|
Радиоактивті ыдырау заңы. Жартылай ыдырау периоды. Ығысу ережесі
|
Дата | 15.11.2023 | өлшемі | 2,72 Mb. | | #44336 |
| Радиоактивтілік Орындағандар: Өтеген Аружан Ұзақбай Ақнұр Сабыржанова Айзада Тохтарханов Нұралы Төкен Шуақ Радиоактивті ыдырау заңы. Жартылай ыдырау периоды. Ығысу ережесі Эрнест Резерфорд және Фредерик Содди - Торий элементін зерттей отырып жаңа радиоактивті элемент радонды байқады
- Торий радон
Антуан Анри Беккерель француз физигі, физикадан Нобель сыйлығының лауреаты және 1896 жылы атом ядросының күрделі құрлысын дәлелдейтін құбылыс – радиоактивтікті ашты.
Антуан Анри Беккерель
Радиоактивтілік Радиоактивтілік - бір химиялық элементтің ядросы өздігінен басқа элементтің ядросына немесе сол элементтің изотоптарына айналатын құбылыс. Процесс бөлшектер мен электромагниттік сәуле шығарумен қатар жүреді. Сонымен бірге атом ядросы құрамының өзгерісі байқалады: оның заряды мен массалық саны. Ажырату: Ажырату: - Табиғи радиоактивтілік — табиғатта болатын элементтер ядроларының өздігінен ыдырауы (А. Беккерель ашқан).
- Жасанды радиоактивтілік — тиісті ядролық реакциялар арқылы жасанды жолмен өндірілетін элементтер ядросының өздігінен ыдырауы (бұрын табылған екі жаңа элемент, радиум және полоний үшін 1934 жылы И. Жолиот-Кюри мен Ф. Жолиот-Кюри ашқан).
Сәуле шығаратын бөлшектер ортаның атомдарымен әрекеттесіп қалады. Бұл электрлік бейтарап атомдар мен молекулалардан иондар мен бос электрондардың түзілуіне, яғни ауаның иондануына әкелуі мүмкін. Мұндай сәуле кейіннен иондау деп аталды. Радиобелсенділік және оны сүйемелдейтін иондаушы сәулелену жер бетінде де, ғарышта да әрдайым бар. Сондықтан кез келген тірі ұлпада радиоактивтілік іздері байқалады. Зарядталған бөлшектерді тіркеу әдістері:
Радиоактивті ыдырау деп – ядроның кездейсоқ түрде болатын табиғи радиоактивті түрлену процесін айтамыз.
Радиоактивті ыдырауға түсетін ядро – аналық, ал түрлену нәтижесінде пайда болған ядро – туынды деп аталады. Әдетте туынды ядро қозған күйде болады және тұрақты күйге өтуі кезінде γ – фотон шығарумен жүзеге асырылады.
Кез келген радиоактивті зат өте көп радиоактивті атомдардан тұрады. Радиоактивті ыдырау кездейсоқ, әрі сыртқы шарттарға тәуелсіз жүретін процесс болғандықтан, радиоактивтік ыдырау статистикалық заңға бағынады деп айтуға болады.
Радиоактивті заттардың түрленулерін зерттей келе, Резерфорд олардың активтігі уақыт өтуіне байланысты кемитінін тәжірибе жүзінде анықтады. - Радиоактивті заттардың түрленулерін зерттей келе, Резерфорд олардың активтігі уақыт өтуіне байланысты кемитінін тәжірибе жүзінде анықтады.
- Мәселен, радонның активтігі 1 мин уақыт өткеннің өзінде екі есе кемиді. Уран, торий жөне радий сияқты элементтердің активтігі де уақыттың өтуіне қарай кемиді, бірақ әлдеқайда баяу кемиді.
- Әрбір радиоактивті зат үшін белгілі бір уақыт интервалы бар. Сол уақыт ішінде оның активтігі екі есе кемиді. Бұл интервал жартылай ыдырау периоды деп аталады.
- Жартылай ыдырау периоды Т - бұл радиоактивті атомдардың бастапқы санының жартысы ыдырайтын уақыт.
Мысалы: висмут-209 изотбы үшін T=21018 жыл; висмут-205 үшін T=5 тәул; көміртек-14 үшін T=5600 жыл, т.б. Кейбір изотоптардың жартылай ыдырау периоды - 1902 ж. ағылшын ғалымы Фредерик Содди тұжырымдаған.
- Тәжірибе жүзінде Эрнест Резерфорд дәлелдеген.
N0 – бастапқы уақыт мезетіндегі ядролар саны
N – t уақыт ішінде ыдырамай қалған ядролар саны
T – жартылай ыдырау периоды
n – жартылай ыдырау саны.
Радиоактивті ыдырауды көрсететін симуляция - https://www.vascak.cz/data/android/physicsatschool/templateimg.php?s=jadro_rozpad&l=ru
Есеп шығару үлгісі - Радиоактивті элементтің ядроларының саны 8 тәулікте 4 есе азаяды. Оның жартылай ыдырау периодын анықтаңыз
Бер:
t=8 тәул.
T - ?
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|