Педагогикалық факультеттің деканы


ПӘН БОЙЫНША ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ



жүктеу 1,45 Mb.
бет2/10
Дата11.01.2020
өлшемі1,45 Mb.
#26305
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

4. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ





Әдебиеттер тізімі

Бары

кітапханада

кафедрада

Студенттердің %% қамтамасыз етілуі

Электронды түрі

Ескертулер

1

А.Макарова. Спортивная медицина: Учебник. – Советский спорт, 2004.





2










2

Дунаева З.Қ., Мұстафина Т.К. Студенттердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – А., 1993.



1













3

Мұстафина Т.К. Спорттық медицина. Оқулық. – A., 1997.




1










4

Мұстафина Т.К., Дунаева З.Қ. – Дәрігерлік – ұстаздық бақылау. Әдістемелік нұсқау. – A.,1994.




1










5

Мұстафина Т.К., Дунаева З.Қ. Спорттық аурулар мен жарақаттар. Оқу құралы. – А., 1994.

1














5. ДӘРІС КЕШЕНІ
1.Тақырыптың аты:Кіріспе. Дененің дамуы туралы ілім.
Мақсаты: Спорттық жаттығулардың, дене тәрбиесі мен сауықтыру жұмыстарының арқасында дене дамуының өзгерістерге ұшырауы туралы мәліметтерді студент қауымға толық деңгейде жеткізу міндеті тұр.
Тірек сөздер: Спорттық жаттығу, дене тәрбиесі, сауықтыру – дене шынықтыру жұмыстары, бапкер мен педагог.
Негізгі сұрақтар: 1.Дененің дамуы мен денсаулық. 2.Cпорттық медицинаның анықтамасы, зерттеу объектілері оның құрамдас бөліктері. 3.Спорттық медицинаның мақсаттары мен міндеттері. 4.Кешенді дәрігерлік тексеру тәсілі.
Қысқаша мазмұны: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) қортындылары бойынша-тұрғындар денсаулығының 49-53 % шамасында, өмір сүру салтына байланысты, немесе өз денсаулығына деген көзқарасына байланысты, 17 – 20 % қоршаған ортаға (экологиялық жағдайсыздықтың асқынуы), 18 – 22% тұқым қуалайтын себептерге (ген қорына), тек 8 – 10% денсаулық сақтау жүйелерінің қызмет жұмысына байланысты.

ДДСҰ анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз ағзада аурудың не болмаса дене кемістігінің жоқтығы ғана емес, ол табиғи, рухани және әлеуметтік толық аман – есендік. В.П.Казначеевтің жеке бас денсаулығы туралы анықтамасы – денсаулық дегеніміз, ағзаның ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психологиялық әрекеттері мен жұмыс қабілеттілігінің, белсенділігінің, сондай – ақ жас ерекшеліктерінне сай, дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы.

Спорттық медицина – бұл кәсіптік медицинаның аумағына кіретін және денсаулықты нығайту мен сақтауға бағытталған барлық қызметтердің түрі, ауруларды емдеу мен алдын алу сонымен бірге дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындардың жаттығу тиімділігін жоғарлату болып табылады.

Сонымен спорттық медицинаның зерттеу объектілеріне барлық спортшылар мен қатар дене шынықтыру жаттығуларымен айналысатын, емдік және сауықтыру дене шынықтыруларымен шұғылданатындардың бәрін түгел қамтиды.

Спорттық медицинаның негізгі мақсаты – адамдардың денсаулығын нығайту мен сақтау, дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындардың, аурулар мен патологиялық жағдайлардың алдын алу, дене шынықтыру мен спорттың тәсілдері мен амалдарын тиімді пайдалану, жүктемеден кейінгі қайта қалпына келу үрдістерін қолайландыру және жұмыс қабілеттілігін жоғарлату, өмірінің шығармашылық және белсенділігін арттыру.

Спорттық медицинаның негізгі міндеттері:



  • Дене шынықтыру мен спортқа қатысуын қамтамасыз ету (дәрігерлік көрсеткіштерге байланысты);

  • Спорттық бағдар мен іріктеу сұрақтарына қатысу;

  • Спортпен және дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданатындардың қызметтік жағдайын жүйелі түрде бақылап тұру;

  • Ауруларды, жарақаттарды талдау, барынша ерте диагноз қою, емдеу және алдын алу үшін тәсілдер пайдалану;

  • Сабақтар мен жаттығулардың тиімді кестелерін әсіресе әртүрлі контингенттерге байланысты;

  • Практикаға дәрігерлік – биологиялық амалдар мен тәсілдерді апробациядан өткізіп ендіру.

Құрамдас бөліктеріне кіретін кабинеттер мен диспансерлер.

Дәрігердің бақылау кабинеті – дәрігерлік – дене шынықтыру қызметінің ең төменгі сатысы. Бұлар емханаларда, оқу орындарында, денешынықтыру ұжымдарында, спорттық ғимараттарда, мекемелердің санитарлық бөлімдерінде ж.б. құрылады.

Дәрігерлік – денешынықтыру диспансерлерінде бұнда жоғары деңгейде ұйымдастырылған, дәрігерлік қамтамасыз етілген, тұрақты және белсенді тексерулер, алдын ала ауруларды айқындау және оның алдын алу, әсіресе жаттығу кезінде, жоғары жетістікке жету үшін қызмет атқарады.
Тексеру сұрақтары: 1. Денені дұрыс қалыптастыру деген не? 2. Спорттық медицинаның атқаратын қызметі қандай? 3.Спорттық медицинаның зерттеу объектілеріне нелер кіреді? 4.Құрамдас бөліктері деген не, және олар қандай құрамдар? 5. Спорттық медицинаның көздеген мақсаттары қандай? 6.Ең басты міндеттері неде?
Әдебиеттер тізімі: 1. : А.Макарова. Спортивная медицина: Учебник. – Советский спорт, 2004. 2. Дунаева З.Қ., Мұстафина Т.К. Студенттердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – А., 1993. 3. Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина. Оқу құралы. Алматы, 1993, 75 бет. 4. Мұстафина Т:Қ., Амангельдиева Р.Р., Дунаева З.Қ. Патологические состояния и заболевания у спортсменов. Учебное пособие. Алма – Ата, 1986.

2.Тақырыптың аты: Жалпы патология негіздері
Мақсаты: Денсаулық пен аурулар туралы түсінікті студенттерге жеткізу. Аурудың пайда болуы мен өтуі және аяқталуы туралы түсініктер беру.Терминалді жағдайлар деген не солар туралы түсініктері молайту.
Тірек сөздер: Денсаулық, қалыпты жағдай, патологиялық реакция, патологиялық процесс, патологиялық жағдай, преагония, агония, клиникалық және биологиялық өлім.

Негізгі сұрақтар:


  • Денсаулық пен ауру туралы түсініктер

  • Аурудың пайда болуы, өтуі және аяқталуының негізгі түрлері

  • Терминальды жағдайлар


Қысқаша мазмұны: «Денсаулық» деген өмір сүрудің тұрақты түрі және де сыртқы ортаға бейімделудің үнемді оптимальді механизмдері, сонымен бірге қызметтік қордың кейбір өзгерстерге байланысты болуы.

Денсаулықтың негізгі белгілері:



  • Құрылысы мен қызметінің сәйкестігі (морфологиялық және қызметтік кемістіктердің жоқтығы);

  • Ағзаның ішкі ортаны тұрақты деңгейде сақтауы (гомеостаз);

  • Өте жоғары жұмыс қабілеттілік пен өзін жақсы сезіну.

Биология мен медицинада «денсаулық» деген түсінік қалыпты деген категориямен байланысты. Кең мағнада қалыпты – бұл ағзаның өмір сүру жағдайының оптимальды сол берілген ортаға бейімделуі.



Ауру – ағзаға белгілі бір немесе бірнеше зиянкестік себептердің әсері және соған байланысты метаболикалық пен құрылымдық өзгерістердің, сонымен бірге қызметімен бейімделудің бұзылуы, жұмыс қабілеттілігінің шектелуі мен әлеуметтік пайдалы қызметінің төмендеуі.

Патологиялық реакция – ағзаның адекватты емес және биологиялық жағынан лайықсыз қарапайым немесе төтенше тітіркендіргіштерге жауабы.

Патологиялық процесс – патогендік себептердің жарақаттау әсеріне ағзада заңды түрде пайда болатын дәйекті реакциялар.

Патологиялық жағдай – мүшенің қызметінің қалыпты жағдайдан тұрақты және аз өзгеретін белгілі бір уақыттағы ауытқулары, ағзаға биологиялық жағынан теріс маңызы бар. Патологиялық жағдайдың негізгі себептері патологиялық тұқымқуалаушылық және де әуелде болған патологиялық процесстер (жарақат салдары – жырықтар, аяқ – қолдарын жоғалтуы, буындардағы қозғалыстың шектелуі, ақсаңдау, жалған буындар) және аурулар (бүкірлік – омыртқа жотасының туберкулезі, қаңқаның деформацияға ұшырауы рахиттен кейін).

Табиғатта аурулардың пайда болуы, өтуі және аяқталуының алуан түрлері бар. Бұл алуан түрліліктің себептері келесі:



  • Себеп сипаты;

  • Патогендік себептердің әсер ету ұзақтығы;

  • Бұл әсерлердің жиынтықталуы;

  • ағзаның оған беретін жауабы.

Аурулардың өтуі мынадай болуы ықтимал:

  • қарапайым;

  • қарапайым емес (атиптік);

  • қайталануы (рецидиві);

  • латентті.

Қарапайымды (типическое) өтуі ол егер сол ауруға тән белгілері айқын болса.

Қарапайым емес (атиптік) өтуі белгілі ауытқулармен сипаталады және де онша айқын болмауы мүмкін, абортивті – аурудың тез уақытынан бұрын жазылып кетуі, немесе керісінше өте тез және ауыр өтуі мүмкін.

Рецидивті (қайталануы) өтуі бұл аурудың қайталануы және оның үстіне өрши түсуі, уақытша жоғалғаннан кейін немесе бәсеңсіңуі тіпті тоқтауы (ремиссия) байқалады.

Латентті - аурудың өтуі сырттай байқалмайды, бірақ басқа аурумен қосылған жағдайда асқынуы мүмкін.

Аурудың өту ұзақтығына байланысты аурулардың түрлерін айырады:


  • өте ауыр – екі жұмаға дейін;

  • ауыр – екі жұмадан алты жұмаға дейін;

  • созылмалы – 6-8 жұмадан жоғары.

Көпшілік аурулардың өтуі кезінде ол бірнеше кезеңнен өтеді:

    1. продромальді;

    2. нағыз қызған кезі (толық дамыған кезі);

    3. аурудың аяқталуы (соңы, ақыры).

Аурудың аяқталуы:



  • толық емделуімен;

  • жартылай емделуімен (тәуір болу – ремиссия);

  • патологиялық жағдайға ауысуы

  • өлімге әкеліп соғуы.

Терминальды жағдай – ағза қызметінің биологиялық өлімнен қайтуы

Преагония, агония және клиникалық өлім терминальды (аяқталуы) жағдайларға жатады. Бұнда ағзада келесі өзгерістер болады:


  1. тыныстың тоқтауы, қанда оксигенация тоқтайды, гипоксемия мен гиперкапния дамиды;

  2. асистолия (жүректің тоқтауы) немесе фибрилляция (миокардтың ретсіз соғуы, жыбырлауы);

  3. метаболизмнің бұзылуы, ұлпалар мен қанда толық тотықпаған өнімдердің жиналуы және көмірқышқылының газдық немес газдық емес ацидозы дамиды;

  4. орталық нерв жүйесінің қызметі тоқтайды, рефлекстер жойылады және мидың биоэлектрлік белсенділігі жойылады;

  5. барлық ішкі мүшелердің қызметі тоқтайды (сөнеді).


Тексеру сұрақтары: 1.Денсаулық пен аурудың айырмашылығы неде? 2. Денсаулықтың негізгі критерийлері қандай? 3. Ауру адам ол қандай адам? 4. Патологиялық реакция дегеніміз не? 5.Патологиялық процесс ол қандай процесс? 6. Патологиялық жағдай дегеніміз не? 7. Арудың пайда болу себептері неде? 8.Аурудың өту кезеңі деген ол қай кезең, неге байланысты? 9.Аурудың өту кезеңдері әртүрлі аурулар үшін қандай және қанша? 10.Аурудың аяқталу кезеңдері қандай және қанша? 11.Терминальды жағдайлар дегеніміз не? 12.Клиникалық өлімнің биологиялық өлімнен айырмашылығы неде? 13.Биологиялық өлімнің белгілерін атаңдар.
Әдебиеттер тізімі: 1. : А.Макарова. Спортивная медицина: Учебник. – Советский спорт, 2004. 2. Дунаева З.Қ., Мұстафина Т.К. Студенттердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – А., 1993. 3. Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина. Оқу құралы. Алматы, 1993, 75 бет. 4. Мұстафина Т:Қ., Амангельдиева Р.Р., Дунаева З.Қ. Патологические состояния и заболевания у спортсменов. Учебное пособие. Алма – Ата, 1986.
3.Тақырыптың аты: Жалпы патология негіздері
Мақсаты: Аурулардың пайда болуы мен дамуы жағдайындағы себептерді зерттейтін ғылымның бір саласы – этиология туралы түсініктер беру. Патологиялық жағдайлар мен патологиялық процесстер, аурулардың дамуымен өтуі және аяқталуының механизмдері туралы ілімді – патогенез деп атайды.

Патологиялық тұқымқуалаушылық туралы түсініктерін тереңдету.

Ағзаның реактивтігі дегеніміз ол сыртқы ішкі қоршаған ортаның өмір сүру өзгерістеріне жауап беру қабілетін айтады.
Тірек сөздер: Этиология, патогенез, экзогенді этиологиялық факторлар, Даун ауруы, гемофилия, подагра (буынның ісіп ауруы), экзема, мутациялар, нормергия, гиперергия, гипергия.
Негізгі сұрақтар:


  • Этиология және патогенез

  • Патологиялық тұқымқуалаушылық

  • Ағзаның реакциясы


Қысқаша мазмұны: Этиология тар мағынада аурудың пайда болу себептері немесе патологиялық процестің шығу тегі. Этиология жалпы және жеке болып екіге бөлінеді. Жалпы патогенез, жалпы механизмдері мен заңдылықтарын сол патологиялық процесстердің негізінде жатқан аурулар немесе бөлек категориялық аурулар (тұқымқуалаушылық, онкологиялық, жұқпалы, эндокриндік (бездер), жүрек қан тамырлар ж.б.). Жеке (дара) патогенез бөлек патологиялық реакциялардың, процестердің, жағдайлардың және аурулардың механизмдерін зерттейді.

Сыртқы (экзогендік) этиологиялық себептерге жататындары:



  • Механикалық – құбылыстардың немесе денелердің әсерлері, олар өте үлкен кинетикалық қуат қоры бар, ағзамен жанасқанда сыну, созылу, опыру ж.б. туғызады;

  • Физикалық – әртүрлі қуаттың әсерлері: электрлік (күйю, электрошок), иондалған сәулелер (сәулелермен күйдіру, сәулелер аурулары), термикалық факторлар (жоғары және төмен температуралар – күйіктер, үсіп кету);

  • Химиялық – қышқылдар, сілтілер, органикалық және неорганикалық улар, ауыр металдар тұздары, гормондар ж.т.б.;

  • Биологиялық – вирустар, бактерийлер, саңырауқұлақтар, құрттар (гельминттер);

  • Псигогендік – бұл себептердің ми қыртысыны күш түсіру болып табылады.

Ішкі (эндогенді) этиологиялық себептерге жататындары:

  • Патологиялық тұқымқуалаушылық;

Иммунитеттің алғашқы төмендеуі.
Адамзаттың тұқымқуалаудағы патологиялық салмағы



Тұқымқауалаушылық патология түрлері

1000 адамға таралуы (орташа)

Ген аурулары

10

Хромосомаларға байланысты аурулар

5

Туа бітетін ақаулар

20

Балаларда тұқымқуалау арқылы ауруларға бейімделуі

10

Ересектерде тұқымқуалау арқылы берлетін ауруларға бейім келуі

150

Генетикалық көзқарастан барлық аурулар төрт топқа бөлінеді:



  1. Тұқымқуалайтын аурулар – себебі ретінде патогендік мутациялардың әсері; сыртқы ортаға байланысты емес.

  2. Аурулар, бұларға тұқымқуалаушылық себебі ретінде ғана қызмет атқарады, бірақ олардың айқындалуына мутацияланған гендердің әсері болуы керек те соған сәйкес ағзаның жағдайы да, ортаның әсеріде қатар жүруі тиіс. Ондай аурулар көбінесе бара – бара есейген сайын сыртқы факторлардың әсерінен: асыра шаршау, асыра тояттанудан, салқын тигізуден (қант диабетінің кейбір түрлері, буынның сырқырауы (подагра)).

  3. Аурулар, себебі сыртқы ортаның әсерінен болады, бірақ оның пайда болу жиілігі мен ауырлығы тұқымқуалаушылыққа бейім адамдар болып табылады (атеросклероз, гипертоникалық ауру, жаралар, туберкулез, экзема (есекжем, бөртпе).

  4. Аурулар, бұнда тұқымқуалаушылқ ешқандай рөл ойнамайды (көптеген жарақаттар, жұқпалы аурулар, күйіктер ж.т.б.). Генетикалық себептері тек патологиялық процесстердің өтуіне әсер етуі мүмкін, тез жазылып кетуіне, бұзылған қызметтердің қайтадан орнына келуіне.

Тұқымқуалаушылық аурулар – бұлардың себептері мутация болып табылады, ол дегеніміз тұқымқуалаушылық құрылымдардың өзгерістерінде. Олар генндік, хромосомалық және геномдық мутациялар болып бөлінеді.
Адамдағы мутация түрлері және оның салдары

Мутациялар

Сипаттамасы

Салдары

Генндік

Гендерде молекулярлық өзгерістер болады

Геннің алғашқы өнімдерінің синтезінің бұзылуы

Хромосомалық

Бөлек хромосомалардың құрылысындағы өзгерістер

Органогенездегі кәдімгі өзгерістер; өліммен аяқталады; хромосомалар аурулары

Геномдық

Хромосомалардың санының өзгеруі немесе олардың жиынтығындағы өзгерістер

Эмбриональдық даму кезіндегі терең өзгерістер; өлімге әкеліп соғу нәтижесі


Ішкі себептерден (спонтанндық) болатын мутагенез – ағзаның қарапайым физиологиялық жағдайларында пайда болады, сыртқы факторлардың көмегінсіз.

Жалқы (дара – индукциялық) себептерден болатын мутагенез – генетикалық аппарат жасушаларына физикалық, химиялық және биологиялық себептердің жарақаттау әсерімен болғанды мутагендер деп атайды.

Ағзаның реактивтілігі - ішкі және сыртқы ортаның жылжуына ағзаның өмір сүру өзгерістерімен жауап беруі. Олардың келесі түрлері бар:



  • Түрімен

  • Топтық

  • Жеке бастық

  • Физиологиялық

  • Патологиялық

  • Ерекшелік

  • Тән еместік

Реактивтіктің түрлері: қалыпты – нормергия; жоғары – гиперергия; төмен – гипергия; бұрмаланған – дизергия; толықтай жауап қайтармау – анергия.
Түрлік реактивтік – сыртқы әсерлерге жауап береді, әсіресе анатомо- физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Мысал ретінде түрлік реактивтікке жануарлардың маусымдық мінез – құлықтары болуы мүмкін.

Топтық реакция – адамдардың белгілі бір топтары (немесе жануарлардың) сыртқы орта әсеріне барлық өкілдердің ерекше реакциясы. Ол белгілерге жататындары: жасы, жынысы, конститутциональді түрі, белгілі бір нәсілге жатуы, қан топтары, орталық нерв жүйесінің типі (түрі).

Мысалы, ерлерде буын ісігі, жаралар (язва), ұйқы безінің басының қатерлі ісігі, тәж қан тамырларының атеросклерозы, алкоголизм, ал әйелдерде – артрит (буындардың қабынуы), өтте тастың жиналу ауруы, өт қабының қатерлі ісігі, қалқанша бездің қызметінің бұзылуы ж.б.

Жеке бастың реакциясына әрбір адамның сыртқы және ішкі орта факторлар әсеріне жауап қайтару реакциясы.

Физиологиялық реакция дегеніміз ол сыртқы ортаның әрекеттеріне белгілі бір жауап, егерде ағзаның гомеостазы бұзылмаса.

Патологиялық реакция бұл ауру тудыратын себептерге жауап беру ерекшелігі және құрылымдық пен гомеостаздың бұзылу немесе жарақатталуынан болады.

Ерекшелік реакциясы ол ағзаның антигендерге жауап ретінде антиденелер өндіру болып табылады.

Тән еместік (ерекше емес) реакциясы ағзадағы кешенді өзгерістер және сыртқы сеьбептерге жауап ретінде пайда болуы, бірақ иммундық жауаппен байланысты емес.


Тексеру сұрақтары: 1.Этиология нені зерттейді? 2. Патогенез дегеніміз не? 3.Экзогенді себептерге жататындары. 4.Эндогенді факторларға жататын себептері қандай? 5.Аурулардың қолайсыз жағдайы немен байланысты? 6.Сыртқы қолайсыз жағдайларды қандай түрлерге бөледі? 7.Тұқым қуалаушылық дегеніміз не, әсіресе ауруларға байланысты болғанда?

8.Мутация дегеніміз не? 9.Гемофилия деген қандай ауру?10.Ағзаның реактивтілігі дегеніміз не? 11.Реактивтіліктің қандай түрлері бар?


Әдебиеттер тізімі: : 1. : А.Макарова. Спортивная медицина: Учебник. – Советский спорт, 2004. 2. Дунаева З.Қ., Мұстафина Т.К. Студенттердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – А., 1993. 3. Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина. Оқу құралы. Алматы, 1993, 75 бет. 4. Мұстафина Т:Қ., Амангельдиева Р.Р., Дунаева З.Қ. Патологические состояния и заболевания у спортсменов. Учебное пособие. Алма – Ата, 1986.

4.Тақырыптың аты:Жалпы патология негіздері.
Мақсаты: Әдеттегі патологиялық үрдістер туралы толық мағлұмат алу.Қан тамырлар жұмысмен толығырақ танысу. Қанның мөлшерден көп немесе мөлшерден аз болуының себептерін айқындау.Ұлпаларда зат алмасу қалай жүреді және ол неге байланысты екенін анықтау. Тірі ағзада жасушалар мен ұлпалардың өлуі – некрозбен танысу.
Тірек сөздер: Некроз, гиперемия, ишемия, инфаркт, тромбоз, эмболия, стаз, дистрофия, дегенерация, инфильтрация, декомпозиция, трансформация, гангрена.
Негізгі сұрақтар: Типтік патологиялық процесс деп нені айтады? Ондай себептер қандай, атау керек. Қан айналудың бұзылуы неден болады? Оларға кіретіндер. Гиперемия дегеніміз не? Қан кету неден болады, оның себептері қандай? Тромбылардың себептері қандай?Ұлпадағы метаболизмнің бұзылуы неден болады? Дистрофия мен дегенерация дегеніміз не, айырмашылғы неде? Дистрофияның механизмдері туралы түсініктер. Ұлпалар мен жасушалардың өлуі. Некроздың себептері және оның түрлері. Гангрена туралы түсінік.

Қысқаша мазмұны: Типтік патологиялықи процесс деп біржақты (бүтін, стандартты) процестерді әртүрлі жарақаттау факторларын айтады. Оларға жататындар: қан айналудың бұзылуы; ұлпаларда зат алмасудың бұзылуы; некроз; қабыну; атрофия; гипертрофия; ісіктер.
Қан айналудың бұзылу түрлері: гиперемия: артериальды (жергілікті және жалпы) және венозды (жергілкті және жалпы);


  • Стаз;

  • Ишемия;

  • Қан кету;

  • Инфаркт;

  • Тромбоз;

  • Эмболия.

Гиперемия – қанның ұлпаларда көп мөлшерде болуы, оның себебі жалпы сонымен бірге жергілікті қанайналудың бұзылуы болуы мүмкін. Гиперемия өзіні дамуына байланысты артериальды және венозды болады.

Жалпы артериальды гиперемия дегеніміз айналымда жүрген қанның мөлшері әлдеқайда көп болуы мүмкін, бұндай жағдайлар сирек кездеседі.Көбінесе артериальды гиперемия жергілікті патологиялық процесс ретінде болады, белгілі бір аймақтарда қалыпты жағдайға қарағанда қан көбірек келіп, ал кететін қанның мөлшері қалыпты. Оның пайда болу себептері кейбір ұсақ қан тамырларының (артериолдар мен капиллярлар) кеңеюінен мүшенің қызметінің күшеюінен және сонда зат алмасу процесін үдетеді.

Артериалды гиперемияның келесі түрлері бар:


  • Ангионевротикалық – қан тамырларын тітіркендіріп кеңейтетін немесе қан тамырларын тарылтатын нервтердің салға ұшырауы;

  • Коллатеральды – магистральды артериальды қан тамыры бойынша қан ағудың қиындауы;

  • Постанемиялық – артерия қан тамырлары қысылуынан (ісіктен, қуыстарда сұйықтықтың жиналып қалуы ж.б.), ұлпадағы қаназдылық, бірақ тез жойылып кетуі мүмкін;

  • Вакатты – барометрлік қысымның азаюымен байланысты айқындалады, мысалы, сүңгуір мен кессондық жұмысшылардың тез жоғары көтерілуінен (жоғары қысымнан), газдық эмболиямен, тамырлардың тромбылануымен және қанқұйылуымен; жергілікті вакаттыгиперемия теріде дәрігерлік банкілер салғанда байқалатын, сиретілген аймақтара бос кеңістіктердің құрылуы;

  • Қабынудан – оның айқындалуы негізінде ұсақ артериялар мен капиллярларда қанның мол мөлшерде болуы.

Веноздық гиперемия олндай жағдайларда қанның келуі қалыпты да қайтуы жеткіліксіз. Веноздық толыққандылықты сонымен бірге тоқырау немесе көгеру, цианоз деп те атайды, себебі тері көгеріп айналасындағы аймақтарға қарағанда салқындау болады. Оның басты себептері жүрек қан тамырлар жүйесінің жұмысының бұзылуы, сол мүшелерде (жүректе, тамырларда, тыныс алу мүшелерінде);

  • Стаз – бөлек капиллярларда, ұсақ артерияларда және веналарда қан ағудың тоқтап қалуы;

  • Ишемия – патологиялық процесс, белгілі бір мүшеде немесе ұлпада қанның құрамы (көлемі) қалыпты жағдайға қарағанда азаяды. Ишмияның жергілікті түрлеріне жататындар: ангиоспазмалық – қан тамырларыңын тарылып (қысылып) қан тамырларын тарылтатын нервтердің қозуынан болады; абтурациялық – артерия қантамырларының тромбымен немесе эмболиямен бітеліп қалуы; компрессиялық – артерияның ісікпен, жгутпен, іріңмен ж.б. қысылып қалуы.

Инфаркт – мүшенің ұлпасының (өлуі) некроздың ошағы, артерия қанының келуі тоқтаған жағдайда болады. Оның негізгі себептері ол артерия қан тамырларының тромбымен немесе эмболиямен бітеліп қалуы.

Тромбоз – қаннан тығыз массалардың бөлініп, қан тамырлар қабырғаларында немесе жүрек қуыстарында жиналуы. Сол жиналған массаны тромб деп атайды. Тромбылардың келесі түрлері болады:



  • Ақ – тромбоциттерден, фибриннен және лейкоциттерден тұрады; жәй құралады қанның ағысы жылдам болғанның өзінде (көбінесе артерияларда);

  • Қызыл – тромбоциттер, фибриндер және лейкоциттерден басқа көптеген эритроциттер кездеседі, бұлар қанның жәй ағуына қарағанда тез құралады;

  • Аралас – жиі кездеседі; құрылысы бірнеше қабат және шұбар болып келеді; ақ та, қызыл да тромбылар кездеседі.

Ұлпаларда метаболизмнің бұзылуынан, сол ұлпалар қызметінің бұзылуымен қатар сапалы химиялық өзгерістерге ұшырайды – оны дистрофия немесе дегенерация деп те атайды.

Дистрофияның дамуының төрт негізгі механизмін айырады: инфильтрация – жасушалар мен жасушааралық заттарға қаннан зат алмасу өнімдері өте көп мөлшерде келеді; декомпозиция - жасушалар мен жасушааралық заттардан тұратын және соны құрайтын күрделі химиялық қосындылардың ыдырауы; трансформация – бір заттардың екінші бір затқа айналуы (мысалы, белоктар майларға немесе көмірсуларға); бұрмаланған синтез (жинақталу) – жасушаларда және жасушааралық заттарда аномальды (бұларға сәкес келмейтін заттар).



Некроз (өлу, «жергілікті өлу») тірі ағзада жасушалар мен ұлпалардың өлуі.
Тексеру сұрақтары:Типтік патологиялық процесс деп нені айтады? Ондай себептер қандай, атау керек. Қан айналудың бұзылуы неден болады? Оларға кіретіндер. Гиперемия дегеніміз не? Қан кету неден болады, оның себептері қандай? Тромбылардың себептері қандай?Ұлпадағы метаболизмнің бұзылуы неден болады? Дистрофия мен дегенерация дегеніміз не, айырмашылғы неде?

Әдебиеттер тізімі 1. : А.Макарова. Спортивная медицина: Учебник. – Советский спорт, 2004. 2. Дунаева З.Қ., Мұстафина Т.К. Студенттердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – А., 1993. 3. Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина. Оқу құралы. Алматы, 1993, 75 бет. 4. Мұстафина Т:Қ., Амангельдиева Р.Р., Дунаева З.Қ. Патологические состояния и заболевания у спортсменов. Учебное пособие. Алма – Ата, 1986.
5.Тақырыптың аты: Клиникалық және параклиникалық тексеру әдістері
Мақсаты: Клиникалық және параклиникалық тексеру әдістерімен студентерді таныстыру. Олардың бөлек тәсілдеріне тоқтап жеке – жеке түсіндіру. Адамның температурасы жайында мағлұмат беру.
Тірек сөздер: Перкуссия, пальпация, аускультация, антропометрия, термометрия, ультрадыбыс, радиоизотопты, эндоскопиялық деген сөздермен таныстыру.
Негізгі сұрақтар:

  • Клиникалық зерттеу тәсілдері

  • Параклиникалық зерттеу әдістері (антропометрия)

  • Дененің термометриясы

  • Аспаптармен және қызметтік зерттеу тәсілдері



Қысқаша мазмұны:
Клиникалық зерттеу тәсілдеріне жатқызады:

  • сұрастыру;

  • физикалық тексеру, дәрігердің сезім мүшелерінің көмегімен жүргізіле-ді;

  • қарау;

  • перкуссия (саусақпен соғу);

  • пальпация (саусақпен сипау);

  • аускультаия (тыңдау).

Параклиникалық тексеру тәсілдеріне қосылатындары:

  • антропометриялық;

  • термометриялық (дененің қызуын өлшеу);

  • аспаптар мен функциональдық;

  • сәулелік (рентгенологиялық және магниттік тербелмелі жүйелік);

  • ультрадыбыстық;

  • радиоизотопты;

  • термографиялық (интроскопия, жылу арқылы);

  • эндоскопиялық;

  • зертханалық;

  • қызметтік сынамалар және басқалары.


жүктеу 1,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау