Тексеру сұрақтары: Ағымдағы бақылаудың негізгі мақсаты қандай? Ол қандай деректермен жұмыс істейді? Ағымдағы бақылау қанша рет өткізіледі? Қандай жүйелерді бағалайды? Морфологиялық және биохимиялық тексерулерге не кіреді? Қышқыл – сілті жағдай деген не? Қанның құрамы ма, әлде лимфа сұйықтығының ба? Қандай жүктемелерді орындағанда қандай деректерді алады? Тері – вегетативті рефлекстер деген не? Олар қандай клиникалық сипаттама береді? ВИ Кардю нені зерттейді және оның формуласы қандай? Ортостатикалық сынамамен нені анықтайды?
Әдебиеттер тізімі: А.Макарова. Спортивная медицина: Учебник. – Советский спорт, 2004. 2. Дунаева З.Қ., Мұстафина Т.К. Студенттердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – А., 1993. 3. Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина. Оқу құралы. Алматы, 1993, 75 бет. 4. Мұстафина Т:Қ., Амангельдиева Р.Р., Дунаева З.Қ. Патологические состояния и заболевания у спортсменов. Учебное пособие. Алма – Ата, 1986.
6. CЕМИНАР (ПРАКТИКАЛЫҚ) САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ:
№
|
Тақырып
|
Сабақтардың мазмұны
|
апта
|
Әдебиет беттері
|
1.
|
Дененің дамуын анықтау
|
Соматоскопия - сырттай көзбен бағдарлау;
Антропометрия - өлшеу:
Дене салмағының құрамын және меншікті салмақты анықтау.
|
1
|
22-24 (2)
|
2.
|
Дененің дамуын анықтау тәсілдері
|
Денсаулық пен ауру туралы түсініктер
Аурудың пайда болуы, өтуі және аяқталуының негізгі түрлері
Терминальды жағдайлар
|
2
|
24-26 (2)
|
3.
|
Жүйке жүйесімен жүйке – бұлшық ет жүйесін зерттеу әдістері
|
Дене бітімін бағалаудың жеке әдістері:
Қалыптар
Индекстер
Корреляция
|
3
|
26-27 (2)
|
4.
|
Тыныс жүйесінің қызметтік мүмкіншілігін зерттеу
|
Тыныс жүйесін спирографиялық әдіспен зерттеу
Жүйке және тыныс жүйелерінің қызметтік күй ерекшеліктерін зерттеуге арналған есептерді шешу
|
4
|
27-31
(2)
|
5.
|
Жүрек қан тамырлар жүйесінің қызметтік көрсеткіштері
|
Лүпіл мен артериалдық қан қысымын анықтау
Бірқалыпты мөлшерлі жүктемелер
|
5
|
31-33 (2)
|
6.
|
Жүрек қан тамырлар жүйесінің қызметтік көрсеткіштері
|
Жүрек қан тамырлар жүйесін аспаптар әдісімен зерттеу
Электрокардиограмма (ашып көрсету)
Жүрек қан тамырлар жүйесін зерттеуге арналған ситуациялық есептерді шешу
|
6
|
33-35 (2)
|
7.
|
Әйел спортшыларда жаттықтырудың дәрігерлік ерекшеліктері
|
Әйелдер ағзасының құрылымдық және қызметтік ерекшеліктері
Әйелдерге тән биологиялық құбылыстар (овариалды – менструациялық айналма етеккірі, климакс, жүктілік)36-38
Жұмыс қабілетінің жоғарыда аталған кезеңдерде төмендеуі
|
7
|
35-36 (2)
|
8.
|
Субмаксимальді сынамалар
|
Гарвард степ тестісі
PWC 170 сынамасы
|
8
|
36-38 (2)
|
9.
|
Максимальді жүктеме сынамалары
|
Оттегінің тіршілік сиымдылығы (ӨТС)
Новакки сынамасы
|
9
|
38-40 (2)
|
10.
|
Максимальді жүктеме сынамлары
|
Веналық қан көлемін азайтуға негізделген сынамалар
Ортостатикалық және клиностатикалық сынамалар
Вальсальва – Бюргер сынамасы
|
10
|
40-43 (2)
|
11.
|
Дәрігерлік ұстаздық бақылау
|
Өндіріс қызметін үлгілеу және рольдік ойындар
ДҰБ қорытындысын оқу – тәжірибелік конференцияда баяндау
|
11
|
41-43 (2)
|
12.
|
Орта және егде жастағылардың денсаулығын және жалпы жұмыс қабілетін бағалау әдістері
|
Экспресс бағалау
PWC 170 және басқа сынамалар
|
12
|
43-51 (2)
|
13.
|
Спорттық жұмыс қабілетін қалыптастырудың дәрігерлік әдістеріне арналған ситуациялық есептер шығару
|
Гигиеналық әдістер
Дәрі – дәрмектік немесе фармакологиялық әдістер
Физикалық әдістер
|
13
|
51-55 (2)
|
14.
|
Әртүрлі жарақаттарда жедел дәрігерлік көмек көрсету
|
Спорттық зақымдар мен қимыл – қозғалыс аппаратының ауруларына арналған ситуациялық есептер шығару
Оқыстан дамитын сырқаттық жәйттар және реанимациялық әрекеттер
|
14
|
55-62 (2)
|
15.
|
Денсаулық деңгейін анықтау
|
Орташа қарқынды жүктеме сынамалары
Жалпы дене тәрбиесінде қолданылатын сынамалар (Руфье – Диксон, Мартин, Летунов, Леви – Гориневской сынамалары)
Жүргізу және бағалау тәсілі
|
15
|
62-64 (2)
|
7.ПӘНДІ МЕҢГЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Зертханалық сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
№1. Зертханалық жұмыс.
Тақырып: Көзбен шолу арқылы жаттығудың ағзаға әсерін бағдарлау
Мақсаты: Сырттай байқау әдісі бойынша сабақ барысында спортшылардың жұмысқа дайындығын, шаршау дәрежесін, жаттығуды жүргізу және ұйымдастыру тәсілінің тиімділігін бағалау.
Жұмысқа керекті құралдар: зерттеу хаттамасы, секундомер.
Жұмыс барысы: Зерттеу хаттамасына төмендегі мәліметтерді тіркеу қажет:
Жаттығу тобындағы спортшылар туралы мәліметтер: спортшылар саны, (әйелдер мен ерлер), спорт түрі, спорттық дәрежелері, спорттық өтілі, жылдық жаттығу айналымының қазіргі кезеңіне сипаттама, жаттығудан босаған спортшылар саны, оның себептері.
Жаттығуға сипаттама: сабақтың тақырыбы, мақсаты, жаттығудың жалпы және қимыл – қозғалыстық тығыздығын анықтау. Ол үшін жаттығу барысын үздіксіз бақылап (хронометраж), алдымен жалпы сабаққа берілген уақытты (сағат нешеде басталып, нешеде аяқталды), содан соң осы уақыттың ішінен тек жүктемені орындауға жіберген уақытты есептеп шығарып, формула бойынша жалпы және қимыл – қозғалыс тығыздығын анықтайды.
Мысалы, жоспарланған жаттығу уақыты – 90 минут, сабақтың ұзақтығы – 80 минут, жүктемелерді орындауға жұмсалған уақыт – 60 минут, жаттығудың жалпы тығыздығы: 90 ---- 100%; 80 ---- x;
x = 80 . 100 : 90 = 89%. Қимыл – қозғалыс тығыздығы: 80 ---- 100%, 60 ---- x, x = 60 . 100 : 80 = 75%
Егерде пайызбен есептеп шығарған жаттығудың жалпы тығыздығы 80-90% болса, онда ол жоғары, ал 60-70% - жақсы, 40-50% - төмен деп бағаланады. Қимыл – қозғалыс тығыздығы – спорт түріне, жылдық жаттығу мерзіміне және жаттықтырушының алдына қойған мақсатына байланысты.
Жұмыс қарқынының салыстырмалы көрсеткішін пайыз арқылы есептеп шығару үшін қолданылатын формула:
J = жаттығудың негізгі бөліміндегі ТСЖ - қалыпты жағдайдағы ТСЖ-----
жоғарғы қарқынды жұмыс кезіндегі ТСЖ – қалыпты жағдайдағы ТСЖ
x 100%. J – жұмыс қарқынының салыстырмалы көрсеткіші - %; Қалыпты жағдайдағы ТСЖ – жаттығу алдындағы немесе тұрақты, таңертеңгі бір минуттық ТСЖ. Жаттығудың негізгі бөліміндегі ТСЖ – жаттығудың негізгі бөліміндегі ең жоғарғы ТСЖ.
Жоғарғы қарқынды жұмыс кезіндегі немесе жобамен шығарылған ТСЖ мына формулалар бойынша анықталады: ТСЖ(max) = 220 – зерттелуші жасы (әйелдер); ТСЖ (max) = 205 - ½ зерттелуші жасы (ерлер).
Жаттығу қарқынын бағалағанда жалпы денешынықтыру жүйесінде машықтандыру әсерін қамтамасыз ететін жаттығулардың тиімді мөлшері ТСЖ max - дың 60-95% деңгейі.
4. Жаттығудың ағзаға әсерін және оның шаршау дәрежесін бағдарлау
1.Cпортшылардың сабақ басталмастан бұрынғы жағдайлары және екөңіл – күйлері (көтеріңкі, енжар, сергек), жұмысқа ынтасы (жоғары, төмен).
2. Жаттығу кезіндегі өзгерістер: көңіл – күйлері, тәртібі, жүктемелерді орындау қабілеті, қимыл – қозғалыстарының үйлесімділігі; тыныс алу жиілігінің жоғарлап, демікпенің пайда болуы; тері түсінің өзгеруі және тағы басқа шаршау белгілері.
3. Техникалық көрсеткіштері: жүктемелерді орындау техникасы (жақсы, қанағаттанарлық, нашар, төмен); техникалық көрсеткіштері (жоғары, орташа, төмен); жіберілген қателіктері мен кемшіліктері.
4.Шаршау дәрежесін спортшылардың сыртқы көріністері арқылы анықтау (тері түсінің өзгеруі, терлеу дәрежесі, көңіл – күйі т.б.).
5. Алға қойған мақсаттың орындалғандығын бағалау.
Қорытынды: алынған көрсеткіштердің қорытындысын ескере отырып, жаттығудың ағзаға түсірген әсерін, ұйымдастыру және жүргізу жолдарын бағалап, келешектегі зерттелуші мен жаттықтырушыға тәжірибелік ұсыныстар беру.
Тексеру сұрақтары: Спортшылар туралы мәлімет не үшін керек? Жоспарланған жаттығу уақыты деген не? Сабақтың ұзақтығы мен жүктемелерді орындауға жұмсалған уақыттың айырмашылығы қандай? Жаттығудың жалпы тығыздығы деген не? Оның пайыздық көрсеткіші қанша болған жөн? ТСЖ негізгі бөлімі мен жаттығудан кейінгі айырмашылығы қандай болу керек?
№2. Зертханалық жұмыс
Тақырып: Жүктеменің ағзаға әсерін тамыр соғу жиілігі (ТСЖ) арқылы бағдарлау
Мақсаты: ТСЖ өзгеруіне сүйеніп жүктеменің қарқынын, оның ағзаның қызметтік мүмкіндігіне сәйкестігін, жүктемені орындау барысында жұмсалған күш қуат көзін, жаттығулардың сабақ барысында бөлінуінің реттік тиімділігін бағалау.
Керекті құралдар: секундомер, тексеру хаттамасы
Жұмыс барысы: Жаттығушы топтың ішінен бір – екі адамды алдын – ала белгілеп, ТСЖ қалыпты жағдайдағы мөлшері анықталады. Ол үшін жаттығу сабағы басталмай тұрып, ТСЖ әрбір 10 секунд сайын 3 рет қатар өлшеу керек. Сабақ барысында ТСЖ ең кем дегенде 10-12 рет өлшеген дұрыс, ал өлшеу уақыты жаттығу сабағының ерекшеліктеріне қарай міндетті түрде сабақтың әр бөлімі аяқталысымен анықталады (бой жазу, кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерінен кейін). Негізгі бөлімде ТСЖ бірнеше рет өлшенуге тиіс. Сабақ аяқталғаннан кейін 5-10 минут өткен соң соңғы рет ТСЖ анықталады. ТСЖ мағынасының сабақтың қай минутінде , қандай жаттығудан кейін алынғанын хаттамаға дер кезінде жазып отыру керек. ТСЖ тек жүктемеден кейін ғана емес, келесі жүктемені орындау алдында да, яғни демалу уақыттарында да өлшеуді ұмытпаған жөн.
ТСЖ деректеріне сүйене отырып, сабақтың физиологиялық қисық сызығын сызу керек. Сол бойынша келесі сұрақтарға жауап беруге болады.
Жүктеменің (жаттығулардың) қарқыны, оларды орындаған кездегі күш – қуат көзі.
Егер ТСЖ минутына 170 реттен аспаса, жұмыс оттегіні тұтыну арқылы, яғни аэробты механизммен атқарылған. Оның ішінде ТСЖ 130 ретке дейінгі мөлшері төменгі қарқынды жұмысқа тән (машықтанудың қалыптасу аумағы); 130-150 аралығы орташа қарқынды жұмыс орындағанда байқалады (сүйемелдеуші аумағы); 150-170 рет аралығы – жұмыс қарқыны жоғарлағанының скалдары (машықты дамыту аумағы). Сауықтыру дене тәрбиесі саласында ТСЖ минутына 170 реттен аспағаны тиімді.
Спорттық машықтану барысында ТСЖ минутына 170 реттен жоғарлап 190 – ға дейін немесе, одан да жоғары деңгейге көтеріледі. Бұл өте жоғары қарқынды жүктемелер орындағанда байқалатын аралас, яғни аэробты – анаэробты немесе анаэробты – аэробты аумақта жаттығу.
Сабақ барысында жаттығуларды бөлу реттілігінің, жүктемелер мен олардың арасындағы демалыс уақыттарының ара – қатынасының тиімділігі.
Ағзадағы өзгерістердің жаттығу сабағының мақсатына, бағытына, т.б. қойылған талаптарға сәйкестігі.
Хаттаманың үлгісі
Аты – жөні. 2. Жасы. 3. Спорт түрі, спорттық дәрежесі, өтілі. 4.Жаттығу кезеңі және оның мазмұны. 5. Тексеру жүргізілген сабақтың мазмұны. 6.Сабақ қарсаңындағы жаттығушының көңіл күйі, шағымдары.
ТСЖ, мин
200
|
|
190
|
180
|
170
|
160
|
150
|
140
|
130
|
120
|
110
|
100
|
90
|
80
|
70
|
60
|
50
|
5
|
10
|
15
|
20
|
25
|
30
|
35
|
40
|
45
|
50
|
55
|
60
|
65
|
70
|
75
|
80
|
85
|
90
|
95
|
t минут
Тексеру сұрақтары: ТСЖ (тамыр соғу жиілігі немесе жүрек соғу жиілігі ЖСЖ) қалыпты жағдайда қандай болмақ? Бой ширатқаннан кейін ЖСЖ қалай өзгереді? Сабақтың қорытынды бөлімінде ЖСЖ қандай болуы керек? Егер ЖСЖ 170 – ке жетпесе оттегіні тұтыну қандай механизммен жүргені? 130 – 150 рет соқса, онда ол қандай қарқынды жұмыс және қандай механизммен жүруі тиіс?
№ 3. Зертханалық жұмыс
Тақырып: Жүктеменің ағзаға әсерін қан қысымының өзгеруі арқылы бағдарлау.
Мақсаты: Қан қысымының өзгеруіне байланысты орындалған жүктеменің қарқынын және ағзаның қызметтік мүмкіндігіне сәйкестігін бағалау.
Қажетті құралдар: сфигмоманометр, фонендоскоп, зерттеу хаттамасы.
Жұмыс барысы: Жаттығу басталмас бұрын топтан бір зерттелушіні тағайындап, оның қалыпты жағдайдағы қан қысымын өлшейді. Содан соң қан қысымын сабақ барысында 10-12 рет өлшеу қажет, өлшеу уақыты жаттығудың ерекшеліктеріне байланысты. АҚ міндетті түрде сабақтың әр бөлімдерінен соң және жаттығу аяқталғаннан кейін қалыпқа келу ағымының 6-шы және 10- шы минутында өлшеген дұрыс.
Анықталған АҚ көрсеткіштерін кесте түрінде көрсету керек. Ол үшін кестедегі тік сызықтың бойына екі нүкте арқылы қан қысымын (І-ші нүкте систолалық, ал 2- ші нүкте – диастолалық АҚ), ал көлденең сызықтың бойына АҚ өлшеу уақытын, орындалған жүктемелерді және сабақ бөлімдерін көрсету қажет.
Қан қысымы деңгейінің өзгеруі орындалған жұмыстың ағзаның қабілетіне сәйкестігін және бейімделу мүмкіндігін көрсетеді.
Егерде жаттығу мерзімінде қимыл – қозғалыс көлемі аз болса, онда систолалық АҚ деңгейі сынап бағанасымен 130-140 мм –ге , орташа немесе қолайлы жұмыс қарқынында 140-170 мм –ге, ал жүктеме ең жоғарғы қарқында орындалса 180-200 мм – ге дейін жоғарлайды, ал диастолалық АҚ төмендейді.
Қан қысымын бағалауда оның ТСЖ өзгерістеріне сәйкестігін ескеру қажет (жауап түрін, немесе ЖСК). Орындалған жұмысқа ағза дұрыс бейімделген болса, ТСЖ мен АҚ қатарлас өзгереді. Егерде бұл көрсеткіштерде өзара сәйкестік болмаса, немесе АҚ шамадан тыс жоғарласа, онда ол ағзаның орындалған жұмысқа дұрыс бейімделмегенін көрсетеді.
1. Қан қысымының өзгеруі бойынша орындалған жұмыс қарқынын, көлемін, оның ағза қызметіне сәйкестігін және бейімделу мүмкіндігін, жаттығу тәсілінің тиімділігін бағалайды.
2.Алынған қорытындыны ескере отырып зерттелушіге тәжірибелік ұсыныстар беру керек.
Жұмыс хаттамасының үлгісі
1. Аты – жөні. 2. Жасы. 3. Спорт түрі, спорттық дәрежесі, өтілі. 4.Жаттығу кезеңі және оның мазмұны. 5. Тексеру жүргізілген сабақтың мазмұны. 6.Сабақ қарсаңындағы жаттығушының көңіл күйі, шағымдары.
ТСЖ, мин
200
|
|
190
|
180
|
170
|
160
|
150
|
140
|
130
|
120
|
110
|
100
|
90
|
80
|
70
|
60
|
50
|
5
|
10
|
15
|
20
|
25
|
30
|
35
|
40
|
45
|
50
|
55
|
60
|
65
|
70
|
75
|
80
|
85
|
90
|
95
|
t минут
Тексеру сұрақтары: ТСЖ (тамыр соғу жиілігі немесе жүрек соғу жиілігі ЖСЖ) қалыпты жағдайда қандай болмақ? Бой ширатқаннан кейін ЖСЖ қалай өзгереді? Сабақтың қорытынды бөлімінде ЖСЖ қандай болуы керек? Егер ЖСЖ 170 – ке жетпесе оттегіні тұтыну қандай механизммен жүргені? 130 – 150 рет соқса, онда ол қандай қарқынды жұмыс және қандай механизммен жүруі тиіс?
№ 4. Зертханалық жұмыс
Тақырып: Ағзаның қызметтік мүмкіндігін қосымша жүктеме арқылы анықтау
Мақсаты: Жаттығу сабағында орындалған жұмыстың ағзаның қызметтік мүмкіндігіне сәйкестігін және оның машықтық дәрежесін бағалау.
Қажет құралдар: секундомер, фонендоскоп, сфигмоманометр, жұмыс хаттамасы.
Жұмыс барысы: Жаттығу сабағының басталуы қарсаңында (10-15 минут бұрын) жаттығушы топтың ішінен бір адамды бөліп алып, оның ТСЖ мен АҚ өлшеу керек. Көңіл күйі, шағымдарын сұрастырған жөн. Сосын жаттығушыға қосымша жүктеме беріліп, сол жүктемеге бейімделу ерекшеліктері анықталады.
Қосымша жүктеме ретінде кез келген бір сарынды (стандарт) мөлшерлі сынаманы қолдануға болады (30 секунд ішінде 20-30-40 рет отырып – тұру, 15 секундтық қарқынды жүгіру, 2-3 минуттық (бір минутта 180 адым/мин) ырғақпен бір орында жүгіру т.б.
Қосымша жүктеме ретінде спорттың түріне сәйкес келетін жаттығулардың мөлшерлі көлемін де пайдалануға болады (күресетіндер үшін – 30 секунд бойы тұлып лақтыру, боксшылар – көлеңкемен сайысу, жүгіргіштер - әртүрлі қашықтыққа жүгіру). Бұл жағдайда қосымша жүктемені орындар алдында міндетті түрде бой жазу керек.
Ағзаның қосымша жүктемеге бейімделу қабілетін бағалау үшін жүктемеден кейін ТСЖ мен АҚ өлшенеді. Өлшеу тәртібі: қалыптасу кезеңінің әрбір минутының алғашқы 10 секунд бойы ТСЖ, ал қалған 50 секундта АҚ анықталады. Қайта қалпына келу кезеңі 3-5 минуттан аспауы керек.
Қосымша жүктемеден кейін жоспарлы жаттығу сабағы толық көлемде өткізіледі. Сабақ аяқталған соң зерттелуші 10-15 минут дем алуға тиіс. Содан кейін ТСЖ мен АҚ өлшенеді де, тағы бір рет алғашқы қосымша жүктемені қайта орындайды. ЖСЖ мен АҚ жоғарыда көрсетілген тәртіппен 3-5 минут тексеріледі.
Жаттығу сабағында орндалған жұмыстың ағзаның қызметтік мүмкіндігіне сәйкестігін бағалау үшін екі рет берілген қосымша жүктемеге деген жауаптарды өзара салыстыру керек. Ол үшін ең алдымен әрбір қосымша жүктемеге деген жауаптың түрін анықтау қажет (нормотоникалық, гипотоникалық немесе астеникалық, гипертоникалық, дистоникалық немесе «шексіз дыбыс» құбылысы, систолалық қан қысымының сатылы көтерілуі). Жауап түрінің орнына ЖСЖ, АҚ не ЖСК көрсеткіштерін есептеуге болады.
Жауап түрін сызу әдісі: тік бұрышты екі сызықтың көлденеңіне қалыптасу мерзімі белгіленеді (5 мин), тігіне – ЖСЖ мен АҚ қалыпты жағдайымен салыстырғандағы айырмашылығы. Содан кейін үш көрсеткіштің (ЖСЖ, систолалық және диастолалық қан қысымының) әр минут сайынғы мағыналары мен қалыпты жағдайдағы мөлшерлерінің арасындағы айырмашылықтарын нүкте арқылы белгілеп, оларды бір –бірімен қосып, жауап түрінің қисық сызығы алынады.
Қосымша сынамаға үш түрлі жауап түрі болуы мүмкін:
Б і р і н ш і т ү р і. Екі жүктемеге бейімделу жолдары арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Әр жолы нормотоникалық жауап байқалады, тек екінші қосымша жүктемеден кейін ТСЖ мен АҚ көбірек өсуі ықтимал. Тексеру уақытында (3-5 мин) ағза толық қалыптасып үлгереді
Мұндай жауап – жаттығу сабағында орындалған жұмыстың ағза жұмыс қабілетіне сәйкестігінің айғағы, ол машықтық дәрежесі жоғары спортшыларға тән. Бірақ жаттығу сабағындағы жұмыс көлемі жеткіліксіз болса, мұндай жауап машықтығы онша жоғары емес спортшыларда да байқалуы мүмкін екенін ұмытпаған жөн. Сондықтан, қосымша сынама қарқынды да көлемді жаттығу сабағында қолданылуы керек.
Е к і н ш і т ү р і. Екінші қосымша жүктемеден кейін ТСЖ орынсыз өседі де, қан қысымы мардымсыз өзгереді. Мұны «қайшы» құбылысы дейді. Көрсеткіштердің қалыптасу жылдамдығы саябыр. «Қайшы» құбылысы – шаршағандықтың белгісі. Бұл жаттығу сабағында берілген жұмыстың ағза қызметінің мүмкіндігіне сәйкес келмеуінен болады.
Ү ш і н ш і т ү р і н д е шаршап - шалдығу белгілері тым айқын көрінеді. Сондықтан төзімділікті арттыруға арналған машықтану сабағынан кейін көбінесе гипотоникалық немесе дистоникалық жауап, ал жылдамдыққа, кушке негізделген жұмысқа гипертоникалық, «сатылы» т.б. жауаптар анықталады. Ағзаның қалыптасу мүмкіндігі күрт төмендейді.
Сонымен, қосымша сынаманы жүйелі қолдана білу жаттығу барысының тиімділігін арттырып, асыра машықтану, зорығудан сақтандыруға көмектеседі. Бұл тікелей дәрігерлік – ұстаздық бақылаудың ең бір маңызды әдісі.
Жұмыс хаттамасының үлгісі
1. Аты – жөні. 2. Жасы. 3. Спорт түрі, спорттық дәрежесі, өтілі. 4.Жаттығу кезеңі және оның мазмұны. 5. Тексеру жүргізілген сабақтың мазмұны. 6.Сабақ қарсаңындағы жаттығушының көңіл күйі, шағымдары.
Сынау барысында алынған мәліметтерді тіркеу кестесі
Көрсет-кіштер
|
Бірінші қосымша жүктеме
|
Екінші қосымша жүктеме
|
Қалыпты
млшері
|
Қалыптасу кезеңі, м
|
Қалыпы
Мөлшері
|
Қалыптасу кезеңі, м
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
ТСЖ, м
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
АҚ, тб
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қосымша сынамаларға жауап түрлері
Бірінші сынамаға жауап Екінші сынамаға жауап
ТСЖ, АҚ, минут ТСЖ, АҚ, минут
120
|
|
|
|
|
|
t, мин
|
120
|
|
|
|
|
|
t, мин
|
|
|
|
|
|
|
110
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
100
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
30
|
|
|
|
|
|
30
|
|
|
|
|
|
20
|
|
|
|
|
|
20
|
|
|
|
|
|
10
|
|
|
|
|
|
10
|
|
|
|
|
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
-10
|
|
|
|
|
|
-10
|
|
|
|
|
|
-20
|
|
|
|
|
|
-20
|
|
|
|
|
|
-30
|
|
|
|
|
|
-30
|
|
|
|
|
|
Тексеру сұрақтары: Ағзаның қызметтік мүмкіншілігі деген не? Машықтану дәрежесі деген не? Қосымша сынама не үшін керек? ТСЖ мен АҚ нені өлшейді? Қосымша сынамаға неше жауап түрі болуы мүмкін? Оның бірінші түрінде нені анықтау қажет? Екінші және үшінші түрінде ағзада қандай өзгерістер болады?
№ 5. Зертханалық жұмыс
Тақырып: Өкпенің тіршілік сиымдылығының (ӨТС) өзгеруі арқылы жаттығулардың ағзаға әсерін бағдарлау
Мақсаты: Жаттығу сабағында орындалған жүктеменің ағзаға әсерін анықтау
Қажет құралдар: Сулы не құрғақ спирометр, секундомер, спирт, мақта, жұмыс хаттамасы
Жұмыс барысы: Жаттығу тобының ішінен бір – екі адамды алып, олардың қалыпты жағдайдағы ӨТС өлшенеді. Сосын Лебедев сынамасы жүргізіледі. Лебедев сынамасы дегеніміз ӨТС арасына 15 секунд салып 4 рет қатар өлшеу.
ӨТС сабақ барысында дағдылы әдіспен бірнеше рет өлшенеді. Міндетті түрде өлшенетін уақыттары: қалыпты жағдайда, сабақтың кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерінен кейін және сабақ аяқталған соң, 5-10 минуттан кейін.
Лебедев сынамасы екі рет жүргізіледі: жаттығу сабағының алдында, сосын аяғында.
Дағдылы ағзаның қызметтік мүмкіндігіне сай жүктемелерден кейін ӨТС- те, Лебедев тәсілі бойынша өлшенетін ӨТС – те көп өзгере қоймайды: қалыпты мөлшерден айырмашылығы ± 200 мл – ден аспайды. Бұл қанағаттанарлық өзгеріс.
Өте ауыр жүктемеден кейін ӨТС 300-500 мл шамасында төмендеуі мүмкін, бірақ ол тез қалыптасады.
ӨТС нақтылы мөлшерінің (НӨТС) оның тиісті мөлшеріне (ТӨТС) сәйкестігін анықтау.
Ең алдымен ТӨТС есептеп шығару керек. Ол үшін мынандай формуланы қолдануға болады: ТӨТС = (27,63 – 0,112 . B) . H ; (ер адамдарда).
ТӨТС = (21,78 – 0,101 . B) . H ; ( әйелдерде), мұндағы: В – зерттелушінің жасы, ал Н – оның бойының ұзындығы(см). Содан кейін екі көрсеткіштің сәйкестігі бағаланады: ТӨТС – 100% x = НӨТС . 100 : ТӨТС;
НӨТС – x
Егер НӨТС зерттелушіге лайықты болса, онда оның ТӨТС – нен айырмашылығы ± 15% шамасында болады. НӨТС ТӨТС – тен неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сыртқы тыныс жүйесінің қызметтік мүмкіндігнің - өкпенің ауа алмастыру қабілетінің жақсы болғандығы. Бұл көрсеткіш спорттың төзімділікті талап ететін түрлерінде маңызы зор.
Жаттығу сабағында орындалған жұмыстың ағзаға әсерін бағалау. Егер ӨТС сабақтың соңында 200 – мл – ден көп мөлшерге өссе, жақсы жауап деп саналады. Бұл ағзаның шаршамағандығының, оның қызметтік мүмкіндігінің жақсарғандығының белгісі
Жаттығудан кейін ӨТС төмендеп, оның қалыпты мөлшерден айырмашылығы 200 – мл – ден асса – нашар өзгеріс. Бұл шаршаудың , ағзаның жұмыс қабілеті төмендегенінің көрсеткіші.
Егер жаттығу сабағының алдында алынған көрсеткіш пен жаттығу аяқталғаннан кейін алынған көрсеткіш арасындағы айырмашылық ±200 мл – ге дейін ғана болса, қанағаттанарлық өзгеріс, яғни орындалған жүктемелер ағзаның қызметтік мүмкіндігіне сай.
Лебедев сынамасының нәтижесі бойынша жүктемлердің ағзаға әсерін болжау. Екі дүркін өткізілген сынаманың нәтижелерінде айырмашылық жоқ болса, онда жүктеменің ағза қызметтік мүмкіндігіне сәйкестігі. Өте ауыр жүктемелерден кейін ӨТС жаттығу сабағынан кейін төмендеуі мүмкін, бірақ айырмашылық 300-500 мл көп болмайды.
Лебедев сынамасының нәтижелері, ӨТС сабақ барысында өзгеру бағыты қисық сызық түрінде сипатталуы керек (хаттаманың үлгісін қараңыз).
Жұмыс хаттамасының үлгісі
1. Аты – жөні. 2. Жасы. 3. Спорт түрі, спорттық дәрежесі, өтілі. 4.Жаттығу кезеңі және оның мазмұны. 5. Тексеру жүргізілген сабақтың мазмұны. 6.Сабақ қарсаңындағы жаттығушының көңіл күйі, шағымдары.
Достарыңызбен бөлісу: |