«Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру»



жүктеу 0,83 Mb.
Pdf просмотр
бет11/27
Дата17.11.2017
өлшемі0,83 Mb.
#837
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27

 

33 


 

 

1.  Мектеп басшысының басқару мәдениеті 

Басқару  мәдениетінің  негізгі  компоненттері.  Білім  саласында 

еңбек  ететін  адамдардың  басқару  мәдениеті,  олардың  кәсіптік-

педагогикалық  мәдениетінің  құрамды  белігі  болып  табылады. 

Дәстүрлі  ұғымда  кәсіптік-педагогикалық  мәдениет  негізінен 

педагогикалық  қызметтің  нормалары,  ережелері,  педагогикалық 

техника  және  шеберлікпен  байланыстырылады.  Ал,  соңғы 

жылдардағы  психологиялық-педагогикалық  зертгеулер  педагогикалық 

мәдениет 

категорияларына 

педагогикалық 

құндылықтар, 

педагогикалық  технология  және  педагогикалық  шығармашылықты  да 

қосатын болды. 

Мектеп  басшысының  басқару  мәдениеті,  оның  тұлға  ретінде 

мектеп  басқарудың  технологиясы  мен  құндылықтарын  жасау,  игеру 

және оны алға жылжытуға бағытталған  жұмыстардың  шығармашылық 

күш-қуатын  танытуы.  Бұндай  жағдайда  басқару  мәдениетінің 

компоненттсрі  —  аксиологиялық,  технологиялық  жөне  түлғалық-

шығармашылық болып табылады. 

Мектеп 

басшысы 

басқару 

мәдениетінің 

аксиологиялық 

компоненттері  қазіргі  заманғы  мектепті  басқарудың  маңызы  мен 

мәні  болып  табылатын  басқару-педагогикалық  құндылықтардың 

жиынтығын  құрайды.  Мектеп  басшысы  басқару  қызметінің 

процесінде  басқарудың  жаңа  теориясы  мон  концепциясын  игеріп, 

ептілік  пен  дағдыларды  меңгереді.  Ал  практикалық  қызмет 

барысында  олардың  қаншалықты  маңыздылығына  баға  беріледі. 

Қазіргі  кезде  басқару  тиімділігін  артыруда  білім,  идея,  концепция 

сияқты  басқаруға  қатысты  педагогикалық  құндылықтар  үлкен 

маңызға ие болуда. 

Педагогикалық  жүйені  басқарудың  құндылықтары  сан  алуан. 

Олар:  әртүрлі    деңгейдегі  тұтас  педагогикалық  процесті  басқарудың 

мәні  мен  маңызын  ашатын  құндылық-мақсаттар;  білім  жүйесін 

басқару мақсаты, мектепті басқару мақсаты, педагогикалық ұжымды, 

оқушылар  ұжымын  басқару  мақсаты,  тұлғаның  өзін-өзі  тәрбиелеу, 

өзін-өзі  дамытуын  басқару  мақсаты  және  бағалау  құндылық-

мағлұматтарға  басқару  қызметіне  реттеушілік  сипат  береді; 

құндылық-білімдер басқару саласыңдағы мектептің білімінің мәні мен 

маңызын  ашады;  басқарудың  әдістемелік  негізін,  мектепішілік 

менеджментті  білу,  ауыл  және  қала  мектептері  мұғалімдерімен 



 

34 


 

 

жұмыстың ерекшеліктерін білу, педагогикалық процестерді басқару , 



тиімділігін критерийлерін және т.б. 

 

Құндылық-қатынастар  педагогикалық  процеске  қатысушылар 



арасында  өзара  байланыстың,  кәсіптік  қызметке,  өзіне  деген 

қатынастың, 

педагогикалық 

және 


оқушылар 

ұжымындағы 

тұлғааралық қатынастардың мәнін ашады

Құндылық-сапалар  басқарудың  субъективтігі  ретінде  басқарушы-

менеджердің  дербестік,  тұлғалық,  арасушылық  қасиеттерінін 

көптүрлігінің  мәнін  ашады.  Ол  сапалар  бастықтың  өз  қызметін 

болжамдап, оның салдарын алдын-ала көре білу қабілеті, өз еркі мен 

мақсатын  өзгелердің  әрекетімен,  мақсатымен  салыстыра  білу 

қабілеті,  ынтымақ-тасу  және  бірлесе  басқару  қабілетінен  және  т.б. 

көрінеді. 

Мектеп  директорының  басқару  мәдениетінің  технологиялық 

компоненті педагогикалық процесті басқарудың әдістері мен тәсілдерін 

біріктіреді. 

Мектепішілік 

басқару 

технологиясы 

арнайы 

педагогикалық  міндеттерді  шешу  басшы-менеджердің  педагогикалық 



талдау  және  жоспарластыру,  педагогикалық  процесті  бақылау  жәнс 

реттеуді 

атқара 

алатын 


іскерлігіне 

байланысты. 

Мектеп 

директорының  басқару  мәдениетінің  деңгейі  аталған  міндеттерді 



шешудің  әдіс,  тәсілдерін  қаншалықты  меңгере  алуына  тікелей 

байланысты. 

Мектеп  директорының  басқару  мәдениетінің  тұлғалық-

шығармашылық  компоненті  педагогикалық  жүйені  басқаруды 

шығармашылық  акт  ретіндс  қарастыру  арқылы  ашылады.  Мектеп 

басшысының  басқару  қызметі  өзінің  табиғатында  шығармашылық 

болып  табылады.  Басқарудың  кұндылықтары  мен  технологиясын 

меңгере  отырып  басшы-менеджер  тұлғалық  ерекшеліктері  мен 

басқару объектісінің ерекшеліктеріне сай, ол құндылықтарды өзінше 

қайта 


құрып, 

талдап 


түсіндіруге 

ұмтылады. 

Осылайша, 

педагогикалық жүйені басқару тұлғалық  қабілеттерді іске асыратын 

және  жұмсайтын  сала  болып  табылады.  Басқару  қызметінде  мектеп 

директоры  тұлға,  басшы,  ұйымдастырушы  және  тәрбиеші  ретінде 

өзін-өзі танытады. 

2. Білім беру мекемесі басшыларының қызметтік міндеттері 

Оқу  орнын  басқаруды  директор  жене  оның  орынбасарлары 

іске  асырады,  ал  олардың  функциялық  міндеттерін,  тағайындау 

немесе  сайлау  тәртібін  жалпы  білім  беретін  мектеп  жарғысы 




 

35 


 

 

анықтайды. 



Оқу-төрбие 

процесін 

басқаруды 

ең 


алдымен 

педагогикалық стажы үш жылдан кем емес, өзін мұғалімдік қызметте 

көрсете алған және қажетті ұйымдастырушылық қабілеті бар мектеп 

директоры атқарады. 

Мектеп  директорының  функциялық  міндеттері  "Жалпы білім 

беретін мемлекеттік оқу орындары туралы  уақытша ережесінен" және 

соның негізінде жасалатын әрбір жалпы білім беретін оқу орнының өз 

жарғысымен айқыңдалады. 

Жалпы  білім  беретін  оқу  орнының  директоры  мынадай 

функциялық міндеттерді атқарады: 

-Мемлекет  және  қоғам  алдында  балалар  құқын  қорғау 

талаптарының 

орындалуына 

жауапты, 

оқу-тәрбие 

процесін 

жоспарластырады  және  ұйымдастырады,  оны  орындалу  барысын 

жөне нәтижесін қадағалайды, оқу орнының тиімді және сапалы жұмыс 

істеуіне жауап береді; 

-мемлекеттік  және  қоғамдық  ұйымдар  алдында  мектептің 

мүддесін танытады

-мектептен тыс жене сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға 

қажетті жағдай туғызады

-мектеп  директорының  орынбасарын  таңдайды,  олардың 

функциялық міндеттерін белгілейді; 

-педұжымның, ата-аналардың және оқушылардың пікірін ескере 

отырып  оқу  орнының  педагог  кадрларын  орналастырады,  соның 

жетекшілерін тағайындайды; 

-оқу  орнының  педагог,  әкімшілік,  оқу-тәрбие  және  қызмет 

көрсетуші кадрларын жұмысқа қабылдайды және босатады

-белгіленген  тәртіп  бойынша  оқу  орнына  бөлінген  бюджет 

қаржысының ұтымды жұмсалуын ұйымдастырады

-оқу  орны  Кеңесінің  келісімімен  шығармашылықпен  жұмыс 

істейтін мұғалімдердің жалақысыңа үстеме қосады; 

шығармашылықпен 



жүмыс 

істейтін 

мұғалімдердің  

педагогикалық  эксперимент  жасауына,  оқу  мен  тәрбиенің  өзінің 

әдістерін  практикада  қолдануына  қолайлы  жағдай  жасайды;  өзінің 

қызметі  бойынша  білім  басқармасы  органының  алдында  жауап 

береді. 

Мектеп  директорының  бүл  функциялық  міндеттері  мектептің 

типіне,  орналасқан жеріне,  мұғалімдер  мен   оқушылар құрамының  

ерекшеліктсріне,  ата-аналар  мен  қоғамдық  өкілдердің  арасында 




жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау