Прес-релиз



жүктеу 178,54 Kb.
Pdf просмотр
бет11/13
Дата23.11.2018
өлшемі178,54 Kb.
#23483
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға жіберген кезде 

сақталады.

      3. Халықты жұмыспен қамту орталығы алушыны жұмыссыз ретінде есептен 

шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ақпаратты Мемлекеттік 

корпорация арқылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына ұсынады.

      Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры осы тармақтың бірінші бөлігінде 

көзделген ақпаратты алу негізінде жұмысынан айырылған жағдайдағы міндетті 

әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында 

көзделген тәртіппен және шарттарда әлеуметтік төлемдерді тоқтатады.

      4. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамтудың жеке картасына 

тиісті өзгерістерді уақтылы енгізеді.

      Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2018 

№ 147-VI

 Заңымен 

(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі).



27-бап. Азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін 

жұмыс орындарына квоталар

      1. Жергілікті атқарушы органдар:

      1) ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы 

жұмыс орындарын есептемегенде, халықты жұмыспен қамту мәселелері 

жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жұмыс орындары санының 

екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектерді;

      2) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды;

      3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды;

      4) кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-

аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру 

ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру 

үшін квоталар белгілейді.

      2. Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне, сондай-ақ, жұмыскерлердің 

орташа жылдық санының жиырма пайызынан астамын мүгедектер құрайтын 

ұйымдарға квота белгіленбейді.

 5-тарау. ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК

СЕРІКТЕСТІКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

28-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз 

етуге қатысуы

      1. Жұмыс берушiлер халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекет 

саясатын iске асыруға:



      1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарттары 

мен ұжымдық шарттардың талаптарын сақтай отырып, жұмысқа орналасуға 

жәрдем көрсету;

      2) персоналды кәсiптік оқыту жүйесін дамыту;

      3) кадрларды техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және 

жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын 

білім беру ұйымдары арқылы даярлау;

      4) құрылымдық өзгерiстер барысында білiктi жұмыскерлердің кадрлық 

әлеуетiн сақтау және ұтымды пайдалану;

      5) қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және 

жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын беру;

      6) жұмысқа орналастыру мәселесi бойынша өтiнiш жасаған, оның ішінде 

халықты жұмыспен қамту орталығы, сондай-ақ жұмыспен қамтудың жекеше 

агенттігі жіберген адамдарды ұйымдарда белгiленген бiлiктiлiк талаптарына 

сәйкес бар бос орындарға қабылдау;

      РҚАО-ның ескертпесі!

      7) тармақша 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016 № 482-

V Заңымен.

      7) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру;

      8) сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос орындарды және 

жұмыс орындарын болжамды құру туралы деректерді еңбек нарығының 

бірыңғай ақпараттық базасына, оның ішінде "Еңбек биржасы" мемлекеттік 

интернет-ресурсы арқылы беру;

      9) жұмыс орындарын құру арқылы қатысады.

      2. Жұмыс берушi:

      1) мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік сайланбалы қызметтердің, 

Парламент және мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан Республикасы 

судьяларының, әскери қызметте тұрған адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық

қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары 

жұмыскерлерінің бос лауазымдарын қоспағанда, бос жұмыс орындарының (бос 

лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен 

төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнi 

iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе "Еңбек 

биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы жiберуге;

      2) жұмыс беруші – жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына не жұмыс беруші – 

заңды тұлғаның таратылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына, 



жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан 

өндірістер және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің 

төмендеуіне байланысты алдағы уақытта жұмыскерлердiң жұмыстан босайтыны

туралы, жұмыстан босатылуы мүмкiн жұмыскерлердiң саны мен санаттары 

туралы ақпаратты босатылатын жұмыскерлердiң лауазымдары мен кәсіптерін, 

мамандықтарын, бiлiктiлiгiн және еңбегіне ақы төлеу мөлшерiн және олар 

жұмыстан босатылатын мерзiмдерді көрсете отырып, жұмыстан босату 

басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын халықты жұмыспен қамту орталығына 

жазбаша түрде немесе "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы 

толық көлемде беруге;

      3) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуы не жұмыс беруші – жеке тұлға

қызметінің тоқтатылуы, адам санының немесе жұмыскерлер штатының 

қысқартылуы, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына 

әкелетін өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер 

көлемінің төмендеуі кезіндегі бас тартқан жағдайларды қоспағанда, жұмыс 

берушінің қатысуымен жасалған әлеуметтік келісімшарт негізінде кәсіптік 

оқытудан кейін оны жұмысқа қабылдаудан бас тартқан жағдайда, халықты 

жұмыспен қамту орталығының кәсіптік оқытуға төлеуге, жұмыспен қамтуға 

жәрдемдесудің белсенді шараларының қатысушыларына стипендиялар төлеуге 

және материалдық көмекке арналған шығыстарын өтеуге;

      4) жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы 

уақтылы (жұмысқа орналастыру үшін жіберген күннен бастап бес жұмыс күні 

ішінде) халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе "Еңбек 

биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы хабарлауға;

      5) алып тасталды - ҚР 16.04.2018 

№ 147-VI


 Заңымен (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

       6) жұмыс беруші — заңды тұлғаның таратылуы не жұмыс беруші — жеке 

тұлға қызметінің тоқтатылуы, адам санының немесе жұмыскерлер штатының 

қысқартылуы, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына 

әкелетін өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер 

көлемінің төмендеуі жағдайларын қоспағанда, осы Заңның 27-бабы 1-

тармағында көзделген, белгiленген квотаны орындауға;

      7) жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы ақпаратта еңбек 

саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарға жол бермеуге;

      8) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат қолданысының тоқтатылуына 

байланысты, тартылған шетелдік жұмыскердің Қазақстан Республикасынан тыс 

жерлерге шығуын қамтамасыз етуге;



жүктеу 178,54 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау