|
Сабақтың тақырыбы: Бояу аппаратын жұмыс күйіне келтіру. Басылым қалыбын орналастыру
|
Дата | 17.11.2017 | өлшемі | 11,39 Kb. | | #751 | түрі | Сабақ |
| - «Бояу аппаратын жұмыска дайындау»
-
- Сабақтың тақырыбы: Бояу аппаратын жұмыс күйіне келтіру. Басылым қалыбын орналастыру.
- Сабақтың мақсаты: Бояу біліктерімен цилиндрларын және бояу жәшігіне бояу салып жұмысқа дайындығын тексеру. Жеке білімдерін қалыптастырып ой санасын дамыту.Жылдамдыққа, тазалыққа тексеру.
- Сабақтың көрнекті құрал-жабдықтары: Басылым машинасы, бояу жәшігі, бояу біліктерімен цилиндрлары, буклеттер, схема.
- Сабақтың барысы
- І. Ұйымдастыру кезеңі.
- 1. Сәлемдесу
- 2. Оқушылардың жалпы санын түгендеу
- 3. Оқушылардың дайындығын бақылау
- 4. Жұмыс орнын ұйымдастыру
- 5. Оқушылардың арнайы киімдерін киуін бақылау.
- 6. Қауіпсіздік техникалық ережені сақтауды қадағалау.
ІІ. Өткен сабақтан сұрақ қою. 1. Ылғалдайтын аппараттың құрылысы. 2. Ылғалдайтын аппарат не үшін қажәт? 3. Ылғалдайтын аппаратттың схемасын көрсет. 4. Ылғалдайтын біліктерді қаптау. 5. Біліктерді тігу әдістері. 6. Чулки әдісімен қаптау. 7. Ылғал әрітіндісінің дұрыс жүруі үшін не істеу керек? ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе Бояу аппараты басылым формасының басатын элементтеріне бояу қондыру үшін қызмет етеді. Ол келесі негізгі бөліктерден тұрады: Бояу жәшігі Дукторлық цилиндр әперетін білік қабылдайтын білік Илеу біліктері ұнтақтау цилиндрлары калыптык цилиндр Басылым цилиндры Басылатын материал Бояулы ыдыс (резервуар) Дукторлык резеңкелі білік Жағатын білік қалып - Бояу аппаратының дұрыс жұмысына басылым өнімінің сапасы көп тәуелді. Басу үшін алдын-ала дайындалған бояуды бояу жәшігін есалады. Бояу жәшігінен бояу иілгіш пышақпен цилиндрдің арасындағы саңылау арқылы дукторлық цилиндрге бояу қабатының қалыңдығын, олай болса басылым формасындағы бояудың мөлшерінде жөнге келтіруге болады. Бояу жәшігінің артқы жағында ұштары иілгіш бояу пышағына тіркелетін винттердің қатары бар. Мұндай жөнге келтіру бояуды формаға беруді нақтылы жөнге келтіру деп атайды. Дукторлық цилиндр бояу жәшігінде өз осьінен айналып, бояуды өзіне тартады. Дукторлық цилиндрдің бұрылу бұрышының әрекет приципі қаралған теруіш механизмімен жөнге келтіріледі. Дукторлық цилиндрдан илеу тобының бояу біліктеріне береді. Әперетін білік түйісудің бүкіл жолы бойынша біркелкі күшпен дукторлық және қабылдаушы цилиндрлерге қосылуға тиісті. Сондай-ақ біліктің қисаюын жөнгә келтіреді. Бояу аппараты 16 біліктен және цилиндрлардан тұрады. 9 білік, 5 цилиндр, 4 жаятын, 4 жағатын, 1 беретін білік, 1 дукторлық цилиндр, 1 қысатын цилиндрдан тұрады.
Қане қай топ әрі тез, әрі дұрыс жауап берер екен! Сәттілік тілеймін! Бояу аппаратының алғашкы операциясы? Жауабы: Тиксотроптық қасиетке келтіру (қоймалжың қасиет) Бояуға койылатын талаптар? 1. Басылым қағазына жұқа қабатпен бояу беру 2. Бояудың бояу жәшігінде біркелкі тегіс жайылуы тиіс 3. Басылым бояуы созылмалы болуы керек 4. Басылым бояуы жарыққа төзімді болуы керек 5. Басылым бояуы жылтыр болуы керек 6. Басылым бояуының басылым қалыбына беку қасиеті жақсы болуы қажет 7. Бүкіл тираж бойы бояудың қалыңдығы бірдей болуы керек 8. Бояу тәз кебуі керек 9. Бояу тиражға төзімді болуы керек 10. Бояу деформацияға ұшырамауы қажет 11. Бояу аппараты уақыты өтіп кеткен бояуды пайдаланбау керек Ракель пышағы қандай қызмет атқарады? -
-
- Жауабы:
- біліктердегі бояуды кетіру үшін
- Ылғалдағыш аппаратқа құятын ерітінді қалай аталады?
Жауабы: гидроспирт - Бояу аппаратында кездесетін ақаулар?
| Жауабы: - өнімде көлеңкелену бар
- бояудың көп кетуі
- өнімде бояу түсінің қанбауы
- өнімде сызықтардың жуандануы
- өнімнің түр-түсінің әртүрлі болуы
GTO-52-1 бір бояулы офсеттік басылым машинасының бояу аппараты неден тұрады? - Жауабы:
- бояу жәшігі
- дукторлық цилиндр
- беретін білік
- бояу реттегіштер.
- Басылым аппаратына койылатын талаптар.
- Жауабы:
- беті тегіс болуы керек
GTO-52-1 бір бояулы офсеттік басылым машинасының ылғалдайтын аппаратының мақсаты? -
- Жауабы:
- Басылым қалыбының ашық элементтеріне аз мөлшерде жұқа қабатпен ылғал беру.
GTO-52-1 бір бояулы офсеттік басылым машинасының бояу аппаратында қанша цилиндр бар? Жауабы: 1 беретін білік GTO-52-1 бір бояулы офсеттік басылым машинасы қанша секциялы? Жауабы: бір секциялы Қандай басылым бояулары пайдаланылады? Жауабы: 1. офсеттік 2. пантондық Ылғалдағыш аппараттың біліктерін қанша түрлі әдіспен қаптайды? Жауабы: 1. чулки 2. қолмен Ал енді екі топтың ұпай санын есептейік! - Көңіл койып тыңдағандарыңызға
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|