРОВА АЙНАШ БЕКБОЛАТОВНА
Педагогико-психологические основы использования дидактических игр на уроках познания мира
РЕЗЮМЕ
реферата на соискание академической степени магистра педагогических наук по специальности 6М010200-Педагогика и методика начального обучения
Актуальность темы. Социально-политические и технологические преобразования современного общества Казахстана обуславливает необходимость применения новых подходов и методик в сфере воспитания и обучения подрастающего поколения. В формировании знаний и навыков школьников младших классов ведущую роль играют дидактические игры. В преподавании дисциплины «Познание мира» в начальных школах наблюдается противоречие между необходимостью развития экологического самосознания и познавательного интереса учеников и не разработанностью теоретических обоснований методик их применения. Таким образом актуальным является проблема развития познавательного интереса, экологического самосознания в процессе преподавания дисциплины познание мира в начальной школе с использованием дидактических игр.
Цель исследования. Определение и разработка методики организационных, педагогических, дидактических условий развития познавательного интереса, экологического самосознания у школьников через использование дидактических игр на уроках познания мира в начальной школе и проверка ее на практике.
Предмет исследования. Методика использования дидактических игр на уроках познания мира в начальной школе.
Методы исследования: В исследований применялись теоретические (моделирование, сопоставительный и индуктивно-дедуктивный анализ), эмпирические (опрос, контроль, педагогический эксперимент, обобщение передовых педагогических опытов), социологические (анкеты)и математико-статистические методы, а также осуществлен анализ, изучение, обобщение практики субъектов системы образования и проведены методико-практические работы.
В качестве экспериментальной базы исследования использовалась средняя школа №235 г. Кызылорда.В эксперименте участвовали 26 учеников 3 класса данной школы.
Научная новизна и результаты исследования.
Установлены теоретико-методические основы использования дидактических игр в качестве инструмента развития мышления у учеников, дана оценка современному состоянию использования дидактических игр на уроках познания мира, установлены недостатки и трудности применения игр и их причины.
Дидактическая игра обоснована как инструмент развития мышления у учеников начальной школы, установлены особенности выполняемых функции, их роль в повышений творческой деятельности учеников.
Разработана методика использования дидактических игр на уроках познания мира в начальной школе в качестве инструмента развития познавательного интереса и экологического самосознания.
Структура диссертации. Работа состоит из введения, двух разделов, заключения, списка использованной литературы, приложения.
AMIROVA AYNASH BEKBOLATOVNA
Pedagogical and Psychological Basics of Didactical Games’ Application
at the Lessons of “Knowledge of the World”
SUMMARY
of the abstract for the academic degree of Master of Pedagogical Sciences on specialty 6M010200-Pedagogics and Methods of Primary Education
Relevance of the topic. Socio-political and technological transformations of modern society in Kazakhstan cause necessities of new approaches and techniques in the field of education and teaching of the younger generation. In the formation of knowledge and skills of primary
schoolchildren the leading role is dedicated to didactical games. In teaching the discipline “Knowledge of the World” in primary schools there is a contradiction between the need for the development of environmental consciousness and cognitive interest of schoolchildren and non-developed theoretical justification of methods of their application. Thus, it proves the actuality of the problem for development of cognitive interest, environmental consciousness in the process of teaching the discipline “Knowledge of the World” in primary schools with didactical games.
The aim of study. It involves identification and development of methods for organizational, pedagogical and didactic conditions of cognitive interest development, environmental awareness of schoolchildren through the use of didactical games in the classroom of “Knowledge of the World” in primary schools and testing them in practice.
The subject of study. Methods of using didactical games in the classroom on “Knowledge of the World” in primary school.
Methods: In the research there has been used theoretical (modeling, benchmarking and inductive-deductive analysis), empirical (survey, monitoring, pedagogical experiment, generalization of the best pedagogical experiences), sociological (questionnaires) and mathematical-statistical methods, as well as there has been made analysis, study, generalization of the educational system subjects’ practices and conducted methodical and practical work.
As an experimental base for study there has been chosen the secondary school number 235 in the Kyzylorda city. The experiment involved 26 pupils of the 3rd grade of the school.
Scientific innovation and research results
1. There has been established theoretical and methodological basics of didactic games application as a tool for the development of schoolchildren’s thinking, assessed the current state of didactic games usage in the classroom concerning “Knowledge of the World”, determined shortcomings and difficulties for applying games and their causes.
2. The didactic game has been justified as a tool for development of schoolchildren’s thinking in primary school; there have been identified peculiarities with performing functions, their role in enhancing the creativity of pupils.
3. There have been developed methods of using didactical games in the classroom on “Knowledge of the World” in primary school as a tool for growth of cognitive interest and environmental consciousness.
The structure of the dissertation. The work consists of an introduction, two chapters, conclusion, bibliography, and applications.
Достарыңызбен бөлісу: |