«Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру»



жүктеу 0,83 Mb.
Pdf просмотр
бет9/27
Дата17.11.2017
өлшемі0,83 Mb.
#837
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27

 

27 


 

 

4.  Сыныптан тыс және мектептен тыс іс-әрекетті ұйымдастыру. 



5.  Оқушылардың өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру. 

 Үйдегі еңбек пен тұрмысты ұйымдастыруда: 

1.  Күн тәртібі, жұмыс жүйесі. 

2.  Жұмыс орны, еңбек шарттары. 

3.  Тұрмысты ұйымдастыру.  

4.  Демалысты ұйымдастыру. 

Ата-аналарға, бұқараға көмек кезінде . 

1.  “Қиын “, үлгермейтіндерге көмек.  

2.  Үйірмелер мен көркемөнерпаздарға басшылық жасау. 

3.  Жергілікті жердің балаларымен жұмыс. 

4.  Спорттық- сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру. 

Педагогикалық  ұжымда  еңбекті  ғылыми  ұйымдастырудың 

негізгі бағыттары: 

1.  Мұғалімнің шығармашылық ізденістерін ұйымдастыру. 

2.  Еңбекті бөлу және кооперациялау. 

3.  Жұмыс орнын ұйымдастыруды жетілдіру. 

4.  Еңбек пен демалыс шарттарын жетілдіру . 

5.  Еңбек формалары мен әдістерін рационализациялау. 

6.  Жоспарды,  нормаға  келтіруді,  есепке  алу  мен  бақылауды 

жетілдіру. 

7.  Еңбек стимулын жүйесін жетілдіру. 

8.  Мұғалімнің біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру. 

Мұғалімнің  сабаққа  дайындық  деңгейлері  бойынша  шартты 

түрде 3 топқа бөлуге болады: 

1  топ:  Мұғалімдердің  белгілі  бір  жұмыс  жүйесі  бар.  Сабаққа 

дайындықты  олар  кең  түрде  жүргізеді,  яғни  өз  пәні  бойынша  басты 

құндылықтарды  оқып-  үйреніп  қана  қоймайды,  сондай-  ақ 

педагогикалық,  психологиялық,  әдістеме  ПЕҒҰ  жаңалықтың  бәрін 

қолданылады.  

2  топтағы  :  Мұғалімдер  оқу  сабағына  немесе  тәрбие  шараларға 

өз  

дайындығын жетілдіруге ұмтылады, бірақ белгілі бір жүйе жоқ.  



3  топ  :Мұғалімдер  сабаққа  дайындыққа  соншалықты  мән 

бермейді. Сабағын қалыптасқан шаблон бойынша өткізеді. 

    ПЕҒҰ  принциптеріне  сәйкес  оқу  сабақтарына  дайындалу 

дегеніміз  не  ?  Бұл  жерде  ең  бастысы,  ПЕҒү  принциптерін  жүзеге 

асыру,  нақты  күн  тәртібін  қалыптастыру,  еңбек  пен  демалыс 



 

28 


 

 

режимінде  оқу  сабақтарына  дайындалу  үшін  “шығармашылық 



сағаттар”бөлу керек. 

 3.    Оқу  процесін  ұйымдастыруды  жетілдіру.  Оқу  материалын 

ұйымдастыру  –  бұл  дидактикалық  және  әдістемелік  міндеттер.  Оны 

ұйымдастыру аспектісі – әр тақырып бойынша : 

а) ұғымдар, заңдылықтар мен заңдар жүйесі. 

ә) ұғымдар мен категориялар жүйесін түсінуге қажетті фактілер, 

дәлелдемелердің жүйесі.  

б)  ғылым  мен  практиканың  байланысын  тұрақтандыру  үшін 

қажетті  іскерліктер  мен  дағдыларды  қалыптастыратын  практикалық 

әрекеттер жүйесі. 

 Төменде  берілген  сұраөтарға  жауап,  ПЕҒҰ  принциптер  жүйесі 

мен  педагогикалық  іс-әрекет  құрылымын(ғылыми  негіздегі)  жүзеге 

асыруға мүмкіндік береді. 

1.  Қандай  тақырып  берілген  сабақтың  пәні  болып  табылады 

және берілген сабақтың мақсаты қандай?   

2.  Міндетті түрде меңгеруге қажетті білімдер құрылымы қандай, 

танымдық-тәрбиелік міндеттер қандай? 

3.  Қойылған  міндеттерді  шешу  үшін сабақтың  қандай  формала-

ры мен әдістері таңдап алыну керек? 

 Мектепте  мұғалімнің  жұмыс  орны  мектеп  құрылысымен  қатар 

проектілінеді.  Жұмыс  орнын  физиологиялық  тұрғыдан  дұрыс 

ұйымдастыру  дегеніміз  –  бұл  еңбек  процесінде  өзінің  физикалық 

мүмкіндіктерін  шамадан  тыс  көп  күш  жұмсамай  пайдалану. 

Психологиялық  тұрғыдан  ғылыми  ұйымдастырылған  жұмыс  орны  – 

бұл еңбек процесінде қанағаттанушылық сезімін тудырады, көңіл күй 

мен жұмысқа деген қабілеттілікті көтереді. Педагогикалық тұрғыдан 

жақсы  ұйымдастырылған  жұмыс  орны-дамыту  мен  тәрбиелеудің 

факторы 


болып 

табылады. 

Экономикалық 

тұрғыдан 

ұйымдастырылған  жұмыс  орны-  жұымс  уақытын  тиімді  қолдануды 

қамтамасыз етеді 

 

Мұғалімнің  жұмыс  орны,  оның  еңбек  процесі  өтетін  негізгі 



бөлігі  «жұмыс  орны»  ұғымына  тек  белгілі  бір  жер  ғана  еніп 

қоймайды,  сондай-ақ,  оны  жоспарлау,  құрал-жабдықпен  қамтамасыз 

ету, жарық, безендіру т.б. 

 

Қолайлылығы,  тартымдылығы  және  экономикалық  талапқа 



сай  болу-  жұмыс  орнына  қойылатын  негізгі  өлшемдер  ЕҒҰ 

тұрғысынан  алғанда  жұмыс  орны-  педагогтың  еңбек  әрекеттерінің 




 

29 


 

 

зонасы ғана емес, еңбектің тиімділігін көтеру факторы, оны нәтижелі 



дамыту шарттары. 

 

Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12 



 Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4 

 

№3 дәрістің тақырыбы: Уақытты  үнемдеу мәселесі 



Жоспары: 

1.  Уақытты үнемдеудің мәні 

2.  Мұғалімнің бос уақыты мәселесі 

 

1.  Уақытты үнемдеудің мәні. 

 

Уақытты  үнемдеү  мәселесі  қашаннан  бері  өзекті  болып 



табылады. Әсіресе, ғылыми- техникалық прогрестің өсу жағдайында 

уақытты  үнемдеудің  маңызы  ұдайы  өсіп  отыр.  Бұл  проблеманың 

мұғалімнің еңбегінде де маңызы ерекше.  

Уақыт-  обьективті  шындық  ретінде  сандық  табиғаты  бар  және 

нақты  өлшенеді.  Біз  сабаққа  қатыса  отырып,  қанша  уақыт 

кеткендігіне  мән  бермейміз.  Көбіне  көп  оның  мазмұны  мен 

ұйымдастырылуы, яғни сабақтың сапасына көңіл бөлеміз.  

Белгілі бір уақыт мөлшерінде нақты не істелгенін оқып- үйрене 

отырып, біз оның тиімді қолдануын сөз етеміз. Сондай – ақ уақытты 

есепке алу біз үшін қиындық келтірмейді. Ал іс- әрекеттің кезеңдері, 

түрлері  бойынша  уақытты  бөлу,  уақытты  үнемді  пайдалану 

міндеттерін  шешуде  тығырыққа  тірелеміз.  Сонымен,  уақыт  пен  іс- 

әрекет  арасында белгілі бір  тәуелділік  бар.  Егер іс-әрекет  мазмұнды 

және  жақсырақ  ұйымдастырылған  болса,  соғұрлым  уақытты  тиімді 

пайдалану жоғарырақ болады.  

Уақытты үнемдеу заңы – бұл жалпыға бірдей экономикалық заң, 

қоғамдық  өндірістің  экономикалық  тиімділігінің  көзі  мен  тәсілін 

бейнелейді. Уақытты үнемдеу заңын кезінде К. Маркс тұжырымдаған 

болатын.  

Уақытты  үнемдеу  заңы  мазмұнына:  жұмыс  уақытын  үнемдеу, 

өткен кезеңдердегі  жұмыс уақытының нәтижелерін үнемдеу.  

Уақытты  үнемдеу  заңы  негізінде  кейіннен  мынадай  қағидалар 

тұжырымдалған болатын : « Аз уақыт жұмсап, көп нәтиже алу».  



жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау