«Өнерлі өрге жүзер» шығармашылық сайыс
Түрі: Шығармашылық сайыс
Мақсаты:
Бейнелеу өнерінің дәстүрлі емес сурет салу тәсілдерімен жұмыс жасау.
Балалардың шығармашылық ой-қиялын дамыту.
Ұжыммен жұмыс жасауға үйрету.
Әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу, өнерге баулу.
Әдістері: Түсіндіру, көрсету, сергіту сәті, шығармашылық тапсырма.
Көрнекілік: алақанмен бейнеленген қызықты суреттер, ғарыш көрінісі, жапырақпен салынған күз суреті, аквагрим үлгісі.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: қағаз, қарындаш, түрлі түсті қарындаштар, субояқ, гуашь, қылқалам, т.б.
Мұғалімнің іс-әрекеті:
Тәрбиешілер арасында шығармашылық сайыс. Тәрбиешілерді өздерінің топтары бойынша алты топқп бөлу.
Сәлемдесу:
шығармашылық сайысымызға қош келдіңіздер!
Бұл сайысқа алты топ қатысқалы отыр «Балдәурен», «Шаттық», «Балауса», «Күн шуақ», «Өркен», «Бәйтерек».
Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық.
Әділ қазы алқаларымен таныстыру.
Ендігі кезекте сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.
Сайыстың барысы:
Шығармашылық сайыс бес кезеңнен тұрады.
«Қызықты бейнелер» (жылдам сурет салу)
«Боя, боя...» (свечамен сурет салу)
«Күз.керемет күз»
«Үй тапсырмасы»
«Аквагрим»
Қонақтарға және тәрбиешілерге сайыстың кезеңдерін түсіндіру. Үлгі бойынша суреттермен таныстыру.
«Қызықты бейнелер» - бұл кезеңде жылдам сурет салу қажет. Үлгі бойынша жұмыс жасау.
Қызыл, жасыл, қарамыз,
Қолға кезек аламыз.
Қарындашпен әр түрлі,
Алуан сурет саламыз.
Қарындаштың көмегі,
Міне қандай көп еді,
Ұштай біл де, ұстай біл.
Түрлі өрнек салу біл.
«Боя, боя...» - свечамен ғарыш әлемін бейнелеу.
«Күз. Керемет күз» - табиғи затты пайдалана отырып (жапырақ) күзді бейнелеу.
«Үй тапсырмасы»-әр топ өзіндік сурет салу шығармашылығын немесе қолөнерін көрсету.
«Аквагрим»-бояумен қылқаламмен қатысушылар өз келісімдері бойынша біреуінің бетіне ғана сурет салу.
Сайыстың қорытындысы:
Сайыста жылдамдық, шапшаңдық, ұжымшылдық ескеріледі.
Сайыс соңында барлық жұмыстарды жинап әділқазыларға тапсырылады. Олар өзара шешім қабылдайды.
Әділқазылар әр топқа мадақтау айтып, арнайы дайындалған диплом тапсырады.
Мұғалім: «Шебер көп жерде - өнер көп» демекші, құрметті қонақтар және балалар «Өнерлі өрге жүзер» атты шығармашылыққ сайысымға қатысқандарыңызға рахмет. Келесі кездескенше, сау болыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |