36
қалыптасқан жұмыс жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты, мектеп
жарғысына одан әрі толықтыру енгізуі мүмкін. Оқушылардың өзін-
өзі басқаруы, кәсіптік бағдар, ата-аналармен жұмыс сияқты
мәселелер мектеп директорының басты назарында болуы тиіс
Мектептегі
жекелеген
жұмыс
бағыттары
директордың
орынбасарына жүктеледі. Олар оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасар,
сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырушы,
ғылыми-зерттеу жұмыстар жөніндегі орынбасар, мамандыққа
бейімделген сыныптар немесе жекелеген пәнді терендетіп оқитын
сыныптар жөніндегі орынбасар жәнс мектеп дирскторының
шаруашылық бөлімі бойынша орынбасары немесе көмекшісі.
Мектеп директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі
орынбасары педагогикалық процесті ұйымдастыруға, білім беру
бағдарламалары мен мемлекеттік білім стандарттарының орындалуына
жауапты; оқушылардың білім сапасы мен тәртібі бақылауды іске
асырады; оқушылар мен мұғалімдер жұмысын реттеп, сабақ кестесін
түзеді; мектептің әдістемелік жұмыстарына басшылық жасап,
педагогакалық мәдениетін көтеруді ынталандырады. Кейбір мектептерде
мектеп
директорының
оқу-төрбие
ісі
жөнін
дегі орынбасарлары бірнешеу болса мектеп жарғысы бойынша
олардың әрқайсысының функциялық міндеттері дербес белгіленеді.
Сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын
ұйымдастырушының (мектеп директорының орыбасары құқында)
міндеттерінің аясына балалар шығармашылығының сарайлары, жас
натуралистер, жас техниктер станциялары, балалар бірлестіктері мен
клубтары сияқты қосымша білім беретін мекемелермен байланыс
орнату; сынып жетекшісінің жұмыс мазмұнын жақсарту, оларға
әдістемелік көмек көрсету, оқушылардың түрғылықты мекені
бойынша жұмыс жүргізу БҰҰ Конвенциясының талаптарына сай
балалардың қоғамдық ұйымдарына қолдау көрсету сияқты кезекті
мәселелер жатады.
Соңғы жылдары жаңа типті мектептер - гимназия, лицей және
т.б. мектеп кеңесінің шешімімен жаңа перспективалық бағыттар
жөнінде мектеп директорының орынбасары қызметі еңгізілуде.
Мысалы, сондай жаңа қызметтің бірі — мектеп директорының
ғылыми істер жөніндегі орынбасары жоғары оқу орындарының
ғалымдары, оқытушыларымен, ғылыми орталықтармен байланыс
37
орнатып, оларды мектептегі педагогикалық жұмысқа тартады,
мұғалімдердің тәжирибе - эксперименттік жұмыстарына көмектеседі.
Мектеп директорыныц коммерция жөніндегі орынбасары:
орынбасар - үйлестіруші: демеушілермен, бюджетген тыс
қаржыландыруға
басшылық
жасайды.
Кейбір
ірі
немесе
мамандандырылған мектептерде мектеп директорының әлеуметтік-
педагогикалық сауықтыру істері жөніндегі орынбасары қызметі
енгізіліп, ол сыныптарда теңестіру, педагогикалық түзету және
бейімдеу жұмыстарын қадағалайды.
Директорды басқару қызметінің тиімділігі мектеп әкімшілігінің
аппаратында міндеттер мен құқықтарды айқын белгілеуге тікелей
байланысты. Қажегтілікке байланысты мектеп директоры шұғыл
немесе нұсқаулық кеңес, педагогакалық кеңес межілістерін өткізу
барысында бүкіл педагогикалық процесті үйлестіріп отырады.
3. Мектепішілік басқарудағы педагогикалық талдау
Тұтас педагогикалык процесті басқару функцияларының бірі
педагогикалық талдау болып табылады. Педагогикалық талдау
функциясын қазіргі ұғымда алғаш рет қолданып, мектепішілік
басқару теориясына енгізген Ю.А.Конаржевский еді.
Педагогикалық талдау басқару циклы құрылымында ерекше
орын алады: бір-бірімен байланысқан функциялардан тұратын кез-
келген басқару циклы талдаудан басталып, талдаумсн аяқталады.
Басқару қызметінің жалпы тізбегінен педагогикалык, талдауды алып
тастау оның күйреуіне жол береді, өйткені жоспарластыру,
ұйымдастыру, бақылау, реттеу функцияларына өз кезегінде талдау
жасалмаса ол логакадық қорытындыға жете алмайды.
Педагогикалык, талдау педагогикалык басқару процесінде
тікелей емес, оқу-тәрбие барысында іске асырылатын болғанықтан
мұғалім сабақ, тәрбиелік туралы өткізер алдында соған тікелсй
қатысты болатьш педагогикалық жағдайдьщ негізгі элементтерін
ескеруі және жан-жақты талдауы тиіс. Уақытынан кеш немесе шала-
шарпы жүргізілген талдау мектеп директорының мақсатын белгілеп,
міндеттерді айқындау кезеңде қателікке, шашыраңқылыққа, көбіне
негізсіз шешім қабылдауға душар етеді. Педагогикалық немесе
оқушылар ұжымында шынайы жағдайды білмеу педагогикалық
процесте
және
өзара
қарым-қатынастарда
дұрыс
жүйе
қалыптастыруда қиындыктар туғызады.
38
Педагогикалык талдаудың мектепті басқару функциясы ретіндегі
негізгі қызметі Ю.А.Конаржевскийдің пікірінше педагогикалық
процестің даму тенденциялары мен жағдайын зерттеу, оның
нәтижелерін объективті бағалап, соның негізінде басқарылатын
жүйелі жақсарту туралы ұсыныстар дайындау болмақ. Бүл функция -
басқару циклының құрылымыңдағы ең күрделісі, өйткені, талдау
зерттеу объектісін бөлшектеуді, оның әрқайсысының орны мен рөлін
бағалауды, жеке бөліктен тұтас объектіні тани алуды, жүйе құрушы
факторлердің байланысын анықтауды қамтыды. Басқа функциялар
мен, мысалы жоспарластыру және ұйымдастыруға қарағанда сырттай
тиімділігі төмен болып көрінетін педагогикалық талдау жасырын,
келеңкелі сипат алады, сондықтан ол тұлғадан жинақтау, салыстыру,
жүйелеу арқылы педагогикалық факторлер мен қүбылыстарды талдау
үшін ақыл-ойды барынша ширатуды талап етеді.
Педагогикалық талдаудың турлері мен мазмұны
Мектепішілік басқарудың теориясы мен практикасында
(Ю.А.Конаржевский,
Т.И.Шамова
және
т.б.)
педагогикалық
талдаудың иегізгі түрлері анықталған. Талдаудың субъектісіне (не
талданады) қарай оның көптеген түрлері кездеседі. Солардың
арасынан параметрлік, тақырыптық және қорытынды талдау деп
аталатын үш түрді бөліп атауға болады.
Параметрлік талдау оқу процесінің барысы мен нәтижесі туралы
күнделікті мәлімет жинап, ондағы кемшіліктердің себебін анықтауға
бағыттадды. Параметрлік талдау барысында тұтас педагогикалық
процестің барысына өзгерістер мен түзетулер еңгізіледі. Параметрлік
талдаудың мазмұны ағымдағы сабақ үлгерімі, сыныптағы, мектептегі
бір күндік, бір апталық тәртіп, сабаққа, сыныптан тыс шараларға
қатысу, мектептің санитарлық жағдайы, сабақ ксстесінің сақталуы
және т.б. сияқты мәселелерді қамтиды. Соның ішіндегі мектеп
директоры мен оның орынбасарларының негізгі жұмысы сабаққа
және сыныптан тыс шараларға қатысуы. Параметрлік талдау
нәтижелерін тіркеп, жүйелеп қорыту тақырыптың педагогикалық
талдауға негіз қалайды. Осы тұрғыдан алғанда параметрлік таддау -
фактілерді атап қөрсету емес, оларды салыстыру, жинақтау, оның
қалыптасу себебін анықтап, соңғы салдарын болжау. Осылай талдау
нәтижелері және соның негізіңде қабылданған шешім шұғыл түрде
іске асыруды қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |