Зерттеушілік: білім
мазмұнын меңгеру
деңгейін
зерделейді, білім
ортасын зерттейді
әріптестерімен өзара әрекеттесе оқу жетістіктерін бағалау үдерісін жүзеге асырады;
тәлімгердің жетекшілігімен білім алушылар әлеуетінің алғашқы диагностика әдістерін
қолданады;
тәлімгердің жетекшілігімен рефлексия әдістері мен тәсілдемесін, білім алушылардың іс-әрекеттегі
қиындықтары мен коррекциялауды анықтаудың әдістері мен тәсілдерін пайдаланады.
Білім:
педагогикалық мониторингтің негіздері (әдістер, технологиялық үдерістер);
білім алушылардың оқу жетістігін бағалау үдерісі, әдістері, қағидаттары;
мектепке дейінгі жастағы балалардың тілдік құзыреттілігін бағалау жүйесінің ерекшеліктері
;
кері байланыстың құралдары мен әдістері
;
рефлексия әдістері мен тәсілдері, білім алушылардың іс-әрекеттегі қиындықтары және
коррекциялауды анықтау әдістері мен тәсілдері;
бастауыш мектеп жастағы балалардың тілдік құзыреттілігін (сөйлеудің төрт түрі бойынша)
бағалауға ұсынылған критерийлер.
5-еңбек қызметі
Әлеуметтік -
коммуникативтік:
кәсіби
қоғамдастықпен
және білімнің
барлық мүдделі
тараптарымен
өзара әрекеттесуді
жүзеге асырады
Іскерлік пен дағдылар:
өз бетімен педагогикалық этика ережелерін басшылыққа алады;
өз бетімен сынып және әдістемелік бірлестік шеңберінде кәсіби диалогтарға қатысады;
әріптестерімен өзара әрекеттесе білім алушылардың, педагогтардың ұжымдарында, ата-
аналармен педагогикалық әрекеттесуді ұйымдастыру әдістері мен қағидаттары негізінде ізгі ниетті
қарым-қатынас орнатады;
әріптестерімен өзара әрекеттесе мектепке дейінгі балаларды қосымша оқытудың жүйесіне
тартады, оның ішінде ана тілі емес және шет тілдеріне (үйірмелер, балалар қоғамдастығы);
әріптестерімен өзара әрекеттесе кәсіби-педагогикалық тілдесу негіздерінің біліміне сүйеніп өз
қызметін жасайды.
Білім:
педагогикалық әдеп ережелері;
білім алушылармен педагогикалық өзара әрекеттесуді ұйымдастырудың әдістері мен қағидаттары;
қызметкерлер ұжымында жұмыс жасау әдістері мен қағидаттары;
мектепке дейінгі балалардың ата-аналарымен жұмыс жасау әдістері мен қағидаттары.
1 –еңбек қызметі
Оқытушылық: оқу
ақпаратын
таратады, өз
бетімен оқуды
үйретеді
4.2
Іскерлік пен дағдылар:
өмір қауіпсіздігі негіздерін есепке ала отырып өз бетімен оқытуды/сабақты өткізеді;
өз бетімен білім алушылардың өздігінен бағыттауын/реттеуін дамытуға ықпал ететін оқытудың әдіс-
тәсілдерін қолданады, оқу жетістіктерін өзін-өзі және өзара бағалау әдістерін пайдаланады;
өз бетімен оқытудың дара тәсілін пайдаланады;
өз бетімен білім алушылардың қажеттілігі мен жас ерекшеліктерін есепке ала отырып оқытудың
тәсілдемесі мен әдістерін анықтайды;
тәлімгер жетекшілігімен оқытудың тиімді технологияларына сүйене отырып, оның ішінде
командалық жұмыс әдісіне, оқытудың әдістерін қолданады;
әріптестерімен өзара әрекеттесуде оқу бағдарламасын кеңейтетін қосымша ресурстарды қолданып
оқыту/сабақ өткізеді;
бағдарламаны игеруде қиналатын немесе ерекше білім алу қажеттілігі бар балалармен жұмыс
кезінде, әріптестермен өзара қарымқатынаста мамандардың (психолог, логопед, дефектолог және
т.б.) педагогикалық ұсыныстарына сүйенеді.
Білім:
өмір қауіпсіздігінің негіздері;
білім алушылардың қажеттіліктері мен жас ерекшеліктерін есепке алу арқылы оқытудың әдістері
мен тәсілдерін айқындайды;
оқу жетістігін бағалаудың теориясы мен технологиясы;
жас физиологиясы, жас ерекшелік және жалпы психологияның теориялық негіздері ;
оқу бағдарламасын кеңейтетін қосымша ресурстар;
мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытудың теориясы мен технологиясы ;
бастауыш мектеп жастағы балалардың
ана тілі емес және шет тілдерінің ерте оқытудың әдістемесі
(көптілді бағдарламалармен жұмыс жасайтын мұғалімдер );
мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту теориясы мен технологиясы;
түзету педагогикасы мен арнайы психология негіздерін;
денсаулығы мүмкіндігі шектеулі балалардың психикалық дамуы ерекшеліктерін білім беру және
сауықтыру ; инклюзивті процесін ұйымдастырудың әдістемелері мен технологияларын.
2-еңбек қызметі
Тәрбиелік: білім
алушыларды
әлеуметтік
құндылықтар
жүйесіне тартады
Іскерлік пен дағдылар:
педагогикалық тактты, педагогикалық этика ережелерін сақтайды;
білім алушылар тұлғасына сыйластықпен қарайды;
білім алушылармен қарым-қатынаста демократиялық стильді ұстанады;
жоғары әлеуметтік құндылықтарға, гуманистік педагогика идеяларға берілгендігін білдіреді;
жалпы адами және ұлттық құндылықтарының біріккен жүйесіне баулиды;
дискриминация, экстремизмнің кез келген түрлеріне қарсы тұру қабілеті бар екенін көрсетеді;
ерекше білім қажеттілігі бар тұлғаға (оралман балалар, Қазақстанның резиденті емес, аз ұлт
балалары, дарынды балалар, денсаулығы шектеулі балалар) педагогикалық қолдау көрсетеді;
«Мәңгілік Ел» - жаңа жүйе құраушы құндылықтарына араластығын танытады
.
Білім:
балаларды оқыту мен дамытудағы тәрбиелеудің басыңқы рөлін түсіну;
балаларды тәрбиелеудегі ересек адамдардың үлгі болуының жетекші рөлін түсіну;
«оқытып тәрбиелеу» жалпы дидактикалық қағидатты іске асыру әдістері мен тәсілдері;
гуманистік педагогиканың қазіргі тұжырымдамалары;
мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеудегі денсаулықты сақтау заманауи технологиялары.
3-еңбек қызметі
Әдістемелік: білім
үдерісін әдістемелік
қамтамасыз етуді
жүзеге асырады
Іскерлік пен дағдылар:
өз бетімен кәсіби дамудың траекториясына сәйкес біліктілігін жетілдіреді;
өз бетімен есеп беру құжаттарын талдайды және рәсімдейді;
өз бетімен жалпы педагогикалық деңгейдегі АКТ құзыреттілігін меңгерген (оқыту және ойын
бағдарламаларды, веб-ресурстарды, дағдыларды қалыптастыратын тренажерлерді әзірлейді,
компьютерлік сынып жағдайында жұмысты ұйымдастырады немесе АКТ құралдарын пайдаланады,
АКТ-ны білім нәтижесіне жету, бағалау шараларын өткізу үшін қолданады.
тәлімгердің жетекшілігімен білім алушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып, оқу
бағдарламаларының, нормативтік актінің талаптарына сәйкес сабақтарды жоспарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |