Нурахимова Улжалғас Курмашевна учитель начальных классов
СШ имени К.Казыбаева
Математика 1 класс
Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:1)Оқушыларға 10 көлеміндегі сандарға 5 санын қосу,азайту тәсілдерімен таныстыру;есептер жайлы білімдерін кеңейте түсу; 2)Ауызша есептеу арқылы ойлау қабілеттерін арттырып,тіл байлығын дамыту; 3) Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың ізденуін, ойлауын оқығанын іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру. Ойын есептер арқылы оқушылардың логикалық ой - өрісін ойлау қабілеттерін дамыту. Математикаға қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жылдамдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
дамыта оқыту сабағы
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру,салыстыру,талдау
Сабақтың байланысы: ана тілі, бейнелеу өнері, қоршаған орта, халық педагогикасы.
Сабақтың көрнекілігі: Сөзжұмбақ, суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Қолымызды қысайық,
Бестік баға алайық.
Басқа білім толтырып,
Үйге қуана қайтайық.
(қолдарынан ұстап оқушылар, бір - біріне жақсы тілектер тілейді)
Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген тапсырманы аралап тексеру, қосу және азайту амалдарының атауларын ауызша сұрау.
Карточкамен жұмыс
Жарайсыңдар балалар барлығың өткен сабақты жақсы меңгеріпсіңдер. Олай болса балалар мына ойын арқылы үй тапсырмасын қорытындылайық
Кел, ойнайық! Құлпынай теріп алайық.
Жаңа сабақ
Түсіндіру
Оқушылар мен жаңа сабақты мына санамақ жолдарымен бастағым келіп тұр. Осы санамақ арқылы бүгінгі өтетін сабағымызды анықтап алайық.
Бір дегенім – білім,
Білім-жарық күнің,
Екі дегенім-еңбек
Еңбек бәрін жеңбек.
Үш дегенім-үміт
Үміті жоқ жігіт.
Төрт дегенім-талап
Талмайтұғын қанат.
Бес дегенің-бірлік,
Бірліксіз жоқ тірлік.
Сұрақ – жауап әдісі
Сендер бәрін 5 санын білесіңдер ме?
Енді балалар мен сендерге мынандай жұмбақ жасырайын.
Туысқан бес кісі,
Бірінен – бірі кіші.
Бәрінің аты бар
Ең кішісі шеткісі.
(Бес саусақ)
Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер.
(Қол)
Бір-бірімен жарысқан
2 аю, 1 арыстан
1 қой мен 1 түлкі
Бәрі нешеу кім біледі?
Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтап алдық, сабағымыздың тақырыбы 5 санын қосу және азайту.
2.Геометриялық фигуралар.
(Суретті карточкалардағы геометриялық фигураларды санау.)
Сергіту сәті:
Ал,балалар тұрайық
Алақанды ұрайық
Бір отырып,бір тұрып,
Біз шынығып алайық!
Оқулықпен жұмыс:
«Теңге алу ойыны»
5+1 5-2 5+5 5-4
5-3 5+4 5-1 5+2
1 - тапсырма.
Төрт сан аттай отырып, алдымен сандарды өсу ретімен, содан соң кему ретімен, содан соң кему ретімен атау.
2-тапсырма.
Жасыл және көк кесінділердің ұзындықтарының айырмасын қызыл кесіндінің ұзындығымен салыстыру
Өз бетімен жұмыс
3-тапсырма. Есепті шығар:
Салды – 9
Бояды-4
Қалды-? Шешуін өзің тауып жаз.
Сабақты қорыту
Венн диаграммасы бойынша сабақты қорытындылау
Бағалау: Жинаған фишкаларын санату арқылы бағалау
Үйге тапсырма
Достарыңызбен бөлісу: |