Тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәні мен қызметі
Жоспар:
Тілдің шығуы туралы
Тіл мен қоғам бірлігі.
Тілдің әлеуметтік мәні.
Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді. Тіл білімінде оларды екіге бөліп қарайды.
1. Биологиялық теориялар тілдің пайда болу себебін адам организмі мен психикасының ерекшеліктерінен іздейді.
а) Еліктеу теориялары, оның ішінде кең таралған «дыбысқа еліктеу қағидасы» бойынша алғашқы адамдар қоршаған ортадағы дыбыстарға, көрініс, бейнелерге еліктеп, олады белгілеу үшін әртүрлі дыбыстар шығарудан бастайды (Х. Штейнталь).
б) «Одағай теориясы» бойынша адамдардың өздеріндегі көңіл-күй әсері бойынша еріксіз, оқыс дауыстар шығаруы қазірге тілге негіз болады.
в) Ымдау теориясы бойынша алғашқы кезде тілде «сөздермен» бірге мимикалар мен жестілер көп болған. Жалпы тілдің қажеттігі адамдардың рухани әрекетімен, әрекет құралы болуымен байланыстырылады. Бұл көзқарастардың қалыптасуына Г. В. Ф. Гегель мен В. Фон Гумбольдттің пікірлерінің ықпалы зор болды.
1. Қоғамдық теориялар бойынша тілдің пайда болуы әлеуметтік себептерден ізделеді.
а) «Қоғамдық келісім теориясы» бойынша адамдар белгілі бір заттарды белгілеу үшін оларды бірдей атауға келіседі.
б) Еңбек теориясы бойынша тіл адамдардың бірлесіп еңбек етуі кезіндегі байланыс жасау қажеттігінен пайда болған. Оның ішінде «еңбек айқайы теориясы» (Л. Нуаре, К. Бюхер) мен Ф. Энгельстің еңбек теориясы таралаған. Соңғы теория бойынша тіл, еңбек пен бірге «адамды адам еткен» факторларға енеді.
Қоғамдық теориялардың дұрыстығы – тілдің қоғамдық қажеттіліктен пайда болғаны шындық және ол қоғамдық құбылыс ретінде қоғамда пайда болып, онымен бірге дамиды.
Тілдің алғашқы негіздерін адамның пайда болуы процесімен байланыстыра қараған дұрыс екеніне көз жеткізуге болады. Ендеше тілдің қалыптасуы да адамның қалыптасуы тәрізді миллиондаған жылдарға созылған процесс. Және оның қалыптасуы адамның түр ретінде қалыптасуымен бірге жүріп, бұл жолда жетекшілік қызмет атқарғаны да рас. Тілдің пайда болып қалыптасу процесі глоттогенез деп
аталады.
Адам эволюциясының қазіргі деректер бойынша даму жолы төмендегідей. Қазіргі адамдар (гомо сапиенс сапиенс) бұдан 150-200 жыл бұрын қазіргі Шығыс Африка территориясында (Кения, Танзания) пайда болған. Олар Еуразия құрылығына алғаш рет бұдан 70-80 мың жыл бұрын аяқ басқан, бұл аймақта кең таралған адам тәріздес «ағайындары» (негізінен неандертальдықтар) олармен бәсекеге төтеп бере алмай жойыла бастайды. Ал 40-60 мың жыл бұрын олар Оңтүстік Азия мен Еуропаға кеңінен таралып орналасқан. Одан кейін, бұдан 20-30 мың жыл бұрын адамдардың оңтүстікте Австралия мен аралдарға, солтүстікте Сібір мен Америкаға қарай таралуы жалғасады. Яғни тілдің қазіргі түрдегідей қалыптасқан кезін бұдан 200 мың жыл бұрынғы кезден әрі деп, ал қазіргі тілдердің бәріне негіз болған ең көне тілді бұдан 50 мың жыл бұрын өмір сүрген деп жорамалдауға болады.
Бұл болжамды көне тілдің қазіргі тілден елеулі айырмасы болмаған: яғни дыбыстардан сөздер құрастырып, оларды байланыстырып сөйлемдер құрап сөйлеген. Алғашқы кезде адамдардың саны әлемде аз болғанымен тілдердің саны өте көп болған деп есептеледі. Кейін тілдердің азаюы тайпалық дәуірдің басталуына байланысты. Тайпа мемлекеттіліктің бастауы, ондағы адамдар негізінен бір тілде сөйлесуге бағытталады. Бұл тілдердің бір бірін ығыстырып шығаруы және тоғысуы түрінде жүрген. Ал қазіргі салыстырмалы-тарихи зерттеулер бойынша барлық тілдер бұдан 15 мың жыл бұрын өмір сүрген 5-6 ата тілден таратады. Олардың ішіндегі ең ірісі нострат тілдері. Оның ұрпақтары кейін Еуропаға түгелдей, Солтүстік Африкаға және Азияның көп бөлігіне (Оңтүстік Шығысынан басқа) таралады.
Адамзат тілінің қазіргі күйінен алдындағы тілдің түрін «диффузды тіл» деп атайды. Бұл тілдің дыбыстық ажыратылмайтын кезеңін білдіреді. Бұл тілде сөздер мен дыбыстардан гөрі мағына білдіруде интонациялар және ымдаулар маңызды орын алған. Бізді қазір үй жануарлары немесе кішкене сәбилер (екі-үш айға дейінгі) қандай да бір жолмен (сол диффузды түрде, яғни дауыс әуеніне, көзге, қимылдарға қарайды) «түсінеді». Жалпы тілдің ең бастау көздерін жануарлар әлемі мен инстинктілерден іздеу үрдісі қазір басты қағидаларға өзек болуда.
Дүниені танып білуге қойылатын басты бір методологиялық талап—шындықтың кез келген құбылысын объективтік тұрғыдан түсіндіру, яғни оның шын мәнін, табиғатын шындыққа дәл сәйкестік тұрғысынан бейнелендіру. Мұнсыз адамның білімі ақиқат болмас еді. Бұл барлық ғылым атаулыға, жаратылыстану ғылымдарына да, қоғамдық-әлеуметтік ғылымдарға да, қойылатын бірінші талапты тілтану ғылымына қолдансақ, тілдің табиғаты, мәні, оның шығу себептері мен қоғамдық сипаты, атқаратын қызметі қандай деген сұрақтарды объективтік ақиқат тұрғысынан зерттеу қажеттігі келіп шығады.
Бірақ бұл мәселе жайлы сөз қозғағанда, ең алдымен, мынадай екі проблеманы бір-бірінен ажыратып алу қажет: оның бірі — бүкіл адамзат баласына тән жалпы сөйлеу құралы болып табылатын тілді білдіретін жалпы ұғым, ал екіншісі — жеке халықтардың сөйлеу кұралы болатын жеке (нақты) тілді білдіретін жекеше үғымдар.
Бұл екі түрлі ұғымды бір-бірімен шатастырмау керек. Өйткені бұлардың арасындағы логикалық қатынас жалпы мен жекеше категорияларының ара-сындағы қатынас тәрізді.
Адамның сөйлеу қабілетін білдіретін жалпы шығу тарихы өте көне заманға — адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығу заманына барып тірелсе, жеке-дара нақты тілдердің шығуы мен дамуы жалпы адамзат тілінің шығу, қалыптасу заманынан әлдеқайда бертінгі дәуірлерде болған. Сондықтан нақты жеке тілдердің, мысалы, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің қалыптасу, даму кезеңдерін тарих, лингвистика ғылымдары тікелей зерттеп, айқындай алатын болса, ал жалпы адамзат тілінің шығуын, адамдар о баста қалай сөйлеп үйренгенін айқындау үшін тек тарихи, лингвистикалық зерттеулердің бір өзі тіптен жеткіліксіз, өйткені тілдің шығу проблемасы жалпы адамның пайда болуы (антропогенез) және адамзат коғамының пайда болуы (сопогелез) сияқты күрделі проблемалармен іштей тығыз байланысты. Сол себепті тілдің о баста шығу проблемасы тарих пен лингвистика ғана емес, сондай-ақ философия мен психология, археология мен єтнография, физиология мен антропология және басқа ғылымдар бірлесе зерттейтін, аса күрделі проблема болып табылады.
