2) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органдарды
үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
3) кәсіпкерлік бастамашылықты дамыту арқылы жұмыс орындарын құруды
қолдау;
4) жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға әлеуметтік қорғау көрсету;
РҚАО-ның ескертпесі!
5) тармақша 01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016 № 482-
V Заңымен.
5) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген
квота шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тиісті
әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін
жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру және
(немесе) ұзарту, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұру және кері
қайтарып алу;
6) ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын
есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі
мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу;
7) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;
8) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;
9) ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-
анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып
табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс
орындарына квоталар белгілеу;
10) халықты жұмыспен қамту орталықтарының жарғысын бекіту;
10-1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық)
және өңірлік комиссиялар туралы ережелерді бекіту;
10-2) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде жұмыс
орындарын құру мониторингін жүзеге асыру және халықты жұмыспен қамту
мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тиісті мәліметтер ұсыну;
10-3) халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметіне Қазақстан
Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын сақтауы
бойынша бақылауды жүзеге асыру;
11) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде
қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы
органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару
мүддесінде жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етеді.
Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2018
№ 147-VI
Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі).
10-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті
органның құзыреті
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган:
1) жұмыс күшіне қатысты бөлігінде сұраныс пен ұсынысты талдайды,
болжайды, өңірдің еңбек нарығының жай-күйі туралы жергілікті атқарушы
органдарға және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті
органға хабарлайды;
2) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту
бағдарламалары, сондай-ақ жекеше сектор бастамалары шеңберінде іске
асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бойынша ағымдағы бос
орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік-
еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға
қатысады;
3) осы Заңның 17-бабына сәйкес жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және
халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлейді, халықты жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастырады;
РҚАО-ның ескертпесі!
4) тармақша 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016 № 482-
V Заңымен.
4) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру
жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
5) жергілікті атқарушы органдардың білім мәселелері жөніндегі құрылымдық
бөлімшелерінен, білім жөніндегі ұйымдардан, кәсіптік оқытуды жүзеге
асыратын білім беру қызметіне құқығы бар ұйымдардың жанындағы оқу
орталықтарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер, оқыту
жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар) туралы және нақты кәсіптер (мамандықтар)
бойынша даярланған және даярлау жоспарланып отырған және бітіріп шығатын
мамандар саны туралы ақпарат сұратады;
6) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс
аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстарды жергілікті
атқарушы органдарға енгізеді;
7) халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын үйлестіреді;
8) жұмыс берушілерден кадрларға болжамды қажеттілік туралы ақпарат
сұратады;
9) жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту қатері бар
ұйымдардың мониторингін жүзеге асырады;
10) осы Заңның 14-бабына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адамдарды
жұмыссыздар ретінде тіркейді.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2018
№ 147-VI
Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі).
11-бап. Халықты жұмыспен қамту орталығы
1. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) халықты жұмыспен қамтудың жай-күйін бағалауды және дамуын
болжауды, халықты еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етуді жүзеге
асырады;
2) осы Заңда көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді
шараларын, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын
жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын іске асыруды жүзеге
асырады;
3) өтініш жасаған адамдарды осы Заңның 13-бабына сәйкес жұмыс
іздеушілер ретінде тіркейді;
4) жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
қорының қаражаты есебінен әлеуметтік төлем тағайындау үшін тізбесін халықты
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қажетті
құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және оларды Мемлекеттік
корпорацияға жібереді;
5) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді;
6) жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға жеке өзі барған
немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы
байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы өтініш жасаған кезде оларды
лайықты жұмыстың бар екендігі туралы міндетті түрде хабардар ете отырып,
лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдеседі;
7) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен өзара iс-қимыл жасауды
жүзеге асырады;
Достарыңызбен бөлісу: |