Қр дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» кеақ



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет50/50
Дата26.05.2018
өлшемі5,03 Kb.
#17874
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50

- Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне ... . 
- Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне ... . 
- Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне .... . 
- Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне ..... . 
- Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне...... . 
- Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне..... . 
- Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне .... . 
- Мен тым толықпын, оның есесіне.... . 
- Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне ... . 
- Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне ... . 
- Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне ..... . 
Рахмет сіздердің бойларыңыздағы асыл қасиеттердің бар екенін жәнеде 
өздеріңізді жоғары бағалайтындарыңызды көрсете білдіңіздер. Биіктерден 
көріне беріңіздер. 
УІІ. «Күннің шуағы» тренинг  
1. «Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі» дегенді қалай бағалап 
түсінесіздер?  
2. Бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізді жазу.  
 
Қорытынды: 
"Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз,  
ойын ойнамағандықтан қартаямыз." 
                                                                                                   Бернард шоу 
Сау дене, азат ақыл, адам көңіл, 
Үшеуімен бақытты болады өмір,- дегендей, өмірге адам болып келген соң
адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен 
қарау – міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, Дені сау адам 
табиғаттың ең қымбат жемісі екенін ұмытпаңыздар! Әрдайым көңілдеріңіз 
көтеріңкі болсын!     
 
Толерантты тәрбие беру және оның әдіс – тәсілдері 
                                                                                     Қызылорда  қаласы 
                                                                            №101 мектеп тәлімгері 
                                                                                Төлеуова  Гүлзира 
 «Мінез  –  құлық  әркімнің  өзін  көрсететін  айна»  деп  ұлы  Гете 
айтқандай,  «Толерантты  тәрбие»    яғни,  мінез  –  құлық  туралы  тақырыпты 
ұсынып отырмыз. 


  
Толеранттылық – сыйласу, әр елдің мәдениетін дұрыс түсіне білу және 
оны  қабылдау.  Толеранттылық  таныту  –  бұл  адамдардың  сырт  кейпіне, 
нәсіліне, 
ұлтына, 
дініне, 
олардың 
әлеуметтік 
жағдайларына, 
қызығушылықтары мен іс – әрекеттеріне қарамай, бөле – жармай сыйластық 
білдіру.  
 
Толеранттылық  –  әлеуметтік  маңызы  бар  мәселе  және  оның  шешімін 
табу жолы – келешек ұрпаққа дұрыс тәрбие мен бағыт – бағдар беру болып 
табылады. 
 
Толеранттылық  деген  сөз  сіздерге  таңсық  болып  отырған  шығар, 
аздаған мәлімет бере кетейін. Бұл сөз ХҮІІІ – ХІХ ғасырларда Франция еліне 
өзінің  данышпандығымен  атын  қалдырған  Талейран  Перигордың  есіміне  
байланысты туындаған.  
Толеранттылық  туралы  жалпы  мәліметтермен  қазір  сіздер    ойындар  мен 
тренингтер арқылы танысып отыратын боласыздар. 
Ертегі: 
Ерте, ерте, ертеде, 
Ешкі жүні бөртеде, 
Керемет  бір  әлемде  Махаббат  деген  қыз  өмір  сүріпті.  Оның  ешқандай 
достары  болмапты.  Махаббаттың  жалғыздықтан  іші  пысып,  еліндегі  ең 
керемет  деген  сыйқыршыға  барып  өзіне  өмірлік  дос  болатындай  біреуді 
тауып беруін сұрайды. Сыйқыршы оған:  
-  Бүгін  ештеңе  де  ойламай  үйіңе  қайт,  ал  маған  ертең  азанда  ерте  күн 
шықпастан жететін бол, - деп жауап қайтарады. 
Махаббат  қуана  –  қуана  үйіне  келеді  және  ертеңіне  таң  атпастан 
сыйқыршыға  жетеді.  Сыйқыршының  қасындағы  сұлулығы  бір-бірінен  асып 
түсетін бес қызды көріп таң – тамаша болады. Сыйқыршы оған: 
-  Мына  қыздарментаныс  бол,  біріншісі  Қуаныш  деген  сұлу,  екіншісі 
Сұлулық,  үшіншісі  Сәттілік,  төртіншісі  Бақыт  және  бесіншісі 
Жақсылық  жеген  сұлулар.  Барлығына  дұрыстап  қарап  ал  да  өзіңе 
өмірлік  дос  таңда,  -  дейді.  Махаббат  қай  қызды  таңдарын  білмей 
аңтарылып ұзақ тұрады. 
Сұрақ: Махаббат өзіне достыққа кімді таңдайды деп ойлайсыздар? 
(қатысушылардың жауаптары таңдалады) 
Ертегімізді  жалғастырайық:  бірі  бірінен  өтетін  сұлу  қыздарға  ұзақ  қараған 
Махаббат  соңында  Жақсылық  атты  сұлудың  қасына  барып  қолын  созады. 
Сөйтіп екеуі айрылмастай дос болады. 
Сұрақ:  неге Жақсылықты таңдады деп ойлайсыздар? 


(қатысушылардың жауаптары таңдалады) 
Ертегіден  түсінгеніміз:   Біз өмірден тек жақсылық жасауды ойлап, барлық 
адамдарға  қамқорлық,  жанашыр  болсақ  Бақыт  та,  Сұлулық  та,  Қуаныш  пен 
Сәттілік  те  өзі  бізді  табады.  Тек  жақсылық  жасау  әркімнің  қолынан  келе 
бермейді,  сондықтан  да  келешек  ұрпағымыз  жасұландықтарды  қайырымды 
болуға, үнемі тек жақсылық жасап отыруға тәрбиелеп, бағыт  – бағдар беріп 
отыру басты міндетіміз. 
 
Әлемде  күштілерсіз  әлсіздердің  болмайтыны,  оңтүстіксіз  солтүстіктің 
болмайтыны, күнсіз түн болмайтыны секілді, адамның мінез – құлқы да теріс 
қасиеттерсіз болмайды, оны интолерантты деп атайды. 
Толерантты мінез – құлық деп  – өз-өзіне сенімді, өзін көпшілік ортада 
жақсы  сезіне білетін  және  басқаларды түсіне  алатын, дер кезінде  адамдарға 
әлеуметтік  жағдайына,  ұлтына,  дініне,  нәсіліне  қарамай  қол  ұшын  бере 
алатын белсенділікті айтамыз. 
 
Интолерантты  мінез-құлыққа  –  сана-сезімі  төмен,  ортада  өзінің 
мәдениетсіздігін  көрсететін,  басқа  елдің  мәдениеті  мен  салт  –  дәстүрімен 
санаспайтын, сыйламайтын адамдар тобын жатқызамыз.  
Толерантты және интолерантты мінез – құлық туралы баяндалған  
«Әке мен бала» әңгімесіне көңіл бөлейік: 
Мінезі өте нашар, ашуланшақ, төбелесқұмар жігіт өмір сүріпті. Әкесі оған бір 
қап  шеге  беріп  «ашуланып  біреумен  ұрыссып  –  керіскен  кезіңде,  біреуді 
ренжітіп  ғайбат  сөздер  айтқан  кезіңде  сыртқы  дарбазаға  бір-бір  шегеден 
қағып  отыр»  дейді.  Жігіт  бірінші  күні  сыртқы  есікке  37  дана  шеге  қағады, 
екінші күні 24 дана, шеге саны күннен  – күнге азайып отырады да, бір күні 
шеге  қақпайтын  күн  де  туады.  Жігіт  ашуланған  сайын  есікке  шеге  қағып 
жатқаннан  өз  мінез  –  құлқын  бір  жүйеге  келтіріп,  сабырлы  қалыпқа  түсу 
керектігін  түсінеді. Сөйтеді де бұл  жаңалығын  әкесіне барып  айтады.  Әкесі 
оған  «енді  қаққан  шегелеріңді  бір  –  бірлеп  суыр»  деп  тағы  да  тапсырма 
береді.  Жігіт жаңа тапсымасын орындауға кіріседі. Бір күні аула есігіне өзі 
қаққан шегелердің барлығын да суырып болады. Болған жайды әкесіне келіп 
баяндайды. Әкесі сонда  «ұлым, сен өзіңді өте жақсы ұстадың, мінезің де өте 
жақсы  болып  өзгерді.  Бірақ,  қара,  сен  қағып  қайтадан  суырған  шегелердің 
орнында  қаншама  із  қалды,  есікті  енді  қайтып  бұрынғы  әдемі  қалпына 
келтіре алмайсың, адам жаны да сондай. Сен біреуді ренжітіпалып, артынан 
қанша кешірім сұрағаныңмен оның көңілінде қалған жан жарасын ешқашан 
да  жаза  алмайсың.  Айтылған  сөз  атылған  оқ  дейді,  балам,  сондықтан-да, 


біреудің көңіліне тиер іс-әрекет жасамастан бұрын жақсылап ойлан, өз-өзіңді 
тежей біл!» дейді.  
- Біздің бұл ғибратты  әңгімеден  ұққанымыз бір  – біріміздің  көңілімізге қаяу 
түсірмей,  сыйластыққа,  ауызбіршілікте,  ынтымақтастықта,  достықта, 
бейбітшілікте өмір сүруіміз керек екендігі. Олай болса орнымыздан тұрайық, 
бір  сәт  көзімізді  жұмып,  бір  –  біріміздің  иығымыздан  ұстап,  қасымызда 
тұрған адамды өзіміздің нағыз жанашыр досымыз екенін сезінейік, енді осы 
сезімді бір – бірімізге алақан арқылы білдірейік.  
-  Толерантты  мінез  –  құлықтың  бір  ерекшелігі,  ол  сізге  басқа  болып  өзгері, 
бойыңдағы  жаман  қасиеттерді  алып  таста  демейді.  Бар  болмысымен  жақсы 
көр,  сонда  ғана  басқалар  да  сені  бар  мінез  –  құлқыңмен  жақсы  көретін, 
қабылдайтын болады дейді. (Қатысушылардан 2 тәлімгер ортаға шақырылып
екі парақ беріледі. Қолдарының суретін салып, саусақтарына өздерінің жақсы 
мінездерін,  қасиеттерін,  ал,  ортасына  бойындағы  өзіне  ұнамайтын 
қасиеттерін жазады. «Мен барлық бойымдағы жақсы қасиеттеріммен жаман 
мінез – құлқымды жабамын»  деп парақты жыртады). 
Қорытынды:  
Міне,  құрметті  тәлімгерлер,  шеберлік  сынып  сағатымыздың  мақсаты  
жасұландықтарды  толерантты  мінез  –  құлыққа  баулу,  достарына,  үлкен  – 
кішіге  әрқашан  да  мейіріммен  қарап,  бар  болмысымен  қабылдауға 
дағдыландыру. Тыңдап, тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рахмет! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН   ӘДЕБИЕТТЕР: 
 
1. Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. Этнопедагогика: оқулық 2-бас.- Астана:  
Фолиант,   
    2010. -400 б.  
2. Мұқанова Б., Ильясова Р. Этнопедагогика: оқу құралы. – Астана:  Фолиант, 2008. -
440б.  
3.  Қазақстан    Ұлттық    энциклопедиясы:    10  томдық.    –  Алматы:  Қазақ  
энциклопедиясы. – Т.1.- 1998. – 720 б. 
4. Он ғасыр  жырлайды. – Алматы: Дәуір, 2006.-408 б.  
5.  Молдасан  Қ.  Ш.  Жүсіп    Баласағұнның    педагогикалық    мұрасындағы  ізгілікті 
басқарудың  негіздері:  педагогика  ғыл.  кандидаты.....дисс.  авторефераты.-  Алматы,  2009- 
31б.  
6.  Қоңыратбаев  Ә.Қазақ  әдебиетінің    тарихы:  оқу  құралы.  –  Алматы:  Санат,  1994.- 
312б.  
7. Сүйіншәлиев Х.ХІХ ғасыр әдебиеті.–Алматы: Ана тілі,1992-360 б.   
8. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991.-240 б.  
9.  Валиханов  Ч.Ч.  Собрание    сочинений    в  5  томах.  –  Алматы:  Алатау.-Т.2-2010.-
420с.  
10.  Алтынсарин    Ы.  2  томдық    шығармалар  жинағы.  –  Алматы:  Қазығұрт.  –  Т.1.- 
2003.-   240 с. 
11. Абай  шығармаларының 2 томдық  академиялық жинағы.  – Алматы: Жазушы – 
Т.1.2005.-296 б.  
12. Абай. Шығармаларының 2 томдық академиялық жинағы. – Алматы: Жазушы. – 
Т.2.2005.336 б. 
13. Дулатов М. Оян, қазақ! Роман, өлең-жыр, әңгімелер. – Алматы: Атамұра, 2003. – 
192 б.  
14. Жұмабаев М. Шығармаларының  3 томдық жинағы. – Алматы: Жазушы.- Т. 1. -
2008.- 208 б.   
15. Жұмабаев М. Шығармаларының 3 томдық  жинағы. – Алматы: Жазушы. – Т. 3.-
2008.-232 б. 
16. Байтұрсынов А. 5 томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Алаш. – Т. 1. 2003. – 
408 б.   
17.  Аймауытов Ж. 5 томдық  шығармалар жинағы. – Алматы: Ғылым-Т.1. -1998. -
350 б. 
18.  Момышұлы Б. Шығармаларының 2 томдық жинағы. – Алматы: Жазушы. - Т.2.- 
1968. -228 б.  
19. Назарбаев Н. Ә. Тәуелсіздік белестері. – Алматы: Атамұра, 2003. -336 б.  
20.  Назарбаев  Н.Ә.  Жүз  жылға  татитын  он  жыл:  ҚР  тәуелсіздігінің  он  жылдығына 
арналған салтанатты жиналыста сөйленген сөз.  – Алматы: Атамұра, 2001.- 112 б.   
21.  Назарбаев  Н.  Ә.  Инновациялар  мен  оқу-білімді  жетілдіру  арқылы  білім 
экономиасына // Егемен Қазақстан.- 27.05.2006.  
22.  Назарбаев  Н.Ә.  «Нұр  Отан»    ХДП  «Жас  Отан»  жастар  қанатының  І  съезінде 
сөйленген сөз// http:  // 
www.akorda
 .kz 
23. З. Әбілова «Этнопедагогика», Алматы 2007жыл. 


24.  М.  Әлімбаев  «Халық-ғажап    тәлімгер»,  Алматы.  Рауан  –  1994  жыл.  З.Ж. 
Қоянбаев «Педагогика», Алматы.Рауан – 1992жыл.214-219б 
25. Ә.Табылдиев « Халық тағылымы»,  Алматы. Қазақ университеті. 1992жыл. 
26. С.А. Ұзақбаева « Тамыры терең тәрбие».  Алматы Білім-1995жыл. 
27.Қ Р гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы.1994жыл.25-29 б 
28.  «Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2005-2010  жылдарға 
арналған Мемлекеттік бағдарламасы», Астана, 2007 жыл. 
29.Назарбаев  Н.Ә.  Мұғалімдердің  ІІ  съезіндегі  сөзі.  //  Егемен  Қазақстан.-2001.-3 
ақпан 
30.Жұмабаев  М.  Таңдамалы  (Олеңдер,  поэмалар,  зерттеулер,аудармалар)– 
Алматы:Ғылым,1992.-272.  
31. Бекмаханов Е. Қазақстан тарихы. – Алматы:  ҚМБ, 1960-350б. 
32.  Жолдыбаев  М.  Кітап:  Қазақтың  тәлімдік  ой-пікір  антологиясы  // 
Құрастырушылар: Жарықбаев Қ., Қалиев С. – Алматы: Рауан, 1998.  
33. Тажибаев Т. Педагогическая мысль в Казахстане  во второй  половине ХІХ века- 
Алма-Ата: Казахстан, 1965.-163с.  
34.Әбиев Ж. Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. Педагогика. – Алматы:  Дарын,  2004.  
55-66 беттер. 
35.    Гурин  В.Е.  Формирование  нравственного  сознания    и  поведения  
старшеклассников. – Москва, 1988.91-92- беттер. 
36.  Педагогика  және    психология.  Қазақ  тілі    терминдерінің  салалық    ғылыми  
түсіндірме  сөздігі.- Алматы:   Мектеп,2002. 
 37.  Шарковская  Н.В.Психолого-  педагогические    основы    активности    личности  .- 
Астана, 2002. 53-56-беттер. 
38.ББЖ КБАРИ, Қазақстан Республикасы азаматына тәрбие берудің үлгісі – Алматы, 
2010 жыл. 
 
 
 
                                                   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


М А З М Ұ Н Ы 
 
ТӘЛІМГЕРГЕ ТӘЛІМДІ КЕҢЕС
 
ЖАС  ҰЛАН   ЖАҢА  ӘЛЕМДЕ 
 
I. ОҚУШЫЛАРДЫ    ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ  ТӘЛІМДІК   ІЛІМДЕР    
1. ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТЕНГЕН  ТҰЛҒА  ТӘРБИЕСІ.  
2. 
ЖАСТАРДЫ 
ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА 
БАУЛУ 
МЕН 
ПАТРИОТТЫҚ 
САНАНЫ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ    МӘСЕЛЕЛЕРІ. 
3. ОҚУШЫ  ЖАСТАРДЫ  ОТАНСҮЙГІШТІККЕ  ТӘРБИЕЛЕУДЕ  МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ    
ТӘЛІМДІК   ІЛІМДЕРІНІҢ   МАҢЫЗЫ. 
4. ЖАСТАРДЫҢ  ӨЗІН-ӨЗІ  ТӘРБИЕЛЕУ  МӘДЕНИЕТІНІҢ   ҚҰРЫЛУЫ. 
5. ҚАЗАҚ БАЛАСЫНЫҢ КЕЛБЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. 
6.  ОҚУШЫ  БОЙЫНА  АДАМГЕРШІЛІК  ЖӘНЕ  КӨПМӘДЕЕНИЕТТІЛІК  ҚАБІЛЕТТЕРІН   
ҚАЛЫПТАСТЫРУ. 
 
II. «ЖАС ҰЛАН» ҰЙЫМЫНЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ 
 
1. «ЖАС ҰЛАН» ҰЙЫМЫНЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ 
2. «ЖАС ҰЛАН» МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 
3. РӘМІЗДЕРІ МЕН ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕРІ 
4. ҚҰРЫЛЫМЫ  
5. «ЖАС ҰЛАН» ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН МАЗМҰНЫ 
6. «ЖАС ҰЛАН» РББЖ ҚОЗҒАЛЫСЫН  БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫ 
7. О ДЕЯТЕЛЬНОСТИ РЕСПУБЛИКАНСКОЙ ЕДЮ ОРГАНИЗАЦИИ «ЖАС ҰЛАН» 
8. ЦЕЛИ И ЗАДАЧИ 
9. ЧЛЕНСТВО, УСЛОВИЯ И ПОРЯДОК ПРИОБРЕТЕНИЯ    (УТРАТЫ) ЧЛЕНСТВА 
10. СИМВОЛЫ И АТРИБУТЫ 
11. СТРУКТУРА 
12. «ЖАС ҰЛАН» МЕКТЕП КОМИТЕТІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ 
13. ТИПОВОЕ ПОЛОЖЕНИЕ  О РАБОТЕ ШКОЛЬНОГО КОМИТЕТА «ЖАС ҰЛАН» 
14.  РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  «ЖАС  ҰЛАН»  БІРЫҢҒАЙ  БАЛАЛАР  МЕН  ЖАСӨСПІРІМДЕР 
ҰЙЫМЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ  КОДЕКСІ 
15. МЕКТЕП ҰЙЫМЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ҚҰЖАТТАР ТӘРТІБІ 
 
III. ТӘЛІМГЕР  ЖҰМЫСЫНА  АРНАЛҒАН  ЖОБАЛАР 
 
1. ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ   ДНЕВНИК  ВОЖАТОГО 


2.  ДО ЛЖ НО СТ НЫЕ   ОБЯ ЗА НН ОСТ И  В ОЖ АТ ОГО   (СТ АРШ ЕГО   В ОЖ АТ ОГО)  
ОРГАНИЗАЦИИ ОБРАЗОВАНИЯ 
3.  ПЛАН  РАБОТЫ  ШКОЛЬНОЙ  ДЕТСКО-ЮНОШЕСКОЙ  ОРГАНИЗАЦИИ  НА  20__-20__ 
УЧЕБНЫЙ ГОД 
4. «ЖАС ҰЛАН» БАЛАЛАР-ЖАСТАР ҰЖЫМЫ КОМИТЕТІНІҢ «ЖАС ҚЫРАН» КІШІ БУЫНЫ 
ЖЕТІЛУІНІҢ «БИІККЕ САМҒАУ» ЖОБА БАҒДАРЛАМАСЫ 
5БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ 
 
IV. ТӘЛІМДІ    ТӘЛІМГЕР   МЕН  ҰСТАЗ-ҰЙЫМДАСТЫРУШЫҒА  
1. БАЛҒЫН ЖОЛ ИНСПЕКТОРЛАРЫ ҮГІТ - НАСИХАТ БАҒДАРЛАМАСЫ 
2. ПО МОРЯМ ПО ВОЛНАМ 
3. ЛАБОРАТОРИЯ ВЕСЕЛЫХ ОПЫТОВ 
4. КВЕСТ.БОЛАШАҚҚА  БАҒДАР
      
5. МЕТОДИЧЕСКАЯ РАБОТА НАТЕМУ: «ЧЕМОДАН ЛИДЕРА» 
6. ДЕНІ САУ АДАМ - ТАБИҒАТТЫҢ ЕҢ ҚЫМБАТ ЖЕМІСІ» 
7. ТОЛЕРАНТТЫ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘДІС – ТӘСІЛДЕРІ 
  
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН   ӘДЕБИЕТТЕР 
 
 
 
 
 
 

жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау