Еліміздіњ ертењі б‰гінгі жас ±рпаќтыњ ќолында, ал жас ±рпаќтыњ таѓдыры ±стаздардыњ ќолында Н



жүктеу 54,26 Kb.
Дата17.01.2018
өлшемі54,26 Kb.
#7616

«№118 орта мектебі» КММ




«Білім саласындағы ғаламтор материалдарын қолдану этикасы»

Орындаған: Несіпбаева Ж

Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

Н.Ә.Назарбаев

Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. XXI ғасыр білімділер ғасыры. Информатика келешек ұрпақтың:


- жан-жақты білім алуына;
- іскер әрі талантты;
- еркін дамуына жол ашады.

Уақыт өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта түсуде. Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып келеді. Ақпараттық – коммуникациялық технология электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.

Қазіргі кезде оқу жүйесін басқаруды автоматтандырудың әдістерін көлемді және қарқынды қолдану, жан-жақты оқу, тәжірибелік және теориялық мәселелерін зерттеуді, комплекстік ізденістерді жүргізуді талап етеді. Мысалға алсақ, бірнеше жылдар бұрын ақпаратты игеру үшін оқушылар тек кітап қолданса, қазіргі кезде мектептерде интерактивті тақталар, мульдимедиа кабинеттері орнатылған. Ақпараттық –коммуникациялық технологияның келешек ұрпақты жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін тигізер пайдасы мол. Осыған орай компьютерлік желіні, яғни ғаламторды падалану  қазіргі таңда жиі қолданыста.

Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» делінген, ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Ғаламторды пайдаланып оқытудың негізгі мақсаты: оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен  қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Ғаламторды пайдаланып оқыту– бұл білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалану. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Оқу процесінде ғаламторды тиімді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары оң нәтижесін беріп отыр. Атап айтсақ, білім алушылардың өз бетімен ізденісі, пәндерге деген қызығушылықтары артуда және оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.

Инновациялық білім беру- білім сапасын жақсартудың негізгі тетігі. Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар үстемдік құрған дәуірде таптырмас көмекші міндетін атқара алатын ақпараттың жаңа түрлерін ойлап табу қажеттігі туындап отыр. Ол – ғаламтор.

Ғаламторды пайдаланудың ең тиімді тұсы- бұл оқушының қызығушылығын оята отырып, білім алуға ықыласын арттыру болып табылады. Шын мәнісінде ғаламторды пайдалану – ақпарат құралы. Онда мультимедиялы, яғни бейнеақпараттар біріктірілген. Қазіргі кезде әрбір Қазақстандық ғаламтор желісін тиімді пайдалануда. Ғаламторды пайдаланып, онлайн сабақ өткізу жүзеге асырылуда.

Бүгінгі күні оқытудың ақпараттандыру үрдісіне ерекше көңіл бөлінуде. Оқыту үрдісін ақпараттандыру – қазіргі қоғамды ақпаратандыру үрдісінің бағыты болып табылады. Ал барлық арнайы ақпараттық құралдары (ЭЕМ, аудио, бейнефильм, кино) қолданатын технологияларды тәжірибеде ақпараттық технологиялар деп атаймыз. Алдымен информатика саласының жаңа ақпараттық технологияларға көшпей тұрып, оқу-үрдісінде білім беруде ақпараттандыру мүмкін емес. Білім берудегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз - Оқу мен оқу –тәрбие материалдарын үйретуге арналған информатика негізгі құралдарының оқу үрдісіндегі рөлі мен орны, мұғалімдермен оқушылардың еңбегін жеңілдету, оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі екені белгілі.


Оқытудағы жаңа ақпараттық технология аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімін табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу үрдісін тиімді басқаруға негізделген.
Жаңа ақпараттық технологияның білім саласына енуі педагогтарға оқытудың мазмұны, әдістері мен ұйымдастыру түрлерін сапалы түрде өзгертуге мүмкіндік береді.
Тәуілсіз еліміздің рухани және экономикалық өрлеуі, білім берудің қазіргі жаңа құрылымы мен оқу – әдістемелік мазмұнының өзгеруі мұғалімнің өз кәсіби шеберліктерін шыңдауды, жаңартуды талап етеді. Білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жаңа инновациялық әдістері ретінде қашықтан оқыту жүйесі жетекші рөл атқарады.

Қашықтан оқыту  технологиясы –оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін оқып үйренушілерге жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология. Қашықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын, күндізгі және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі болып табылады

Оқушылар қашықтан оқу арқылы өз білімдерін жетілдіре алады және ақпарат жүйелерін пайдалану мүмкіндігі артады. мысалы, керекті әдебиеттер мен оқу кітаптарын іздеу, бақылау және тестік тапсырмаларды орындау , лабороториялық жұмыстар, дайын баяндамалар, қашықтан олимпиадаға қатысу оқушының шығармашылық потенциялының дамуына әсер етеді

Күнделікті тұрмыста ғаламторды дұрыс мақсатта қолдана білсеңіз, оның пайдасы ұшаң- теңіз. Ал егер ғаламторды дұрыс мақсатта пайдалана білмесеңіз, онда ол айықпас алапат дертке айналатыны даусыз. Қазіргі уақытта өте аз сандағы тектеп- тежеуден тысқары қалған жастар, әсіресе жасөспірімдер компьютермен ғаламтордағы жасанды, ғажайып , қияли әлемге кіріп алып , мәңгүрттенуге қарай бет бұруда. Адамды өзіне тәуелді етіп алып, ештеңе ойлауға зауқын соқтырмай миын айналдырып тастайтын көрінеді. Айналып кеп Агентіне қарап, айналып кеп электронды поштасын ашып, қысқа түнде қырық адаммен таңысып, отырып таңның қалай айтқаның, білмей қап ұйпа- тұйпасы шығып жұмысқа жүгіретіңдер де жетіп артылады екен.



Қысқасы, әлемді уысына алған ғаламтор біз үшін адамзат ақыл парасатының телегей теңізінен емін-еркін сусындайтын бүкілдей жаңа жүйе қалыптастырып берді. Егер сіз ғаламторға шықсаңыз, төрткүл дүние ашсаңыз, әлемнің қай қиырыңда , нендей уақиға болып жатқанынан дер кезінде хабардар болып отырасыз. Дегенменде «таяқтың екі ұшы бар» дегендей интернет пен агенттің де жаман - жақсы тұстары бар. Санасы бар адам баласы саралап тура жолдан таймай өзіне қажеттісін алып, қалғанын сызып тастап отырса , ұрпағымызды мәңгүрттік жазылмас ауруға ұшыратпас деп ойлаймыз.

ХХІ ғасыр - жастардың жаңа ақпараттық технологиялардың ғасыры. Ендеше ғасырдың сыйынан қалыс қалмайық. Еңсесі биік, егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл-қыздары көп болғай.
жүктеу 54,26 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау