30
Уақытты педагогикалық тұрғыда қарау қажет. Педагогикалық
еңбекті ұйымдастырудың ерекшелігі, оқыту мен тәрбиелеуде тым
асығыстық, тым кешеулеп қалуға болмайды.
Мұғалімге ең бастысы – уақыт бойынша жұмыстың қалай
жүретінін білу, әр түрлі уақыт аралықтарын қатесіз анықтай білу,
мысалы, бір дәптерді тексеруге қанша уақыт кетеді, бір сабақтың
дайындығына қанша уақыт керек т. т.
Сондай – ақ белгілі бір жұмысты орындауға кететін уақыттың
мөлшерін нақты анықтай білуге үйренген жөн. Мұның барлығы
уақыт сезімін қалыптастыру бойынша міндеттерді шешуді
жеңілдетеді.
2. Мұғалімнің бос уақыты мәселесі.
К. Маркс, бос уақытқа былай деп сипаттама берген болатын, «
Такое время, которое не поглащается непосредственно
производительным трудрм, а остается свободным для удовольствий,
для досуга, в результате чего открывается простор для свободной
деятельности и развития» .
Бос уақыт – ештеңемен айналыспау уақыты емес. Бұл
педагогтың өзінің жағдайына қарай пайдалынатын уақыты.
Бос уақыт құрылымында жеке тұлғаның дамуына ықпалы
тұрғысынан қарағанда, мынадай компоненттерін көрсетеді:
2. белсенді творчестволық іс- әрекет.
3. оқу, білім жетілдіру.
4. мәдени шаралар.
5. дене шынықтыру сабақтары.
6. хобби.
7. балалармен ойындар өткізу.
8. адамдармен қарым- қатынас.
9. жай демалыс.
Бос уақытты пайдалану мәдениеті педагогтың жалпы
мәдениетіне байланысты, сондай- ақ уақытты бағалай білу іскерлігіне
байланысты:
1. Уақытқа сапалы түрде баға беру.
2. Жұмыстың бастылуы мен аяқталуын тез әрі нақты анықтай
білуге үйрену.
Белгіленген мерзімде істі тындыра білу.
31
Өз еңбегін уақыт бойынша, бір күн, апта, одан да көп мерзімге
жоспарлай білу.
Уақытты бақылау, есепке алу және осының барлығын тұтас
бағалауды жүзеге асыру .
Бос уақыт резервтерін іздеуді тұтас іс- әрекетті оқып- үйренуден
бастау қажет.
Педагогикалық еңбекте уақыт резервтерін обьектісін мұғалім,
оқушылардың, еңбек құралдары мен шарттарының мақсатты іс-
әрекеті емес, оған ата- аналар мен шефтардың үлесі керек.
ЕҒҰ тұрғысынан уақыт резервтерін еңбек процесінен сабаққа
дайындықтан бастап, өз білімін жетілдіру жүйесімен аяқтау керек.
Мұғалімнің
сабақтарға дайындық барысындағы уақыт
резервтері. Оқу сабақтарына дайындық жүйесі.
1.
Ақпартты жеткізуші карточка болып табылады, онда
қажетті ақпараттың аз бөлігі енгізіледі .
2.
Өзінің білімін жетілдіру процесінде сабаққа дайындық.
Оқушылардың дәптерлерін тексеруде уақытты үнемдеу:
Дайындық жұмысы : жұмыс орнын даярлау, сыныпта
оқушыларды дұрыс орналастыру, бір- бірімен әрекет ететін
жұптарды ұйымдастыру. Оның негізі- оқушыларды өзін- өзі
тексеруге, бірін- бірі тексеруге, өзін-өзі бағалауға даярлау.
Ұсыныстар:
1. Оқушылардың дәптерлерінде жазудың жағдайын тексеру.
2. Оқушыларды өзін- өзі тексеруге, бірін-бірі тексеруге, өзін - өзі
бағалауға және бірін-бірі бақылауға іскерліктері мен дағдыларына
үйрету.
3. Оқушыларға бағалау нормаларын хабарлау, баға бөлшек
бойынша қойылады. Алымында өзін-өзі бағалау, бөлімінде бірін-бірі
бағалау.
4. Егер бағалау барысында пікір талас туатын болса, онда
қорытындыны мұғалім шығарады. Бұл бағалар сынып журналына
қойылмайды.
5. Мұғалімнің көп уақытын алмай, бақылау көлемін ұзарту үшін,
жеке сабақтарда білімді жүйеге келтіретін схемалар құрылады. Схема
ақпараттың көп мөлшерін қамтымау керек және тексеруді жеңілдетіп,
ең негізгіні жақсы игеруге септігін тигізуі керек.
Осы ұсыныстарды қолдана отырып, оқушы дәптерін тексеруге
кететін уақытты 2 есе азайтуға болады.
32
Оқу процесіндегі уақыт резервтері . Уақыт резервтерін іздеудің
пәні мыналар болуы мүмкін:
- үй тапсырмасын тексеру,
- оқушылардың білімі мен іскерлігін тексеру және бағалау,
- жаңа материалды игеру процесі,
- бекіту,
- үй тапсырмасы.
Педагогтың жұмыстан тыс уақыт резервтері.
Іздеу көздері .
- үй шаруашылығын, тұрмысты ұйымдастыру,
- өз балаларын тәрбиелеу,
- ұйқы, тамақ,
- бос уақытты ұйымдастыру.
Уақытты үнемдеу ережелері:
1. Іс-әрекет мақсатын нақты тұжырымдау. Істің мақсаты мен
пайдасы дәл ұғынықты болғанда ғана іске кірісу керек.
2. Өте тиімді әдістерді таңдау.
3. Еңбек құралдарын тиімді пайдалану.
4. Ертеңгі жұмысты жоспарлау.
5. Жұмысты уақыт бойынша нормаға келтіру, регламент сақтау.
6. Еңбек процесі мен нәтижелерін есепке алу және бақылау.
7. Іс- әрекет пен мінез- құлықты жандандыру.
8. Іс-әрекет пен мінез-құлықты болжау.
9. Өз еңбегіңді ынталындыру.
10. Жұмысқа комплексті тұрғыдан қарау.
11. Ғылым жетістіктерін оқып- үйрену, практикаға ендіру.
12. Ұжым болып әрекет ету.
Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12
Қосымша әдебиеттер: 1,2, 3
№4 дәрістің тақырыбы: Педагогикалық еңбекті басқарудың
негізгі қызметі
Жоспар
1. Мектеп басшысының басқару мәдениеті
2. Білім беру мекемесі басшылыарының функциялық міндеттері
3. Мектепішілік басқарудағы педагогикалық талдау
Достарыңызбен бөлісу: |