Жер шарында мыңдаған жеке тілдер бар. Олардың бәрінің бір-бірінен толып жатқан айырмашылықтарымен қатар өзара ұқсас, бәріне ортақ жалпы қасиет белгілері де бар. Әрбір тіл белгілі бір жеке халықтың, қауымдастықтың игілігіне қызмет етеді және сонымен бірге ол — қоғамдық-тарихи құбылыс. Ол-адамзаттың мәдени дамуының қажетті шарты, өзара қарым-қатынас орнатудың, ой-сананың қалыптасуы мен дамуының кұралы. Бұлар және б±лар сияқты басќа да мәселелер жалпы тілтанудың зерттеу объектісі болумен қатар философиялық проблемалар болып табылады.
Философия тілді ең алдымен қоғамдық-тарихи прогрестің нәтижесінде пайда болған табиғи-әлеуметтік құбылыс деп қарастырады, өйткені қоғамнан тыс сөйлеу тілі жоқ, болған емес және болмайды да. Екінші жағынан алғанда, тіл жоқ жерде қоғамдасу да прогреске жету де жоқ. Тіл мен қоғам айырғысыз бірлікте. Тіл - адамдардың бірлесе қимылдан, материалдық игіліктер өндірісінде белгілі бір табысқа жетуді, көздеген мақсатқа қол жеткізу үшін өзара пікір алысып, түсінісіп әрекет етуінің құралы. Демек, тіл мен өндірістің айырғысыз бірлігінде, диалектикалық қарым-қатынасында әрине өндіріс алғашқылық, айқындаушы, шешуші фактор болып табылады. Дәлін айтқанда, адам өзінің тіршілік жағдайларын жақсарту үшін, табиғат жағдайларына және қоғамдық қатынастарға саналы түрде әсер ету үшін қарым-қатынас жасау және ой-пікір алмасу құралын, яғни сөйлеу тілін қажет етеді, ал бұл қажеттілік тілді тудырды.
Олай болса, материалдық өндірісті тудыратын тіл емес, керісінше, өндіріс қажеттері бір ұжымдағы адамдардың бәріне түсінікті ортақ тілдің болуын қажетті түрде талап етті. Адамзат тілінің пайда болу теориясының негізін салған К.Маркс пен Ф.Энгельс бұл жөнінде былай деп жазды: "Тіл де, сана сияқты, ертеден келе жатқан нәрсе; тіл, дәл айтқанда, (іс жүзінде) алдымен басқалар үшін және тек осының арқасында ғана мен өзім үшін де өмір сүретін шын практикалық сана болып табылады, сөйтіп, сана сияқты тіл де басқа адамдармен қатынас жасау қажеттігінен және мұқтаждығьнан туады".
Тілдің шығуы туралы Маркстік көзқарасқа дейін де бір қатар ой-пікірлер мен жорамал теориялар болды және олар қазірде де бар. Енді солардың кейбіреулерін қарастырып көрейік.
Ежелгі грек философиясынан бастау алатын “дыбысқа еліктеу” (немесе аноматопоєтикалық) деп аталатын теория тілдің шығуын табиғатта болатын түрліше дыбыстарға еліктеудің нәтижесі деп түсіндіреді.
Әсіресе 18-19 ғасырларда кеңінен өріс алған бұл теорияны жақтаушылардың бірі неміс философы Г. Лейбниц (1646-1716) алғашқы адамдар жануарлар мен табиғат құбылыстарының дыбыстарын, мысалы, құстардың сайрауын, қасқырдың ұлуын, өзен суының сылдырын т.б. есітіп, соларға еліктеуден әртүрлі дыбыстар шығарды дейді.
Бірақ табиғатта дыбыс шығармайтын да заттар мен құбылыстар көп екені, олардың атау сөздері де мол екені белгілі. Бұл теория тілдің шығуының себептерін дыбысқа еліктеуден іздеп, тілдің әлеуметтік себептерін ескерусіз қалдырады, өйткені бұл теория тілді қоғамдық күбылыс емес, табиғат құбылысы, "табиғаттың адамға тартқан сыйы" деғен логикалық қорытынды шығаруға жетелейді.
Тілдің шығуы жайлы тағы бір ғылыми емес теория — "қоғамдық шарт" теориясы. Бұл теория бойынша, алғашқы адамдар тілдегі сөздерді өзара келісу арқылы таңдап алған. Тілді келісім арқылы жасау үшін келісімнен бұрын бір тіл болуы керек қой, өйткені ондай тілсіз тіл туралы қалай келісім жүргізуге болады?! Бұл логикалық қисынсыздық "қоғамдық шарт" теориясының шындыққа жанаспайтындығын дәлелдеп жатудың қажеті жоқ екендігін өзінен-өзі көрсетіп тұр.
XIX ғасырда еңбек айқайы ("Трудовые выкрики") деп аталатын тұрпайы материалистік теория пайда болды. Оның өкілдері Людвиг Нуаре, Карл Бюхнер, т.б. алғашқы адамдардың еңбек ету кезінде шығарған рефлексті айқайларының негізінде пайда болды, бұл айқайлар ең алдымен етістік сөздердің шығуына негіз болды деп пайымдады. Бұл теорияны жақтаушылардың қателігі сол, олар тілді адамдардың қарым-қатынас кұралы ретінде түсінбей, тек еңбек процесін қостаушы көмекші кұрал деп түсінді.
Олардың тілдің шығуының себепшісі болған алғашқы сөздер етістіктер еді деген пікірінің ешқандай ғылыми негізі жоқ. Тілді табиғи организм деп түсіндіретін натуралистік теория жөне басқа таза биологиялық ағым немесе тілдің шығуы мен дамуын кұдайдың құдіретті күшінің нәтижесі деп түсіндіретін діни-идеалистік теориялар т.б. бұрында да бар еді, қазірде де жоқ емес. Бірақ олардың бәрі, сыйып келгенше, ғылыми емес теориялар екендігін атап айтпасқа болмайды.
Тіл философиясының ғылыми түсінігін кезіндегі археология мен єтнографияның, антропология мен социологияның т.б. зерттеулеріне сүйене отырып жасап берген К.Маркс пен Ф.Энгельс болды. Олардың ілімінше, адам тілінің табиғи қалыптасуына бірден-бір себеп болған адам тектес маймылдардың адамға айналу процесінің барысынла туған қоғамдық қажеттілік - алғашқы адамдардың бірлескен тіршілік іс-әрекеттерін үйлестіру қажетті еді. Демек, адам тілінің шығуы адам коғамының шығу, қалыптасу проблемасына барып тіреледі екен, өйткені біріншісі екіншісінің, яғни антропогенез бен социогенез проблемасының, құрамдас бөлігі болып табылады.
Сонымен, адамның санасы мен сөйлеу тілінің шығуы қоғамдық өндірістің және онымен бірге алғашқы қоғамдық қатынастар мен қажеттіліктердің ұзақ уакыт бойы қалыптасып, адам тектес маймылдардың үйірлерінің алғашқы әлеуметтік адам бірлестіктеріне айналуының және сондай-ақ соған сәйкес дене құрылысының өзгеруінің нәтижесі болып табылды.
Сонымен қатар, ру-тайпалар арасында кұралдар және басқа бұйымдар алмасу іске аса бастады, ал бұл білімдер мен еңбек ету әдіс-тәсілдері, дәстүрлері тілдік қатынас құралы арқылы басқа тайпалар мен халықтардың мүшелерінің арасына тарап отырды.
"Алғашқы тілдің табиғи материясы" да қазіргі заманғы тілдердің "материясынан" көп өзгеше болған - оларда дыбыстық сөздермен бірге "ымдау тілі" де кеңінен пайдаланылған дейді зерттеулердің нәтижелері. Жоғарғы тас дәуірінде (бұдан шамамен 40 мың жылдай бұрын) неандертальдықтардың орнына жаңа адам (неоантроп немесе "Ното заріегш") келеді. Ол енді жеке құрал емес, құрамдас еңбек құрал (мысалы, сабы бар балта) жасай алатын болды, жартастарға көп түсті сурет салуды білді. Оның бас сүйегінің көлемі мен құрылысы қазіргі адамдікінен айнымайды деуге болады. Бұл дәуірде енді нағыз қатынас құралы, қалыптасып келе жатқан ой ұғымдарын қоғамдық жағынан тұжырымдау құралы бола алатын дыбысты тілдің қалыптасуы аяқталды: "... Адамдардың қажеттері және оларды қанағаттандыруға көмектесетін енбектің түрлері көбейіп, әрі қарай дамыған сайын адамдар нәрселердің тұтас топтарына жеке атаулар бере бастады"-. Тілдік белгілер бір-бірінен біртіндеп ажырап, жеке мазмұнға ие бола бастады: тұтаскан аралас сөз-сөйлемдерден аз-аздап жеке сөздер - болашақ есімдер мен етістіктердіњ түп түлғалары бөлініп шыға бастады, ал тіл тұтас алғанда өзінің қатынас құралы және айналадағы дүниені танып білу құралы ретіндегі функцияларын (кызметтерін) шын мәнінде атқара бастады.
Тіл және қоғам. Тіл – қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның қажеттіліктерінен пайда болған және қоғамда пайдаланылатын құрал. Бұжан тілдің келесі басты қызметі шығады. Яғни тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы. Бұл кең түсінік: тіл арқылы хабарды жеткізуге (информативтік және констациялаушы функциясы), немесе хабарды алуға (сұрау функциясы) болады. Сонымен бірге қозғау салуға, бұйыруға, өтінуге (аппелятивтік функциялары) т.б. болады. Бұлардың хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлемдерге сәйкес келетінін байқауға болады. Келесі мәселе тілдің қоғамдағы жіктелістері. Ол тілдің қоғамдық дифференциялары деп аталады. Оның негізгілері:
1. Әлеуметтік дифференция әдеттегі кәсіби сөздерді, терминдерді, жаргондарды береді. Яғни тілде адамдардың әлеуметтік топтарына, мамандығына, шаруашылық кәсібіне байланысты жіктелулер бар. Терминдер, арнайы сөздер белгілі бір сала бойынша қолданылады. Оларды әдетте ғылыми терминдер, өнер терминдері және спорттық терминдер деп бөледі. Кәсіби сөздер, профессионализмдер әлеуметтік диалект деген татаумен де белгілі. Олар адамдардың, өлкенің шаруашылық кәсібіне байланысты, соған тән сөздер. Мысалы балық, егін, бақша өнімдері, мал шаруашылығы, құсбегілік, аңшылық немесе өндірістік аймақтардың сол шаруашылыққа байланысты ғана қолданылатын сөздері жатады. Ал жаргондар адамдардың әлеуметтік топтарына байланысты қолданылатын сөздер, бұл мағынасында әскерилердің жаргоны, студенттік жаргон, қылмыскерлердің жаргоны, компьютерлік жаргон деген ыңғаймен қолданыла береді, бұл ауызекі тілде молынан ұшырасады, әдеби тілге енбейді. Жасөспірімдердің тіліндегі сөйлеу ерекшеліктері сленг деп аталады. Бұлар тілдік «модаға, сәнге» байланысты өзгеріп отырады. Лингвистикада бұлардың бәрін жинақтап, әлеуметтік дифференция бойынша сөздердің түрлерін социолект деп атайды.
Бұл атаулар әдеби тілге енбейтіні болмаса, жағымсыз мағынада қолданылмайды. Шындығында, қазіргі әдеби тілде бір кездегі жаргондар сөздің ауыспалы мағынасы немесе, лексико-семантикалық варианты, тұрақты сөз тіркесі түрінде молынан ұшырасады.
2. Территориялық дифференция тілдегі диалектілерді, говорларды тілдің варианттарын береді. Мысалы ағылшын тілінің диалектілерімен қатар, америкалық, австралиялық, британиялық, жаңа зеландиялық, оңтүстік африкалық, канадалық деп аталатын нұсқалары бар. Ал диалектілер – жергілікті аймақтардың тілдік ерекшеліктері. Ол фонетикалық (сөздің айтылуындағы дыбыстық айырмалар), лексикалық (сол аймақта ғана қолданылатын сөздер) және грамматикалық (аймақтар бойынша сөз тұлғаларының айырмасы) диалектілер болып бөлінеді. Говорлар, сөйленістер – деген аймақтың ішіндегі сөйлеу ерешелігі бар шағын аудандар. Картаға түсіргенде диалект аймақтарының шекарасын изогластар бөліп тұрады. Бұл диалектология ғылымының зерттеу объектісі. Кейде диалект мен тілдердің айырмасын белгілеу қиын болады: бір тілдің екі диалектісі бір-бірін түсінбеуі де мүмкін, керісінше екі басқа тілде сөйлеушілер толық түсініседі. Бұл жағдайларда халықтың тілі деген түсінікке ғана қарайды.
Тіл өзінің бағытталуы бойынша монологті, диалогті, полилогті түрлерде жарық көреді. Монологті тіл кейінгі деп есептеледі. Себебі тіл, қарым-қатынас қажеттілігінен пайда болған.
Тіл және қоғам мәселелеріне тілдің мәртебелері, қолданылу аясы, мемлекеттік және ресми тіл, халықаралық қатынас тілі статустары, тілді дамыту мәселелері де жатады. Қазір әлемде шамамен 6000-ға жуық тірі тіл бар деп есептеледі. Олардың 70 пайызының жазба тілі жоқ және жойылып кетудің алдында тұр. «Әлемдік тілдер» деген атауды негізінен БҰҰ-ның ресми жұмыс тілдеріне қолданылады. Олар қытай, ағылшын, испан, француз және орыс тілдері. Тілдің таралуын, көлемділігін сол тілде сөйлейтін адамдардың санымен есептейді: 10 млннан аса адам сөйлейтін тіл лингвистикалық өлшеммен ірі тіл болып саналады. Жер бетінде ондай тілдердің саны 100-ге жуық. Қазіргі ана тілі, қос тілділік (билингвизм), көп тілділік (полиглотизм) мәселелері де осыған енеді. Тіл халықтың және ұлттың, ұлттық мемлекеттіліктің басты белгілерінің бірі болып табылады. Сондықтан, мемлекеттер әрқашан тіл саясатын басты назарда ұстайды.
Тілдің пайда болуы, дамуы, әдеби тілдің қалыптасуы, стильдік тармақталуы туралы мәселелер де тіл және қоғам түсінігіне орайласады. Бұл бағыттағы барлық мәселелермен тіл білімінің қомақты саласы болып табылатын социолингвистика ғылымы айналысады.
Әдебиеттер тізімі
Маслов Ю. С. Введение в языкознание. М.,1987.
Кодухов В. И. Введение в языкознание. М.,1987.
Реформатский А. А. Введение в языковедение. М., 1967.
Будагов Р. А. Введение науку оязыке. М.,1965.
Широков О. О. Введение в языковедение. М.,1985.
Головин В. А. Введение в языкознание. М., 1983.
Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. А., 1995.
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1978.
Степанов Ю. С. Основы языкознания. М.,1992.
Теоретические основы классификаций языков мира. М.,1980.
Основные направления структурализма. М., 1964
Дирингер Д. Алфавит. М.,1963.
Вандриес. Ж. Язык М.,1987.
Щерба Л. В. Языковая система и речевая деятельность. М., 1974.
Гумбольдт В фон. Избранные труды по языкознанию. М., 1964.
Соссюр Ф. Курс общей лингвистики. М., 1933
Аймауытов Ж. Ана тілін қалай оқыту керек? “Жаңа мектеп” 1925 №2
Арапов М. В. Квантивная лингвистика. М. 1988.
Даль В. Толковый словарь М., 1935.
Байтұрсынов А. “Тіл тағылымы” А., 1989.
Дулатов М. Жаңа жазу ережелері. Қ 1923.
Жиенбаев С. Қазақ тілі методикасы. А. 1941.
Жинкин Н. И. Коммуниткативная система человека и развития речи в школе М. 1969.
Жинкин Н. И. Реч как проводник информация. М. 1982.
Жұбанов Қ: Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер А. 1999.
Жұмабаев М. Педагогика. А. 1992.
Кеңесбаев С. Жанұзаков Т. Руссо-казахский словарь лингвистических терминов. А. 1966.
Оразбаеваа Ф. Ш. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. А. 2002.
Аймауытов Ж. Комплекс пен оқыту жолдары. 1929.
Әлімжанов Д. Маманов Ы. Қазақ тілін оқытук методикасы. А. 1965.
Байтұрсынов А. Тіл құрал, I, II, III Тіл танытқыш Қ. 1925.
Дулатов М. Жаңа жазу ережелері. Қ. 1923.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздіктері. 1-10 томдар А. 1980.
Достарыңызбен бөлісу: |