Сабақтың тақырыбы І дыбысы және әрпі Оқу бағдарла масына сәйкес



жүктеу 78,72 Kb.
Дата05.01.2022
өлшемі78,72 Kb.
#36557
түріСабақ
і дыбысы


Бөлім: Әліппе кезеңі







Педагогтің

аты-жөні:

Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

І дыбысы және әрпі

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады;

дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.



Дамытушылық: сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды; сөзге дыбыстық талдау жасайды; дыбыс пен әріпті ажыратуда ойын



195


















дәлелдейді.

Тәрбиелік: білімпаз болуға талпынады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату.

«Дайын бол!» ойыны. Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір санды айтады, оқушылар сол санды қолмен немесе саусақтарымен ұқсатып көрсетеді.

Мысалы: үш, екі, төрт т.б.



Сандарды саусақпен, қолмен көрсеткенде барынша ұқсас болуы қажет.


Қолдау





Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:

– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «І» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.

«І і» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.

«І і» әрпін көркем жазып үйренесіңдер.



(МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.

  1. Сурет бойынша әңгіме құрау.




  1. Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау.

  2. Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.

Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.




  1. Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Аквариумда теңізде кездесетін барлық балықтарды көруге болады. Әли мен інісі балықтарды тамашалады. Олар өздерін теңіз патшалығында жүргендей сезінді».

  2. Әңгімені сөйлемдерге талдайды: Құраған әңгімелерің неше сөйлемнен тұрады? (3).

  3. Осы сөйлемдердің ішіндегі бір сөйлемді (Әли мен інісі балықтарды

Қолдау


Қолдауды қажет ететін оқушы- ларға көмек беру.

Суреттер, оқулық



Сызба


196






  1. Өтілетін жаңа дыбысы бар «іні» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

  2. Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.

  3. «І» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысу.

  4. «І» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысу.

  5. Ермексаздан «і» әрпін жасау.



(МК, Ұ, Ө) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы.

Оқылым.

  1. Оқулықтың 58-бетінде берілген сөздер мен мәтінді (мақалды) мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтас оқуы.

  2. «І» дыбысының сөз алдында, ортасында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.

  3. Сөз мағынасымен жұмысты берілген сөздермен ұйымдастыру. Сөздің соңына (іні – ілім), сөз ортасына (біл – білім), сөз алдына (іл – іні) тиісті дыбысты қосу арқылы оның мағынасы өзгеретінін түсіну.

  4. Мақалды мәнерлеп оқып, мазұнын айту.


Жазылым

  1. Оқулықтағы «І» әрпінің таңбалануына назар аудару.

  2. «І» әрпін тақтаға жазып көрсету.

  3. «І» әрпін ауада жазып көрсету.

  4. Жазу дәптерімен жұмыс ұйымдастыру.

тамашалады.) сөздерге талдайды: Бұл сөйлемде 5 сөз бар.

  1. Өтілетін жаңа дыбысы бар «іні» сөзіне дыбыстық талдау жасайды: алдымен «і-ні» деп буынға бөледі.

  2. Бірінші буындағы созылып айтылып тұрған дыбысты табады.

  3. «І» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.

  4. Ермексазбен «і» әрпін жасайды.



  1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.

  2. Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.

  3. Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.


  1. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы

«І» әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді жазады.

  1. Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр

беттің соңында берілген дөңгелек- шартты белгілерді бояйды: «жасыл»

Оқушыларға әріптің сұлбасын жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.

Қолдауды қажет ететін оқушы- ларға көмек беру.

Мақтау, қолдау



Ермексаз


Оқулық

Сызба, оқулық


Жазу дәптері Оқулық


197









түс – «Бәрекелді!», «көк» түс –

«Жарайсың!», «қызыл» түс –

«Ойлан!».








Сабақтың соңы (7 мин)

Бекіту және саралау

Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:



  1. деңгей:

Жұмбақты оқып, шешуін тап. Дыбыстық талдау жаса.



  1. деңгей:

«І» дыбысы сөздің қай жерінде (ортасында, алдында, соңында) келетінін анықта.

  1. деңгей:

Жұмбақты жатқа айт.
«Сөз тану» тыңдау материалымен жұмыс Мұғалімнің мақалдың мағынасын түсінуді QR немесе үнтаспадан тыңдату арқылы ұйымдастыруы. Бүгінгі сабақтың тәрбиелік мәні ашылатындай мазмұнда сұрақтар қойып, жауап алу. Сабақты «Білім – өмір шырағы» деген қорытынды пікірмен аяқтау.

Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.


  1. деңгейдегі жұмбақты оқып, шешуін табады. Дыбыстық талдау жасайды.

  2. деңгейдегі оқушылар «і» дыбысы сөздің қай жерінде (ортасында, алдында, соңында) келетінін анықтайды.

  3. деңгейдегі оқушылар жұмбақты жатқа айтады. Сөйлем құрайды.



  1. Оқушылар «Білім – өмір шырағы» мақалын тыңдайды.

  2. Мақалдың мағынасын өз ойларымен түсіндіруге тырысады.

  3. Білім алудың маңызды екенін өз сөздерімен түсіндіреді.

Оқушыларға қолдау көрсету.



Саралау тапсырмалары

Әліппе. Үнтаспа.

«Атамұра», 2020



Рефлексия



Сабақтың бағалау критерийіне сәйкес

«Табыс баспалдағынан» өз орнын белгілейді және себебін түсіндіреді.



Өзін-өзі бағалайды.

Баспалдақ суреті

жүктеу 78,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау