Тақырып 4. Тұрғындарды қорғаудың негізгі принциптері және тәсілдері
1. Төтенше жағдайда халықты қорғау тәсілінің негізгі қағидалары
2. Халықты, қоршаған орта мен ұйымдарды төтенше жағдайлар кезіндегі қорғаудың негізгі принциптері.
3. Халықты қорғаудың негізгі әдістері.
Дәрістің мақсаты:
- тұрғындарды қорғаудың негізгі ұстанымдарын білу;
- ғимараттардың қорғаныс түрлерін топтау және қорғаныс ғимараттарды толықтыруды жүзеге асыруды білуге тәрбиелеу
1. Төтенше жағдайда халықты қорғау, оның әдістері мен тәсілдері
ТЖ кезінде халықты қорғау дегеніміз – бұл адамдардың зардап шекпеуін болдырмау немесе зақымдаушы факторлардың әсер ету дәрежесін максималды төмендету мақсатында жүргізілетін кешенді іс-шаралар.
Халықты қорғау қағидасы – бұл бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда халықты қорғау тәртібін анықтайтын ҚР Үкіметі белгіленген ережелер.
Адамдардың қауіпсіздігін қамсыздандыру бейбіт және соғыс уақытындағы ТЖ жағдайында халықты қорғау бойынша Республикамызда жүргізілетін барлық шаралардың аса маңызды мақсаты болып табылады.
Төтенше жағдайларды ескерту және іс-әрекеттер жөніндегі Республикалық жүйенің өзіне жүктелген міндеттерді орындауғы даярлығы түпкілікті нәтижеде оның осы мақсатқа жету қабілетін анықтайды, қазіргі уақытта адамзаттың алдында соғыс қатерінен басқа ғаламдық қауіп – экологиялық апат қауіпі өткір тұр: ауа ластанған, өзендер мен көлдер қышқылды жауындармен уланған, топырақ бүлінуде, ормандар құруда өсімдіктер мен хайуанаттардың жекелеген түрлері жойылуда.
Адам өміріне қауіпті заттарды пайдаланатын және өндіретін объектілер бір жерге шоғырлануда. Бұл объектілердегі авария салдарын осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану салдарымен салыстыруға болады.
Республика аумағында атом энергетикасы, химия өнеркәсібі объектілері мен өзге де объектілер орналасқан, мұндағы авариялар үлкен адам құрбандықтарымен, материалдық залалмен қатар елеулі экономикалық салдарға да ұшыратуы мүмкін. Осы жағдайлар мемлекеттік, әскери және шаруашылық органдары тарапынан АҚ мәселелеріне, халықты сенімді қорғау мен шаруашылық объектілерін сақтау, басқару жүйесінің мү*- м-щдлблтіксіз жұмыс істеуі жөніндегі міндеттерді шешуде жаңа ұстанымдарды қажет етеді.
Бейбіт уақыттағы ықтимал төтенше жағдайды, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының даму бағыты мен оларды қолдану туралы көзқарастарды ескере отырып, халықты қорғаудың негізгі принциптері мен әдістерін іске асыру, халықтың сенімді қорғалуын дәйекті көтеруді қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |