17
- ол бөліктер қандай жүйелілікте, тәртіпте орналасқан;
- олар бір-бірімен қалай байланысады.
ПЕҒҰ жүйелері-бұл құрылым элементтерінің байланыстары мен
қатынастарының бейнесі, олардың белгілі бір ұйымдасқандығы, бір-
біріне әрекеті.
Іс-әрекет жүйелері үшін мыналар қажет:
1-кезең.
Іс-әрекет жүйелері үшін қажетті элементтер
жиынтығын табу керек. Яғни белгілі бір мақсатқа жету үшін ең
керектісін таңдап алу керек. Артық, керек еместері алынып
тасталады.
Модель: педагог, оқушылар, іс-әрекет/мақсат, міндеттер,
мазмұн, ұйымдастыру мен басқару, материалдық-техникалық құрал-
жабдықтар, еңбек шарттары.
/ұйымдастыру, басқару, материалдық-техниканы қамтамасыз
ету, еңбек шарттары, құралдар және әдістер/
2-кезең. Жүйенің әр элементтерінің функциональды қасиеттер
ашу./әр элементтің өзіндік функциясы бар/.
3-кезең. Элементтердің бір-бірімен байланысы мен бір-біріне
әсер ету формалары мен әдістерін таңдап алу.
4-кезең. Қорытынды кезең, еңбектің нақты бір формасы арқылы
жүйенің элементін басқалармен жеткілікті деңгейде әрекет етуін
дамыту.
Сонымен, ПЕҒҰ – бұл эталон, үлгі, осының негізінде
педагогикалық еңбекті оптималандыру және рационализациялау
жүзеге асырылады.:
Педагогика ғылым мен тәжірибеде тұтас педагогикалық
процесті басқару ғылыми түрғыдан қарастырып, оған қатаң ғылыми
негізделген сипат беруге деген ұмтылыс күшейе түсуде.
Шындығында басқару тек техникалық және өндірістік процестерге
ғана емес, сонымен бірге педагогика сияқты күрделі әлеуметтік жүйе
үшін де қажет.
Жалпы басқару дегенді - шешім қабылдауға бағытталған,
белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру,
қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап,
нәтижесінің қорытындысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады.
Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер
болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйенің бірі ауыл, аудан, облыс, мемлекет
көлемін қамтитын білім беру жүйесі деп білеміз. Бұл жерде білім
18
жүйесі ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі, облыстық білім
департаменттері, аудандық білім бөлімдерін атаймыз. Ал орта
мектеп күрделі қозғалыстағы әлеуметтік жүйе ретіндегі мектепішілік
баскарудың нысаны болады. Біз мектепті басқару немесе оның
компоненттері туралы айтқанда олардың жалпы жүйе - орта мектепті
басқарудың бөліктері ретінде қарастырамыз. Ол бөліктерге тұтас
педагогикалық, сынып сабақ жүйесі, мектеп тәрбие жұмысының
жүйесі, оқушыларға эстетикалық тәрбие, кәсіптік бағдар беру жүйесі
және т.б.
Мектепішілік басқару дегеніміз біртұтас педагогикалық процеске
қатыстылардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген
мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі. Біртұтас педагогикалық процеске
қатысушылардың өзара әрекеті мынадай бірізді, өзара байланысты
әрекеттер мен қызметтердің тізбегінен тұрады, олар: педагогикалық
талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу
жәнс түзету.
Мектепішілік басқарудың дәстүрлі ұғымдарын жаңа ұғымдар
алмастыруда. Мысалы, "ықпал ету" ұғымының орнына "өзара
әрекеттесу", "ынтымақтасу", "рефлексивті басқару" ұғымдары
қолданылуда.
Сол сияқты мектепті басқару теориясы мектепішілік менеджмент
теориясымен толығуда. Менеджмент теориясы басшы кызметінің өзара
құрметке, қарамағындағы қызметкерлерге сенім білдіруді, олардың
табысты еңбек етуіне қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленеді.
Менеджменттің осы қыры мектешпілік басқару теориясын одан ары
байыта түседі.
Педагогикалық жүйені басқару тиімділігі едәуір дережеде
қажетті және толық ақпараттың болуына байланысты. Ақпараттың
объективтілігі және толықтығы ақпараты талдау және өңдеудегі
асығыстыққа,
дерексіздікке
қарсы
қойылады.
Әлеуметтік
педагогикалық әдебиетте ақпарат педагог пен тәрбиеленушінің
арасындағы байланыс құралы ретінде, кейде жүйе мен қоршаған орта
туралы мағлұматтар жиынтығы ретінде қарастырылады.
Басқаруда ақпаратгы пайдаланудың қиындығы оның тым
көптігінен немесс тым аздығынан туындайды. Мектепішілік
басқаруда ақпаратты біржақты қарастыруға болмайды. Ақпараттың
аздығы да, көптігі де шешім қабылдауға, оны іскс асыруды реттеуге
кедергі жасайды. Әдетте педагогикалық жүйедегі ақпараттың
19
жетістіктері тәрбиелік қызмет саласынан байқалады. Ал оқу тәрбие
процесінде тұлға дамудың бағыттары, оның оқу және оқудан тыс
әрекеті, мінезі мен даму ерекшеліктері туралы да ақпараттар жетіспей
жатады.
Мектепішілік ақпаратпен айналысқан адам оны жинау, өндеу
сақтау және қодданудың әдістерін жете білуі тиіс. Мектеп басшысы,
менеджер өз қызметінс бақылау, анкета жүргізу, тестілеу, нұсқаулық
жене әдістсмелік материалдармен жүмыс жасау жиі қолданылады.
Техникалық құралдарды және компьютерлендірудің нәтижесінде
материал жинау, оны өндеудің мерзімі едәуір қысқарды. Қазіргі
мектеп басшысының міндеті — мектепішілік акпараттық басқару
технологиясын жасап, енгізу. Ол технологиияны басшымен бірге
мүғалімдер де пайдалана алуы тиіс.
Педагогикалық жүйені басқаруда кез келген ақпарат маңызды,
әсіресе жүйенің оңтайлы жұмыс жүргізу үшін қажетті басқару
ақпаратының маңызы ерекше. Түрлі белігілеріне қарап басқару
ақпаратын былай топтастыруға болады: уақыты бойынша
- күнделікті, айлық, тоқсандық, жылдық;
- басқару қызметіне қарай — талдамалық, баға беруші,
конструктивті, ұйымдық; жиналған мәлімет көзіне
;
қарай -
мектепішілік,
ведомстволық,
ведомстводан
тыс;
мақсатты
пайдалануы бойынша - директивалық, таныстырушылық,
кепілдемелік жене т.б.
Ақпараттық банк қалыптастыру, оны шұғыл қолдану
технологиясын енгізудс, еңбекті басқару ғылыми ұйымдастырудың
деңгейін арттырады.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2,3, 4, 7, 8,12
Қосымша әдебиеттер: 1 ,2,4
№2 дәрістің тақырыбы: Мұғалімнің дербес тұлғалық еңбегінің
техникасы
Жоспар
1. Мұғалімнің дербес тұлғалық еңбегі техникасының маңызы.
2. Уақытты ұйымдастыру техникасы.
3. Кітаппен жұмыс істеу техникасы.
4. Ақпаратты өңдеу техникасы.
5. Ақпаратты таңдау және сақтау техникасы
Достарыңызбен бөлісу: |