жұмыссыздар ретінде қайта тіркелген күннен бастап бір жыл өткен соң оқуға
қайта жіберілуі мүмкін, бірақ ол бір реттен аспайды.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2018
№ 147-VI
Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі).
20-бап. Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру
1. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын құрады, оларды құру кезінде
тұрақты жұмыс орындарына арналған бос орындар пайдаланылмайды және олар
ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар
жұмыстарда құрылмайды.
2. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздар үшін арнайы құрылады,
олардың арасында:
1) балалар ауылының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерінің түлектері,
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан
жиырма үш жасқа дейiнгi балаларға арналған мектеп-интернаттардың;
2) зейнеткерлiк жас алдындағы (зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған)
адамдар;
3) мүгедектер;
4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе)
мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдар;
5) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
6) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi,
көпбалалы ата-аналар;
7) жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші және екінші топтағы
мүгедектерді бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдар;
8) оралмандар;
9) терроризм актісінің нәтижесінде зардап шеккен адамдар және оның жолын
кесуге қатысқан адамдар басым құқыққа ие болады;
3. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның
шешімі бойынша:
1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсыныс
айқындалады;
2) әлеуметтік жұмыс орнын құруға өтініш берген өңірлердегі ұйымдардың
тізбесі, ұйымдастырылатын жұмыс орындарының саны және нақты жұмыс
жағдайы, төленетін еңбекақы мөлшері және оларды қаржыландыру көздері
бекітіледі.
4. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберуге олардың
келісімімен ғана жол беріледі. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу кезінде
жұмыссыздардың денсаулық жағдайы, жас, кәсіптік және басқа да жеке
ерекшеліктері ескеріледі.
5. Әлеуметтік жұмыс орындарындағы еңбек қызметін өз еркімен, дәлелсіз
себеппен тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады
және жұмыссыздар ретінде қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткен соң ғана
жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қайта қатыса алады.
6. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген адамдарға Қазақстан
Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады.
Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2018
№ 147-VI
Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі).
21-бап. Жастар практикасын ұйымдастыру
1. Жастар практикасы алған кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан
аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арнайы белгіленген.
2. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдар:
1) жастар практикасын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты
қалыптастырады;
2) жастар практикасын ұйымдастыруға өтініш берген өңірлердегі
ұйымдардың тізбесін, білім беру ұйымдары түлектерінің қатарынан тартылатын
жұмыссыздардың санын, олардың еңбек жағдайы мен еңбегіне ақы төлеуді және
қаржыландыру көздерін айқындайды.
3. Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасасқан шарт
негізінде жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын құрады. Жұмыс
орындарын құрған кезде тұрақты жұмыс орындарына арналған бос орындар
пайдаланылмайды.
Құрылған жұмыс орындары түлектің алған кәсібіне (мамандығына) сәйкес
келуге тиіс.
4. Білім беру ұйымдары түлектерінің қатарындағы жұмыссыздарды жастар
практикасына жіберуге олардың келісімімен ғана жол беріледі. Олардың
еңбегіне ақы төлеу бюджет қаражаты шегінде, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден жүзеге
асырылады.
4-1. Жастар практикасына қатысуды өз еркімен, дәлелсіз себеппен тоқтатқан
адамдар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және жұмыссыздар ретінде
қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткен соң ғана жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді шараларына қайта қатыса алады.
5. Алып тасталды - ҚР 16.04.2018
№ 147-VI
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6. Жастар практикасына жіберілген жұмыссыздарға Қазақстан
Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2018
№ 147-VI
Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі).
22-бап. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
1. Қоғамдық жұмыстарды халықты жұмыспен қамту орталықтары
ұйымдарда ұйымдастырады және бюджет қаражаты шегінде және жұмыс
берушілердің тапсырыстары бойынша олардың қаражаты есебінен
қаржыландырылады.
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:
1) жұмыссыздардың;
2) денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын
жұмыстарға оқудан бос уақытта студенттердің және жалпы білім беретін
мектептердің жоғары сынып оқушыларының;
3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдардың
құқығы бар.
Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:
1) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді
алмайтын жұмыссыздар;
2) халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған
жұмыссыздар басым құқықты пайдаланады.
Адамдардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы олардың жұмыссыздар ретінде
тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен олардың келісімі арқылы жүзеге
асырылады.
3. Алып тасталды - ҚР 16.04.2018
№ 147-VI
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3-1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдар
қоғамдық жұмыстарды құруға өтінім ұсынған өңірлердегі ұйымдардың тізбесін,
Достарыңызбен бөлісу: |