9) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы
заңнамасына сәйкес әлеуметтік аударымдар жүргізуге;
9-1) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жұмыскерлердің аударымдарын және
(немесе) жарналарын есептеуге (ұстап қалуға) және аударуға;
10) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы
анықтама негізінде жұмысқа тартылған шетелдiк немесе азаматтығы жоқ
адамдарды жұмысқа қабылдағаны туралы және (немесе) олармен еңбек
қатынастарын тоқтатқаны туралы ақпаратты халықты жұмыспен қамту
мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
3. Жұмыс берушінің:
1) оған тікелей өтініш жасаған адамдарды халықты жұмыспен қамту
орталықтары, сондай-ақ жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері жіберген
адамдармен тең жағдайларда жұмысқа қабылдауға;
2) халықты жұмыспен қамту орталықтарынан еңбек нарығының жай-күйі
туралы тегін ақпарат алуға;
3) халықты жұмыспен қамту орталығынан жұмыс іздеп жүрген адамдарды
жұмысқа орналастыруға іріктеу және жіберу бойынша көрсетілетін қызметтерді
алуға;
4) қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын, жастар
практикасын ұйымдастыруға қатысуға, уақытша сипаттағы жұмыстардың басқа
да түрлерін ұйымдастыруға және жүргізуге;
РҚАО-ның ескертпесі!
5) тармақша 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016 № 482-
V Заңымен.
5) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын
құруға субсидия алуға;
6) экономиканың салалары бойынша кадрларға қажеттілікті болжауды
ұйымдастыруға және айқындауға қатысуға құқығы бар.
Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2018
№ 147-VI
Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі).
29-бап. Кәсіптік одақтардың халықты жұмыспен қамту саласына қатысуы
1. Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздықтан және
оның салдарларынан қорғауға кәсіптік одақтар мен олардың бірлестіктерінің
қатысуы осы Заңмен, "Кәсіптік одақтар туралы" Қазақстан Республикасының
Заңымен, өзге де нормативтік-құқықтық актілермен, ұжымдық шарттармен және
келісімдермен айқындалады.
2. Кәсіптік одақтар:
1) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды
жүзеге асыруға;
2) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық
актілерді әзірлеуге қатысуға құқығы бар.
3. Кәсiптік одақтардың мемлекеттік органдарға, жұмыс берушілер мен
олардың бірлестіктеріне халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру туралы
ұсыныс беруге құқығы бар.
6-тарау. ЕҢБЕК ДЕЛДАЛДЫҒЫ
30-бап. Еңбек делдалдығын көрсету
1. Жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға және өтініш жасаған өзге
де адамдарға халықты жұмыспен қамту орталықтары, жұмыспен қамтудың
жекеше агенттіктері осы Заңның 11 және 31-баптарына сәйкес еңбек
делдалдығын көрсетеді.
2. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамтудың жекеше
агенттігімен халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің
аутсорсингі туралы шарт жасасуға құқылы.
Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі
туралы шарт жасасу жөніндегі ақпаратты халықты жұмыспен қамту орталығы ол
жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде "Еңбек биржасы" мемлекеттік
интернет-ресурсында орналастырады.
Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің
аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінде
халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі
туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін тиісті тәжірибесі,
жеткілікті материалдық және еңбек ресурстары болуға тиіс.
Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.04.2018
№ 147-VI
Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі).
31-бап. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi
1. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгiнiң:
1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы және Қазақстан
Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының мәселелерi
бойынша өтiнiш жасаған адамдарға консультация беруге;
2) жұмысқа орналасу мүмкiндiгi туралы ақпарат беруге және еңбек
делдалдығы бойынша қызметтер көрсетуге;
3) бос жұмыс орындары бар жұмыс берушiлер мен жұмысқа орналасқысы
келетiн адамдар туралы мәлiметтер қалыптастыруға;
4) жұмыскерлердiң жұмыс берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуiн
ескере отырып, оларды iрiктеудi жүзеге асыруға;
5) халықаралық шарттар бар болған кезде, бiр елден екiншi елге жұмысқа
орналастыру үшiн жұмыскерлер жинауды жүзеге асыруға;
6) өтiнiш жасаған адамдар кейiн жұмысқа орналастырылатын кәсiптiк
даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыруға;
7) адамдарды шет елде жұмысқа орналастырылатын жағдайда, оларды
әкетуге рұқсат құжаттарын ресiмдеуге;
8) халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің
белсенді шараларына жіберген адамдарды әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу
бойынша конкурстарға қатысуға;
9) халықты жұмыспен қамту орталықтарынан еңбек нарығының жай-күйі
туралы тегін ақпарат алуға;
10) жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын құру, кәсіптік оқыту
мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен, халықты жұмыспен қамту
орталықтарымен, жұмыс берушiлермен өзара iс-қимыл жасауға;
11) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы
заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін
қызметтердің аутсорсингіне қатысуға құқығы бар.
2. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi:
1) кемсiтушiлiктiң кез келген нысанына жол бермеуге;
2) өтiнiш жасаған адамдардан алынатын ақпараттың құпиялылығын
қамтамасыз етуге;
3) бала еңбегiн пайдалануға, адамдарды жыныстық және (немесе) өзге де
мақсатта пайдалану үшiн тартуға жол бермеуге;
4) өтiнiш жасаған адамдармен еңбек делдалдығы бойынша қызметтер
көрсету туралы шарттар жасасуға;
5) кәсіптер (мамандықтар) бөлінісінде еңбек делдалдығы үшін өтініш
жасаған және жұмысқа орналасқан адамдардың саны туралы ақпаратты халықты
жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе "Еңбек биржасы"
мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы тоқсан сайын беруге;
Достарыңызбен бөлісу: |