Педагогикалық факультеттің деканы


Қосымша дәрігерлік тексерулер



жүктеу 1,45 Mb.
бет5/10
Дата11.01.2020
өлшемі1,45 Mb.
#26305
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қосымша дәрігерлік тексерулер аурулар мен жарақаттардан кейінгі, жаттығулардың ұзақ уақыт үзілістерінен кейін бапкердің немесе спортшының сұрауымен белгіленеді. Олардың негізгі мақсаты-тексеру уақытына денсаулық жағдайын бағалау және де ағзаның басты жүйелерінің таңдап алынған спорт түрлеріне қызметтік мүмкіншіліктері.

Кезеңдік бақылаудың негізгі мақсаты кумулятивті (жинақталған) өзгерістерді анықтау, жылдық жаттығу цикілінің әрбір кезеңінің аяғында спортшы ағзасында пайда болатын.

Ағымдық бақылаудың негізгі мақсаты ағза жүйесінде және басты мүшелердің қызметтік жағдайындағы жүктемеден кейінгі жинақталып айқындалған дәрежесіне талдау жасау болып табылады.

Жеделдік (лездік) бақылаудың негізгі мақсаты ағзаның басты жүйелеріндегі жаттығу үрдісі кезінде және одан кейін екі сағатқа дейінгі өзгерістерді тез бағалау болып табылады.
Спортпен шұғылдануға жіберілуі үшін кедергі болатын аурулар мен патологиялық жағдайлар
І.Барлық жедел және созылмалы аурулардың асқынуы кезінде

ІІ.Дене дамуының ерекшеліктері

  1. Оқу жоспарларымен қарастырылған жаттығулар мен нормативтерді орындауға кедергі келтіретін дене дамуының кәдімгідей қалыс қалуы; қол-аяқпен тұлғаның арасындағы айқын диспропорция.

  2. Қол мен иық белдеуінің барлық түрлі деформациясы, әртүрлі спорт жаттығуларын жасауға мүлдем немесе қиындататын мүмкіншіліктері.

  3. Көкірек қуысының деформациясы, көкірек қуысындағы мүшелердің қызметінің қиындауы.

  4. Жамбастың деформацияға ұшырауы, дененің статикасына әсері мен жүру биомеханикасының бұзылуы

  5. Аяқтың біреуінің 3 см көбірек қысқа болуы, жүрісінің жақсы дамуына қарамастан; аяқтың ішке қарай қисық болуы (Х-тәрізді қисаюы) немесе сыртқа қарай (О-тәрізді қисаюы) сан сүйектерінің ішкі айдаршықтарының арасы мен сирақ сүйектерінің ішкі айдаршықтарының арақашықтығы 12 см көбірек болса.


ІІІ. Жүйке мен психикалық аурулар. Орталық және шеткері жүйке жүйесінің жарақаттары

1. Бас мидың органикалық зақымдануы психотикалық және психотикалық емес әсерлерінен жұмысының бұзылуы. Экзогенді этиологиядан симптоматикалық психоздар және басқа да психикалық шалдығулар. Қатты аурудан кейін жеңіл де қысқа уақыттық астеникалық жағдайда толық жазылғаннан кейін спортпен шұғылдануға рұқсат етіледі.

2.Реактивті психоздар және невротикалық шалдығулар. Стресске тез реакциялары бар адамдарды толық емделгеннен кейін спортпен шұғылдануға жіберуге болады, егерде бейімделуі бұзылып және азғантай ғана айқындала бастаған невротикалық шалдығулардан негізінен сезім билеу-еріктілігімен вегетативті бұзылулармен сипатталса.

3.Ақыл-есінің қалыс қалуы.

4.Эпилепсия ауруы.

5.Орталық нерв жүйесінің аурулары және олардың салдары: жұқпалы, па-разитарлы, вирустық аурулар. Жалпы жұқпалы аурулар кезінде бас ми мен жұлынның зақымдары, лездік және созылмалы уланулар және солардың сал- дары.

6.Бас ми мен жұлынның жарақаттары және олардың салдары.

7.Бас ми мен жұлынның тамырларының аурулары және олардың салдары (субарахноидалды, ми ішілік және басқа да ми сауыты ішілік қан құйылу, ми инфарктісі, ми ишемиясы ж.б.). Әлсін-әлсін естен тану жағдайларында терең тексерумен емделуден өтуі тиіс. Оларды жекпе-жек, күрделі координациялық спорт түрлеріне және су спорттарымен шұғылдануға жіберуге болмайды.

8.Орталық нерв жүйесінің аурулары (дегенеративті, бас ми мен жұлын ісіктері, туа біткен аномалиялар және басқа да нерв-бұлшық ет аурулары).

9.Шеткері нерв жүйесінің аурулары.

10.Шеткері нервтердің жарақаттары және олардың салдары.

11.Бас сүйектерінің сыну кезінде болатын салдары (ми сауыты, бет сүйектері соның ішінде төменгі және жоғарғы жақ сүйектері, басқа да сүйектер) орталық нерв жүйесінің табиғи зақымдарының белгілерісіз, тек ми сауытының ішінде бөтен заттардың болуы ж.б.

12.Орталық және шеткері нерв жүйелерінің, сонымен бірге оларды хирургия жолымен емдегенде уақытша болатын қызметтік бұзылуы әсіресе өте қатты ауырып жарақаттар алған кездерде жұмысының бұзылуы.

Бас ми мен жұлынның жабық түрдегі жарақаттарын алған адамдар егерде аспаптар арқылы дәлелденген орталық нерв жүйесінің жарақатталған белгілері болмаса және толық емделгеннен кейін, спортпен шұғылдануға 12 айдан кейін жіберілулері мүмкін (жарақаты көп спорт түрлеріне жіберілмеуі мүмкін).
Тексеру сұрақтары: Алғашқы және жыл сайындық дәрігерлік тексеру тәсілдеріне нелер кіреді? Қосымша дәрігерлік тексерулерге қандай амалдар кіреді? Кезеңдік бақылау деген не? Ағымдық және жедел тексерулерге қандай тәсілдер кіреді? Параклиникалық минимальді тексеру кешеніне қандай тәсілдер кіреді? Денсаулықты бағалаудың қандай градациялары бар?
Әдебиеттер тізімі: А.Макарова. Спортивная медицина: Учебник. – Советский спорт, 2004. 2. Дунаева З.Қ., Мұстафина Т.К. Студенттердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – А., 1993. 3. Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина. Оқу құралы. Алматы, 1993, 75 бет. 4. Мұстафина Т:Қ., Амангельдиева Р.Р., Дунаева З.Қ. Патологические состояния и заболевания у спортсменов. Учебное пособие. Алма – Ата, 1986.
12. Тақырыптың аты: Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындарды дәрігерлік – ұстаздық бақылау
Мақсаты: Кезеңдік дәрігерлік –ұстаздық бақылауды әртүрлі спорт мамандықтарына байланысты өткізуді үйреніп танысу. Кезеңдік бақылауды ұйымдастыру негіздерін үйрену. Орталық нерв жүйесіне байланысты рефлекстерді зерттеуді сынамалармен таныстыру.
Тірек сөздер: Кезеңдік бақылау, негізгі нерв жүйесінің күшін, салмақтылығын және қозғалғыштығын анықтау, рефлекстерді зерттеу, қимыл – қозғалыстың координациясын зерттеу, нерв – бұлшық ет аппаратын зерттеу, анализаторларды (талдауыштарды) зерттеу.
Негізгі сұрақтар:

Әтүрлі спорт мамандықтарын кезеңдік дәрігерлік – ұстаздық бақылау

Кезеңдік дәрігерлік – ұстаздық бақылаудың негіздері



  • ОНЖ зерттеудің функционалдық мүмкіншіліктері


Қысқаша мазмұны: Кезеңдік бақылау жылына төрт рет өткізіледі:

  • Бірінші тексеру – дайындық кезеңінің кіріспе бөлімінде;

  • Екінші және үшінші тексеру – дайындық кезеңінің ортасында және аяғында;

  • Төртінші тексеру – жарыс алдындағы кезеңнің аяғына қарай.

Тіркейді:

  • Таңдап алынған спорт түрлеріне байланысты жетекші ағза жүйелерінің қызметтік мүмкіншілігін;

  • Жалпы дене жұмыс қабілеттілігін;

  • Ағзаның қуаттық қабілеттілігін;

  • Арнайы жұмыс қабілеттілігін.

Айналымды максимальды қуаттылық жұмыс атқарғанда:

  • Орталық нерв жүйесі;

  • Нерв – бұлшық ет аппараты;

Циклдік (айналымдық) субмаксимальді және үлкен жұмыс атқарғанда:

  • Гомеостазды сақтау жүйелеріне жауапты;

  • Кардиореспираторлық жүйеге;

  • Орталық нерв жүйесіне;

  • Нерв – бұлшық ет аппаратына.

Циклдік (айналымдық) орташа қуатты жұмыс атқарғанда:

  • Кардиореспираторлық жүйе;

  • Ішкі секіреция бездерінің жүйесі (эндокринді);

  • Орталық нерв жүйесі.

Ациклдік жаттығулардың әртүрлі түрлерін орындаған кезде:

  • Орталық нерв жүйесі;

  • Нерв – бұлшық ет аппараты;

  • Сезімтал (сенсорлы) жүйелер.

Орталық нерв жүйесінің қызметтік мүмкіншілігін зерттеу негіздері:

  • Кезеңдік неврологиялық бақылау;

  • Негізгі нерв үрдістерінің күшін зерттеу;

  • Негізгі нерв үрдістерінің тепе- теңдік пен қозғалғыштығын зерттеу;

  • Рефлекстерді зерттеу;

  • Негізгі ми нервтерін зерттеу;

  • Қимыл- қозғалыстың координациясын зерттеу;

  • Терең сезімталдылықты зерттеу;

  • Проприорецептивті сезімталдылыққа сынама.

Көру талдауышының қызметтік мүмкіншілігін зерттеу негіздері:

  • Көздің өткірлігін (көргіштігін);

  • Көру аймағының шекарасын.


Тексеру сұрақтары: Кезеңдік бақылау дегендіт қалай түсінесіңдер? Оны жылына қанша рет өткізеді? Ол тексерулер кезінде қандай мүмкіншіліктерді тіркейді? Максимальді, субмаксимальді, үлкен және орташа қуатты жұмыс атқарғанда қандай жүйелерді тексереді? Кезеңдік неврологиялық бақылау кезінде нелдерді тексереді? Рефлекстердің қандай түрлері бар?
Әдебиеттер тізімі: А.Макарова. Спортивная медицина: Учебник. – Советский спорт, 2004. 2. Дунаева З.Қ., Мұстафина Т.К. Студенттердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – А., 1993. 3. Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина. Оқу құралы. Алматы, 1993, 75 бет. 4. Мұстафина Т:Қ., Амангельдиева Р.Р., Дунаева З.Қ. Патологические состояния и заболевания у спортсменов. Учебное пособие. Алма – Ата, 1986.
13. Тақырыптың аты: Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындарды дәрігерлік – ұстаздық бақылау

Мақсаты: Нерв – бұлшық ет аппаратының функциональді мүмкіншіліктерімен студенттерді таныстыру. Тепе – теңдік талдауышының қызметтік мүмкіншіліктерінің негіздерімен танысу және меңгеру. Көру талдауышының қызметтік мүмкіншілктерімен танысып оны меңгеру болып табылады.
Тірек сөздер: Кернеу тонусы, латентті уақыт, бұлшық еттердің босауы, электроқозғыштық, реобаза мен хронаксия, Воячек, Лозанов, Брянов ж.б. сынамалары.
Қысқаша мазмұны: Спортшылардың нерв – бұлшық ет аппаратының қызметтік мүмкіншілігінің белгілері:

  • Бұлшық еттің кернеу мен босау тонусы;

  • Бұлшық еттің кернеу мен босаудың латентті уақыты;

  • Бұлшық еттің максимальді жиілікпен жиырылуы;

  • Бұлшық еттің максимальді қысқа уақытта жиырылуы;

  • Бұлшық еттің электрқозғыштығы (реобаза және хронаксия)


Спортшыларда нерв – бұлшық ет аппаратының қызметтік мүмкіншіліктерін бағалау негіздері


Көрсеткіштері

Қызметтік мүмкіншіліктерінің сипаттамасы

Жақсы

қанағаттанарлық

қанағатсыз

Кернеу тонусы (миотон)

140-150

130-140

<

Босау тонусы (миотон)

56-66

67-76

>

Кернеудің латентті уақыты (мс)

130-190

>




Босаудың латентті уақыты (мс)

120-170

>




Бұлшық ет жиырылуының максимальді 5-15жиілігі (мин)

300-350

<




Бұлшық ет жиырылуының максимальді қысқа уақыты (мс)

80-100







Реобаза (Вт)

5-15

20-40

>

Хронаксия (мс)

0,02-0,07

0,08-0,15

>

Тепе – теңдіктің қызметтік мүмкіншіліктерін спортшыларда ең кең тараған сынамалар, олар Воячектің, Лозановтың, Бряновтың ж.б. айналдыру сынамалары.

Воячек сынамасында тексерілуші Барани креслосында отырып (иек төске қарай жақын орналасқан, көз жабық), 10 секундта бес рет айналдырады. Айналдырып болғаннан кейін бес секундтай көзін жұмып отырады да, содан кейін басын тез көтеріп, көзін ашады. Сынамаға дейін және содан кейін тексерілушінің ЖСЖ мен АҚ өлшейді.
Воячек сынамасының нәтижесін бағалау негізі


Реакция дәрежесі

ЖСЖ мен АҚ өзгеруі

0

ЖСЖ мен АҚ өзгермейді

І

ЖСЖ өзгермейді, АҚ максимальді 8-11 мм с.б. көтеріледі

ІІ

ЖСЖ өзгермейді, АҚ максим. 12-23 мм с.б. көтеріледі немесе 9-14 мм с.б. төмендейді

ІІІ

Лүпіл бәсеңдейді, максим. АҚ 24 мм с.б. жоғары болады, немесе 15 мм с.б. көп төмендейді, вегетативті реакциялар пайда болады

ІҮ

Лүпіл мен АҚ күрт өзгереді, вегетативті реакциялар басым


Лозанов сынамасында да Барани креслосында отырып, басы еңкейген (<α = 900), көзі жабық. Сағат тілі бойынша бұрыштық жылдамдық 1800/c 10 секунд (5 толық айналым) айналдырады. Кресло тоқтағаннан кейін, «жоғары» деген бұйрық бойынша тексерілуші 2 секунд бойында басын біресе көтеріп, біресе түсіреді. Бір осындау сынама туры үш циклден тұрады (әрбір циклде 15 толық айналым жасалынып, 2-3 секундтан үш үзіліс болады). Әрбір турдан кейін 2 минутқа тоқтау қажет. Әрбір сынамада 9 тур (жалпы айналым саны 135, барлық уақыты – 24-25 мин).

Лозанов сынамасының нәтижесін бағалау негізі:



  • Статокинетикалық тұрақтылығы төмен - сыналушы тек 4-5 турын ғаға көтереді;

  • Статокинетикалық тұрақтылығы орташа – сыналушы тек 7-8 турын ғана өтеді;

  • Статокинетикалық тұрақтылығы жоғары – сыналушы барлық 9 турды өтеді.

Брянов сынамасы. Сыналушы Барани креслосында отыр, 900 айналу өсіне тұлғасы алға қарай еңкейген. Бірқалыпты айналдырғанда 2 секундта бір айналым (1800 / c) жылдамдықпен қозғалып, сыналушы бесінші айналымның аяғына қарай денесін біресе түзетіп, біресе еңкейтіп тұрады. Әрбір түзелу мен еңкею – 3 секундтай уақытта орындалады. Тексеру бір минутқа созылады. Содан кейін кресло тоқтайды. Үзіліс бір минут. Сол уақытта вегетативті реакциялардың дәрежесін белгілеп, субъективті сезімдерді анықтайды. Солай жалғаса береді.

Көру талдауышының қызметік мүмкіншілігінің негізгі белгілері болып көздің өткірлігі мен көру аймағының шегі.



Көздің өткірлігін біздің елде С.С.Головин мен Д.А.Сивцев кестелері кеңінен қолданылады.
Көру аймағының қалыпты шекарасы


Түсі

Сырттай

Іштей

Жоғары

Төмен

Ақ

90

60

60

70

Қызыл

75

40

40

45

Жасыл

55

30

30

40

Көк

85

50

45

60



Тексеру сұрақтары: Кезеңдік неврологиялық тексеруге қандай зерттеулер кіреді? Негізгі нерв процестерінің тепе – теңдік пен қозғалғыштығын қалай анықтайды? Рефлекстерді қалай зерттейді? Қимылдардың координациясы деген не? Негізгі сезім түрлерін қалай зерттейді? Есту талдауышына қандай спорт түрлерінің әсерлері көбірек? Тепе – теңдік талдауышына қандай спорт түрлерінің әсері әлдеқайда жоғары? Көру анализаторына қандай спорт түрлерінің әсері басым болады?
Әдебиеттер тізімі: А.Макарова. Спортивная медицина: Учебник. – Советский спорт, 2004. 2. Дунаева З.Қ., Мұстафина Т.К. Студенттердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – А., 1993. 3. Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина. Оқу құралы. Алматы, 1993, 75 бет. 4. Мұстафина Т:Қ., Амангельдиева Р.Р., Дунаева З.Қ. Патологические состояния и заболевания у спортсменов. Учебное пособие. Алма – Ата, 1986.
14.Тақырыптың аты: Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындарды дәрігерлік – ұстаздық бақылау

Мақсаты: Кардиореспираторлық жүйенің қызметтік мүмкіншіліктерімен таныстыру. Сонымен бірге сыртқы тыныс алу жүйесінің қызметінің мүмкіншіліктерімен және жалпы дене жұмыс қабілеттілігімен студент қауымды таныстыру.
Тірек сөздер: Кумулятивті өзгерістер, телерентгенография, эхокардиография, өкпені максимальді желдету, пневмотахометрия көрсеткіші, Розенталь сынамасы, динамикалық спирометрия, PWC170 сынамасы, Гарвард степ – тестісі, Новакки тестісі.
Қысқаша мазмұны:

телерентгенография-жүректің шынайы көлемін анықтауға көмектеседі;

  • электрокардиография-жүрек соғу ырғағының бұзылған сипатын, жүрек бұлшық етінің өткізгіштігі мен трофикасын(қоректенуін) және әртүрлі бөлімдерінің гипертрофиялық өзгерістерін көрсетеді;

Cпортшылардың жүрегінің орташа көлемінің мәні телерентгенография деректері бойынша


Спорт түрі

Жүректің абсалютті көлемі, мл

Жүректің салыстырмалы көлемі мл2 (кг . см )

Шаңғы

1073 ± 42

97 ± 5,25

Спорттық жүру

970 ± 28

82 ± 3,1

Баскетбол

1125 ± 30

75 ± 3,0

Күрес

953 ± 24

69 ± 2,3

Теннис

980 ± 46

69 ± 4

Гимнастика

790 ± 24

56 ± 3

Cуға секіру

770 ± 27

51 ± 1

Спортпен шұғылданбайтын

760 ± 11

50 ± 1


Телерентгенография деректері бойынша спортшылардың жүректерінің көлемін баллдық жүйемен бағалау


Көрсеткіш

Ұпайлар (балл)

5

4

3

2

1

Абсалюттік мәні, см3

810-1100

750-809; 1100- 1150

700 - 749; 1150-1200

650 – 699; 1200 - 1300

< 650;

> 1300

Cалыстырмалы мәні, см3/ кг

14 - 16

13 -14 ; 16,1 - 17

12 – 12,9; 17,1 – 18,1

11 – 11,9; 18,1 – 18,5

< 11,0; >18 ,5



Төзімділікті дамытуға бағытталған спорт түрлеріне маманданған жоға-ры дәрежелі спортшылардың ЖСЖ


Меңгерілетін көрсеткіш

Ұпайлар (балл)

5

4

3

2

1

ЖСЖ, соқ./мин

46 – 55

36 – 45 ; 56 – 60

61 – 65

66 – 70

< 36 және > 71

Сырттай тыныс алу жүйесінің қызметтік мүмкіншілігін анықтау үшін келесі көрсеткіштерді анықтайды:



  • өкпенің тіршілік сиымдылығын;

  • өкпені максимальді желдету;

  • пневмотахометр көрсеткіштері (тыныс алу мен тыныс шығару қуаттылығы);

  • сыртқы тыныс алу жүйесінің қызметтік сынамалар нәтижесі.

Спортшыларда ӨТС(өкпенің тіршілік сиымдылығы) есептеу үшін ең жиі қолданатындары ол Людвиг формуласы:

Ерлер: ҚӨТС (мл) 40 х бой (см) + 30 x салмақ (кг) - 4400; (Қ – қажетті)

Әйелдер: ҚӨТС (мл) 40 x бой (см) + 10 x салмақ (кг) -3800.

Шынайы ӨТС – тің қажеттілікке (% - пен) келесі формула қолданылады:



ШӨТС (%) = ШӨТС (мл) / ҚӨТС (мл) х 100.

Өкпені максимальді желдету (ӨМЖ) спортшыларда есептеу мына формула бойынша жүреді: ҚӨМЖ = ШӨТС х 40.

Шынайы ӨМЖ – нің ҚӨМЖ (%) cәйкес келу дәрежесін келесі формуламен анықтайды: ШӨМЖ (%) = ШӨМЖ (мл) / ҚӨМЖ (мл) х 100.

Cыртқы тыныс алу жүйесінде қызметтік сынама ретінде жиі қолданылатындары Розенталь сынамасы мен динамикалық спирометрия.

Розенталь сынамасы тыныс алу бұлшық еттерінің төзімділігін бағалау және бес рет ӨТС өлшеп, арасында 15 секунд үзілістер болуы керек.

Бағалау негізі: ӨТС көрсеткіші соңғы өлшемде – 300 мл – ден көп болса – жақсы; егер сол 300 мл арасында болса - қанағаттанарлық; егерде ӨТС мәні 300 мл – ден аз болса – қанағатсыз, бұл дегеніміз сыртқы тыныс алу жүйесінің қызметінің төмендегені.

Динамикалық спирометрия - өкпенің тіршілік сиымдылығын (ӨТС) өлшенген жүктеменің алдында және соңында алынады (2-3 мин 180 адым/ мин жиілікпен жүгіру) - өкпені желдету қанағымына сәйкес екендігін бағалау үшін пайдаланылады. Сыртқы тыныс алу жүйесінің қызметтік мүмкіншілігі ӨТС мәні 300 мл – ден төмен түссе, онда жалпы жұмысы төмендегені.

Қазіргі кезеңде жалпы дене жұмыс қабілеттілігін жанама тәсілмен анықтау үшін әсіресе кең түрде PWC170 пен Гарвард степ – тест сынамалары болса, ал тікелей анықтау үшін – Новакки сынамасы қолданылады.

PWC170 cынамасының теориялық базисінде екі физиологиялық заңдылықтар жатыр:



  • бұлшық ет жұмысы кезінде жүректің соғуы жиілейді де оның қарқынына (қуаты немесе жылдамдығы) тура пропорционал;

  • шексіз емес бұлшық ет жұмысы кезінде жүрек соғу жиілігінің дәрежесі жүрек қан тамырлар жүйесінің қызметтік мүмкіншілігіне кері пропорционал болады да жалпы дене жұмыс қабілеттілігінің жанама критериі болып табылады.

PWC170 cынамасының негізін құрайтын дене жүктемесінің берілген қуатын анықтау ЖСЖ 170 соқ/ мин, ол дегеніміз кардиореспираторлық жүйенің қызметінің қолайлы деңгейі.

PWC170 cынамасын зертханалық жағдайда өткізудің үш нұсқасы бар:



  • жалпыевропалық (үш жүктеменің қуаты жоғарлаған сайын, әрбірінің ұзақтығы 3 мин және де үзіліссіз) жүктеме орындалады. Сол уақытта жүктеме екі рет өседі (тестілеудің басталуынан кейін 3 және 6 минуттарда). ЖСЖ соңғы үшінші минуттың 15 секундында, және жүктеменің реттелуі тестінің соңына қарай ЖСЖ 170 соқ/ минутқа дейін жетуі тиіс. Жүктеменің қуаты сыналушының дене массасының (Вт/кг) бірлігіне есептеледі. Әуелі қуат есебі 0,75 – 1,25 Вт/кг, ал оның өсуі ЖСЖ өсуіне сәйкес іске асады.

  • Карпманның модификациясы (1974) бойынша екі жүктеме орындалады (бұнда да қуат үдейе түсу керек), ұзақтығы 5 минуттан, арасында үзілістер 3 минуттан.


жүктеу 1,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау