ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын, қоғамдық жұмыстардың
түрлерін, көлемi мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегiне ақы төлеу
мөлшерiн және оларды қаржыландыру көздерiн бекiтедi.
4. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды өз еркімен, дәлелсіз себеппен тоқтатқан
жұмыссыздар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және жұмыссыздар
ретінде қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткен соң ғана қоғамдық
жұмыстарға қайта жіберілуі мүмкін.
5. Авариялар, табиғи апаттар, дүлей зiлзалалар және басқа да төтенше
жағдайлар зардаптарын жедел жою қажеттiлiгiне байланысты қызмет түрлерi
қоғамдық жұмыстарға жатпайды.
6. Осы Заң Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында көзделген
қоғамдық жұмыстарға тарту жөнiндегi құқықтық қатынастарды реттемейдi.
7. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарға Қазақстан Республикасының
еңбек заңнамасы қолданылады.
Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2018
№ 147-VI
Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі).
23-бап. Кәсiпкерлiк бастамашылыққа жәрдемдесу
1. Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдем жұмыссыздарға және өзін-өзі
жұмыспен қамтығандарға кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, жобаны сүйемелдеу
бойынша сервистік қызметтер көрсету, қайтарымды негізде микрокредиттер
беру арқылы оларға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну жолымен жүзеге
асырылады.
2. Жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасынан мемлекеттік
қолдау шараларын алу үшін:
1) ауылдық жерлерде, моно және шағын қалаларда тұратын адамдардың;
2) мүгедектердің, егер медициналық қорытынды бойынша олардың
денсаулық жағдайы еңбек міндеттемелерін орындауға кедергі келтірмесе не
олардың денсаулығына және (немесе) басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне
қауіп төндірмесе;
3) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін елу жастан асқан адамдардың;
4) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастардың басым құқығы бар.
3. Алып тасталды - ҚР 16.04.2018
№ 147-VI
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2018
№ 147-VI
Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі).
24-бап. Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс
аударуға жәрдемдесу
1. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмысқа орналастыру үшін жаңа
тұрғылықты жерге:
1) бір облыс шегінде – мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай бөлу және
тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу мүмкін болған кезде экономикалық
әлеуеті төмен ауылдардан облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға;
2) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес қоныс аударушыларды және оралмандарды қабылдаудың өңірлік
квоталары, сондай-ақ ерікті түрде қоныс аударуды көздейтін, халықты жұмыспен
қамту саласындағы үкіметтік бағдарламалар шеңберінде Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге адамдардың ерікті түрде
қоныс аударуына жәрдемдеседі.
2. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмысқа орналастыру үшін
мынадай санаттағы:
1) жұмыс іздеген адамдардың;
2) жұмыссыздардың;
3) өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың және олардың отбасы
мүшелерінің жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аударуына
жәрдемдеседі.
3. Жұмысқа орналасу үшін жұмыс іздеп жүрген адамдар және жұмыссыздар
арасында жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аудару үшін:
1) балалар ауылының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерінің түлектері,
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан
жиырма үш жасқа дейiнгi балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге қоныс
аударатын оралмандар;
3) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері;
4) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке
тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының
қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп
соққан өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер
көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыстан босатылған адамдар басым
құқықты пайдаланады.
4. Ерікті түрде қоныс аударатын адамдарды мемлекеттік қолдау:
1) жұмыскердің көшуі жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге
асырылатын жағдайларды қоспағанда, адамдарға және олардың отбасы
мүшелеріне көшуге және тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық
қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар беруді;
2) жұмыс беруші жұмыскерге тұрғын үй-жай ұсынған жағдайларды
қоспағанда, тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй немесе жатақханалардан бөлме
беруді;
3) жұмыс берушінің қажеттілігі бар болған кезде кәсіптік
оқытуды;
4) жаңа тұрғылықты жерде жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қамтиды.
5. Халықты жұмыспен қамту орталығы ерікті түрде жаңа тұрғылықты жерге
қоныс аударатын адаммен және жұмыс орнын ұсынатын жұмыс берушімен
әлеуметтік келісімшарт жасайды.
Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2018
№ 147-VI
Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
25-бап 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016 № 482-V
Заңымен.
25-бап. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс
орындарын ұйымдастыру
1. Арнайы жұмыс орны мүгедектерді жұмысқа орналастыру және олардың
жұмыспен қамтылуын оны құрған кезден бастап кемінде күнтізбелік он екі ай
мерзімге сақтау үшін құрылады.
2. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын құруды
жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасасқан шарт негізінде
жүзеге асырады.
26-бап. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді
ұйымдастыру
1. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып
табылатын, белгiленген тәртiппен жұмыссыздар деп танылған адамдар
жұмысынан айырылған жағдайда "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
қорынан әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар.
2. Жұмысынан айырылған жағдайда міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесінің қатысушылары болып табылатын жұмыссыздардың әлеуметтік төлем
алуға құқығы оларды халықты жұмыспен қамту орталығы кәсіптік оқытуға,
Достарыңызбен бөлісу: |