Аягөз ауданы Сарыарқа ауылдық
округі әкімінің 2014 жылғы атқарған
жұмыстары жөнінегі есебі
Ауылшаруашылығы бойынша:
1.Мал шаруашылығы:
2015 жылдың 1 қаңтарына мал басы саны төмендегідей:
Ірі қара малы- 2755 бас 101%
Қой-ешкі- 4744 бас 87%
Жылқы- 1010 бас 107%
Мал өнімдері:
ет- 5888 цент 103%
Сүт 23509 цент 100%
Жұмыртқа 307 мың.дана 100%
Жүн 173 цент 100%
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы 4 адам 12 млн теңге несие алды. Ірі қара малын асылдандыруға байланысты 8млн 616 мың теңге субсидия,қой шаруашылығы бойынша 1млн 600 мың теңге субсидия алынды. Ветеринариялық жұмыстар жоспарға сай жүргізілді.
Егін шаруашылығы:
2014 жылы 4270 гектар дәнді дақыл, 465 гектарға екпе шөп егілді. Жалпы екпе шөп ауылдық округ бойынша1500 гектарға жетті. 500 гектар судігер жыртылды .Көктемгі дала жұмыстарына, күзгі егін орағына жеңілдетілген бағамен жанармай босатылды . Көктемгі дала жұмыстарына 11101891 теңге субсидия берілді, 4 шаруа қожалығы 8 млн 350 теңге жеңілдетілген несие алып, қайтарды.
Салық жөнінде:
2014 жылы мүлік салығы 22524 теңге 100%
жер салығы 39270 теңге 100%
көлік салығы 372000 теңге 100%
Шаруа қожалықтарынан түскен салықтар:
Жер салығы 520000 теңге
Табыс салығы 710000 теңге
Әлеуметтік салық 165000 теңгң
Қоршаған ортаны қорғауға байланысты 281000 теңге
Ауылдарды дамыту бағдарламасы бойынша 9 жоба бойынша 31 млн теңгені игеру жоспарланған, орындалғаны 29 млн теңге, немесе 90%.
Білім беру саласы:
Сарыарқа орта мектебінде 190 оқушы білім алуда. 35 мұғалім, 3 тәрбиеші жұмыс істейді. Білім саласына 2013-2014 оқу жылына 55 млн қаражат бөлінді. ҰБТ қорытындысы бойынша аудан мектептері арасында 20 орын алды. Мектеп жанынан спортзал мен асхана салынады.
Денсаулық саласы бойынша:
Дәрігерлік амбулаторияда 1 дәрігер, 7 медбике жұмыс істейді. Өткен жылы 18 сәби дүниеге келді, 4 адам қайтыс болды. Жылжымалы рентген арқылы 305 адам ,жылжымалы медициналық қызмет көрсету арқылы 355 адам тексерілуден өтті. Мекеме ғимаратына 10 млн теңге жұмсалып күрделі жөндеуден өтті.
Мәдениет және спорт жұмыстары жөнінде:
Спортты дамытуға 1 мектеп жанындағы спорт алаңы, 1 спорзал, 1хоккей коробкасы бар. Баскетболдан, волейболдан, футболдан, шахматтан, дойбыдан жарыстар өтті.
Жаңа жыл, Наурыз, Жеңіс күні, Тәуелсіздік куні тағы басқа даталы кундері мерекелік іс-шаралар өткізілді.
Ауыз-су мәселесі:
Бар мүмкіндікті пайдаланып ауыл сумен қамтамасыз етіліп отыр. Ауылда 27 колонка 24 сағат бойы жұмыс істейді.
Жол қатынасы:
Жыл бойы жол қатынасы үзілген жоқ. Жазда жол тиісті ағымдағы жөндеуден өтті. Келешекте Қарағаш-Сарыарқа жолына жөндеу жұмыстарын жүргізу керек.
Байланыс жуйесі:
Ауылда бұрыннан ACTIV жуйесі бойынша ұялы байланыс бар. Биыл beeline жуйесі қосылды. Ауылға цифрлық байланыс жуйесі орнатылды. Келер жылы интернет жуйесіне қосылады.
Почта жұмысы:
Газет журналдарға жазылу жоспары орындалды. Почта арқылы зейнетақы, еңбекақы, жәрдемақы уақытында беріліп отырады.
Ауылды абаттандыру жұмыстары, ауыл тазалығы:
1.Ауыл тазалығы.
Ауыл әкімі аппаратынан әр көшеге жауапты мамандар бекітілген, олар үнемі бақылау жасап көшелердегі күл-қоқыстар шығарылып отырады. Өткен жылы бюджеттен 983 мың теңге қаражат бөлініп, ұзақ жылдар шығарылмаған қатты тұрмыс қалдықтары шығарылды.
2.Жасыл ел бағдарламасы.
Өткен жылы 100 түп тал егілді. Соңғы жылдары мекеме жандарына гүл егу жұмыстары қолға алынды.
3.Көшелер толықтай жарықтандырылды.
4.Өткен жылы 1994 жылы мектеп бітірген түлектер балалар ойын алаңын салып берді.
Арыз-шағымдар:
Ауызша 45,жазбаша 22 өтініш, шағымдар түсті. Арыз-шағымдарға уақытында жауап қайтарылды.
«Тұған жерге тағзым» акциясы
Өткен жылы мерекелік іс-шараларға, спорттық жарыстарға 350000 теңге, тұрмысы ауыр отбасыларына, қайырымдылық акцияларына 500000 тг, балалар ойын алаңын жасауға 750 мың теңге, мектепте 1 кабинетті жабдықтауға 1 млн теңге демеушілік көмек жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: |