563
жарманы, тҽтті қосылған сусындарды, қоюланған шырындарды шектейді. Семіздіктің
ауыр дҽрежелерінде
барлық жармалар, нан тағамдары, картоп емдҽмнен алынып
тасталады. Балалардың емдҽміне кҿк-ҿністер жҽне жеміс-жидектер кіргізіледі. Майлар
бала рационы калориясының тек 30-35% қамтамасыз етуі керек. Мҥлдем малдың майын
жҽне гидрогенизацияланған майларды (сиыр, шошқа,
қойдың майларын, маргаринды)
алып тастау керек. Кҥн сайын балалардың ас мҽзіріне ҿсімдік (жҥгері, кҥнбағыс)
майларын қосқан жҿн.
Емнің маңыздысы болып, баланың қозғалыс тҽртібін ҧйымдастыру саналады.
Бҧлшықетті шынықтыру оның атрофиясын азайтады, май қорларындағы майдың тарап
кетуіне жҽне дене салмағының тҿмендеуіне себепкер болады. Суда жҥзу жҽне
велоспортпен ҽдетте науқас балалар жақсы қиындықсыз шҧғылданады жҽне бҧл
жаттығулар организмнің қызып кетуіне жол бермейді. Семіздіктің ауыр тҥрлерінде
алғашқысында емдҽм, ал кейін дене массасы азайып, тҧрақтанғанда
физикалық
жаттығулар тағайындалады. Толық балаларға спорттық жарыстарға қатынасуға болмайды,
олардың жҧмыс жасау қабілетінің тҿмендігін, жҥрек-қантамыры жҥйесінің шектеулі
мҥмкіншіліктерін ескеру қажет. Мектепте олар дене шынықтырумен арнайы бағдарлама
бойынша шҧғылдануы керек.
Дҽрімен емдеу тек семіздіктің ауыр тҥрінде қолданылады. Аноретиктерді қолдану,
олардың жағымсыз ҽсерлерінің айқындығына байланысты талас тудыруда. Оларды ҿте
сақтықпен, егер баланың ашқарақтық сезімін тежей алмаған жағдайда,
сондай-ақ диета
емнен жҽне емдік денешынықтырудан нҽтиже болмағанда қолдануға болады.
Анорексигендік ҽсері бар дҽрілердің ішінде, тою орталығына ҽсер ететін жҽне тағамға
деген қажеттілікті азайтушы дҽрілер (
си-буграмин, теронак, фепранон және
басқа.)
ҧсынылады. Болашақта қолдануға тиімді болып, ішекте липидтардың ыдырауын жҽне
сіңірілуін тежейтін дҽрілер саналады. Осы дҽрілердің ҿкілі
ксеникал (орлистат),
липазаны тежеуші, ол майлардың сіңірілуін 30% тежейді.
Ересек адамдар ҥшін, қҧрамында ферменттер (трипсин, липаза) бар «майды
жағушы»
дҽрілер
жасалып
шығарылуда.
Олардың
«жағушы»
ҽсері
тағам
ингридиенттерінің ішекте сіңірілу жылдамдығынан,
олардың ферменттік ыдырау
жылдамдығы жоғары болуына байланысты организмнен шығарылады. Балаларға оларды
қолдануға болмайды, ҿйткені қадағалаушы зерттеулер ҽлі жҥргізілген жоқ.
Майды пайдалану шектелген субкалориялық диетадағы балаларға А, Е, Д витамин-
дерін тағайындаған жҿн. Дислипидемияда жҽне бауырдың липодистрофиясында липо-
тропты дҽрілер тағайындалады: 20% холин хлорид ертіндісі 1 ш.қ. кҥніне 3 рет, липамид
0,025г кҥніне 3 рет 3-4 апта бойы, эссенциале 1 капсуладан кҥніне 3 рет 20-30 кҥн бойы.
Семіздік кезінде жылдың салқындау мезгілінде шипажайлық ем жақсы нҽтиже
береді, ҿйткені жоғарғы кҥн инсоляциясы семіздіктің ҿршуіне жҽне кҥшейуіне ықпалын
тигізеді. Семіздігі бар балаларды емдеуде психотерапия маңызды болып саналады. Ең
бастысы
баланың дене салмағын азайтуды, қоректенуді шектеудің, дҧрыс тҽртіпті қатаң
орындаудың, дене шынықтырумен шҧғылданудың қажетілігіне сендіру.
Балалардағы семіздікті зерттеуші американдық ассоцияциясы семіздікпен ауыратын
балаларда дене массасын 5-10% тҿмендету шынайы жҽне дҧрыс деп санайды. Семіздіктің
осындай деңгейде тҿмендеуі липидтердің кҿрсеткішінің айқын жақсаруына, қандағы
глюкоза жҽне АҚҚ деңгейінің жақсаруына ҽкеледі. Кейбір
сарапшылар емнің бірінші
жылында балалардың дене салмағын 20% шамасында тҿмендету тиімді деп есептейді.
Емнің соңғы мақсаты дене салмағының қалыптадан 10% артық салмаққа жету, бірақ 19%-
дан жоғары болмауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: