Сұрастыру-тексерілушінің денсаулығы туралы жалпы мәлімет алу, тексеру уақытында қандай шағымдары бар, ауырған аурулары (анамнез) қандай, оны дәрігерге әкелген нақты ауру, өмірі туралы деректер (анамнез). Спортшылар- ға байланысты болған жағдайда, спорттық анамнез жинақталуы тиіс. Оған келесі сұрақтар кірер еді:
мектепте денешынықтыру мен спорт секцияларына қатысуы;
қазіргі уақыттағы спорт түрі;
мамандығы (дәрежесі);
қазіргі кездегі машықтану-кезеңі, жұмасына жаттығу сабақтарының саны, әрбір сабақтың ұзақтығы, спортшы бұл сабақтардың ауырлығын бағалауы;
көңіл-күйі;
спорттық нәтижелердің өсуіне қанағаттануы немесе қанағаттанбауы;
күн кестесіне, жаттығуларына және демалыс сағаттарына жалпы сипаттама;
таңертеңгілік жігерлендіретін жаттығулар;
шыңдалудың қосымша амалдары ж.т.б.
Қарау-арқылы анықтау:
конститутциональді (дене құрылысы) типін;
дамуындағы кішігірім ауытқулар;
тірек-қиыл аппаратының қызметтік жағдайындағы көзге байқалатын зақымдар белгілері;
кейбір аурулармен патологиялық жағдайлардың сыртқы белгілері.
Кейбір аурулармен патологиялық жағдайлардың сыртқы белгілеріне жататындары:
бет терісінің түсі;
мұрынмен тыныс алудың бұзылуының айқындалуы;
көз ерекшеліктері;
ерін мен тілдің жағдайы.
Перкуссия (саусақпен соғу)-ағзаның жағдайын саусақпен соғып, шығатын дыбысқа байланысты негізделген зерттеу тәсілі. Барлық тығыз ауасы жоқ, не болмаса сұйық органикалық бөлімдерінен жәй дыбыс шықса, ал ауамен толтырылған жерлерден қатты дыбыс шығады.
Пальпация-(қармалау, сипау) мүшелер мен ұлпалардың сезгіштігі мен физикалық қасиеттерін, олардың орналасуын сезу арқылы тексеретін тәсіл.
Аускультация (ішкі мүшелерді тыңдау)-ішкі мүшелердің механикалық жұмысы кезінде пайда болатын дыбыс шуларын тыңдау тәсілі (стетоскоп, фонендоскоп).
Антропометрия (соматотипирование) –дене дамуының негізгі көрсеткіштеріне жататыны:
бойдың ұзындығы;
дене массасы;
көкірек қуысының көлемі;
өкпенің тіршілік сиымдылығы.
Оларды бағалау үшін жиі қолданылатын тәсілдер:
антропометриялық пішіндер мен стандарттар;
корреляциялар;
индекстер немесе көрсеткіштер;
персентильдер.
Дене термометриясы –дене қызуын өлшеу. Қолтықтың қалыпты температурасы 36,4- 36,8 ºC,тік ішекте қызу 0,5-1,0ºC жоғары.
Қызудың жоғарлау дәрежесіне байланысты ажыратады:
37,0- 37,5ºC-дене қызуының аздап көтерілуі (субфебрильді);
37,5-38,0 ºC-дене қызуының жоғарлауы;
38,0-39,0 ºC-орташа жоғарлауы;
39,0-40,0 ºC-жоғары болуы;
>40,0 ºC-өте жоғары;
>41,0-42,0 ºC- дене қызуының тым жоғары болуы.
Аспаптар мен функциональдық тексеру тәсілдері (негізгілері)
электрокардиография;
фонокардиография;
поликардиография;
электроэнцефалография;
реовазоэнцефалография;
электронейромиография.
Электрокардиография (ЭКГ) – жүректің жұмысы кезінде электр құбылыстарын тіркеудің графикалық тәсілі. ЭКГ-ні жазу дәстүрлі үш стандартты, үш күшейтілген аяқ-қолдардан және алты көкірек қуысынан алынады.
Фонокардиография (ФКГ)- жүрек жұмысы кезінде пайда болатын, дыбыс құбылыстарын тіркеудің графикалық тәсілі.
Поликардиография (ПКГ)- ұйқы артериясының сфигмограммасын және бір
уақытта ЭКГ, ФКГ тіркеу тәсілі. Сфигмография-тамырлар арқылы қысымның көтерілген толқындарының тарауын артериальды қабырға тербелістерін графикалық тіркеу тәсілі.
Электроэнцефалография (ЭКГ)-бас мидың биоэлектрлік белсенділігін зерттеу тәсілі.
Реовазоэнцефалография (РЭГ)-ұйқы және омыртқа артериялары жүйесіндегі қанайналуды зерттеу тәсілі (қан шығармай), тірі ұлпалардан электр тогын өткізгенде ондағы электр кедергісінің графикалық тіркеу негізінде жүреді.
Электронейромиография (ЭНМГ), және ынталандыру электромиогра-фиясы (ЭМГ)-нервке электр тогымен әсер еткенде жауап ретінде бұлшық ет пен нервтің биоэлектрлік белсенділігін тіркейтін тәсіл.
Тексеру сұрақтары:Клиникалық тәсілдер деген не? Оның қандай зерттеу тәсілдері бар? Параклиниекалық тәсілдерге не жатады? Оның тәсілдері қандай? Перкуссиямен нені тексереді? Пальпация деген ол қандай тәсіл? Аускультациямен нені зерттейді? Параклиникалық тәсілдердің айырмашылығы неде? Антропометрия зерттеудің қандай тәсілі? Анамнез деген не? Дене қызуының қандай градациялары бар?
Әдебиеттер тізімі: А.Макарова. Спортивная медицина: Учебник. – Советский спорт, 2004. 2. Дунаева З.Қ., Мұстафина Т.К. Студенттердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – А., 1993. 3. Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина. Оқу құралы. Алматы, 1993, 75 бет. 4. Мұстафина Т:Қ., Амангельдиева Р.Р., Дунаева З.Қ. Патологические состояния и заболевания у спортсменов. Учебное пособие. Алма – Ата, 1986.
6.Тақырыптың аты: Клиникалық және параклиникалық тексеру тәсілдері
Мақсаты: Нерв жүйесінің негізгі зерттеу тәсілдерімен таныстыру. Нерв жүйесін зерттеуде қолданылатын сынамалар мен тәсілдерді көрсетіп үйрету. Нерв жүйесінде спортшыларда жиі кездесетін аурулармен таныстыру.
Тірек сөздер: Неврологиялық тексеру, вегетативті жүйе, негізгі шағымдар, психологиялық статусты зерттеу, рефлекстерді зерттеу, жиі қолданылатын сынамалар.
Негізгі сұрақтар:
Нерв жүйесінің негізгі тексеру тәсілдері
Нерв жүйесінің кейбір ауруларының белгілері
Неврологиялық тексерулер
Қысқаша мазмұны:
Неврологиялық зерттеулер тәсілдері
Неврологиялық зерттеулерге кіретіндері арнайы неврологиялық қарау және параклиникалық тексеру тәсілдері. Оған кіретіндері:
шағымдарға талдау жасау;
психикалық ортаны тексеру;
қимыл-қозғалыс жүйелері (соның ішінде рефлекстерді);
сезімтал орта;
ми нервтері;
вегетативті нерв жүйесі.
Негізгі шағымдар. Нерв жүйесі ауырған кезде мазалайтын:
көңіл-күйдің өзгеруі (депрессия, эйфория, ашушаңдық ж.т.б.), ұйқы, жадтың бұзылуы, қалшылдау ұстамалары;
көзде екеулену, бас ауруы, бас пен беттің жансыздануы, бет бұлшық етінің әлсіреуі;
есту аппаратының, жұтудың және сөйлеудің бұзылулары;
аяқ-қол бұлшық еттерінің әлсіздігі, қимылдардың тежелуі, аяқ-қолдардың жансыздануы немесе тесіп ауруы;
қимыл координациясының бұзылуы, кеннеттен естен танып қалу, бас айналуы;
несеп шығару мен үлкен дәреттің және басқаларының жұмыстарының бұзылуы.
Психикалық статусты зерттеу клиникада сөйлеуді, оқуды, жазуды, тануды күрделі белгілі бір бағытта көзделген қимылдарды, ойлау мен жадты талдау.
Қимыл-қозғалыс жүйелерін зерттеу тірек-қимыл аппаратын сырттай қарау, еркін қозғалыстардың көлемін, күшін және қарқынын бағалау, бұлшық еттің тонусын, терең жатқан рефлекстердің, жүрістің және қозғалыстардың координациясын сонымен бірге еріксіз қозғалыстарды айқындау.
Рефлекстерді зерттегенде олардың тездігіне, симметриялылығына және патологиялық рефлекстердің кездесуіне (Бабинский симптомы –үлкен башпайдың жазылуы және басқаларының желпуіш тәрізді алшақтауы-табанның шет жағын тітіркендіру).
Дәлдік пен координацияны зерттегенде жүрісті талдау, тепе-теңдікті сақтау әсіресе тұрғанда (Ромберг сынамасы) және отырып белгілі бір қимылдарды жасау-саусақ-мұрын сынамасы ж.т.б.
Қозғалыс ортасын тексеру кейбір неврологиялық синдромдарды айқындауға бағытталған: парез(шала салдану), сал, гипо- немесе гиперкинез және атаксия.
Парез (шала салдану)-еркін қозғалыстардың бұзылуы- күшінің азаюы.
Сал- еркін қозғалыстардың мүлдем болмауы.
Гиперкинездер-еріксіз қозғалыстар және бұлшық ет тонусының өзгеруі.
Атаксия-дәлдік пен координацияның бұзылуы.
Сезімдік ортаны тексеру үсті (тактильді, ауырсыну және температуралық) және терең сезімталдылық (кинестетикалық, проприоцептивті және дірілді), сонымен бірге стереогностикалық сезім) таныс заттарды қармалап тану мүмкіншілігі).
Ми нервтерін зерттеу- кестеде берілген.
Нөмірі
|
Аты
|
Негізгі қызметі
|
І
|
Иіс сезу
|
Иістерді сезу
|
ІІ
|
Көру
|
Көздің көргіштігі
|
ІІІ
|
Көзді қозғаушы
|
Көз алмасының қозғалысы және қарашықтың тарылуы
|
-вегетативтіІҮ
|
Шығырлы
|
Көз алмасының төмен және сыртқа қарай қозғалуы
|
Ү
|
Үшкірлі
|
Бастың бет бөлімінің сезгіштігі және шайнау
|
ҮІ
|
Алшақтату
|
Көз алмасының сыртқа қарай қозғалысы
|
ҮІІ
|
Бет
|
Мимика, жас ағу, дәм және сілекей бөліну
|
ҮІІІ
|
Кіреберіс-ұлу
|
Тепе-теңдік пен есту
|
ІХ
|
Тіл-жұтқыншақ
|
Дәм, сілекей бөліну және жұту, каротидті шумақ және синусты иннервациялау
|
Х
|
Кезеген
|
Дәм, жұтыну, көкірек және құрсақ бөлімдерінің қозғаушы және сезуші иннервациясы, фонациясы
|
ХІ
|
Қосымша
|
Басты бұру және иықты үрпиту
|
ХІІ
|
Тіл асты
|
Тілді қозғау
|
Вегетативті нерв жүйесін зерттеу клиникада пайдаланылады:
жүрек қан тамырлар жүйесін;
тері- вегетативті рефлекстерді;
вегетативті сынамаларды.
Жүрек қан тамырлар рефлекстерінде Данини-Ашнер көз-жүрек рефлексі жиі қолданылады. Сыналушының көз алмасын алдынан және бүйір жағынан 20-30 сек саусақтармен басады. Қалыпты жағдайда лүпіл соғуы 4-12 соқ/мин азаяды; вегетативті нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлімінің тонусының жоғарлауынан лүпіл 12 соқ/мин дейін азаяды; симпатикалық бөлімнің тонусының жоғарлауынан өзгеріссіз қалуы немесе жиілеуі мүмкін.
Тері вегетативті рефлекстерінде дермографизммен бағаланады, теріге штрихтік (өткір болмауы керек) тітіркендіру беріледі. Ақ дермографизм- вегетативті нерв жүйесінің симпатикалық бөлігінің тонусының жоғарлағанын көрсетеді, қызыл дермографизм- парасимпатикалық бөлімнің тонусы жоғарлайды.
Вегетативті сынамаларда орто- және клиностатикалық сынамалар қолданылады.Ортостатикалық сынамада лүпіл мен артериальды қысымның көлденең жағдайдан тік жағдайға көшкенде көрсеткіштерінің өзгеруін тексереді. Қалыпты жағдайда лүпілдің өсуі 16 соқ/мин аспайды, ал артериальды қысымның иық белдеуінде құбылуы 5-10 мм с.б. құрайды. Лүпілдің соғуы 22 соқ/мин көп болса, онда симпатикалық бөлімнің тонусының жоғарлағаны. Оның төмендеуі кезінде лүпілдің жиілеуі байқалмайды. Клиностатикалық сынамада лүпілдің өзгерістерін тіркеу тік жағдайдан көлденең жағдайға ауысқанда жүреді. Бұнда қалыпты алғашқы 15-20 секундта лүпілдің соғуы 6-12 соқ/мин жәйләй бастайды. Симпатикалық бөлімнің тонусы жоғарлаған кезде лүпілдің жәй соғуы байқалмайды.
Нерв жүйесінің ауруларының кейбір синдромдары(белгілері)
Нерв жүйесінің аурулары кезінде келесі синдромдар жиі байқалады:
ми қабықтарының тітіркенуі;
ми сауытының ішіндегі қысымның өсуі;
ми сауытының ішіндегі қысымның төмендеуі;
ми ішіне қан құйылу;
жұлынның зақымдануы.
Тексеру сұрақтары: Неврологиялық зерттеулерге не жатады? Шағымды талдау деген не? Негізгі шағымдарға нелер жатады? Психикалық статус деген не? Дәлдік пен координацияны қандай сынамамен тексеруге болады? Парез деген қандай мағына береді? Толық сал неден болады? Вегетативті нерв жүйесінде клиникалық практикада қолданылатын рефлекстер қандай?
Әдебиеттер тізімі: А.Макарова. Спортивная медицина: Учебник. – Советский спорт, 2004. 2. Дунаева З.Қ., Мұстафина Т.К. Студенттердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – А., 1993. 3. Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина. Оқу құралы. Алматы, 1993, 75 бет. 4. Мұстафина Т:Қ., Амангельдиева Р.Р., Дунаева З.Қ. Патологические состояния и заболевания у спортсменов. Учебное пособие. Алма – Ата, 1986.
7.Тақырыптың аты: Клиникалық және параклиникалық тексеру тәсілдері
Мақсаты: Клиникалық және параклиникалық тексеру әдістерімен студентерді таныстыру. Олардың бөлек тәсілдеріне тоқтап жеке – жеке түсіндіру. Жүрек қан тамырлар жүйесін зерттеу тәсілдерімен таныстыру. Спортшылардың дене жаттығуларында жіберілетін қателіктерге аса назар аудару. Аса шаршау мен аса машықтанудан сақтандыру.
Тірек сөздер: Негізгі шағымдар, физикалық тәсілдер, параклиникалық тәсілдер, жүрек қан тамырлар жүйесінің қызметтік сынамалары, синдромдары, гипотензия жіктеуі.
Негізгі сұрақтар:
Жүрек қан тамырлар жүйесін зерттеудің негізгі амалдары
Жүрек қан тамырлар жүйесіндегі кейбір аурулардың белгілері
Қысқаша мазмұны: Жүрек қан тамырлар жүйесіне кіретін тексерулер: шағымға талдау жасау; физикалық тексерулер (қарау, перкуссия, пальпация, аускультация және басқа да жеңіл өлшенетін қызметтік жағдайлары); параклиникалық тәсілдер; қызметтік тестілеу; қанның биохимиялық құрамының арнайы көрсеткіштерін зерттеу (трансминазалар, миоглобин, миозин және кардиотропониндер).
Негізгі шағымдар:
Жүрек тұсының ауырсынуы;
Жүрек соғуы (жүрек жиырылуының қатты және жиі соғуын сезу);
Жүрек соғу ырғағының бұзылуы;
Демікпе;
Жөтел (кіші қан айналу шеңберінде қанның кідіріп қалуы, тоқырауы);
Ісініп кету (әсіресе аяқ жақ жағы), жүректің ауыр жарақатының көрінісі болып табылады, үлкен қан айналу шеңберіндегі венозды қанның кідіруі, тоқырауы.
Физикалық тәсілдермен жүректің шекарасын, жиілігін, лүпілдің сипатын, артериальды қысымды, дыбысы мен тондарын (сазын), және де басқа бөтен дыбыстардың бар екенін анықтау.
Жүрек қан тамырлар жүйесінің қызметтік жағдайының ең қолайлы өлшемдерін алу:
Жүрек соғу жиілігін ЖСЖ) тыныштықта алу;
Артериальды қысымды (АҚ) тыныштықта алу;
Миокардтың оттегіне қажеттілігін жанама анықтайтын «қос көбейтіндісінің» көрсеткіші.
Ересек адамдарда жүрек соғу жиілігінің бөлінуі:
60-80 соқ/мин – ЖСЖ қалыпты;
80-100 соқ/мин – ЖСЖ тездетілген;
100 соқ/мин – тахикардия;
59-50 – cоқ/мин – баяулатылған ЖСЖ;
> 50 – брадикардия.
Ересек адамдардың қан қысымының жіктелуі
Градациялары
|
Систолалық АҚ;
мм с.б.
|
Диастолалық АҚ;
мм с.б.
|
Қолайлы АҚ
|
< 120
|
<80
|
Қалыпты АҚ
|
< 130
|
< 85
|
Қалыптыдан жоғары АҚ
|
130 - 139
|
85-89
|
Параклиникалық тәсілдерге жататындары:
Электрокардиография (ЭКГ) – жүректің жұмысы кезінде электр құбылыстарын тіркеудің графикалық тәсілі. ЭКГ-ні жазу дәстүрлі үш стандартты, үш күшейтілген аяқ-қолдардан және алты көкірек қуысынан алынады.
Фонокардиография (ФКГ)- жүрек жұмысы кезінде пайда болатын, дыбыс құбылыстарын тіркеудің графикалық тәсілі.
Поликардиография (ПКГ)- ұйқы артериясының сфигмограммасын және бір
уақытта ЭКГ, ФКГ тіркеу тәсілі. Сфигмография-тамырлар арқылы қысымның көтерілген толқындарының тарауын артериальды қабырға тербелістерін графикалық тіркеу тәсілі.
телерентгенография-1,5-2 м қашықтықтан рентгенографиясын жасау;
Эхокардиография – жүректе құрылымдық өзгерістерді анықтау, сол жақ қарыншаның артқы қабырғасының қалыңдығын, қарыншааралық қабырғаны, жүрек қуыстарының көлемін, аортаның жүректен шығатын жерін, қақпақшалардың жұмысы мен жағдайларын, жүректің жиырылу қызметін анықтауға мүмкіншілік береді. Жүрек қан тамырлар жүйесінің ауру кездерінде айқындалатын белгілері:
кардиалгиялық синдром – жүрек тұсының ауруы (оның себептері жүректің өзінің ақаулары және жүректен тыс (экстракардиальды), басқа мүшелердің, мүшелер жүйесінің аурулары;
аритмиялық синдром – жүрек соғу ырғағының бұзылуы (көбінесе жүректің жиі соғуы). Оның түрлері: синустық тахикардия; синустық брадикардия; экстрасистолия; пароксизмальді тахикардия; қарыншалардың жыбырлауы (фибрилляция); қарыншаллалардың асистолиясы.
Гипертоникалық синдром – артериальды қысымның ұлғаюы, бір мүшелік немесе тамырлық патологиялармен байланысты. Симптоматикалық гипертензия - әртүрлі мүшелердің немесе мүшелер жүйесінің ауруларының айқындалуы сипкатталады.
Гипотоникалық синдром – артериальды қысымның төмендеуімен сипатталады
Жүрек қызметінің жеткіліксіздік синдромы – миокардтың жиырылу мүмкіншілігінің азаюынан пайда болады.
Қан аурулары кезіндегі кейбір бір синдромдары
Қан жүйесін тексеруге кіретіндері:
шағымдарды талдау;
қанның морфологиялық құрамын зерттеу;
қанды ұйыту жүйесі;
сүйек майының морфологиялық құрамы.
Негізгі шағымдар:
әлсіздік;
жеңіл шаршағандық;
бас айналу;
дене жүктемесі кезінде демікпе;
жүрек соғу;
жұмыс қабілеттілікті жоғалту;
безгек;
тәбеттің төмендеуі;
терінің қышуы;
жүдеу;
қанағыштықтың жоғарлауы;
сол мен оң жақ қабырға астында аурлық пен ауру сезімдері.
Дені сау адамның қанының морфологиялық құрамы
Қан элементтері
|
Саны
|
Эритроциттер:
әйелдер
ерлер
Гемоглобин:
әйелдер
ерлер
Түс көрсеткіші
Гематокрит (эритроциттер көлемі-
нің жалпы қан көлеміне арақаты-сы):
әйелдер
ерлер
Лейкоциттер:
таяқтыядролы нейтрофильдер
сегментядролы нейтрофильдер
эозинофильдер
базофильдер
моноциттер
лимфоциттер
ЭТТЖ(эритроциттердің тұнбаға тү-cу жылдамдығы):
әйелдер
ерлер
тромбоциттер
ретикулоциттер (жетілмеген эри-троциттер)
эритроциттердің орташа диаметрі
|
3,8-4,5. 1012/л
4.5-5.0. 1012/л
120,0-140,0 г/л
130.0-160,0 г/л
0,36-0,42 л/л
0,40-0,52 л/л
1-6%
47-72%
0,5-5,0%
0-1%
3-11%
19-37%
2-15 мм/сағ
1-10 мм/сағ
180,0-320,0 . 109/л
0,80-1,00%
7,2-7,5 мкм
|
Қан жүйесі ауруы кезінде: анемиялық және лейкемиялық болып екіге синдромға бөлінеді.
Анемиялық синдром- айналып жүрген қандағы гемоглобиннің жалпы санының төмендеуімен эритроциттердің құрылуындағы бұзылулар мен олардың өте көп жұмсалуын сипаттайтын жағдай. Көптеген жағдайда гемоглобиннің деңгейінің төмендеуі эритроциттердің санының азаюымен бірге жүреді.
«Қан аздылық» деген термин бұл жағдайды әлдеқайда толық көрсетеді. Көптеген анемия қызыл қан түйіршіктерінің санының өзгеруімен сипатталып қана қоймайды, сонымен бірге эритроциттердің сапалық өзгерістермен де және гемоглобин молекуласының құрылысында да.
Анемияға ұшырағандарда мүшелер мен ұлпаларда оттегінің жетіспеу-гипоксия байқалып, дистрофияға ұласып кетуі мүмкін. Қандағы гемоглобиннің құрамы 70-80 г/л төмендегенде жүрек бұлшық етінде алғашқы дистрофиялық құбылыстар байқалады.
Қазіргі уақытта анемияның елуден аса түрі бар. Олар пайда болуына байланысты келесі топтармен берілген:
қан кету салдарынан (жедел және созылмалы);
қан құрылудың бұзылу салдарынан болатын анемия (ағзада темірдің жетіспеуі, гемоглобин мен эритроциттердің құрылысына, В12 дәруменіне, эритропоэздың дұрыс қалыптасуына;
қан түйіршіктерінің тым аса бұзылуынан болатын анемия (гемолитикалық анемия).
Достарыңызбен бөлісу: |